69
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мыс адам ақылында көрініс беретіндіктен қоғамда көңіл-күй, идеология, əлеу-
меттік психология, ұлттық мінез т.б. тудырады. Ал бұлар өз кезегінде бол-
мысқа ықпал етеді. Қ.с. мəдени қарекеттің негізі ретінде қызмет етеді де, со-
циумға жататын əр адамның дара психологиясына əсер етеді. Қ.с. жекелеген
адамдардың саналарының негізінен құралады, бірақ Қ.с. жай ғана жиынтық
болмайды. Əрбір дара сана өзінше дербес, əрбір дара адам нақ осы дара са-
наның мазмұнына қарай бір-бірінен түбірлі түрде өзгеше болады. Сондықтан
Қ.с. дара саналардың механикалық қосылысы бола аламайды, əрдайым са-
пасы жаңа құбылыс ретінде көрінеді, өйткені дара саналарды қамти алған
көзқарастар мен сезімдер, идеялардың синтезі болып табылады. Қ.с. ішкі
күрделі құрылымы бар, осы құрылымнан түрлі формалар, яғни болмысты
зердемен жəне рухни игерудің тəсілдері айқындалып шығады, олар – саясат,
құқық, мораль, философия, өнер, ғылым т.б. Адам зерделеп түсінетін əлеу-
меттік үдерістер қандай алуан түрлі болса, Қ.с. формалары да сондай əралуан
болады.
ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАРЛАР (ор. бипатриды, ағыл. Bipatrides) – Қ.А.Б.
– бір мезгілде екі жəне одан да артық елдің (көп азаматтылық) азаматтығын
алып жүрген адамдар. Азаматтығы жоқ адамдарды апатридтер деп атайды.
ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағы бойынша, Республика аза-
матының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
ҚР Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы №12 «Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 10-ыншы жəне 12-баптарын ресми
түрде түсіндіру туралы» қаулысына сəйкес, ҚР Конституциясы 10-бабының
3-тармағындағы «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында
болуы танылмайды» деген норманы Қазақстанда көпазаматтық, соның қа-
тарында қосазаматтық та қабылданбайды деп түсінген жөн. Бұл – шетелдік
азамат бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды де-
ген сөз. «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы
танылмайды» деген конституциялық қағида ҚР Конституциясы 10-бабының
3-тармағының мəнісінен келіп шығатын мынадай тетік арқылы қамтамасыз
етіледі: егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азамат-
тығын алса, онда оның Қазақстан Республикасындағы азаматтығы осы сəттен
бастап сақталмайды; егер шетелдік адам басқа мемлекеттің азаматтығынан
шықпай Қазақстанның азаматтығын алуы жарамсыз болып есепетеледі.
1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 1017-ХІІ
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы 21-бабының 5)
тармақшасында Қазақстан азаматтығын жоғалтуға негіздемелер қатарында
басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдау қарастырылған.
ҚОСТІЛДІЛІК (ор. Двуязычие, ағыл. Bilingualism) – осымен бірдей: Би-
лингвизм; индивидтің/қоғамның екі не одан да көп тілдерді игеруі/ пайда-
70
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лануы. Қостілділіктің бірнеше көрінісі бар: дара қостілділік – белгілі бір
Этностың жеке мүшелерінің екі тілді білуі мен қолдануы жəне бұқара-
лық қостілділік – этнос көпшілігінің екі тілді білуі мен қолдануы; өңірлік
қостілділік – елдің белгілі бір ауданының тұрғындарының екі тілді білуі
мен қолдануы жəне ұлттық қостілділік – ел этносының екі тілді білуі мен
қолдануы; табиғи қостілділік – осы тіл иелерінің тікелей өзара əрекеттесуі
нəтижесінде екі тілді білуі мен қолдануы жəне жасанды қостілділік – екін-
ші тілді үйрену үшін арнайы жəне əдейі жасалған жағдайлардың т.б. сал-
дарынан екі тілді білуі мен қолдануы. Сонымен бірге Қ. мынадай түрлер-
ге де ажыратылады: билингвте екі тіл жеке жүйе ретінде болған жағдайда
үйлестірілген қостілділік (Ч.Осгуд, У.Вайнрайх, С.Эрвин жəне т.б.) немесе
таза қостілділік (Л.В.Щерба); екі тіл бір жүйеге кіргендегі аралас қостіл-
ділік; субординативті (бағынысты) қостілділік (У.Вайнрайх) – екінші тілді
ерте кезеңде меңгеру, мұндайда оның бірліктері өзінің семантикалық база-
сымен қатынасқа түспей бірінші тілдің бірліктерімен өзара қатынаста бола-
ды. Қ. сондай-ақ қосымша қостілділік (билингв екінші тілді қолданғанда,
бірінші тілге қатысты тілдік құзыретін жоғалтпайды) жəне орнын басатын
қостілділік (билингв екінші тілді меңгерген сайын бірінші тілдің құзы-
ретін жоғалта бастайды); функционалды (мəдени) қостілділік пен этностық
қостілділік болып та жіктеледі. Жер бетіндегі бүкіл жұрттың шамамен жар-
тысы қостілді екені анықталған. Кейбір елдер үшін қостілділік – сирек құ-
былыс (АҚШ, Франция, Ұлыбритания жəне т.б.), басқалары үшін бұл – нор-
ма (Үндістан, Батыс Африка, Таиланд, Папуа Жаңа Гвинея, Камерун жəне
т.б.) (қар. Автохтондық тіл, Ассимиляция, Мемлекеттік тіл, Конфликт,
Жергілікті тіл, Ресми тіл, Тіл ассимиляциясы, Тілдік саясат, Тілдік ахуал,
Тілді жоспарлау).
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕҢЕСІ (ор. Совет
АНК, ағыл. The Council of the Assembly of people of Kazakhstan) сессиялар
аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасының
«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңына сəйкес Ассамблея Кеңесі
жүзеге асырады жəне Кеңестің отырыстарын Кеңестің Төрағасы немесе
Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары, Ассамблея
Төрағасы шақырады.
Кеңестің жұмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі
қатысса, ол заңды болып есептеледі. Кеңестің шешімі, егер отырысқа қа-
тысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс
берсе, қабылданды деп е септеледі.
ҚХА Кеңесінің құзыреттілігіне мыналар кіреді: Қазақстан Р еспубликасы
Парламенті Мəжілісінің депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидат-
тарды ұсыну; Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау; Қазақстан
Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру жəне оның күн
тəртібі туралы ұсыныстар енгізу; Ассамблея Аппаратының (Хатшылығы-
Достарыңызбен бөлісу: |