Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет10/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83

22
Үлкен  жəне  кіші  қалаларда  автомобильдерді  бірге  пайдалануды  көтермелеуге 
бағытталған  заңнама  енгізіледі.  Автомобильдерді  бірге  пайдалану  бойынша 
преференциялық  режим  ұсыну  үшін  жеке  заң  шығарылатын  болады.  Жол  қозғалысы 
кодексіне преференциялық келісімдерді енгізе отырып, түзетулер ендіруге де болады. Осы 
бір  жаңа  заңнама  автомобильдерді  бірге  пайдалану  үшін  жеке  бөліктердің  жасалуын 
қарастыратын нормативтік құжаттарды шығару бойынша тəуелді өкілеттіктерден, сондай-
ақ  бірге  пайдалануға  арналған  автомобильдердің  автотұрақ  алымынан  босатылу 
мүмкіндігінен тұрады. Мұнда сонымен қатар жалпы пайдаланылатын көлік құралдарын 
анықтау мен сəйкестендіру ережелері орын алады.
Көлік құралдарында электр жетектерін барынша кеңінен пайдалану
Жолаушылар  мен  жүк  тасымалдарында  көлік  құралдарын  электрлендіруді 
күшейту  орта  жəне  ұзақ  мерзімді  перспективада  көлік  секторында  CO
2
  лықсымаларын 
қысқарту  үшін  негізгі  мəнге  ие  болады.  Қысқарту  əсері  нарыққа  электромобильдердің 
кіруіне  байланысты  болғандықтан,  Германия  үкіметі  оларды  нарыққа  жылдам  қосуға 
қолайлы  шаралар  жасайды,  2020  жылға  қарай  бір  миллион  электромобиль  жасау 
мақсатына қол жеткізіледі. Бұл болжалдық баяндамада айтылғанда, CO
2
 лықсымаларының 
қысқаруына əкеледі, баяндамада 2020 жылы 600 000 электромобиль пайдаланылады деп 
болжанып отыр. Негізгі қарастырып отырған нұсқалардың бірі – федералдық үкімет пен 
жер  үкіметі  бірге  қаржыландыратын  коммерциялық  электромобильдерге  арналған 
амортизация жөніндегі арнайы құрал. Мобильділік пен отын саласындағы өз стратегиясын 
жылжыту  жəне  тасымалдауға  арналған  таза  энергия  туралы  директиваны  іске  асыру 
бойынша өз күштерін жұмылдыру шеңберінде, үкімет қуаттандыру үшін станциялардың 
тиісті санын жасауға ықпал ететін болады. Осы заңнама кезеңі ішінде ол Қоршаған орта, 
табиғат қорғау жəне ядролық қауіпсіздік мəселелері жөніндегі федералдық министрліктің 
ENUBA  жобасының  жалғасы  ретінде  ауыр  коммерциялық  көлік  құралдарындағы 
электромобильдерде далалық сынақ өткізетін болады.
Көлік секторындағы кросс-секторлық шаралар
Мақсат  федералдық  мемлекеттік  əкімшілікте  климаттың  өзгеру  жағдайында 
мобильділікті қамтамасыз ету ынталарынан көрінеді. Мұның өзі оң əсерге ие болар еді, 
өйткені  федералдық  жəне  үкіметтік  жер  мекемелері  ғана  емес,  сондай-ақ  жекеменшік 
сектор  мен  коммерциялық  емес  ұйымдар  осыны  ұстануы  тиіс.  Қоғамдық  көлік  пен 
велосипедтерді кеңінен пайдалануға арнаған ынталар шынайы нұсқалар болып табылады.
Табиғи газ бен сұйылтылған мұнай газы 2018 жылға дейін салық жеңілдіктерін 
иеленеді.  Коалициялық  келісім  мен  үкіметтің  ұтқырлық  пен  отын  саласындағы 
стратегиясы  осы  кезеңнен  кейін  ұзартылуы  тиіс  осы  салық  жеңілдіктері  туралы 
қағидалардан құралады.
Əуе көлігінде климаттың өзгеру салдарларын жұмсарту шаралары
«Еуропаның  біртұтас  аспаны»  бастамасы  негізгі  параметрлер  үшін  мақсатты 
көрсеткіштерді  белгілейді  жəне  бақылайды.  Олар  əуежайдан  кеткеннен  белгіленген 
пунктке дейінгі барынша тікелей Ұшу бағыттарынан құралатын экологиялық тиімділіктен 
құралады.
Халықаралық теңіз тасымалдарында климаттың өзгерісін жұмсартуды қолдау
Халықаралық  теңіз  тасымалдарында  климат  өзгерісінің  салдарларын  жұмсарту 
шаралары  лықсымаларды  қысқартудың  ұлттық  мақсатты  көрсеткіштерінде  ескерілуі 
мүмкін.  Дегенмен,  іс-қимыл  бағдарламасы  оларды  санамалап  атап  өтеді,  өйткені  олар 
жаһандық  климат  қызметінде  маңызды  рөл  ойнайды.  Негізгі  мақсаттардың  бірі  ЕО 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


23
деңгейіндегі  теңіз  тасымалдарында,  содан  кейін  халықаралық  теңз  ұйымы  (ИМО) 
деңгейіндегі МРВ-да бақылау есептілік бойынша келісілген директиваларды іске асырудан 
көрінеді.  Халықаралық  теңіз  тасымалдары  нəтижесінде  СО
2
  лықсымаларын  қысқарту 
шаралары  мүмкіндігінше  ИМО  деңгейінде  ендірілетін  болады.  Жылыжай  газдарының 
лықсымасын  қысқартуға,  сондай-ақ  СТГ  жағалау  терминалдарында  инфрақұрылымды 
кеңейтуге  жəне  метанның  сырғуын  азайтуды  қамтамасыз  ету  үшін  қолда  бар  үздік 
технологиялар  негізінде  кемелерде  СТГ  пайдалануға  бағытталған  отын  саласындағы 
бастамаларға қолдау көрсетілетін болады.
Перспективалар
Көлік  секторында  лықсымаларды  қысқарту  бойынша  мақсатты  күш  жұмсау 
əрекеттері 2020 жылдан кейін жалғасатын болады. Мұның орталық элементтерінің бірі ЕО 
деңгейінде оларды одан əрі қабылдау болып табылады. 2014 жылғы 23-24 қазанда жасаған 
өз  тұжырымдарында  Еуропа  Кеңес  Комиссиядан  2020  жылдан  кейінгі  кезеңде 
технологиялық  тұрғыдан  бəрін  қамтитын  жəне  бейтарап  құжаттар  мен  шараларды 
қарастыруды  жалғастыруды  сұрады.  Сонымен  қатар  Германия  үкіметі  мақсатты  шектік 
мəндер мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті нарықтық технологияларды 
дамытуға, тестілеуге жəне ендіруге ықпал ететін болады. Халықаралық тұрғыдан алғанда, 
климат өзгерісінің салдарларын жұмсарту бойынша жаһандық нарықтық шараларды іске 
асырудың,  ал  авиация  үшін  тиімді  көрсеткіштерді  келісудің  жəне  2020  жылдан 
кешіктірілмей күшіне енгізудің маңызы зор. 
Халықаралық  азаматтық  авиация  ассамблеясының  (ИКАО)  2016  жылғы 
сессиясында қабылданған қарарларға сəйкес, Еуропалық лықсымалар саудасы жүйесіндегі 
əуе тасымалына қатысты ережелерді жаңарту қажет пе деген сұрақ қарастырылды. Жүк 
тасымалдары саласында 2020 жылдан кейін лықсымалардың маңызды қысқартылуына қол 
жеткізуге қажетті жағдайлар жасаудың маңызы зор. Инфрақұрылым саласындағы қажетті 
шаралар жасалуы жəне жоспралау барысында берік бекітілуі тиіс. Əсіресе, темір жол жүк 
тасымалдарын  нығайтуға  ықпал  ететін  ілеспе  шаралар  ретінде  темір  жол  желісі 
кеңейтілетін  болады.  Сонымен  қатар  климаттың  өзгеру  салдарларын  жұмсартуды  жəне 
тиімді,  міндетті,  сондай-ақ  қолайлы  əрі  экономикалық  жағынан  іске  асыруға  болатын 
қоршаған ортаны қорғау қызметін жақсартуға бағытталған талаптармен кез келген қолдау 
шараларының  үйлесімін  қамтамасыз  ету  үшін,  қоғамдық  көлікке  ықпал  етудің  осыған 
ұқсас шараларын қабылдау қажет. Осы тұрғыдан алғанда, моторланбаған көліктің тұрақты 
ұзақ мерзімді өсуіне ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасаудың маңызы зор.
Сайып келгенде, барлық өңдеу кезеңдерін ескерген жағдайда, төзімді əрі тұрақты 
болып келетін барлық балама отын түрлері лықсымалардың қысқаруын қамтамасыз ете 
алатындығын анықтау үшін барлық балама отын түрлерін мұқият пысықтау қажет [65].
Жоғарыда  айтылғандарға  орай,  Германияда  энергия  тиімділігін  арттыру 
шараларын əзірлеу энергия ресурстарын пайдаланудың барлық салалары мен деңгейлерін 
ескереді деген қорытынды жасауға болады.
Бақылау сұрақтары.
1. Энергетика дамуының негізгі əлемдік трендтерін баяндаңыз?
2. Энергия тиімділігін дамыту үшін негізгі себептерді көрсетіңіз?
3.  Энергия  тиімділігі  стратегиясын  жасау  үшін  негізгі  жəне  ілеспе  бағыттарды 
атап  шығыңыз  (Германияның  энергия  тиімділігі  саласындағы  ұлттық  іс-қимыл 
жоспарының үлгісінде).
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау