Екі орауштың өзара индуктивтілігі тәжірибелік жолмен келесі тәжірибеден анықталады. Оның принципиалды сызбасы 3.1 суретінде бейнеленген.
Бірінші орауыштағы токты өзгерткеннен екінші орауышта пайда болған кернеу
U2 = MI1,
мұнда = 2f – айнымалы токтың бұраштық жиілігі.
Осыдан
М = U2/I1.
Өзара индуктивтілікті өлшеген кезде, орауыш радиусы және олардың арасындағы қашықтықпен салыстырғанда орауыштың кесе- көлденең қимасындағы сызықты өлшемдер шамалы болады деп санайды. Осыны ескеріп, [1]-де екі жіңішке домалақ орауыштардың өзара индуктивтілігін өлшеу үшін келесі формулалар шығарылған
,
мұндағы R1 және R2 – орауыш радиустары; w1 және w2 – олардың орам сандары, ал f(k) функциясы келесі өрнекпен анықталады
,
өзімен қатар
, , ,
мұндағы x – орауыш орталары арасындағы қашықтық.
K және Е шамалары бірінші және екінші текті толық эллиптикалық теңдеулерді көрсетеді. Олар k модулінің функциясы болып келеді және компьютерде жеңіл есептеледі. «Қолмен» есептеуді жеңілдету үшін 4 тіркемеде k2 аргументінің екі өзгеру аралығы үшін f(k) функциясының графигі көрсетілген .
Достарыңызбен бөлісу: |