17. Әлеуметтік зерттеудегі мәліметтерді талдау.
Әлеуметтік зерттеулер ҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады. Бұндай ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |