ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ (ойыңызды эссе формасында нақты дәлелдермен қысқа етіп талдап жазыңыз)
1. «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи құндылығы және сатиралық сарын
2. «Масғұт» поэмасындағы Абайдың өз бейнесі
3. Бейбіт өмірдегі батырлық
Эссе тақырыптарының біреуі –еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
Ескерту: оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған эссе тақырыбына балл қоюда басымдық беріледі!
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ БІРІНШІ (МЕКТЕПІШІЛІК) КЕЗЕҢІ
(2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ)
11 сынып __ І _ тур
Жұмыс уақыты: Тапсырманың орындалу уақыты 120 минут
Эссені бағалау критерийлері:
1. Эссе тақырыбының ашылуы, мағыналық тұтастық, ой байланысы, мазмұндаудың жүйелілігі (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) – 10 ұпай;
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге келтірілген дәйексөздің тақырыпқа қатыстылығы, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 ұпай;
4. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал туындауына ықпал ету, қорытынды пікірдің салмағы – 10 ұпай;
5. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің сақталуы– 10 ұпай.
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай
ЭССЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ (ойыңызды эссе формасында нақты дәлелдермен қысқа етіп талдап жазыңыз)
1. «Қаһар» романындағы тарихи тұлғалар бейнесі
2. Оралхан Бөкей «Атау кере» повесінде Ерік перзенттік борышын ақтай алды ма?
3. Жауапкершілік – жетістіктің бастамасы
Эссе тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
Ескерту: оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған эссе тақырыбына балл қоюда басымдық беріледі!
9 сынып __ ІI_ тур
Жұмыс уақыты: Тапсырманың орындалу уақыты 120 минут
Берілген жауаптарды бағалау тәртібі: Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 12,5 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
10-12,5 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
8-9 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-7 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Бұнда оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50.
Достарыңызбен бөлісу: |