101
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тиялық мемлекеттерде мемлекеттік саясатты құрайтын маңызды құрамдас
бөлік ретінде танылған. ЮНЕСКО Бас конференциясы 1995 жылғы 16 қара-
шада бекіткен Т. қағидаттарының декларациясы БҰҰ Жарғысына жəне Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, сондай-ақ жеке адамның
азаматтық жəне саяси құқықтарын қуаттайтын басқа да негізгі халықаралық
құжаттарға енгізілген өзгеше бір саяси толықтыру болып саналады. Деклара-
цияда тұжырымдалған Т. ұғымында «Т., бұл, ең алдымен, адамның əмбебап
құқықтары мен негізгі бостандықтарын тану негізінде тұжырымдалатын бел-
сенді көзқарас» деп көрсетілуі кездейсоқ жайт емес.
Т. – төзімділік, басқа пікірді, сенімді, тəртіпті жəне мəдени басымдықтарды
құрметтеу. Керісінше, əлдеқандай бір мəдени стандарттар мен құндылықтар-
ды күшпен таңу интолеранттылықтың көрінісі болып табылады. Бұл орайда Т.
əлеуметтік əділетсіздікке төзіммен қарау ретінде немесе өзінің наным-сенімі-
нен бас тарту жəне бөтен біреулерге мойын ұсыну ретінде пайымдала алмай-
ды. Толеранттылық көзқарас басқалардың тату-тəтті өмір сүру жəне өздерінің
жеке-даралығын сақтау құқықтарын мойындауды білдіреді. Т. дегеніміз – күр-
делі қоғамдастықтарды ұйымдастырудың аса маңызды қағидаты. Осы қағи-
датпен халықтың əртүрлі этностық, нəсілдік, діни топтары қатар өмір сүрмек,
осы ұстаным бойынша, бейбітшілік пен əлеуметтік ортаның көп өлшемді бо-
лып табылатынын түсіну, демек, бұл дүниеге көзқарастар да əртүрлі екенін
жəне бұл көзқарастар бірыңғайлыққа немесе əлдебіреудің пайдасына келіп
сайымауға тиіс екенін түсіну қоғамдық өмірдің тиісті нормасы болуға тиіс.
Т. əртүрлі этностық топтар арасындағы қатынастарда орныққан жауап-
кершілік, сондыққан мұның 140-тан астам ұлыстардың өкілдері тұратын Қа-
зақстан үшін де ерекше терең мəні бар. Аумағында əртүрлі ұлыстардың ұзақ
уақыт бойы бірлесіп тұруы кезінде қалыптасқан толеранттылық туралы Қа-
зақстанда өзіндік түсінік түзіліп шықты. Қазақстан үшін «толеранттылық»,
ең алдымен, халық санасының жазылмаған нормасы, этностық қатынастар-
дың аксиомасы жəне қоғамның адамгершілік тұтқасы болып табылады; толе-
ранттылық, ең алдымен, сенім, өзара құрмет, ынтымақ жəне мəдениет аралық
диалог арқылы ашылады. Оның түп негізінде құндылықтардың ортақтығы,
мүмкіндіктердің теңдігі жəне дəстүрлер мен патриотизм, жаңару, жарыстас-
тық пен жеңістің синтезіне негізделген ұлттық рух жатыр.
Қазақстанша толеранттылық – тату көршілік, достық, өзара түсіністік, өзге
пікірді қабылдау. Солтүстік Каролина университетінің (АҚШ) журналистика
жəне бұқаралық коммуникация саласындағы философия докторы, Назарбаев
Университетінің доценті, жазушы жəне публицист 2013 жылдың қараша айын-
да Астана қаласында өткен «Толеранттылық жəне БАҚ» Медиа-форумына
қатысқан Хел Фостердің айтуынша, қазақстандық толеранттылық дүние-
жүзілік қоғамдастық үшін жұмбақ болған күйінде қалуда. Əртүрлі ұлыстар
мен діндердің өкілдері бір аумақта тату-тəтті тұрумен қатар өз халқының дер-
бестігі мен мəдениетін сақтап қалуына Қазақстан қалай қол жеткізген (қар.
102
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық мо-
делі, қазақстандық этносаясаттың қағидаттары).
ТІЛ (ор. язык, ағыл. language) - 1. Адами қарым-қатынастың (коммуника-
цияның) халықтың ойлауымен, ділімен, Мəдениетімен ажырағысыз байла-
ныста болатын маңызды да əлеуметтік шартты құралы. Т. - адамдар арасын-
дағы əлеуметтік, тілдік, саналы əрекеттесудің негізі, олардың мінез-құлықта-
рын реттеудің, қоғам мен оның құрылымдық элементтерін басқарудың маңыз-
ды құралы. 2. Шартты, бірақ құрылымдық жағынан негізделген мəні бар
таңбалар мен нышандардың жүйесі (қар. Автохтондық тіл, Мемлекеттік
тіл, Тұрғылықты тіл, Халықаралық тіл, Жергілікті тіл, Миноритарлық тіл,
Əлемдік тілдер, Ресми тіл, Ана тілі, Титулдық тіл, Этностық тіл, Білім
тілі, Қазақстан тілдері, Ұлтаралық қатынас тілі, Əлем тілдері, Тілдік қа-
уымдастық).
ТІЛДІК АССИМИЛЯЦИЯ (ор. языковая ассимиляция, ағыл. Assimilation,
лат. аssimilation ұқсастыру) – 1. Əсері жағынан (Этностық ассимиляция-
мен, Аккультурациямен қатар) Ассимиляция түрлерінің бірі. 2. Бір Этнос
өкілдерінің басқа Этнос тілін меңгеру жəне Ана тілінен басқа тілге ауысу
үдерісі мен соның нəтижесі. 3. Көптілділік саясатының түрі, мұндайда жеке-
леген этностар басқа басым тілдің жəне/немесе Мəдениеттің пайдасы үшін
өз тілінен жəне/немесе Мəдениетінен ерікті я мəжбүрлі түрде бас тартады.
Тіл тілдік шовинизмнің, сегрегацияның, рухани-мəдени жəне Тілдік экспан-
сияның қысымымен ерікті немесе мəжбүрлі түрде ассимиляциялануы мүм-
кін, бұл, əрине, шиеленіссіз (Конфликт) болмайды. Т.а., əдеттегідей, Билинг-
визмнің ұзақ кезеңінен кейін болады, салдарынан Этностық бірегейліктің
жоғалуы (ауысуы), Тілдің ауысуы, Тілдің өлуі мүмкін (қар. Саны аз халықтар,
Тұрғылықты этнос, Этностық фузия, Этнотілдік ахуал, Тілдік идеология,
Тілдік саясат, Тілдік ахуал, Тілдік құқық).
ТІЛДІК АХУАЛ (лат. situacio положение, ор. языковая ситуация, ағыл.
lan guage situation) - қоғамда тілді/тілдерді шынайы пайдаланатын ортаның
жағдайы; белгілі бір тарихи кезеңде сол бір əкімшілік-аумақтық бірлестікте
(этностық қауымдастықта) қолданылатын тілдердің жиынтығы, тілдің, ау-
мақтық жəне əлеуметтік диалектілердің, койненің, жаргондардың тірлігінің
формасы. Т.а. бірнеше шендес түрлерге бөлінеді: эндоглостық (бір тілдің ішкі
жүйесінің жиынтығына тəн) жəне экзоглостық (əр түрлі тілдердің жиынтығы-
на тəн), теңдестірілген (коммуникативтік қуаты бірдей, жұмсалымдық мəні
əр түрлі тілдердің/тіл нұсқаларының жиынтығына тəн) жəне теңдестірілме-
ген (коммуникативтік қуаты əр түрлі, жұмсалымдық жағынан беделді жəне
беделсіз тілдер мен олардың нұсқаларының жиынтығына тəн), демография-
лық жағынан теңдес (демографиялық қуаты бірдей тілдердің жиынтығына
Достарыңызбен бөлісу: |