Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 17,53 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.12.2017
өлшемі17,53 Kb.
#4039


"Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығы 

бойынша Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау жәрдемақы тағайындау көрсетілетін қызметті алушы

мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі);

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе 

ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясы 

Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі 

бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы 

мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, 

«Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшесінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе 

қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы құжат;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын 

растайтын ұйымның анықтамасын ұсынады.

Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, атқарған лауазымы, кәсiбi, жұмыс кезеңдерi, мұрағат 

iсiнiң нөмiрi, оның беттерi көрсетiлген, мөрмен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолы 

қойылып расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады.

Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыс сипаты немесе еңбек жағдайлары және олардың 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген 

Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр 

жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 

тізіміне немесе Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, 

кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы 

белгіленеді;

5) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:

еңбек кітапшасы;

егер еңбек қызметi туралы жазбалар еңбек кiтапшасына енгiзiлмесе немесе түзетулер бар болса, 

мұрағат мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар;

бiлiмi туралы құжат;

әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;

балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы 

актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама).

Олардың болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:

«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан 

Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;

әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;

бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне 

мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі 

мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;

бұрынғы кеңестiк мекемелер, Қазақстан Республикасы мекемелері, халықаралық ұйым 

қызметкерiнің жұбайының (зайыбының) шетелде тұрғанын растайтын құжат;

әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) жұмысқа 

орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын құжат.

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін 

растайтын құжат ұсынылады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, 

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу 

туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының 

аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұрғылықты тұратын жері 

бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының 

аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық 

(қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 

сұрау салу.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін 

қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.



жүктеу 17,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау