Жиілік f = 50 Гц болғанда, сыйымдылық пен өлшеу үшін айнымалы токтың көпірлерін (мысалы, Р - 595) қолданады, ал жоғары жиіліктерде (100 кГц ... 100 мГц) сапалық өлшеуіштерді (мысалы, Е 9-4) қолданады.
2.1.1 Сұйық диэлектриктердегі диэлектрлік шығындар. Бейтарап сұйықтарда (трансформаторлық май және т.б.) егер де соңғының құрамында дипольдік молекулалары бар қоспалар болмаса, онда диэлектрлік шығындар тек қана электрөткізгіштікпен негізделген. Бейтарап сұйықтардың меншікті өткізгіштігі өте кішкентай болғандықтан, бұл сұйықтардағы диэлектрлік шығындар мәнді емес. Бірақ,температураның өсуімен олар да ұлғаяды (2.1 сурет).
Төменде, трансформаторлық май үшін (2.1 сурет) және майлы – канифольды компаунд үшін (2.2 урет) тәуелділіктері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |