Әож 314. 7: 314. 74 Қазақстан республикасындағы миграциялық жағдайдың КӨрінісі



жүктеу 51,5 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі51,5 Kb.
#25500

ӘОЖ 314.7:314.74
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ

ЖАҒДАЙДЫҢ КӨРІНІСІ
Ермекова Г.С.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазіргі кезде миграциялық процестің қоғамда алатын ролі жоғары. Себебі, әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасында қарастырылатын мигранттардың құқықтық жағдайы толықтай қарастырылмаған. Осы процесті құқықтық тұрғыдан реттеуде көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектері бар. Қоғамдық процес болғандықтан, бұл жағдайды құқықтық тұрғыдан реттеп, мигранттардың әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын дұрыс анықтасақ, сонда ғана мигранттарға байланысты қоғамда қарама – қайшылық туындамас еді. Демек, мигранттардың жағдайын құқықтық реттеудегі мәселелерін шешуде, тиімді жолдарын анықтауға болады.

Миграция – экономикалық құбылыс болғандықтан, ол біріншіден мигранттардың өмірімен тікелей байланысты, сонымен қатар, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде заңдылық базаның болуын көрсетеді.

Миграция – (лат. migratio – көшіп – қонамын) деген мағынаны түсіндіреді. Халық миграциясы – бұл адамзат пайда болғаннан бастап келе жатқан үлкен ұғым. Ерте заманда әскери күшпен жаулап алған жерлердің де халықтары көшіп – қонған және өздерінің өмірлерін сақтап қалу үшін бір территориядан екіншісіне ауысып отырған. Тарихи миграция – халықтың көшіп-қонуының әр түрлі түрін өзінің бойына жинады. Алғашқы қауымдық құрылыста көшіп – қону мал щаруашылығымен немесе аң аулаумен және жер – жерден көшумен толық байланысты болды. Жер шаруашылығының дамуы – адамдардың құнарлы жерлерге қоныстануымен тарихта белгілі еді.

ҚР – ның миграциялық процесі де осы миграция тарихымен қатар болып келді. Біздің мемлекетіміз үшін еліміздің территориясы миграциялық процестердің дамуына өте қолайлы. Себебі, мемлекеттің географиялық жағынан және территориялық шекарасының өзі үлкен мемлекеттермен шекаралас және мигранттарды шығаратын мемлекеттердің аумағына жақын орналасқан. Сол себептен, Қазақстан аумағындағы тіркелетін және тіркелмей заңсыз жолмен келетін мигранттардың санының артуы көрініп отыр.

Жалпы Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестерді реттейтін нормативтік – құқықтық актілер санының артуы да байқалады. Дегенмен, оның нормаларының сапасының төмендігінен, осы миграциялық жағдай мемлекетімізде құқықтық жағынан толық реттелмей отыр. Осыған байланысты қоғамдағы миграцияның мәселесінен мигранттардың құқықтық жағдайлары, олардың құқықтар мен бостандықтары және оларға берілетін жеңілдіктер мен квоталар, кәсіпкерлікпен айналысу құқығын пайдалану,олардың елімізге келу тәртіптері мен елден шығуы туралы мәселелер құрайды.

Қоғамдағы қатынастар құқықтық жағынан дұрыс реттелсе, онда құқықтық мәселелер туындамайды. Дегенмен , мигрант атаулысының өзі де шетелдік адамды сипаттайтын болғандықтан оларға қатысты қолданылатын заңдардың аясы халықаралық жария және халықаралық жеке құқықпен қарастырылады. Еліміздегі шетелдіктердің республика азаматтары сияқты құқықтар мен бостандықтары болса да, оларға қатысты басқа қолданылатын нормативтік - құқықтық актілер жүйесі бар.

«Құқық - қоғамдағы адамдардың қарым - қатынасын реттейді.Құқықтық қоғамдағы адамдардың қатынасын реттеу қызметі құқықтық нормалар қоғамдық практикаға, адамдар мен ұйымдардың, органдардың іс-әрекетіне енген жағдайда толық орындалады» [1.25].

«Құқық азаматтардың, құқық қолданатын лауазымды адамдардың мінез-құлығы мен әрекетіне қаншалықты дәрежеде сіңгені,оның қоғамдағы маңыздылығы мен құндылығын көрсетеді» [1.31].

Осы нормативтік – актілердің барлығы да адам және азаматтардың олардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін қарастырады. Мигранттар – олар өте төмен жалақыға жұмыс істейтін жұмыс көзі.Олар келген мемлекеттің азаматтарымен қатар құқықтар мен бостандықтарға ие болса да,олар ол құқықтарды пайдаланбайды немесе оларды пайдалануына мүскіншілік берілмейді.

Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің алдына қойылған тапсырмасы.Жалпы азаматтардың алдындағы жауапкершілік барлық құқыққа қайшы әрекеттерден туады.

Еңбек миграциясы – бұл еңбекке қабілетті тұрғындардың сол қоғамда экономикалық маңызы бола алатындығын көрсетеді және жұмыс жасайтын жерлерін анықтап береді.Тұрғындардың миграциясының ең басты функциясы сандық және сапалық жағынан,дау мен ұсыныстың арасындағы қатынастарды, еңбек күшінің әртүрлі саласында және әртүрлі квалификациясында сонымен қатар түрлі мемлекеттерде, аудандарда, тұрғылықты жерлерде қамтамасыз етілулері тиіс.Мигранттар өздерінің тарихында белгіленгендей, келген мемлекеттің азаматтарымен азаматтарымен салыстырылып, дискриминацияға ұшырайды. Бұл – тарихи процесс.Сол мемлекеттің азаматтары сияты емес, мигранттарға жұмыс табу оңайға түспейді. Мигранттардың пайда – табыс көздері де тұрақты тұрғындарға қарағанда төмен болады. Миграциялық процесте адамдардың құқықтары бұзылады және де әлеуметтік-экономикалық құқықтары да ескерілмейді.Бірақ ол мемлекетіміздің Конституциясымен кепілдік берілген.Олардың ең төменгі жалақы үшін өз қызметтерін атқырғандықтан, оларды кез-келген уақытта жұмыстан шығаруға толық мүмкіндіктерді жұмыс беруші пайдаланады. Негізінде адам қоғамының өмір сүруінің алғы шарты - еңбек. Еңбек дегеніміз - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адамның қызметі.Еңбек қатынастары дегеніміз – тараптардың жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

«Еңбек миграциясы белгілі бір проблемеларды туындата отырып, жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді» [2].

Миграция ерекше феномен ретінде нң бірінші халықтың еңбегімен байланысты. Барлық мигранттар жұмыс көзін тауып, өз отбасына мүмкіндігінше көмек ету мақсатында елімізге келеді.Еңбек миграциясының нәтижесінде халық арасындағы дискриминация, жұмыс табу проблемалары, саяси – экономикалық мәселелері туындайды.Қазіргі таңда ҚР-ң аумағынндағы миграциялық процестердің күннен-күнге ұлғаюы, осы еліміздегі дұрыс миграциялық процесті құруды негіз етеді.Еліміздің саяси реттеудегі және әлеуметтік-экономикалық құоылымындағы өзгерістер миграцияның дамуына әкеліп соғып отыр.

Көп этносты еліміз үшін және де көп дінді халқымыз үшін ең басымдылық осы ұлттық қауіпсіздікке берілуі тиіс.Сондықтан, дұрыс және әділ заңның осы қоғамдық процесті реттеуіне қазіргі таңда күші жетпей отыр. Егер елімізде құқықтық реттеу әлсіреп,мемлекеттегі құқықтық қадағалау төмендесе, елімізге заңды және заңсыз келген мигранттардың саны арта беретін болса, ұлттық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етіле алмайды. Мемлекетімізде сыртқа кетушілер мен өзге мемлекеттерден келушілер көбейіп,қоғамда тұрақсыздық пайда болады.Демек, осы проблеманы зерттеудің өзі, өзектілігін қарастырумен айқындалады.

«Өз кезінде Ф.Вольтер " Елдің байлығы оның тұрғындары мен олардың еңбегінде", - деген еді. Бұл пікір Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың – жоғарыда айтылған сөздерімен үндесіп жатыр.Шындығында, тұрғын халқымыздың саны қысқара беретін болса, ұлттық қауыпсіздігімізді қалай қамтамасыз етеміз» [3].

Қазақстанның территориялық құрылысы өте ауқымды және әртүрлі мемлекеттермен шекаралас.Құрлықтық және сулы жермен белгіленген шекаралар сонымен қатар, таулы және шөлді жерлерді шекаралар да бар.Осы шекаралардың әртүрлілігінен өтетін және заңсыз жолмен өтіп кететін де мигранттар аз емес.

Ұлттық қауіпсіздік бойынша, мемлекет адамдардың сыртқа шығуы мен ішке кіруін толықтай бақылауға алған.Бірақ, миграцияның мигранттарды қабылдаушы мемлекетке қауіп төндіруі мүмкін. Ол біріншіден, еңбек рыногындағы конкуренцияға төтеп бере алуы, екіншіден, экономикалық белсенді секторлардағы мигранттардың монополизациясы, үшіншіден, криминализация, төртіншіден, халықтардың арасындағы дискриминация, бесіншіден, заңсыз миграцияның көбеюі көрінеді.

Мигранттарды қабылдайтын мемлекетте қадағалау жоғары болуы шарт.Себебі, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының тапталуы, еңбек нормаларының бұзылуы, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келіспеушіліктер мен этникалық қақтығыстардың туындауына соқтыруы мүмкін.Бірақ көп жағдайларда мигранттардың елімізде заңды жолмен жұмыс істеп жүргендері, заңсыз жолмен жұмыс істеп жүргендерге қарағанда едәуір төмен.Себебі, олардың біздің елгден алатын квоталары мен есеп шоттарындағы қаражаттың, қабылдаушы мемлекет тәртіптеріне сай келе бермейді.Сол себептен, елімізде бір күндік, күнделікті, мерзімдік, шеаралық т.б заңсыз және заңды миграциялық процестер кездеседі.

«Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы негізгі мәселенің бірі болып, халықтық миграция танылады және ол дұрыс реттеле бермейді, сонымен қатар оның тигізер зардаптары өте көп» [4].

Халықтық миграцияның жағымды және де жағымсыз әсерлері де бар.Ол мемлекеттің экономикасына үлкен кіріс әкелгенімен, бір жағынан үлкен шығысты да қоса ала жүреді. Халықаралық қатынастарда өздері мигранттарды шығаратын мемлекеттер үшін бұл жағдайлар таныс.Себебі экономикалық ахуалы ауыр мемлекеттерге мигранттардың сыртқа шығып қызмет жасағандары пайдалы.Оларда тек демографиялық ахуалдар туындауы мүмкін. Бірақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері бар және оларды барлық мемлекеттер біркелкі ұстанулары қажет. Демек, «Әр адамға да Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.Мемлекет бұл құқықтар мен міндеттердің барлық мүмкін құралдарымен шынайы орындалуына кепіл беруге міндетті. Тұлғаның құқықтық мәртебесін іске асыру дәрежесі жоғарылаған сайын, мемлекет пен оның органдарының атынан орындау мүмкіндігі көп мөлшерде шектеледі» [5].

Жалпы Воеводин И.Д. айтуы бойынша мемлекеттердегі адамдар мен азаматтардың барлық тұстан құқықтары мен бостандықтары биліктік тараптан толыққанды қорғалуы тиіс. Әрбір адам өзі қалауы бойынша еркін жүріп-тұруға және өзі жұмыс орнын таңдауға құқылы.Еліміздегі миграциялық жағдай барынша заңды тұрғыдан жүзеге аса бермейді.

Халықаралық Миграциялық ұйымның анализі бойынша Қазақстанды әлемдегі күрделі миграциялық процестер орын алатын мемлекетке жатқызады. Оның салдары мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына тереңірек болады, тіпті қазіргі кездің өзінде иммиграциялық процестерден Республикада бірқатар мәселелер туындауда.Оған қосымша елімізде халықаралық, аумақтық, ұлттық миграцияны болжамдайтын мониторингтік жүйе де жоқ қаншалықты оның дамып және дамымай жатқанын байқауға болатын.Бірақ миграциялық жағдай ең бастысы еліміздің әлеуметтік жағдайына, экономикасына, мәдениеті мен ұлттық саясатына зор әсерін тигізеді.



Менің ойымша қаншалықты мемлекет дамыған сайын,өзгерген сайын оның артынан миграциялық процестер жүреді.Миграция алғашында адамның жеке басымен және оның келген мемлекеттегі күн көру жағдайымен тығыз байланысты.Адам болған соң оның еркіндіктері шектелмеу қажет, тек барлық қарасытырылып кеткен процестердің барлығы да еліміздің нормативтік-құқықтық жағдайына сай болса, онда мигранттарға қатысты ешқандай құқықтық шектеушілікке жол бергізуге болмайды.Ал, егер мигрант заңсыз жолмен келіп, құқықтары шектеліп жатса, кінәнің кімеде екендігін мемлекет заңды жолмен анықтауы тиіс.
Әдебиет


  1. Оспанов Қ.И. «Құқық негіздері», Алматы, «Жеті Жарғы». 2006ж.

  2. 25-бет және 31-бет.

  3. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е., «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы, «Экономика» 1998ж.105-бет.

  4. Иватова Л.М., Құрманбаева Ш.А., Мейірманов С.Т., «Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат » Алматы, «Қарасай» 2006ж. 4-бет.

  5. Воеводин Л.Д. «Ыридический статус личности в России: Учебное пособие. Москва, Издательство Московского Университета; Изд.Группа, Инфра – М- Норма 1997г7

  6. Концепция миграционной политики Республики Казахстан на 2007-2015г.

  7. Ибраева К.Б. «Правосубъектность иностранных граждан в трудовых отношениях в РК» // Журнал «Юрист», № 8. 2003г.

  8. Кожирова С.Б. «Проблемы регулирования трудовой миграции». Конференция по председательству РК в ОБСЕ 2010г.// Астана

жүктеу 51,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау