91
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
құжаттары, түсініктер мен ұғым-
дар, құжаттар түрі, сөздіктер және
ақпараттық анықтамалар. «Па-
раграф» ДБ – кітапханада пай-
даланушылардың сұрауымен көп
пайдаланылады, 100 мыңнан аса
құжаттар енгізілген.
Попугаева Зоя Николаевна –
1947 ж.т. Облыстық кітапханада
1971-2004 жж. жұмыс істеді. В. Во-
ровской ат. Павлодар педагогикалық
училищесін, Абай ат. Семей кітап-
ханалық техникумын (1971), әл-
Фараби ат. Шымкент педагогикалық
мәдениет институтының кітапхана
факультетін (сырттай, 1982) бітір-
ген. 1971-1979 жж. – облыстық
кітапхананың библиографы, 1979-
1984 жж. – Павлодар қ. ОҚК кітап
толықтыру бөлімінің кітапхана-
шысы, 1984-1991 жж. – облыс кәсіп-
одақ кеңесі нің кітапханашысы, 1991-
2004 жж. – облыстық кітапхананың
әдіскері, 2004 жж. – мерзімді басы -
лымдар оқу залының аға кітап-
ханашысы. Біліктілікті арттыру
бағдарламалары мен жобаларын
құруға қатысты, жасөспірімдер мә-
селелерін басқарды. «Іскер этика»
атты кітапхана қызметкерле рінің
біліктілігін арттыру бағдар ламасын
құрастырды. Облыс кәсіподақ
кеңесінің, облыстық кітапхананың
грамоталарымен марапатталған.
Практикум – Кітапханашылардың
тәжірибелік оқу түрі. Жеке және
топқа, жаңа келген жұмыс керлерге
арналған, кітапханашы білімі жоқ
адамдарға ұйымдастырылады. Не -
гіз гі мақсаты – жаңа келген кітап -
ханашыларды кітап хана жұмы сы-
мен
таныстыру,
кәсіби білім беру
Пусна Тамара Григорьевна (1938-
1978) – Облыстық кітапханада 1957-
1978 жж. жұмыс істеді. Абай ат.
Семей кітапханалық техникумын,
Н. Крупская ат. Ленинград мем-
лекеттік мәдениет институтының
кітапхана факуль тетін (сырттай)
бітірген. Кітапха нашы-әдіскер, ғы -
лыми-әдістемелік меңгерушісі бол-
ған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді
қатысқан, кәсіподақ комитетінің,
«Білім» қоғамының мүшесі болған.
ҚазКСРО мәдениет министрлігінің,
облыс мәдениет басқармасының
грамоталарымен марапатталған.
«Пушкин кітапханасы» мега жо -
басы – Д. Соростың қоры «Ашық
қоғам» институты қаржылан ды-
ратын бағдарлама. Кітапханаларды
жаңа басылымдармен мәдениеттану,
экономика, философия және тағы
басқа гумманитарлық пәні бойын-
ша қамтамасыз етеді. 2000-2003 жж.
облыстық кітапхана «Пушкин кі-
тапханасы» атты мегажобаға қа-
тысты. «Пушкин кітапханасы» ме-
гажоба бойынша 2358 дана кітап
алынды, жалпы сомасы 1077,1 мың.
тенге.
Пікір-сайыс клубы – Облыстық
кі тапханада 2002 ж. жұмыс істейді.
Мақсаты: тұлғаның дамуына, шы-
ғармашылық мүмкін дігінің ашы-
луына, жастардың белсенді өмір