111
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстан азаматтарының үш тілді меңгеруі – аса маңызды қажеттілік əрі ел-
дің бəсекеге қабілеттелігін растайтын жетістік. Алғаш рет Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІІ сессиясында, кейін «Жаңа Қазақстан жаңа əлемде»
(2007) Жолдауында жарияланған Т.ү.м.ж. идеясы кезең-кезеңмен жүзеге
аса бастады жəне Қазақстан Республикасының тілдерді қолдау жəне дамы-
тудың жаңа мемлекеттік бағдарламасына ажырамас бөлік ретінде енгізілді
(қар. Қазақстан тілдері, Тілдік идеология, Тілдік саясат, Тілдік құқық).
ТІЛДІК ЭКСПАНСИЯ (лат. expansio кеңейту, тарату, ор. языковая экс-
пансия, ағыл. language expansion) - Тілдің мəртебесін өзгерту жолымен бір
Тілді басқа Тілдік қауымдастыққа тарату. Мыс., орыс тілінің экспансиясы
Кеңес Одағында мақсатты жəне дəйекті түрде жүзеге асырылды (Т.э., əсіресе,
КСРО ұлттық тілдерінің ортақ лексикалық қорын жасау идеясынан айқын
көрінді), бұл экспансияның идеологиялық негіздемесі мемлекеттік жəне тіл-
дік Бірдейлестік болды. Диахрониялық əлеуметтік тілтануда Т.э. субстрат-
тардың түзілуіне əкеп тірейтін үдерістер ретінде ұғындырылады, мыс. Еу-
ропаға Рим империясының тілі латынды тарату – осының бір көрінісі (қар.
Мемлекеттік тіл, Этнос, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЭТНОС (ор. коренной этнос, ағыл. native, indigenous
ethnos) – осымен бірдей: дəстүрлі жолмен қоныстанған аумақта мекен ететін
(қазіргі мемлекеттік шекараның қалыптасуына дейін) жəне сол жермен ажы-
рағысыз тарихи байланыстағы тұрғылықты Халық, Этнос, жұрт. Т.э. түсіні-
гінің бұлдырлығы сонда, «дəстүрлі қоныстанудың» хронологиялық шек-ме-
желерін əр жағдайға орайластырып анықтайтын мүмкіндік жоқ. Бұрынғы
КСРО-да Т.э-қа көбінесе Титулды этностар жатқызылды. Т.э., тұрғылықты
халық, Тұрғылықты тіл ұғымдарынан гөрі БҰҰ мен басқа халықаралық
ұйымдардың құжаттарында Автохтон, Автохтонды тіл, Миноритарлық
тіл деген терминдер қолданылады (қар. Ассимиляция, Диаспора, Конфликт,
Халық, Титулды этнос, Этностық топ, Этностық фузия, Тілдік ассимиля-
ция).
- Ұ -
ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚ немесе «этностық азшылық», (ор. национальные
(этнические) меньшинства, ағыл. ethnic minorities) – халықаралық тəжірибе-
де қолданылатын термин Қазақстанда ресми түрде қолданылмайды. 1. Қан-
дай да бір мемлекеттің аумағында тұратын, бірақ жергілікті ұлтқа жатпайтын
жəне өздерін ұлттық қауымдастық деп танитын этностық топтардың өкілдері;
2. Бөтен ұлт ортасында өзінің негізгі мекенінен бөлек тұратын, бірақ өз этно-
сымен туыстығын жəне атауы, тілі, мəдениеті мен этностық ерекшеліктерінің
112
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
кейбір басқа да сипаттары жағынан байланысын сезетін этностың бір бөлігі.
Ұлттық азшылықтың құқықтары туралы БҰҰ Декларациясының (1992 жыл)
1-бабында Ұ.а. өзіндік ұлттық немесе этностық, мəдени, діни жəне тілдік
топтар ретінде сипатталып, оларды қорғау жауапкершілігі мемлекетке жүкте-
летіні көрсетілген. Ұ.а. болуы – фактілік жағдай, оның объективті (этностық,
тілдік немесе діни қауымдастықтың болуы) жəне субъективті (индивидтердің
өздерін бірдейлестіруі) факторлары бар.
Қай топтың Ұ.а.-ға жататынын анықтайтын халықаралық деңгейде
келісілген анықтама жоқ. Əдетте, азшылық деп азаматтардың елдің басқа
халқымен салыстырғанда саны жағынан аз жəне басым орны жоқ кез кел-
ген тобын атайды. Егер мемлекеттегі/өңірдегі саны жағынан басым топ-
тың саяси немесе мəдени құқықтарына қысым жасалса, олар да азшылық
жағдайына душар болуы мүмкін, яғни «азшылық» ұғымының статистика-
лық та, саяси да мағынасы бар. Азшылыққа жатқызудың критерийлері: аз-
шылықтың саны, объективті айырықша белгілері, қоғамдағы орны басым
емес екендігі, топтық айырмашылығын сақтауға ұмтылуы жəне тиісті елдің
азаматтығының болуы. Алайда ұсынылған белгілердің негізінде Ұ.а. топ-
тарын анықтауда да жетіспеушіліктер бар: Ұ.а. əлеуметтік санатына түрлі
мағынада түсіндірме берілуі мүмкін. Дегенмен Ұ.а. бетпе-бет келетін про-
блемаларының ішінде теңсіздік пен кемсітушілік жəне өзіндік ерекшелігін
сақтау құқығын жүзеге асыру негізгі проблемалар болып саналады. Ұ.а.
топтарының көбі мəдени (этностық, нəсілдік, діни) азшылықтарға жата-
ды. Халықаралық құқықта Ұ.а. құқықтарын қорғау жүйесі Бірінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін қызмет еткен Ұлттар лигасы аясында пайда болды,
ал 1948 жылы БҰҰ Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау
туралы конвенциясын қабылдағанда рəсімделді. Конвенция, бірінші кезекте
«ұлттық, этностық, нəсілдік немесе діни топтардың» болу құқығын қамта-
масыз етуге бағытталды. Кейін Азаматтық жəне саяси құқықтар жөнінде-
гі халықаралық пактіге Ұ.а. туралы ерекше бап енгізілді. Кейінгі жылда-
ры Ұ.а. проблемасы бірқатар халықаралық құқықтық құжаттардан көрініс
тапты. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – 1994 жылы қабылданған Ұлттық
азшылықтарды қорғау жөніндегі еуропалық шекті конвенция (қар. Ұлттық
азшылықтар істері жөніндегі жоғарғы комиссар, Ұлттық азшылықтар-
дың құқықтары).
ҰЛТТЫҚ АЗШЫЛЫҚ ІСТЕРІ БОЙЫНША ЖОҒАРҒЫ КОМИС-
САР (ор. Верховный комиссар по делам национальных меньшинств, ағыл.
OSCE Supreme Commissioner for National Minorities) – ЕҚЫҰ-ның лауазым-
ды тұлғасы, 1992 ж. Еуропадағы қауіпісіздік пен ынтымақтастық кеңесінің
(СБСЕ) Хельсинки саммитінде бекітілген.
Аз ұлттар істері бойынша жоғарғы комиссар қызметінің негізгі бағытта-
рына мыналар жатады: этносаралық себептен туындайтын шиеленістерді
Достарыңызбен бөлісу: |