ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
12
Компания басшылығы әзірше өзінің жаңа электрокарының түпкілікті
аталуын хабарламай отыр, бірақ автоның BMW i5 атауын алатыны жөнінде
болжам бар.
Автоның сериялық өндіріске шығарылуының нақты мерзімдері әзірше
белгісіз, бірақ BMW компаниясының өкілдері жаңа модельдің 2025 жылға
жоспарланған кең көлемді жаңартудың бір бөлігіне айналатынын растауда.
Бұл жаңартудың шеңберінде 25 электрокар ұсынылатын болады, олардың 12-
сі толықтай электрлік, ал қалғандары гибридтік автомобильдердің өкілдері
болмақшы.
Техникалық сипаттамаларына келетін болсақ, BMW i Vision Dynamics
сапарының алыстығы аккумуляторларды қосымша қуаттаусыз 600
километрді құрайды, электромобильдің ең жоғары жылдамдығы 200
километр сағат белгісінде шектелетін болса, ал 0-ден 100 километр сағатқа
дейін екпін алуды BMW туындысы 4 секундтың ішінде орындай алады. Егер
i Vision Dynamics дизайны туралы айтар болсақ, онда бұл жерде Tesla-ның
ықпалы айқын байқалады. Мұндай шешім елдің бәрінің талғамына сай келе
бермесе де, ұзын дөңгелектік базамен үйлескен шанаптың қалқыма, бірақ
агрессивті сызықтары өзіне назар аудартады. BMW Group Desig вице-
президенті Эдриан ван Хойдонк айтқандай:
«Біздің BMW i3 және BMW i8 электрлік автомобильдердің пайдалануға
қолайлы қалалық және спорттық нұсқалары болып табылады, ал BMW i
Vision Dynamics аралық аймақты иеленеді және өзінде BMW
автомобильдерінің барлық негізгі белгілерін — жоғары серпінді, сәнділік
пен жайлылықты үйлестіретін болады».
Дереккөз:
https://hi-news.ru/auto/bmw-predstavila-konkurenta-tesla-model-s.html
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
13
Сервис Lyft автоұшқышы бар таксиді Сан-Францискода іске қосады
Әзірше Uber жүргізушісіз таксиді 2020 жылға қарай
іске қосуды жоспарлап жатқан кезде басқа
компаниялар да жұмыссыз қарап отырған жоқ. Uber
–дің аса ірі бәсекелестерінің бірі Сервис Lyft өте
жуыр
уақытта
өздерінің
жүргізушісіз
автомобильдеріне
ие
болатындығы
туралы
жариялады. Бұл үшін компания автоұшқыштарға
арналған бағдарламалық қамтымды әзірлеуге мамандандырылған Drive.ai
стартабымен шартқа қол қойды.
Автоұшқышы
бар
алғашқы
машиналар
Сан-Францискодан
жолаушылар тасымалдауды бастайды, бірақ Lyft-тың жүргізушісіз
автомобильдерге жаппай көшуіне үміттенудің керегі жоқ — әзірше олар бар-
жоғы бірнеше дана ғана болады. Ұшқышсыз таксиге қосымша арқылы
тапсырыс беруге болады, бірақ бұл жерде де өзгешіліктер бар: егерде әлдебір
нәрсе ойдағыдай болмаған жағдайға салонда бәрібір жүргізуші отыратын
болады, сондықтан таксишілермен әңгімелесуді ұнататындардың уақытынан
бұрын бекерге көңілдері қалмағаны дұрыс.
Бұған қоса, компания өкілдері болашақта автономды автомобильдерге
толықтай көшуді жоспарлап та отырған жоқ, өйткені сервис такси — бұл А
нүктесінен Б нүктесіне сапар ғана емес, бұл жерде адам факторы да маңызды.
Жүргізуші жасанды зият немесе автоұшқыш үшін қолжетімсіз көптеген
нәрселерді жасай алады.
Солай болғанмен де, Lyft өздігінен жүргізу жүйелеріне арналған
автоұшқыштар мен карталар әзірлеушілермен ынтымақтасуда. Осы жылғы
шілдеде компания Lvl5 стартапымен бірлескен жұмысын бастады. Lyft
жүргізушілері жолды бейнетіркегіштерге түсіретін болады, ал Lvl5
әзірлеушілері жүргізушілер түсірген бейнекөріністі өздерінің үшөлшемді
карталарын жасау үшін қолданады.
Дереккөз:
https://hi-news.ru/technology/servis-lyft-zapustit-taksi-s-avtopilotom-v-san-
francisko.html
ӘЛЕМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
14
Panasonic компаниясы мөлдір OLED-теледидарын көрсетті
Халықаралық IFA 2017 көрмесінің шеңберінде
электроника өндіруші жапондық Panasonic
көпшілікке бірінші рет OLED-ұяқалыбы бар
мөлдір теледидардың алғашқы үлгісін көрсетті.
Жапондықтардың өздері бұл технологияны
«ақылды шыны» деп атайды.
Әзірше бұған ұқсас қалқаншаларды нақты қай жерде пайдалануға
болатынын көз алдына келтіру айтарлықтай күрделі, өйткені олардан
телесериалдар мен фильмдерді көру қолайлы бола қоймайды. Алайда
мамандар болашақта оларды ақылды жиһазға, әртүрлі тұрмыстық техникаға
кіріктіруге, сондай-ақ интерьердің безендірулері ретінде пайдалануға
болатындығына сенімді.
Мөлдір теледидар экранының шешілуі 2160 нүктеге 3840-ты құрайды,
бұл Ultra HD стандартына эквивалентті. Құрылғы толыққанды мультимедиа-
орталықтың барлық функцияларын, Интернетке шығу, музыка тыңдау,
сондай-ақ дауыстық пәрмендерді ажырата білу мүмкіндігін иеленген.
Panasonic
компаниясының
көрмелік
стендісінде
теледидар
әдемі
демонұсқаны көрсетті, ал құрылғының астына әртүрлі анимацияларды
бейнелеген қосымша экран орналастырылды. Экранның артына да келушілер
қалқаншаның мөлдірлігін бағалауы үшін екі мөлдір шыны пирамида
орналастырылды.
Дереккөз:
https://hi-news.ru/technology/video-kompaniya-panasonic-prodemonstrirovala-
prozrachnyj-oled-televizor.html
Достарыңызбен бөлісу: |