Электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаты арқылы порталдың
пайдаланушысын авторизациялау жөніндегі нұсқаулық
Электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) сертификаты арқылы порталда
авторизациялау үшін, Сізге Интернет-браузерде кілттерді импорттау (RSA стандарты)
қажет.
«Сертификат бойынша кіру» функциясы Сізге ЖСН және паролді енгізусіз
«электрондық үкімет» порталында авторизациялауға мүмкіндік береді.
Шектеу
Осы нұсқаулықта сипатталатын әрекеттер сертификаттарды импорттау үшін
Интернет-браузерлерде қолданылады. Егер Сіздің компьютеріңізде кілттер
импортталған ҚР ҰКО ЭЦҚ құралдарымен жұмыс істеу үшін тиісті БҚ (Tumar CSP)
орнатылса, Internet Explorer және Google Chrome браузерлерінде кілттерді импорттау
қолмен күйге келтірусіз автоматты түрде жүзеге асырылады.
Егер Tumar CSP орнатылмаса, браузерде сертификаттардың импорты үшін осы
нұсқаулықта сипатталған әрекеттерді орындау қажет.
Internet Explorer браузерінде сертификаттарды орнату жөніндегі әрекеттер
Автоматты түрде күйге келтіру
Сертификаттардың импорты, егер Сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыз
импортталған Tumar CSP БҚ орнатылған жағдайда, қолмен күйге келтірудің
қажеттілігінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады. ЭЦҚ алу және Tumar CSP
бағдарламасын орнату жөніндегі нұсқаулықпен «электрондық үкімет» порталында,
«Көмек» тарауында, «Нұсқаулықтар» салымында танысуға болады.
Қолмен күйге келтіру
Егер Сіздің компьютеріңізде Tumar CSP БҚ орнатылса, келесі әрекетердің
бірізділігі бойынша Internet Explorer браузеріне кілттерді қолмен импорттау қажет:
«Сервистер» мәзірінде «Шолушының ерекшелігі» тарауын, «Мазмұны» салымы
құралдарының панелін ашыңыз, «Сертификаттар» батырмасын таңдаңыз:
Ашылған терезеде импортталған сертификаттардың тізімі көрінеді, жаңа
сертификаттарды орнату үшін «Импорт» батырмасына басу қажет:
Сертификаттарды импорттаудың Мастері ашылады. «Бұдан әрі»-ні басыңыз:
Ашылған терезеде Сіздің кілтіңізді сақтаудың орнына байланысты (осы жағдайда
Жексембаева Әсемгүлдің атына) «Шолу» батырмасына басып, Keys_RSA
сертификаты файлының (PKSC12 файлының типі) орналасу орынын таңдаңыз:
Keys_rsa импортталатын файлын таңдаңыз:
«Бұдан әрі»-ні басыңыз:
Ашылған терезеде сертификатты резервтік көшіру үшін паролді көрсетіңіз және
«Бұдан әрі» батырмасына басыңыз (ҚР ҰКО операторымен ЭЦҚ берген кезде
қалыптастырылатын стандартты пароль: 123456 немесе 12345678.):
Сертификаттар импортының аяқтайтын беті:
Ашылған терезеде Keys_rsa орнатылған сертификатының параметрі көрсетілген.
Онымен танысып, ОК батырмасына басыңыз:
Импорт табысты орындалды!
Ашылған терезеде браузерге орнатылған сертификаттардың тізімі көрінеді (олар
бірнеше болуы мүмкін):
Енді Сіз «Сертификат бойынша кіру» батырмасына басып, Internet Explorer-де
орнатылған сертификат арқылы порталда авторизацияны жасай аласыз.
Google Chrome браузерінде сертификаттарды орнату жөніндегі әрекеттер
Google Chrome-де сертификаттардың импорты, егер ЭЦҚ сертификаттары бұрын
Internet Explorer браузерінде импортталған болған жағдайда қолмен күйге келтіру
қажеттілігінсіз автоматты түрде жүзеге асырылады.
Ескертпе: Microsoft Windows XP жүйесінде Google Chrome-мен жұмыс жасаған
кезде Google Chrome браузерінің ярлыгына қолтетіктің оң жақ батырмасына басып, "--
use-system-ssl" жалауын қосу қажет:
«Ярлык» салымындағы ашылған терезедегі «Объект» алаңында ара қашықтық
арқылы --use-system-ssl мәтінін қойыңыз. Одан кейін «ОК»-ді басыңыз:
Mozilla Forefox браузерінде сертификаттарды орнату жөніндегі әрекеттер
Mozilla Firefox браузерінде кілттердің импорты Сіздің компьютеріңізде Tumar CSP
орнатылғанына немесе орнатылмағанына қарамастан тек қолмен күйге келтіру
жолымен ғана жүзеге асырылуда.
Mozilla Firefox браузері арқылы ЭҮ порталына ену үшін Сізге келесі әрекеттердің
бірізділігімен браузерге кілттерді импорттау қажет:
a) Сертификаттардың менеджерін ашыңыз - “Құралдар”-“Күйге келтіру” мәзірі,
“Қосымша” -“Шифрлеу” салымы, “Сертификаттарды қарау” батырмасы
b)
«Сертификаттар менеджері» терезесіндегі «Сіздің сертификатыңыз» салымына
өтіңіз және «Импорттау» батырмасына басыңыз.
c)
Ашылатын терезеден Сіздің кілтіңіздің (осы жағдайда Жексенбаева Әсемгүлдің
атына) сақтау орнына байланысты Keys_RSA (PKSC12 файлының түрі)
сертификатының файлында орналасқан жерін таңдайсыз және «ашу» батырмасына
басыңыз.
d)
Сертификатты резервтік көшіру үшін паролді көрсетіңіз және ОК батырмасына
басыңыз (ҚР ҰКО операторымен ЭЦҚ беру кезінде қалыптасатын стандартты пароль:
123456 немесе 12345678.):
e)
Пайда болған ақпараттық терезеден «Ок» батырмасына басыңыз.
f)
Сертификат Mozilla Firefox браузерінде импортталған.
«Сертификат бойынша кіру» функциясымен жұмыс жасау:
Сіз браузерге сертификатты импорттағаннан кейін, Сіз ЖСН және парольді
енгізусіз «электрондық үкімет» порталына авторизацияланасыз. Бастапқы беттегі
«Сертификаттарға кіру» батырмасына басып, порталда авторизацияланыңыз.
Сертификаттар бойынша авторизациялану сонымен қатар беттің жоғарғы сол жақ
бұрышында кілт бейнеленген батырмасына басуға болады.
1.
Егер браузерде бір сертификат жүктелсе, сіз жүйеде автоматты түрде
авторизацияланады:
2.
Егер браузер бірнеше сертификаттарға импортталса, онда порталда
авторизацияланған кезде Сіздің атыңызға берілген тиісті сертификатты таңдау қажет:
3.
Сіз «электрондық үкімет» порталында авторизацияландыңыз және «Жеке
кабинетке» қолжетімділікке иесіз, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интерактивті
электрондық қызметтерін ала аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |