Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет59/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74

128 
 
«Құзыретті  органдардың»  міндеттері  заңнамалық  актілер  негізінде  өңірде 
кәсіптік білім беруге кеңес беру, бақылау, танытуды қамтиды [174, s.  32]. 
Дуальді жүйеде мектепте білім беруді құқықтық бақылау Мәдениет және 
Білім  министрліктеріне  және  тиісті  федералды  жер  бағынатын  органдарға 
жүктеледі.  Жергілікті  деңгейінде  кәсіптік  білім  беру  мәселелері  бойынша 
тұрақты  жер  комиссиялары  болады.  Олар  жергілікті  үкіметке  кәсіби  даярлау 
мәселесі  туралы  кеңес  береді.  Комиссия  құрамына  жұмыс  берушілердің, 
кәсіподақтардың  және  жергілікті  министрліктердің  өкілдері  кіреді.  Дуальді 
жүйедегі  кәсіби  мектептер  федералды  мемлекеттердің  мектеп  заңдарының 
құзыретіне жатады [175]. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе,  келесідей  қорытынды 
жасауға болады. 
Кәсіпорынның  және  кәсіптік  мектептің  қосымша  қызметі  неміс  теориясы 
мен кәсіптік білім беру тәжірибесінде ұзақ дәстүрге ие болып келеді. Соңғы екі 
онжылдықта  қабылданған  кәсіптік  білім  берудің  дәстүрлі  практикасын 
теориялық  және  құрылымдық  тәртіпке  келтірудің  қарқынды  ұмтылысын 
«дуальді  жүйе»  тұжырымдамасымен  дәлелдеу  бүгінгі  күнде  анық  және  оңай 
емес.  Бұл  неміс  білім  беру  жүйесі  үшін  мемлекеттің,  жердің,  кәсіпкерлердің, 
олардың  өзін-өзі басқаратын  органдарының,  сондай-ақ жұмыс  берушілер  мен 
қызметкерлердің  ұйымдары  арасындағы  құзыреттілікті  бөлудің  жасырын 
түрлерін қамтиды [176]. 
Дуальді жүйеде білім берушілер құрамының функциялары мен міндеттерін 
талдауға  кіріспес  бұрын,  біз  қазақстандықжәне  германия  кәсіптік  білім  беру 
жүйесіндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың  әдістерін, құралдарын 
және формаларын қарастыруды қажет деп есептейміз. 
Германия мен Қазақстан ғылыми-педагогикалық әдебиеттерінде білім беру 
мен тәрбиелеу әдістерінің жіктелуінің әр алуан түрлері кездеседі. 
Біздің  еліміздегі  педагогика  бойынша  арнайы  әдебиеттерде  осы  уақытқа 
дейін  әдістердің  ең  көп  таралған  жіктемесі  –  дереккөздері бойынша  мазмұнды 
тасымалдау.  Бұл  сөздік,  практикалық,  көрнекілік  әдістер.  Жеке  құрылымға 
негізделген  әдістердің  жіктелуі  бар  (сана,  мінез-құлық,  сезім  қалыптастыру 
әдісі),  өнімділік  деңгейі  бойынша,  мысалы,  түсіндірмелі-иллюстрациялық 
(әңгімелеу,  көрсету,  т.б.),  репродуктивті  (дәріс,  демонстрация,  жаттығу), 
проблемалық  әдіс  (әңгіме,  проблемалық  жағдаят,  т.б.),  ішінара  іздену  әдісі 
(диспут,  бақылау,  өздік  жұмыс),  зерттеу  әдісі  (жобалау,  зерттеушілік  үлгілеу, 
т.б.) [177]. 
Германияда  кәсіптік  оқыту  тәжірибесінде  ұзақ  уақыт  бойы  «үш  қадам» 
әдісі  қолданылды  –  демонстрация,  қабылдау,  жаттығу  әдістеріне  сүйене 
отырып,  бүгінгі  күні  жұмысшылардың  жеке  тәжірибелік  дағдыларын  өте 
жоғары  деңгейге  жеткізуге  болады.  Алайда,  өндірістің  қазіргі  заманғы 
деңгейінде  «көр,  қайтала,  жаттық»  принципі  бойынша  оқыту  әдісі  өзінің 
өзектілігін жоғалтты [178]. 
Жаңа  ақпараттық  және  коммуникациялық  жабдықты  заманауи  өндіріс 
және  қызмет  көрсету  секторына  енгізу,  кәсіби  біліктілікті  қажет  ететін 


129 
 
интеграцияланған 
компьютерлік 
технологиялардың 
әр 
алуан 
түрін, 
мамандықтың  нақты  қабілеттерін  ескере  отырып,  кәсіби  біліктілікті  арттыру 
процесінде «негізгі біліктіліктерді» меңгеру қажет болды. 
«Негізгі біліктілік» – кәсіби маңызды қасиеттер және мамандықтардың кең 
спектрі  болып  табылатын  және  өндірістік  технологияны  өзгерткен  кезде 
маңыздылығын жоғалтпайтын кәсіби мінез-құлықтың жеке түрлері. 
Немістің  педагогикалық  мәдениетінде  негізгі  біліктіліктердің  теориялық 
негізін  Д.Мартенс  әлеуметтік-экономикалық  және  техникалық-экономикалық 
процестердің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысы және қазіргі заманғы 
қоғамдағы кәсіптік білім сипатын талдау негізінде берді [179]. 
Арнайы  біліктілікпен  қатар  негізгі  біліктілік  қазіргі  жұмысшыны  жаңа 
өндірістік  жағдайларға  бейімдеу  үшін  қажет.  А.Шелтен  негізгі  біліктіліктерді 
өте  пайдалы  екенін  атап  көрсетеді  және  бейімді  технологиялық  үдерістерді 
жоспарлауға,  шығармашылық  және  болжау  қабілетіне  тәуелсіз  шешімдер 
қабылдауға,  коммуникативті  қабілеттерге  қатысты  деп  атайды.  Кәсіби  білім 
беруде  негізгі  біліктіліктерді  дамыту  тұжырымдамасын  әзірлей  отырып, 
А.Шелтен оларды келесі кіші топтарға бөледі: 
-  базалық  материалдық  білім  мен  кең  ауқымды  іс-әрекеттерге  арналған 
дағдылар.  Бұл  өлшеу  техникасы,  еңбекті  қорғау,  машина  жасау, 
технологиялық 
жоспарлау, 
технологиялық 
диагностика, 
техникалық 
құжаттаманы  оқу  және  т.б.  саласындағы  кәсіби  және  практикалық 
біліктілікті,  сондай-ақ  кәсіби  қызметтің  кез  келген  түріне  қажетті  жалпы 
білім  мен  дағдыларды:  сөйлеу  мәдениетін,  шет  тілдерін  білу,  жалпы 
техникалық және экономикалық білімді қамтиды: 
танымдық қабілет. Бұл – өзіндік ойлау мен оқуға, проблемаларды шешу 
қабілетіне,  шығармашылық  қабілеттерге,  білім  мен  дағдыларды  кәсіби 
қызметтің бір түрінен екіншісіне беру қабілеті және т.б.; 
-  жеке  қасиеттер  немесе  жеке  дара  қабілеттер:  шынайылық,  сенімділік, 
жұмыста  сапаға  ұмтылу,  адалдық,  жауапкершілік,  өз-өзіне  сенімділік,  сынға 
төзе  білу  қабілеті,  нақты  жетістіктерге  және  жұмыста  табысқа  жетуге 
бағытталу; 
-  әлеуметтік  қабілеттер  (топтық  мінез-құлыққа  бағытталған  қабілеттер). 
Олар  өзара  әрекеттесуге,  қарым-қатынас  дағдыларына,  толеранттылыққа, 
нақтылыққа және т.б. дайын болуды қамтиды [180]. 
Кәсіптік білім беру саласындағы негізгі біліктіліктерді меңгеру үшін неміс 
ғалымдары  өндірісте  және  мектептегі  кәсіптік  оқытуда  кеңінен  қолданылатын 
жаңа  әдістерді  әзірледі.  Өндірістегі  дәстүрлі  әдістер  мен  дағдыларды 
қалыптастырудың төрт сатылы әдісі бар: 
- дайындық сатысы – оқу жағдайын жасау; 
- демонстрациялық саты – еңбек әрекеті түсінік қалыптастыру; 
- өндірістік жұмыстарды алдын-ала орындау; 
- жаттығулар мен дағдыларды үйрету 
Негізгі  біліктіліктерді  қалыптастыру  үшін  оқытудың  тәуелсіздігін 
ынталандыратын  өндірістік  оқыту  ең  тиімді  әдіс  болып  табылады.  Бұл 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау