Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет37/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115

 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
63 
 
 
Институционалдық даму 
 
Халықаралық өлшемдерге сəйкес, реттеу мен орындауды бақылаушы органдар өздерінің заңға 
сəйкес  айқын  белгіленген  міндеттері  бар  жеке  мекемелер(институттар)  түрінде  қалыптасуы 
керек. Сатылас бағынатын  сипаттағы құрылымда заң қолданатын шешімдер қабылдау құқығы, 
мəселелер тиімді шешімін табуы мүмкін ең төменгі сатыларға дейін тапсырылуы лəзім. Ұлттық 
деңгейдегі  органдар  аймақтық  бөлімшелерге,  тұтастықты  сақтап  қалу,  əлеуетті  арттыру, 
əдіснамалық басқаруды қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқып-үйрету, жəне қаржыландырудың 
сəйкес тетіктері мен жұмыс нəтижелерін саралау істерінде қолдау көрсетуі тиіс. Ішкі құрылым 
ұжымдық  жұмыстың  сапасы  артуына  көмек  болуы  керек  жəне  қызметі  қоршаған  ортаны 
қорғау саласында заң тəртібін қолдануға қатысы бар ұйымдар мен мекемелер арасында жұмыс 
бабындағы  тиімді  қарым-қатынас  орнатылып,  сақталып  отыруы  қажет.  Оған  қоса  құзырлы 
органдар  өздерінің  қызметін  тиімді  атқаруы  үшін  тиісті  қорлардың  (адамдар,  матриалдық 
немесе  қаржылық)  бөлінуін  талап  ете  алады.  Шешуші  фактор  еңбек  ресурстарының  саны, 
əсіресе  сапасы.  Алайда  ең  білікті  делінген  мамандардың  өзі  жеткілікті  дəрежедегі 
қаржыландырусыз жəне көмекші құралдарсыз өз міндеттерін атқара алмайды.  
 
Қазақстанда  бұл  өлшемге  əлі  күнге  қол  жете  қойған  жоқ.  Саясат  қалыптастыру  мен  реттеу 
қызметтері  бір-бірінен  ажыратылған  күйінде  болғанымен,  жаңа  комитеттерге  бюджеттік 
дербестік жетіспей тұр. Осы уақытта ҚОҚМ өзінің атқарушы бөлімшелері үшін айқын мақсат-
міндеттерді белгілеп бермей отыр. сондай-ақ деңгейлес (біркелкі тең) жəне сатылас (жоғарыға 
бағынышты)  құрылымдар  бір-біріне  кереғарлық  етуде.  Мұның  өзінде  ҚОҚАБ-ры  ҚОҚМ-нің 
əртүрлі  бақылау  органдарына  бағынышты.  Мамандардың  тұрақтамауы  жұмыс  жағдайының 
нашар екенін көрсетеді. Осылар ҚОҚМ мен оның бөлімшелерінде жұмыс істейтін мемлекеттік 
қызметкерлердің  кəсіби  біліктілігін  көтеруге  мұрсат  бермей  отыр.  ресурстарды  бөліп  беру 
соңғы  бірнеше  жылда  өсіп  отырғаны  байқалған,  реттеуші  жұмыстың,  міндет-жүгіне  сəйкес 
келмейді.  
 
2.1Ұсыныс : 
Қоршаған Ортаны Қорғау Министрлігі заңдылықтың сақталуын қаматамсыз ету үшін 
институционалды мүмкіндіктерді күшейтуді жалғастыруы керек. Атап айтқанда ;  
• 
Бюджеттік  жоспарлауды  жұмысты  жоспарлаумен  байланыстырып  реттеу  жəне 
тексеру ауқымына сəйкес бюджеттік қаржы бөлу;  
• 
Қызметкерлерді жұмыста ұстау мен жоғарғы еңбек тиімділігіне қолдау көрсететін 
жағдайлар жасау.   
 
Стратегия мен құралдарды реформалау  
 
Реттеу  мен  сəйкестілікті  қамтамасыз  ету-түпкі  мақсат  емес.  Сайып  келгенде,  бұл  қоршаған 
ортаны  қорғау  саласында  сəйкестікке  қол  жеткізу  жəне  нəтижелерді  арттыруға  бағытталған 
құрал  ғана.  Мұндай  жүйеде  құзырлы  органдар  реттеуші  талаптарды  орнатып,  өзінің 
стратегияларын, заңды орындау ерікті болатын жəне заң бұзушылыққа жол берілмейтін ретте 
қалыптастыруы  керек.  Жекелеген  амалдарды  немесе  олардың  үйлесімін  қолдану,  реттелетін 
əрбір  қауымдастықтың  өзіндік  ерекшелігіне,  атап  айтқанда,  сəйкестілікке  келгенде  олардың 
тарихы  қандай  болғанымен  байланысты.  Реттелетін  қауым  тарапындағы  тексеру  қадамдары 
əділ,  дəйекті,  сондай-ақ  ашық  жəне  қалыпқа  сай  болуы  керек.  Құзырлы  билік  орындары 
табиғат  қорғау  заңдарын  сақтауды  тиімді  жəне  əділ  түрде  қамтамасыз  ету  үшін,  бейресми, 
əкімшілік, азаматтық жəне тіпті қылмыстық саладағы заңдық құралдарға толықтай қол жеткізуі 
керек.  Заңдық  қорғаныстың  қолда  бар  амалдарының  қайсыбірін  қолдану  қажеттігіне  таңдау 
жасау, əр жағдайға сəйкес ережелермен белгіленуі тиіс.          
 
Қазақстанның  құқықтық  жүйесіне  жақында  енгізілген  өзгерістер  реттеуші  қадамдардың 
реформасына  серпін  берді.  Маңыздысы  сол,  реттелетін  қауымдастыққа  əртүрлі  қадам  жасау 
мүмкін  болды.  Реформалар  қарқыны  мен  олардың  нəтижелері  əлі  де  дамуды  қажет  ететін 
өзгерістерді тізгіндеуге тəуелді болмақ. Мəселен, кешенді шешімдерді тікелей іс жүзіне асыру 


64
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
өндіріс  процестерін  жəне  жобалардың  экономикалық  бағасын  жете  біле  бермеушіліктен 
туындайды.  Бұдан  өзге,  кешенді  рұқсаттардың  процедуралық  қырлары  мен  мазмұндары  əлі 
нақтылауды қажет етеді. Осымен бір мезгілде ШжОК-ды реттеу ісін оңайлату, əрқайсысы жеке 
сектор  үшін  қабылдануы  тиіс,  бірақ  міндетті  түрде  орындалуы  қажетті  заңдық  ережелердің 
жоқтығынан  кейінге  қалдырылып  келеді.  халықтың  реттеуші  талаптарды  қабылдауға  үлес 
қосуына  да  көңіл  бөлінбей  келеді,  ашық  түрдегі  тыңдаулар  экологиялық  жəне  қаржылық 
тəуекелдерді басқарудың бір тетігі емес, процедуралық артық жүк сияқты қабылдануда.  
 
Инспекциялау  іс-тəжірибесін  жетілдіруге  арналған  күш  салуға  жəне  тəуекелге  негізделген 
амалдарды  басшылыққа  алуға  қарамастан,  негізгі  талаптарға  сəйкессіздікті  анықтап  алу 
ықтималдығы,  мəселен,  ЛЖШ  сияқты,  төмен  болып  қалуда.  Бұл  біршама  дəрежеде 
процедуралық кемшіліктерден келіп шығады(мəселен, инспекциялардың жиілігіне шектеу қою 
немесе жұмыс учаскесін тексеретіні турасында 2 апта бұрын хабарлау), сондай-ақ ол ұжымның 
дайындығы  жеткіліксіз    болуымен  жəне  процедураларды  орындаудың  дəстүрлі  жолын 
бұлжытпай  ұстануға  (мəселен,  рұқсаттың  күшінде  болуы,  есеп  беруді  өз  уақытында  тапсыру 
жəне  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  төлемдерді  дер  кезінде  төлеп  тұру)  байланысты. 
Бірқатар секторларда экологиялық өлшем-критерийлерінің болмауы-процедураларды сақтауға 
шектен  тыс  көңіл  бөлінуінің  тағы  бір  айғағы.  Сондай-ақ,  реттелетін  қоғамдастық  ұсынатын 
есептердің  жақсартылған  талдауы  арқылы  сəйкестікті  айқындау  мүмкіндіктерінің  лайықты 
түрде қаралатыны екіталай.  
 
Сəйкессіздікке қарсы жауап ретіндегі шаралардың арасында айыппұлдар басым тұр. Əкімшілік 
Кодексте  бекітілген  жалпы  ұстанымдарды  сақтауға  қарамастан,  айыппұлдардың  неге  сүйеніп 
есептелетіні  анықталмай  отыр.  жауапкершіліктен  босатудың  ұзақ  мерзімінен  кейін  ірі 
көлемдегі  айыппұлдарды  күрт  қолдану  экологиялық  заңдылықтың  сақталуына  бақылаушы 
мекемелер  тарапынан  сенімсіздік  тудырады. Жалпы алғанда, сəйкессіздіктерге  қолданылатын 
шаралардың стратегиясы негізінен қаржылай мақсаттарды көздегендіктен іске қосыладыц.  
 
2.2 Ұсыныс:  
Реттелетін қауымдастықта экологиялық қарекет тиімділігін арттыру жəне заңдылықты 
сақтауға ықпал ету үшін Қоршаған Ортаны қорғау Министрлігі, шектелген мүмкіндіктерді 
есепке ала отырып, ҚОƏБ пен мемлекеттік экологиялық сараптаманың процедураларын жəне 
заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету құралдарын реформалауы тиіс. Бұл ретте ҚОҚМ 
үшін мыналар қажет:  
• 
Орта  жəне  шағын  ауқымдағы  белгілі  бір  жобалар  үшін  ҚОƏБ  пен  мемлекеттік 
экологиялық сараптама процедураларын оңайлату жəне қысқарту; 
• 
Ең  үздік  халықаралық  тəжірибеге  толық  сəйкестікті  сақтай  отырып,  ірі 
кəсіпорындарға  берілетін  кешенді  рұқсаттар  процедурасына  көшу  мен  жақында 
ойластырылған  ережелерді  ендіру  жəне  ірі  компаниялар  үшін  экологиялық  рұқсаттарды 
қалыптастыруды жалғастыр; 
• 
Пайдаланудан шығару шарттарын экологиялық рұқсат беру аясына көшіру; 
• 
Заңдылықтың  сақталмауын  анықтау  ықтималдығын  арттыру  үшін  тексерулердің 
жиілігіне  қойылған  шектеуді  алып  тастау(бұл  транспаренттілікті  күшейте  түсумен  бірге 
қолға алынуы керек) жəне басты назар заңдылықты оқтын-оқтын бұзатын ірі ластаушылар 
мен  компанияларға  аударылатын,  тəуекелге  негізделген  тексеру  əдісіне  қарай  қадамдарды 
жалғастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда ескертілмеген тексеру жүргізу;  
• 
Тексерулер  жүргізу  əдістерін  жетілдіре  түсу  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы  қарекет  нəтижелеріне,  оның  ішінде,  құрал-жабдықың  техникалық  жай-күйіне 
көңіл бөлу; 
• 
Əкімшілік  есеп  беру  ауыртпалығын  азайту  жəне  шешім  қабылдау  үшін 
кəсіпорындардың есептеріндегі мағұлматтарды пайдалануда ҚОҚМ əлеуетін нығайта түсу; 
• 
Ақшалай  айыппұлдарды  тоқтаусыз  сала  берудің  орнына  экологиялық  жауапкершілік 
режимінің құрамдас бөлігі ретінде экожүйелерді қалпына келтіру талаптарын енгізу;  
• 
Айыппұлдардың  көлемін  бағалап  отыру  үшін  ашықтықты  қамтамасыз  ететін 
компютерлік  құралдаорды  жасап  шығару  жəне  пайдалану.  əкімшілік  заң  бұзушылақтарға 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау