10
5. Майларды газсыздандыру және азоттандыру, ауаны құрғату және ылғал буларын мұздату бойынша
қондырғыларға қызмет жасау және жөндеу.
Білімі:
1. Өлшегіш және күш беретін трансформаторларды пайдалануға қабылдау ережесі және жұмыс істеу
тәртібі, электрлік аппараттар үшін және тұрақты және айнмалы ток құрылғылары үшін кез келген
жоғары вольтты кернеуге енгізудің негізгі параметрлері, конструкциясы, топтастыруы; тарату
құрылғыларының, магнит өткізгіштерінің, орауыштардың, айырып-қосқыштардың жекелеген
элементтерінің ақаулық белгілері; өлшегіш және күш беретін трансформаторларды пайдалануға
қабылдау ережесі және жұмыс істеу тәртібі; жоғары вольтты ток кіретін жерлер, ажыратқыштар,
айырғыштар, ауа баптайтын қондырғылар және олардың бөлшектері; жабдықтарды жөндеу
барысында қолданылатын жөндеу-монтаждау құралдары мен құрылғыларының, жүк көтергіш
механизмдерінің және машиналардың негізгі техникалық сипаттамалары; газсыздандыру
жабдығының, қатты оқшаулағышты құрғатуға арналған құрылғының жұмыс істеу тәртібі,
трансформаторлық майды оқшаулау әдісімен өңдеу бойынша технологиялық үдерістер.
2-еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау.
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі ережесін орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмыс алдындағы, жұмыс барысындағы, апатты жағдайлардағы, жұмыс аяқталардағы қауіпсіздік
талаптары.
2. Жарақаттанғандарға дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі.
3. Жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері; өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары; өрт
қауіпсіздігі ережесі.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Кодексі.
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек жөніндегі электр монтажшы»
Кәсіптің коды
7137
Кәсіптің атауы:
«Таратқыш құрылғылар мен қайталама тізбек жөніндегі электр монтажшы»
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
2
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
2-3
Кәсіби білім деңгейі
СБШ бойынша 2-деңгей
11
Негізгі орта білімнен кем емес жалпы орта білімі болған кезде практикалық тәжірибе және/немесе
кәсіби даярлау (білім беру мекемесі негізінде қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Еңбек функциялары:
1. Жұмыстарды орындауға және жұмыс аяқталғаннан кйеін жұмыс орнын дайындау.
2. Электр жабдығының ұсақ бөлшектерін әзірлеу.
3. Тарату құрылғысы және қайталама тізбектің жинау және бөлшектеу.
4. ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
1-еңбек функциясы
Жұмыстарды
орындауға
және
жұмыс аяқталғаннан кйеін жұмыс
орнын дайындау.
СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2
(біліктілік разряды: 2-3)
Білігі мен дағдылары:
1.Жабдықтың орауын шешу және қаптау материалын жинау.Жабдықты тазалау және сүрту.
Білімі:
1. Жабдықтың орауын шешу, тазалау ережесі
2-еңбек функциясы
Электр
жабдығының
ұсақ
бөлшектерін әзірлеу.
Білігі мен дағдылары:
1.Дәл өлшемдерді талап етпейтін ұсақ бекіткіш бөлшектер мен аралық қабаттарды әзірлеу.
2.Сымдар мен шналарды бояу.
3.Жабдықты бояу. Төменіштер мен тас төсемелерді әзірлеу.
Білімі:
1.Слесарлық жұмыстарды орындау ережесі.Бекіткіш бөлшектер мен арматураның негізгі түрлері.
3-еңбек функциясы
Тарату құрылғысы және қайталама
тізбектің жинау және бөлшектеу.
Білігі мен дағдылары:
1.Бекіткіш бөлшектерді орнату және өңдеу.
2.Жерге қосылған электродтарды қолмен қағу.
3.Дайын белгілер бойынша ұяшықтарды, тесіктерді және ойыстарды қолмен ою.
4.Қарапайым тас төсемелерді орнату және шешу. Дюбельдерді қағу.
5.Қабырға мен жабын арқылы барлық сымдар мен шиналарға арналған өткелдерді жасау.
5.Барабан орнату арқылы сымдарды жазу. Жерге қосу желілері мен нөлдеуші құрылғыларды
монтаждау.
6.Ашық және жабық типтегі тарату орындарын (шкафтарын) шешіп алу. Қарапайым аспаптар мен
аппараттарды демонтаждау (тірек оқшаулағыштар, өшіргіш, рычагты жетегі бар ажыратқыш,
сақтандырғыш, реостат, ток және кернеу трансформаторлары және т.б.).
7.Механикаландырылған құрал-сайманмен тесік тесу және дәрекерленген жерлерді тазарту.
8.Изоляторлардың тіреу бағаналарындағы шина ұстатқыштарды монтаждау.
9.Тұрғынжай, мәдени-тұрмыстық және әкімшілік ғимараттарда электр монтаждау жұмыстарын
орындауға арналған материалдар мен жабдықтарды құрамдау.
12
Білімі:
1. Сымдардың негізгі маркалары, түсті және қара металл сұрыптары, электр конструкцияларды
дайындау және монтаждау кезіндегі материалдардың түрлері, бекіткіш бөлшектер мен ұсақ
конструкциялардың түрлері, электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі құрал-саймандардың
негізгі түрлері, қарапайым электр сызбаларын оқу ережесі. Бекіткіш бөлшектер мен арматураның
негізгі түрлері, қарапайым аспаптардың құрылысы, электр аппараттар мен қолданылатын
электрлендірілген және пневматикалық құрал-саймандар, қарапайым электр сызбаларын оқу
ережесі, қарапайым электр сызбалар, қарапайым такелаждық құрылғылардың құрылысы мен
тәсілдері, электр монтаждау жұмыстарын орындауға арналған материалдар мен жабдықтарды
құрамдау ережесі үшін правила.
4-еңбек функциясы
ҚТ және ЕҚ талаптарын орындау
Білігі мен дағдылары:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.
2. Алғашқы (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.
3. Өрт қауіпсіздігі ережесін орындау.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау.
Білімі:
1. Жұмыс алдындағы, жұмыс барысындағы, апатты жағдайлардағы, жұмыс аяқталардағы қауіпсіздік
талаптары.
2. Жарақаттанғандарға дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесі.
3. Жұмыскерлердің өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттері; өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары; өрт
қауіпсіздігі ережесі.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР Кодексі.
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
3
БТБА бойынша біліктілік деңгейі
4-6
Кәсіби білім деңгейі
СБШ бойынша 3-деңгей
Практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби даярлау (білім беру мекемелерінің негізінде бір жылға
дейін
кәсіби
даярлау
бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорында оқыту).
Жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе
практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде.
Еңбек функциялары:
1. Жұмыстарды орындауға және жұмыс аяқталғаннан кйеін жұмыс орнын дайындау.
2. Электр жабдығының ұсақ бөлшектерін әзірлеу.
3. Тарату құрылғысы және қайталама тізбектің жинау және бөлшектеу.
4. Тарату құрылғысы және қайталама тізбекті реттеу және сынау.
Достарыңызбен бөлісу: |