«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу



жүктеу 229 Kb.
бет1/3
Дата24.12.2019
өлшемі229 Kb.
#24871
  1   2   3


«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 11342 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
10 шілдеде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу:

1-тармақта:

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» атты көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтің стандартында:

3-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жәрдемақыны тағайындау және тағайындалған жәрдемақы туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал).»;

4-тармақта:

1) тармақшаны келесі редакцияда көрсету:

«1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияда тіркеу мезетінен бастап – 7 (жеті) жұмыс күн;»;

5 тармақты келесі редакцияда көрсету:

«5. Көрсетілудегі мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық/қағаз нұсқада.»;

8-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда – порталда тәулік сайын (қызмет тұтынушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).»;

9-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде мүгедек-баланы асыраушыға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:»;

келесі мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтыру:

«порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың, бала (балалардың) туылуы туралы куәліктің мәліметтері немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (некені бұзу) туралы куәліктен үзінді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.».»;

келесі мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтыру:

«портал арқылы – қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы статус көрсетіледі.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 1-1 қосымшасымен толықтыру;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын алып тастау;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда көрсету;

Аталған бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» Мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемемен (бұдан әрі – Орталық);»;

4-тармақтың 1) тармақшасын келесі редакцияда көрсету:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) қызмет алушыға, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакетін тапсыру мезетінен бастап –


15 минут;»;

8-тармақты келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтыру:

«5) Орталықтың - с 08.30, 9.00 сағаттан 18.00, 18.30 сағатқа дейін түскі үзіліспен 12.30, 13.00 сағаттан 14.00, 14.30 сағатқа дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес;

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін 13.00-14.30 сағат аралығындағы түскі үзіліспен.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.»;

9-тармақта:

екінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«қызмет берушіге, Орталыққа, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға: қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат.»;

алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Қызмет беруші, Орталық, Мемлекеттік корпорация егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі қарастырылмаса, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алады.»;

10-тармақты келесі редакцияда көрсету:

«10. Қызмет алушы мемлекеттік қызметтің осы стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар пакетін ұсынған жағдайда мемлекеттік қызметтің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;

3-тараудың атауын келесі редакцияда көрсету:

«3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімінің, Орталықтың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі»;

11-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, ауылдық округ әкімінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.»;

төртінші және алтыншы абзацты келесі редакцияда көрсету:

«Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация, Орталық басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;

«Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакциядағы 3-қосымшамен толықтыру;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;» мемлекеттік қызметінің Стандартымен толықтыру;

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы


А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және

коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев

____ ________ 2017 жыл




КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов

____ ________ 2017 жыл



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына

1 - қосымша

2017 жылғы «__» _____

№ ____
«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала

асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымша
Нысан
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақысын тағайындауға өтініш
Қазақстан Республикасы

Еңбек, әлеуметтік қорғау

және көші-қон комитетінің

____________________ облысы (қаласы)

бойынша департаменті

Бөлімше коды: ___________________

Өтініш беруші туралы мәлімет (белгі қою): ата-ана _ қамқоршы (қорғаншы) _

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________

__________________________________________________________________

Туған күні: _______ жылғы «____» _____________

ЖСН: ______________________________________

Маған республикалық бюджет қаражаты есебінен анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауды сұраймын.

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні: _______________________

__________________________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________
Мемлекеттік органдардың растауы :

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғаларды тіркеу мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіндегі деректер

Өтініш беруші туралы мәліметтер:

Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі:_______________

Құжаттың сериясы:_____________________

Құжаттың нөмірі:_____________________ кім берген:________

Берілген күні: ________жылғы «____»_____________________

Тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы:

__________________________________________________облысы

_______________қаласы (ауданы)_____________________ауылы

_______көшесі (шағынаудан)________ үй ________ пәтер
Балада мүгедектің бар-жоғы туралы мәліметтер


Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Баланың ЖСН

Туған күні және жылы

Мүгедектікті белгілеген күні

Мүгедектікті белгілеу туралы МӘС анықтама №

1
















2
















3















Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Азаматтық хал актілерін жазу» ақпараттық жүйесіндегі деректер (бұдан әрі – АХАЖ)

Отбасының құрамына кіретін балалар туралы мәліметтер:


Р/с


Бала- ның ЖСН

Бала-ның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Ту-ған күні

Баланың тууын тіркеу актілік жазбасының №

Бала-ның тууын тіркеу күні

Қай-тыс болған күні

Бала-ның қайтыс болуы туралы актілік жазба-ның №

Ана­сының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Әкесінің тегі аты, әкесінің аты (бар болса)

1




























2




























*ескертпе: балалар туралы мәліметтерде өтініш берушінің отбасы құрамына кіретін барлық балалары мен жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер берілсін.
Неке қию туралы мәліметтер:

Р/с


Некеге тұрғандар туралы мәліметтер

Некеге тұрғаннан кейінгі тегі

Неке

қию тура-лы куә-лікті бер-ген орган



Неке

қию тура-лы акті-лік жаз-ба- ның №



Неке

қию тура-лы куә-ліктің (құ-жат-

тың) №


Неке

қию тура-лы куә-лікті бер-ген күн






әке

ана

әке

ана




Тегі, аты, әке-сінің аты (бар бол-са)

Ту-ған күні

Тегі, аты, әке-сінің аты (бар бол-са)

Ту-ған кү-ні

Тегі, аты, әке-сі-нің аты (бар бол-

са)


Ту-ған күні

Тегі, аты, әкесі-нің аты (бар болса)

Ту-ған күні

Кестенің жалғасы



Неке қию туралы куәлікті берген орган

Неке қию туралы актілік жазбаның №

Неке қию туралы куәліктің (құжаттың) №

Неке қию туралы куәліктің берген күні
























Некені бұзу туралы мәліметтер:




п/п

Некені бұзғандар туралы мәліметтер

Некені бұзғаннан кейінгі тегі

әке

ана

әке

ана

Тегі, аты, әке-сінің аты (бар болса)

Ту-ған күні

Тегі, аты, әке-сінің аты (бар бол-са)

Ту-ған күні

Тегі, аты, әке-сінің аты (бар бол-са)

Ту-ған күні

Тегі, аты, әке-сінің аты (бар бол-са)

Ту-ған күні



























Кестенің жалғасы



Неке қию туралы куәлікті берген орган

Неке қию туралы актілік жазбаның №

Неке қию туралы куәліктің (құжаттың) №

Неке қию туралы куәліктің берген күні
























бала асырап алушы, қамқоршы /қорғаншы туралы мәліметтер




р/с

Қамкоршылық/корғаншылық туралы шешімнің номірі және күні

Қамкоршылық/корғаншылық туралы шешімді шығарған орган

Асырап алушының тегі, аты, әке-сінің аты (бар болса), туған күні

Асырап алынушының тегі, аты, әке-сінің аты (бар болса),

Асырап алушының туған күні

1















АХАЖ-дан бала асырап алу туралы мәліметтерді




р/с

Өтініш берушініңтегі, аты, әке-сінің аты (бар болса),



Өтініш берушінің туған күні

Асырап алынушы баланың тегі, аты, әке-сінің аты (бар болса)

Асырап алынушы баланың туған күні

Құжатты берген органның аты

Шешімнің №



Шешім шыққан күн

Шешім заңды күшіне енген күн

1

























Банк деректемелері:

Банктің атауы _________________________________________________

Банк шотының № ______________________________________________

Шоттың үлгісі: ағымдағы _______________________________________

ЕДБ деректемелері:

БЖК ________________________________________________________

ЖСК_________________________________________________________

БСН _________________________________________________________

Өтініш берушінің байланыс деректері:

Телефоны____________ ұялы __________ E-mail ______________


*Өтініш беруші және балалар бойынша мәліметтерді Әділетмині растайды (Әділетминінің ЭЦҚ-сы)

*қамқоршы/қорғаншы бойынша мәліметтерді БҒМ растайды (БҒМ ЭЦҚ-сы)

*Бала асырап алушы бойынша мәліметтерді АХАЖ (АХАТ ЭЦҚ-сы) растайды

*Мүгедектік белгіленгені туралы мәліметтерді МОДҚ растайды

*Өтініш берушінің банктік деректемелерін ЕДБ (ЕДБ ЭЦҚ-сы) растайды

өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________ __________________________________________________________________

Ұсынылған құжаттардың дәйектілігі үшін құқықтық жауапкершілікте боламын.

Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне/тоқтатылуына әкелетін барлық өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім.

Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы _____________________________

Өтінішке қол қойылған күн және уақыт:

_____ жылғы ___ . _______ , _____сағат ___ минут __секунд

______________________
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

1) АЖ – ақпараттық жүйе;

2) ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

3) «ЖТМД» АЖ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі;

4) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

5) АХАЖ АЖ – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Азаматтық хал актілерін жазу ақпараттық жүйесі.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына

2 - қосымша

2017 жылғы «__» _____

№ ____

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 18-қосымша


«Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер
1. «Атаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдары бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті көрсетуші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау:

      1) Халыққа жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі – Орталық) ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және осы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

2) кенттің, ауылдың, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) – көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:



1) көрсетілетін қызметті берушіге, Орталыққа жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

Ауылдық округ әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап – 22 күн (жиырма екі) жұмыс күні;

2) Орталықта, ауылдық округ әкімдігінде құжаттардың топтамасын тіркеуді күтудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут;

3) Орталықтың, ауылдық округ әкімінің қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Орталықта – сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ге дейін, түскі үзіліспен сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.

2) ауылдық округ әкіміне – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Орталыққа, ауылдық округ әкіміне:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәландыру құжаты, шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы құжаттар;

3) атаулы әлеуметтік көмек төлейтін құзыретті органға банктік шот номірі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (қайтыс болған туралы) куәлігі;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың туу туралы куәлігіндегі өтініш берушінің деректері тіркеу туралы куәлік жасау (бұзу) неке деректер сәйкес келмеген жағдайда;

Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін баланың туу туралы куәлігіндегі өтініш берушінің деректері тіркеу туралы куәлік жасау (бұзу) неке деректер сәйкес келмеген жағдайда;

6) мемлекеттік базалық зейнетақы Қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама беру, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу, мүгедектігі бойынша әлеуметтік төлемдер, асыраушысынан айрылу және жасына байланысты атаулы мемлекеттік жәрдемақыларды құзыретті органдардың бюджет қаражаты есебінен беру 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінде № 11110 тіркеген), егер балалары он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқыса, оқу орнынан жылына бір рет сұралады.

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысушы еңбекке қабілетті отбасы мүшелері қоса береді:

жұмыс іздеп жүрген адам ретінде мемлекеттік қызмет стандартының нысанының 2-қосымшасына сәйкес бойынша адамдарды Тіркеу «жұмыс іздеуші» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 11342);

еңбек қызметін растайтын құжат (болған жағдайда);

білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болған жағдайда).

Он алты жасқа толмаған тұлғаның атынан жазбаша түрде еркін нысанда ата-анасының біреуі немесе оның заңды өкілдерінің келісімі туралы еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған өтініш беріледі;

Құжаттар өтініш берушімен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады.

«электрондық үкімет» шлюзі арқылы Орталықпен немесе әкіммен осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер сұратылады.

Әкімнің немесе Орталықтың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі болмаған жағдайда, өтінім берушімен қосымша көрсетілген құжаттарға осы тармақтың бірінші бөлігінде қоса беріледі:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы) растайтын құжат;

2) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулерден кейін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (қайтыс болған);

3) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымынан кейін жүргізілген тіркеулерден кейін некені тіркеу туралы куәлігі (бұзу) деректер сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі мәліметтер;

4) қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді немесе бала асырап алу), қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

5) мүгедектігін белгілейтін анықтама – мүгедектігі анықталған жағдайда;

6) жеке кәсіпкер статусын куәландыратын құжат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқасы қарастырылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының келісімін Орталықтың, ауылдық округ әкімін жазбаша келісімін алады.

Қызмет алушыға барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетіледі:

Орталықта, селолық округі әкімінде тұлғаның құжаттарды қабылдағанның тегі мен аты-жөні, тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны болады;
10. Қызмет алушының ұсынған құжаттар топтамасы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының тізбесінің 9-тармағына сәйкес болмаған жағдайда немесе құжаттың қолданылу мкерзімі өтіп кеткен жағдайда, Орталық қызметкерімен өтінішті қараудан бас тарту туралы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты нысанының 4-қосымшасына сәйкес қолхат беріледі.

10-1. Қызмет көрсетуші мынадай негіздемелер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың немесе оның ішіндегі мәліметтерде дұрыс еместігін анықталған жағдайда;

2) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11425 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) деректері және мәліметтері Қағидаларда белгіленген атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

10-2. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартса, осы Стандартта белгіленген тәртіппен қызмет алушы мемлекеттік қызметті қайта алу үшін қайта жүгінуіне болады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің көрсетілетін шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.



Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе мемлекеттік қызмет көрсеткен не Астана, Алматы қалаларының әкімдіктің (бұдан әрі – әкімдік) атына кеңсе арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын расталғаны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе, немесе әкімдіктің (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні), аты-жөнін көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның орны мен мерзімі, берілген шағымға жауап алу болып табылады.

Қызметкері дұрыс емес қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың басшысының атына шағым беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

 Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық


нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар
     

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

 14. Қызмет алушы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі, қызмет көрсетушінің анықтамалық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы қызмет алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

«Арнайы әлеуметтік мемлекеттік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
Нысан


жүктеу 229 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау