Есту қабілеті нашар дамыған балалардың психологиялық ерекшеліктері және өЗІҢ Өзі бағалауы



жүктеу 83,58 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі83,58 Kb.
#12793


УДК 159.922.7 

 

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР ДАМЫҒАН БАЛАЛАРДЫҢ  

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ӨЗІҢ ӨЗІ БАҒАЛАУЫ 

 

Урдабаева  Л.Е.  –  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  психология  магистрі,  доцент, 

А.Байтұрсынов атындагы Қостанай мемлекеттік университеті 

Баймагамбетова  А.А.  –  «Педагогика  және  психология»  мамандығының  2  оқу  жылының 

магистранты  

 

Бұл  мақалада  есту  қабілеті  нашар  дамыған  балалардың  ерекшелігі  және  олардың  өмірде  өз 

орынын табуы, әлеуметтік бейімделуі, өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, өзін-өзі бағалауы мен 

дамытуы қарастырылып көрсетілген. Әлемдегі болып жатқан қоғамдық қарым-қатынас, адамдар 

арасындағы қатынастардың демократиялануы, гуманизациялануы білім жүйесін жетілдіруді қажет 

етіп  отыр,  сондай-ақ,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  оқуын,  тәрбиесін  әлеуметтендіруге 

әкелуде.  Тұлғаның  және  қоғамның  дамуы  –  бұл  білім  жүйесінде  маңызды  рөл  атқаратын  өзара 

байланысты  үдеріс. Жалпы тұлға  –  психология зерттеулеріндегі  негізгі  объект болып  саналады. 

Онда тұлғаның психикалық құрылысы, жеке және жалпы жүйелерінің даму және қалыптасу үдерісінің 

ерекшеліктері  зерттеледі.  Маңыздысы,осы  зерттеулердің  арқасында  мақсатталған  және 

нәтижелі тәрбиелеу мен тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуіне әсер ету мүмкіндігінің жоғарлауы. 

Адам  дамуында  және  оның  қалыптасуында  қоршаған  орта  мен  қоғам,  әлеуметтік 

тұқымқуалаушылық маңызды орынға ие. 

Кілтті сөздер: мумкіндігі шектеулі, психологиялық ерекшеліктері, есту қабілетінің бұзылуы 

 

 

ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ И САМООЦЕНКА ДЕТЕЙ 

 

С НАРУШЕНИЯМИ ОРГАНОВ СЛУХА 

 

Урдабаева  Л.Е.  -  кандидат  исторических  наук,  магистр  психологии,  доцент,  Костанайский 

государственный университет им. А. Байтурсынова  

Баймагамбетова  А.А.  –  магистрантк  2  года  обучения  специальности  «Педагогика  и 

психология» 

 

В  данной  статье  рассматриваются  особенности  слабослышащих  детей  и  их  поиск  своего 

места  в  жизни,  социальная  адаптация,  формирование  себя  в  качестве  личности,  самооценка  и 

развитие.  Ощущение  психологического  дискомфорта,  ухудшение  общего  самочувствия, 

настроения,  активности  у неслышащих  можно  считать  следствием  низкого  уровня 

сформированности 

умений 

и навыков 

планирования, 

самоконтроля, 

организованности, 

психологической  готовности  к труду.  Становление  функциональных  систем  у глухих  в среднем 

и старшем  школьном  возрасте  на новом  уровне  регулирования  приближают  функциональные 

возможности к уровню слышащих. При обследовании особенностей психического развития детей с 

нарушенным  слухом  необходимо  соблюдать  принцип  комплексности,  предполагающий 

всестороннее  обследование  ребенка:  состояние  слуха,  вестибулярного  аппарата,  развитие 

движений,  особенности  развития  речи.  При  этом  нельзя  ограничиваться  аудиологическим 

исследованием  состояния  слуха  ребенка,  которое  позволяет  судить  о  степени  снижения  слуха  и 

его диапазоне.  

Ключевые  слова:  ограниченные  возможности,  психологические  особенности,  нарушения 

органов слуха   

 

PSYCHOLOGICAL FEATURES AND ASSESSMENT OF CHILDREN 

  VIOLATIONS OF HEARING 

 

Urdabaeva  L.E.  Candidate  of  Historical  Sciences,  Master  of  Psychology,  Associate  Professor, 

Kostanai State University. A.Baitursynov 

Baimagambetova A.A. - Undergraduate of two years of study, Kostanai State University. A.Baitursynov 

 

This article discusses the features of hearing impaired children and their search for their place in life, 

social adaptation, shaping itself as a personality, self-esteem and development. The feeling of psychological 

discomfort,  deterioration  of  the  general  state  of  health,  mood,  activity  in  deaf  can  be  attributed  to  the  low 

level  of  formation  of  skills  of  planning,  self-control,  organization,  psychological  readiness  for  labor.  The 

formation of functional systems of the deaf in the middle and senior school age to bring a new level of control 

to the level of functionality of the hearing. In a study of the features of mental development of children with 

hearing loss need to respect the principle of complexity, involving a comprehensive examination of the child: 


the  state  hearing,  vestibular  system,  the  development  of  the  movements,  particularly  the  development  of 

speech.  This  is  not  limited  to  the  study  of  audiological  condition  of  hearing  the  child,  which  gives  an 

indication of the degree of hearing loss and its range 

Key words: 

limited capacity,

 psychological peculiarities, hearing impairment 

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақстан  –  2050» 



стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  жолдауында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 

азаматтарды қоғамдық ортаға кіріктіру мәселелеріне зор көңіл бөлу қажет екені көрсетілген.«Мүмкіндігі 

шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға 

тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы 

біздің парызымыз. 

Мүмкіндігі шектеулі жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін 

дамыту,  бағалау,  сенім,  үлгі  көрсету,  талап  ету  арқылы  жауапкершілігін  жетілдіруге,  ынтымақтастық 

педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Атақты француз жазушысы 

және  философ-гуманисі  Мишель  де  Монтень  16  ғасырда  былай  деп  жазды:  «Кереңдік-соқырлыққа 

қарағанда ауыр мүгедектік. Ол адамды басты қасиеті - тез және еркін қарым-қатынастан айырады». 

Медициналық    сараптаманың    нәтижесі  бойынша,  мемлекеттің    даму  деңгейіне  қарамастан, 

бала  жасындағылардың  есту  қабілетінің  бұзылуы  мен  жоғалуы  жиі  құбылыс  болып  табылады 

(шамамен,  1000  адамның  ішінен  16-17  жағдай),  сондықтан  осы  балалардың  бейімделуін  жетілдіру 

қоғамда үнемі өзекті мәселе болып табылады. 

Есту  органы  адам  организмінде  өте  үлкен  рөл  атқарады.Негізінде  адамның  есту  органы  үш 

бөлімнен  тұрады:  сыртқы,  ортаңғы  және  ішкі  құлақ.  Іштен  туа  біткен  сыртқы  құлақтың  зақымдануы 

сирек  кездеседі.  Сыртқы  құлақтың  толық  бітеліп  қалуын  «атрезия»  дейді.  Атрезия  сыртқы  дыбыс 

тесігінің  қабынуынан  болады.  Сыртқы  құлақтың  зақымдануына  сыртқы  дыбыс  тесігінде  жиналып 

қалған  құлық  та  жатады.  Егер  адамның  құлағына  құлық  жиналып  қалса,  ол  маман  дәрігерге  баруы 

тиіс.  


Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда 

ортаңғы  құлақ  қабынады.  Ол  әр  түрлі  себептерден  болады,мысалы,  ангина,  грипп  аурулары. Ішкі 

құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа 

енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы. 

Есту  органының  күшті  бұзылуы  бұл  –  өздігінен  немесе  емделудің  нәтижесінде  есту  органының 

жақсармауы. Есту  органының  күшті бұзылуы  іштен  туа  біткен  және  жүре  пайда  болуы  мүмкін.  Іштен 

туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел 

баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.  

Жүре  пайда  болған  себептер:  ортаңғы  құлақтың  күшті  қабынуы,  мұрын  және  жұтқыншақ 

аурулары,  ауыр  инфекциялық  аурулар  (менингит,  скарлатина,  қызылша)  туылу  кезіндегі  баланың 

алған жарақаттары.  

Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және 

құлағының мүкісі бар адамдар.Құлағының мүкісі бар адамдар  – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі 

қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты 

шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу). 

Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар 

еститіндер. Кереңдердің  өзі  екі  түрге  бөлінеді:  біріншісі  сөз  сөйлеу  қабілетінен  айырылған  кереңдер 

(керең-мылқаулар);  екіншісі  сөз  сөйлеу  қабілеті  бар  кереңдер  (есту  қабілетінен  кеш 

айырылғандар).Баланың  дамуы  бұзылған  кезде  оның  қоғамда  әлеуметтену  процесі  және   әрі  қарай 

бейімделуі  қиындайды.Қамқорлаумен  қатар  емдеу  туралы  ол  қоршаған  ортада  «Өз  орнын   таба  ала 

ма,  қанағаттанып толықтай  өмір  сүре  ала ма?»  деген  сұрақ  туады.Ол  үшін  не істеу  қажет? Бұл  үшін 

мүмкіндігі шектеулі  балаларды   әлеуметтік  оңалту және   бәрінен  бұрын   оларды  белсенді  әрекет пен 

қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет. 

ХХ  ғасырдың  аса  көрнекті  ғалымы  Л.С.  Выготский  естімейтін  балалар  адам  тәртібінің  барлық  

жиынтығына, яғни белсенді өмірге қабілетті дегенді алға тартады. 

Сонымен  қатар,  адамның  өзін-өзі  тануы  үшін,  алдымен  өзіндік  «Мен»  кейіпін  қалыптастыру 

қажет.  Бүкіл  әлемдегі  психологтар  мен  ұстаздарды  жалпы  білім  беру  мектептерінде  оқитын  нақты 

клиникалық  диагнозы  жоқ,  бірақ  оқуы  мен  мінез-құлқында  айқын  қиындықтары  бар  оқушылар 

популяциясының  көбеюі  мазалайды.  ҚР  Білім  және  ғылым  министірлігінің  көрсеткіштері  бойынша 

бірінші  сыныпқа  қабылданған  балалардың  60%  -да  соматикалық  және  психофизикалық 

дезадаптацияның  қауіпі  бар, және  де  олардың  35%-да  психикалық  жүйке-жүйесінің  айқын  бұзылысы 

балабақшаның  кіші  топтарында  анықталған.  Бұл  балалардың  арасында  есту  қабілеті  бұзылған 

балалар  ерекше  орын  алады. Бұл  балалардың  өмірде  өз  орынын  табуы,  әлеуметтік бейімделуі,  өзін 

тұлға ретінде қалыптастыруы, өзін –өзі бағалауы мен дамытуы – қазіргі таңдағы ең күрделі мәселенің 

бірі. 

Осыған  байланысты  бұл  категориядағы  балаларды  оқытуда  оқытудыудың  шарттарын  анықтау 



және  де  оқытудың  барлық  кезеңдерінде психологиялық  қолдап  отыру  ерекше  маңызды.Есту  қабілеті 


бұзылған балалардың  олардың  тұлғалық және психикалық дамуын  жан-  жақты  қарастыратын  жұмыс 

бағыты қажет. Тұлғаның үйлесімді қалыптасуы үшін, баланың өзін-өзі бағалауын дамыту үшін, міндетті 

түрде өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнауы қажет, баланың қасында оны жақсы көретін 

және түсінетін ересек адам болу керек. 

Алайда,  баланың  ақыл-ой  дамуының  кейбір  бұзылушылықтары  бар  отбасында  -  бұл  ата-ана 

трагедиясы.  Даму  мүмкіндігі  шектеулі  бала  туу  отбасының  барлық  мүшелері  үшін  сынақ  болып 

табылады. 

Есту қабілеті бұзылған балалардың тұлғалық және танымдық қызметінің жүйелі психологиялық 

зерттеуі,  психикалық  дамудағы  бұзылыстарын  анықтау  арқылы  ғана,  дамуында  бұзылысы  бар 

балалардың 

барлық 

психологиялық 



танымын 

қалыптастыратын 

кешенді 

түзету 


– 

дамытушылық  бағдарлама  құрастыра  алады.  Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  олардың  тұлғалық 

және психикалық дамуын жан-жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Бұл жағдайда танымдық іс-

әрекетінің  ерекшеліктері,онтогенездегі  психиканың  дамуы,  екіншілік  кемістіктің  айқын  дәрежедегі 

көрінісі және тұлғаның жеке қалыптасуы  – тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының негізгі 

мәселесі  болып  табылады.Өзін-өзі  бағалауының  айқын  төмендігі  есебінен  баланың  әлеуметтік 

бейімделуі мен қоғамға енуінде қиындықтар туындайды. Белгілі кемістіктің бар болуына байланысты, 

мүмкіндігі шектеулі бала мен оның қауымы арасында өзіне тән қатынас пайда болады. Көп жағдайда 

кемістік  баланы  оқшаулап,  оны  шеттетеді.Сондықтан  да  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың 

отбасындағы  тәрбиелену,  оқу  қоғамға  бейімделу  процессіне  бағыныштылығы,  сау  баламен 

салыстырғанда  әлдеқайда  көп.Сонымен  қатар  өзін-өзі  бағалауының  қалыпты  дамуына  баланың  өз 

ортасымен,достарымен  қарым-қатынасы  өте  маңызды  болып  табылады.  Белгілі  бір  іс-әрекеттердегі 

жетістіктерін  басқа  балалардың  нәтижелерімен  салыстыра  отырып,  бала  өз  мүмкіндіген  дұрыс  және 

тура бағалауға үйрене бастайды.  

Бұл  жерде  баланың  өз  мүмкіндіктерін  бағалауға  оның  ата-анасы  көмек  беруі  тиіс,  бірақ  ешбір 

жағдайда  баланың  өзі  туралы  ой  – пікірін  жоққа шығармау  керек.  Жеке  өзін–өзі  бағалау  үлкендердің 

бағалауы  және  баланың  өзіндік  тәжірибесі  негізінде  қалыптасады.  Есту  қабілеті  зақымдалған 

балаларда өзін-өзі бағалауы барлық кезеңдерге сай өтеді, бірақ әр кезеңде белгілі-бір тежеулер бар. 

Бұл  сырттан  келген  ақпараттың  көлемінің  ерекшелігіне  байланысты.  Себебі,  кемістік  аумағы  есту 

аппараты  болса,  бұл  өзі  –өзі  бағалаудың  қалыптасуының  негізігі  орталығы.  Себебі,  есту  қабілеті 

бұзылған бала үлкендер немесе айналадағылар оны не деп бағалап жатқанын естімейді.  

Сондықтан да қалыпты дамыған баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуында пайда болатын 

мәселелердің барлығы, есту қабілеті зақымдалған балалардың қалаптасуында әлдеқайда қиын үдеріс 

болып  табылады.  Баланың  мектепке  барғанына  дейін  оның  дамуына  отбасы  тікелей  әсер  етсе, 

мектепке барған соң баланың тұлғасына әсер ететін көптеген жаңа жолдар ашылады, олар: достары, 

мұғалімдер,  қоршаған  ортасы,  оқу  процессі.  Бірақ  бұл  отбасының  қатынасының  төмендеуіне  әкеледі 

деген сөз емес, отбасы қатынасы әркезде де ең маңызды фактор болып табылады. Қалыпты дамыған 

балаларға қарағанда есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауда кезеңнен кезеңге өтуінде 

өзіндік тежелулер болады, және де бұл паталогия болып саналмайды.  

Психология  тұрғысынан  қарасақ,  сурдопсихологияда  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың 

мінезінің  өзіндік  ерекшеліктерін  айқындап  көрсетеді.  Олар,  невротикалық  жағдайларға,  астено-

невротикалық  және  психопатиялық  жағдайларға  бейімділігі.  Л.М.Барденштейннің  зерттеулері 

бойынша  эмоционалды-танымдық  жетілмеушілік  7  –  13  жас  аралығында  айқын  көрінеді. 

Т.Н.Прилепскаяның  айтуы  бойынша,  есту  қабілеті  бұзылған  балалар  қоршаған  орта  жағдайына 

бейімделуде  әлеуметтік  жетілу  жағынан  еститін  балалардан  артта  қалып  қояды.  Оларда  белгілі  іс-

әрекет  пен  қажеттілік  ерекшеліктерімен  байланысты  эмоционалды-әрекеттік  бұзылыстар  көп 

кездеседі.  Себебі,  мұндай  балалардың  көбі  арнайы  мектеп-интернат  жағдайында  болады,  яғни 

«еститін  әлемнен»  оқшауланған.  Ал  мектеп-интернаттар  арнайы  есту  қабілеті  бұзылған  балаларға 

арналғандықтан,  мұнда  жеңілдетілген  талаптар  мен  қолпаштаулар  балада  өзі  туралы  алдамшы 

пікірлердің пайда болуына әкеледі. Мектепті бітіргенше балалар өз кемістіктеріне байланысты қандай 

да  бір  қиындықтарға  ұшырамайды.  Мұның  өзі  де  балада  өзі  туралы,  өзін-өзі  бағалау  туралы  қате 

пікірлердің қалыптасуына әсер етеді. 

Өзін – өзін бағалау деңгейі 

Есту қабілеті бұзылған 

балалардың 

Есту қабілеті сау балалардың 

Жеткілікті көтерінкі 

70 % 


0 % 

Жоғары 


23 % 

14 % 



Кесте  1.  Есту  қабілеті  сау    және  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  өзін  -  өзі  бағалау 

ерекшеліктері 

Осылайша,біз  көріп  отырған    кестеде  зерттеуді  жүргізу  барысында  есту  қабілеті  бұзылған 

балалардың  өзін  -  өзі  бағалауы  70  %  жеткілікті  көтеріңкі,есту  қабілеті  сау  балалардың  өзін  -  өзі 

бағалаудың нақты түрі жоқ екенін көреміз. 

Жоғарыда  айтылғанға  сүйенсек,  адекватты  өзін-өзі  бағалауының  қалыптасуы  үшін,  түрлі 

факторлар  әсер  етеді.  Ол  факторларға  –  отбасындағы  тәрбие,  оқудағы  жетістіктер  мен  дағдылар, 

оқыту  жағдайлары,  коммуникативтік  дағдылардың  даму  дәрежесі  жатады.  Естімейтін  ата-аналардың 

естімейтін  балалары  мен  еститін  ата-аналардың  естімейтін  балалардың  өз-өзін  бағалауынын 

салыстырмалы  түрде  алғанда,  алғашқысында  өзін-өзі  бағалау  адекватты  екенін  көрсетті  (К.Мидоу, 

1980). 

Есту  қабілеті  төмен  балалардың  мазасыздануы  және  нейтротизмі  (20%  10%)  жоғары  екендігін 



көрсетті.  Ал  есту  қабілеті  қалыпты  балалардың  сенім  мен  белсенділігі,  табандылық  сезімі 

(33%),қарым-қатынасқа ұмтылыс, көңілді болу(26%).    

Есту қабілеті (100%) қалыпты балалармен алыстырғанда, есту қабілеті бұзылған балалар өзінің 

әл-ауқатсыз жағдайын тепе-теңсіздік жолымен ең төмен көрсеткіштермен көрсетті (30%). 

Мұндай  жағдайлар  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  әр  түрлі  адам  сезімімен  кеш  танысуы, 

әдеби шығармаларды қиын түсінуі бұл - эмоциялық күйзелістің себебі, нәтижесінде баланың орта мен 

қарым-қатынаста  өз  тілегін  және  сезімін  жеткізе  алмай  күйзеліске  түсуі,  оны  әлеуметтік  қарым-

қатынаста тітіркендіріп, агрессияға, жүйке ауруына әкеп соқтырады. 

Жеке  тұлға  ретінде  мінез-құлық  және  басқа  да  адамның  бағалау  стандарттарын  тарихи 

нормаларын беруге байланысты құлағы нашар еститін балалардың жеке дамуы үшін мына бағыттар 

бойынша біріншіден, ол тұлғаның сапасының нашарлау идеясын есту қабілеті нашар балаларға мінез-

құлық нормаларын эмоционалдық қасиеттерін қалыптастыру қажет. 

Басқа  адамдардың  іс-әрекеттерін  түсіну  қабілетін  қалыптастыру  және  студенттік  эталондық 

бағалау  оны  беруге,  балалар  мен  ересектер  -  екіншіден,  сіз  басқа  адамдардың  мінез-құлқы  осы 

қасиеттердің көрінісі, оларды көру үшін үйрету керек. 

Табысты тұлға аралық қарым-қатынас кілті - үшіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, өз мінез-

құлқын  реттеу  үшін  негіз  болып  табылады  құнсыздануы  адекватты  өзін-өзі  бағалауды,  есту  қабілеті 

нашар балаларға қалыптастырады. 

Мектеп  жасындағылағылар  мұны  істеу  үшін  балалар  басқа  балалармен  жұмыстар  жасай 

отырып,  іріктеу,  оларды  салыстыру,  олардың  өнімділігін  бағалау  қажеттілігіне  тап  болады,  онда 

осындай  жұмыс  нысандарын  пайдалану  керек.  Оқыту  қызметі  процесінде,  түрлі  жағдайларда  түрлі 

қиындықтарды  шешуде  автономия  балаларды  қамтамасыз  ету  үшін  қажет.  Мектеп жасында,  ол  жеке 

қасиеттері,  эмоционалдық  тәжірибе  мен  әдебиеті  қарым-қатынастар  кейіпкерлерінің  талдау  негізінде 

тұлғааралық  қарым-қатынас,  фильмдер,  нақты  өмірлік  жағдайларда  қатысты  спектакльдер  туралы 

есту  қабілеті  нашар  балаларға  өкілдігін  байытып  маңызды  болып  табылады.  Жоғарыдағы 

жағдайларды айта отырып,келесідегідей қорытынды жасауға болады: 

1.Әлеуметтік  ортаға  кіріктіру  барысында  білім  алуға  мүмкіндіктері  әртүрлі  балалардың  жалпы 

және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады; 

2.Бейімдеуге  байланысқан  балалар  өз  әлеуметтік  тәжірибесін  байыта  отырып,бала  ұжымында 

қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді; 

3.Мүмкіндігі  шектеулі  балалар  әлеуметтік,  адамгершілік  жағынан  жан  жақты  дамуға  мүмкіндік 

алады. 


Жалпы есту қабілеті бұзылу факторларын терең зерттеу қажет. 

Салауатты Қазақстан бағдарламасын жастар арасында танымалдандыру қажет, спортты үгіттеу 

қажет, әр түрлі зиян әдеттерден аулақ болуды насихаттау және сәйкес іс-шаралар жүргізу қажет. 

Есту қабілеті нашар балалардың ата-аналарын профилактикалық жұмыстар жүргізу, балаларды 

дамыту методикалырын үйрету қажет, ондай отбасыларын қолдау ретінде арнайы орталықтар салыну 

қажет, және олар кез келген азаматқа қолжетімді болу керек. 

Жұмыс орындарын ашу, мекемелерге Заңды түрде мүмкіндіеткрі шектеулі адамдарды жұмысқа 

алуды үгіттеу. 

Қазіргі уақытта нашар көретін адамдар үшін іс-шаралар қолданылып жатыр, бірақ нашар еститін 

адамдар үшін сәйкес шаралар жүргізілмеген. 

Үйлесімді  тұлғаны  қалыптастыру  үшін,  баланың  өзін-өзі    бағалауын  дамыту,  міндетті  түрде 

қоршаған  ортамен дұрыс  қарым-қатынас  және  баланың  қасында  оны  жақсы  көретін,  түсінетін  ересек 

адам болуы қажет. 

Адекватты 

7% 

73 % 


Төмен 

0 % 


14 % 


Қорта келе, қоғамдағы саңыраулық мәселесі-әлеуметтік мәселе. Оны әлеуметтік тәрбие арқылы 

жеңуге болады. 

 

Әдебиет: 

1. Мухина В.С. Возрастная психология. М.2001.  

2.  Петрова  В.Г.  Отношение  глухих  учащихся  с  товарищами  и  самооценка.  Психология  глухих 

детей. Под ред. И.М.Соловьева и др. М.1971.  

3. 

Жарықбаев Қ.Ж. Психология. Алматы, 2002 ж. 



4. 

Немов Р.С. Психология. Москва, 2003 г. 3 тома. 

 

References: 

1.VS Mukhina Psychology. M.2001. 

2. VG Petrov The ratio of students with deaf friends and self-esteem. Psychology of deaf children. Ed. 

I.M.Soloveva and others. M.1971. 

3. Zharyқbaev Қ.ZH. Psychology. Almaty, 2002 g. 

4. Nemov RS Psychology. Moscow, 2003 Volume 3. 

 

Сведения об авторах 

Урдабаева  Л.Е.  –  тарих  ғылымдарының  кандидаты,  психология  магистрі,  доцент, 

А.Байтұрсынов  атындагы  Қостанай  мемлекеттік  университеті.  Костанай  қ,  Абай  к,  42/1-49,  т. 

8 777 447 50 26, e-mail 

lazer888@mail.ru

  

Баймагамбетова  А.А.  –  «Педагогика  және  психология»  мамандығының  2  оқу  жылының 

магистранты.  Костанай қ, 8 мкр-н-112, т.8 702 520 66 39, 

asiya_seidalina@mail.ru

   

 

Урдабаева  Л.Е.  кандидат  исторических  наук,  магистр  психологии,  доцент,  Костанайский 

государственный  университет  им.  А.  Байтурсынова.  Г.  Костанай,  ул.  Абая,  42/1-49, т.  8 777 447 

50 26, e-mail 

lazer888@mail.ru

  

Баймагамбетова  А.А.  –  магистрантка  2  года  обучения  специальности  «Педагогика  и 

психология». Г.Костанай, 8 мкр-н-112, т.8 702 520 66 39, 

asiya_seidalina@mail.ru

   

 

Urdabaeva  L.E.  Candidate  of  Historical  Sciences,  Master  of  Psychology,  Associate  Professor, 



Kostanai  State  University.  A.Baitursynov.  Kostanai  Street.  Abay,  42  /  1-49,  t.  8777447  50  26,  e-mail 

lazer888@mail.ru 

Baimagambetova A.A. - Undergraduate of two years of study. Kostanai, 8 md-n-112, 

т.8 702 520 66 

39, 

asiya_seidalina@mail.ru

   

 

жүктеу 83,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау