ІІІ деңгей
5.Массасы 2,7 г алюминийді еріту үшін массалық үлесі 10% күкірт қышқылы ерітіндісінің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер. 6.Алюминтермия процесінде 80 г темір (ІІІ) оксидін тотықсыздандырғанда 42,5 г темір алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнім шығымын (%) анықтаңдар.
.
Металдар. Алюминий.
ІІ нұсқа
І деңгей
Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы
Мүмкін болатын реакция теңдеуін аяқтаңдар. АІ + Br2 → AI + Cr2O3 →
AI + H2SO4 → AI + NaOH + H2O →
ІІ деңгей
3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Nа2СО3, О2 ,СО2 қайсысымен алюминий əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
АІCI3 → АІ(OH)3 → АІ2O3 → NaАІО2
ІІІ деңгей
5.Құрамында 30 г АІСІ3 бар ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда тұнбаға түсетін алюминий гидроксидінің массасы қанша?
6. Алюминий хлоридін үш тəсілмен алыңдар. Молекулалық жəне иондық теңдеулерін жазыңдар.
Металдар. Темір.
І нұсқа
І деңгей
Темірдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы
Темірдің маңызды қосылыстарының формуласын жазыңдар: а) Пирит –
ə) Магнитті теміртас –
б) Темір гидрокарбонаты -
ІІ деңгей
3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Nа2СО3, О2 ,СО2 қайсысымен темір (ІІІ) оксиді əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
FeCI3 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe(FeО2)2
ІІІ деңгей
5.Массасы 6 г темір хлордың артық мөлшерімен əрекеттесті. Алынған хлоридті массасы 200 г суда еріткенде алынған ерітіндінің массалық үлесін есептеңдер.
6. Темір хлоридін үш тəсілмен алыңдар. Молекулалық жəне иондық теңдеулерін жазыңдар.
Металдар. Темір.
ІІ нұсқа
І деңгей
1.Табиғатта темірдің төрт изотоптары: 54Fe, 56Fe, 57Fe, 58Fe, кездеседі.Темірдің осы изотоптарының атом ядролары қанша протоннан жəне нейтроннан тұратынын жазыңдар.
2. Темірдің маңызды қосылыстарының формуласын жазыңдар: а) магнетит –
ə) гематит –
б) сидерит -
ІІ деңгей
3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Н2SО4, О2 ,СО2 қайсысымен темір (ІІ) оксиді əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe → FeСІ2 → Fe(OН)2 → FeО → FeSО4
ІІІ деңгей
.Құрамында 25 г мыс (ІІ) хлориді 12 г темір ұнтағын салғанда, неше грамм мыс түзілетінін есептеңдер.
.Темір сульфатын үш тəсілмен алыңдар. Молекулалық жəне иондық теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |