«Ерінбей еңбек етсең,шыдап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер»



жүктеу 56,23 Kb.
Дата14.06.2020
өлшемі56,23 Kb.
#30963
жаңа


«Ерінбей еңбек етсең,шыдап егер,
тікен де гүлге айналып шыға келер»
(Сағди)

XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды ,талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге,бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қалптастыру, таңдай білу әрекеті тиіп отыр. «Технология» грек сөзі. Техно-өнерпаздық, шеберлік, logos-ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды.

Ғалымдар еңбегін шолу жасай отырып, технология туралы олардың пікірлерін осылай жинақтауға болады.

ТЕХНОЛОГИЯ - көздеген нәрсенің орындалу кепілі;

- нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы;

- сатыланған жіне тәртіптелген іс-әрекет жүйесі;

- мұғалімнің кәсіби қызметінің жаңартушы,

- жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттің жиынтығы;

- Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

Технология оқытуды іздендіруге, жекек тұлғаның еркіндігі мен таңдауы, қалауына жол ашады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім-оқушы, яғни алдыңғы орында мұғалім іс-әрекеті жетекшілік етсе, технологияда оқушы-мұғалім, яғни оқушының білімді өз әрекетімен , белсенділігімен алу жүзеге асады.Ғалымдар пікірін саралай келе, дәстүрлі оқытудағы өнімсіз іс-әрекеттер, технология талаптарына жауап бере алмайтынына көз жеткізуге болады.

Заманауи технологиялар: дамыта оқыту технологиялары,ұжымдық оқыту технологиялары,проблемалық оқыту технологиялары,жобалап оқыту технологиясы,модульдік оқыту технологиясы,даралап,саралап оқыту технологиясы, интеграциялық оқыту технологиясы, СТО технологиясы. Әдебиетті оқытуда олардың тиімділігі ерекше боп табылады.

Жүсіпбек Аймауытов: "Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер”, - деген екен. Осы орайда қазіргі мұғалімнің алдына қойылатын талаптар өте жоғары.Қазіргі қолданып жүрген сын тұғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы,баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын,оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесіне әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.Мұғалім- ұйымдастырушы, бағыт беруші.Бұл жоба кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді.

Менің мақсатым, қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолданудың тиімді жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету барысында өз сабағымды СТО жобасын қолдануды жөн көрдім.СТО жобасын қолданбай тұрып барлық сыныптарымның ішінен қозғалғыш,сабақ барысында бірінің пікірін бірі тыңдай алмайтын,пәнге деген қызығушылықтары төмен сыныпты таңдап алдым.Басқа сыныптарымда СТО жобасының стратегияларын қолданып жүрсем де, дәл осы сынып орыс тілді болғандықтан ба мен сабақты үнемі дәстүрлі түрде жүргізіппін. СТО жобасын қолданбай тұрып , психолог көмегімен зерттеу жұмысын жүргіздім, нәтижесінде сыныптың деңгейі төмен болып шықты.

Ең бастысы, қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолдануда әдіс-тәсілдерді таңдап алдым.

Қазақ әдебиеті сабағында қолдану әдіс-тәсілдері: «Болжау», «Венн диограммасы», «Топтастыру», «Аялдамамен оқыту», «Жигсо», «Академиялық даудамай», «Инсерт кестесі», «ББҮ», «Аквариум», «Эссе», «Ойтолғау»

Осы тәсілді пайдаланып сабағымды жүргізе бастадым. Әрине,маған бұл жобаны қолдану жеңілге тиген жоқ. Басты кезде уақытымның жетпей қалуы мені көп қобалжыттты. Бұған себеп:оқушының бау қозғалуы; ойын еркін жеткізе алмауы; өз ойын қағазға тез, жүйелі түсіре алмауы.

Уақыт өте келе оқушылардан бір өзгеріс байқадым Ол- оқушылардың бір-бірімен қысылмай ойын еркін жеткізуі. Ең бастысы, біреудің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таң қалдырды. Бұған басты себеп- СТО жобасы.

Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Біреудің пікірі құнды», «Талқылаудың мұқият тыңда», т..б.қағидалар тақтада , қабырғаларда ілулі тұрады. Бұл қағидалардың да үлесі көп болады.

Оқушылардың сабаққа қызығу оятқан , әсіресе , «Ой толғау», «Болжау», «Венн диограммасы» , «Топтастыру» әдістері болады. Осы әдістері арқылы оқушылар өз ойларын топта, ұжымда талай басталды.

Мысылы, С. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеті» өлеңін болжац отырып, аялдамамен оқыды. Әр оқушы өз болжауын топ ішінеде, ең жақсы болжауды ұжымда оқыды.

1-топ- «Біздің ойымызша С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап береді.».

1-топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет» сөзінің мағынасын ашып, жақсы адамға тән қасиетті бір бөлек саралап береді»,- деп ойлаймыз.

Тағы басқа топтар да сол сияқты ойларын оөінше ортаға салып жатты. Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?»деген сұрақ туындап, өлеңге деген қызығушылығы артты.Өлеңді жасаған болжауларымен салыстыра отыра, аялдамамен оқыды. Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды.

Ой толғауда «Венн диаграммасы» қолдануды тиімді көрді.



Бұл диаграмманың тиімділігі оқушы адам бойындағы қасиетті айыра білді, саралай біледі.

Сабақ барасында және соңында «Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?», «Достарыңның пікірін қалай бағалайсын?», т.б. сұрақтар беріп отырамын. Сәтті шыққан сабақтардан кейі мақсатыма жеткен-жетпегенімді зерттеп, анализ жасап отырдым. Сол анализ арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып алмауға тырыстым. Әр сабағымда өтілетін стратегияларды түрлендіріп отыруды жөн көрдім.

Әрбір стратегияны қолданудың өзінің тиімділігі бар. Оқулықта әр ақын, жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріліп тұрады. Жалпы ақын-жазушының өміріне түсініктеме беру үшін 2-3 минут уақыт берілді. Мен бұл кезде «Ассоциация »стратегиясын қолданамын. Мысалы: А.Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін өткен кезде оқушыға «Абай кім?» деген сұраққа ассоциация жасатамын. Әр бала өзінше өз бетімен жазды, топта ұжымда талдады. Сабақ соңында үй тапсырмасына қосымша ретінде осы ассоциацияны толықтыруға бердім. Бұл мен үшін де өте тиімді болды, уақытты үнемдедім, бірінің білмегенін бірі айтты.



Осы ассоциацияны толықтыру үшін оқушы кітапханаға барып, келесі сабаққа толықтырып әкеледі, яғни ізденімпаздығы артады.

Ой толғау, эссе стратегиясын көбінде сабақты қорытындылау кезінде немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді. Ш. Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» атты өлеңін өткен кезде, үй тапсырмасына «Менің борышым» атты ой толғау беріледі. Мысал ретінде 2 оқушының эссесін ұсынсам.

- Әр адам елім , жерім деп өсуі тиіс. Оны қорғау, қастерлеу, дамыту- әр адамның парызы. Сол үшін сабағымды жақсы оқу керек. Өйткені , ел болашағы-біздерміз.

- Менің бірінші борышым- ата-анамның ақ сүтін ақтау. Ертең ер жетіп, азамат болғанда, осы жағдайға жеткізген ата-анамның алдында қарызымды өтеу. Дәл қазіргі борышым- сабағыма уақытында барып, жақсы оқу.

Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды. Бала өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді.Жалпы өлең мазмұнын түсінгенін байқаймыз.

Міне, СТО жобасын қолданғаннан кейін, белгіленген көрсеткіш бойынша сыныпқа психологтың көмегімен қайта зерттеу жүргіздім.





 

Дәстүрлі

СТО

Өсуі

1

Білім сапасы

80%

90%

10%

2

Пәнге қызығушылығы

63%

78%

15%

3

Өз ойын еркін жеткізуге

59%

70%

11%

4

Ұжымшылдығы

50%

80%

30%

5

Шығаршашылық қабілет.

40%

65%

25%

СТО жобасының әдіс-тәсілдерін әдебиет сабағында қолдану арқылы бақағаным. Қандай шығарма болса да, бұрынғыдай еріксіз емес, өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды. Өткен сабақпен жеңіл әрі толық байланыс болды. Кез келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады.

Оқытудың бұл түрінде оқушының рөлі ерекше. Себебі, оқушылардың жеткен нәтижесі. Оқушы ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді.



Мұғалімнің ғана емес бір-бірінің пікірлерін таңдап, бағалауға дағдыланды.Еркін сөйлеулері байқалды. Орташа оқитын оқушылар да ортаға тартылып, өз қырларын таныта бастады. Жазу сабақтарына көзқарастары өзгерді.

Болашақта СТО-ның басқа да әдіс-тәсілдерін сабағымда толығымен қолдансам деймін.Әлі талай жетістікке, нәтижеге қол жеткізсем
жүктеу 56,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау