Fast Ethernet технологиясы Ethernet классикалық технологиясының эволюциялық дамуы болып табылады. Fast Ethernet технологиясының кадрлар форматы 10-Мегабитті Ethernet технологиясының кадрлар форматынан ерекшеленбейді - Fast Ethernet технологиясы Ethernet классикалық технологиясының эволюциялық дамуы болып табылады. Fast Ethernet технологиясының кадрлар форматы 10-Мегабитті Ethernet технологиясының кадрлар форматынан ерекшеленбейді
Локалды желілердің стандарттары.
Fast Ethernet, Gigabit Ethernet,
Token Ring, FDDI технологиялары
1995 жылы мамыр айында IEEE комитеті Fast Ethernet спецификациясын 802.3u стандарты етіп қабылдады. Fast Ethernet-тін Ethernet-тен айырмашылығы әр түрлі кабельді және импульстердің электрлік параметрлерін қолдану мен қатар кодалаудын тәсілдері мен кабельдегі өткізушілердің (кол-во в кабеле проводников) санын көбейтуге байланысты.
Fast Ethernet-тің физикалық деңгейінің спецификациялары.
Әр түрлі типті кабельдер үшін бұл стандартта үш спецификациясы көрсетіледі: айналу жұбындағы кабель үшін 100BaseTX және 100BaseT4, ал оптикалық кабель үшін 100BaseFX.
100BaseTX спецификациясы екі жұпты қолдануды талап етеді: экрандалмаған - UTP (unshielded twisted pair) немесе экрандалған - STP (shielded twisted pair) – біреуі тарату, ал екіншісі қабылдау үшін.
Бұл талаптарға кабельдердің екі негізгі стандарты сәйкес келеді: EIA/TIA-568 UTP, 5-категория және IBM компаниясының
STP 1 типті кабелі. 100BaseTX-те желілік серверлермен жұмыс кезінде дуплексті режим қамтамасыз етілуі керек (бұл мүмкіндікті іске асыру үшін коммутаторлар дуплексті болуы керек), сондай-ақ сегізталшықты кабельдің төрт жұбының екеуін ғана қолданалыды – қалған екеуі бос қалады, оларды желінің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қолданады.
100BaseT4 спецификациясы 3-ші категорияның экрандалмаған айналу жұбын қолданады.
Қосу үшін төрт жұптың, олардың үшеуі мәліметтерді тарату үшін және біреуі келіспеушілікті анықтау үшін қолданылады.
8В6Т кодалау схемасы және бір жұпта 25 МГц биттік жылдамдық, сонда нәтижесінде мәліметті тарату үшін 100 МГц биттік жылдамдық қолданылады.
100BaseFX спецификациясы 62,5-мкм өзекше және 125-мкм қабықшамен қапталған көпмодалы оптоталшықпен жұмысты қарастырады. 4В5В кодалау сұлбасы және мәліметті тарату 125 МГц биттік жылдамдық (аналогты түрде FDDI), нәтижесінде мәліметті тарату үшін 100 МГц жылдамдық қолданылады. 100BaseFX стандарты бір үй көлемінде Fast Ethernet қайталағыштарын магистралды қосылуда қолдану негізделген.
Fast Ethernet кадрлар таратуының барлық уақыттары сәйкес келетін 10-Мегабитті Ethernet технологиясынан 10 есе аз: битаралық интервал 100 нс-тың орнына 10 нс, ал кадраралық интервал – 9.6 мкс-тың орнына 0.96 мкс.
- Unicast Кез келген коммуникациондық құрылғыда арналық деңгейде өзіңе тән алты байтты уникальды адресі болады. Онда бірінші бит ылғи 0 тең.
- Multicast Бұл адрес администратор белгілі топқа бөлген станцияны идентификациялайды. Онда бірінші бит - 1, ал қалғандары әртүрлі. Және ол адрес таратушының адресі SA болмауы керек.
- Broadcast Адрестің барлық биты 1, яғни
FF-FF-FF-FF-FF-FF. Бұндай адресті кадр желідегі барлық станцияға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |