ТОК ТҮРІНЕ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТТІК ПАРҚЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЛАССИФИКАЦИЯ Ток түріне сай электр машиналары айнымалы және тұрақты ток машиналары болып бөлінеді. Айнымалы ток машиналары әрекеттік парқына сай және электромагниттік жүйесінің ерекшелігіне сай трансформаторларға, асинхронды, синхронды және коллекторлы машиналарға бөлінеді. Трансформаторлар олар кернеуді кең көлемде түрлендіру үшін қолданылады, яғни электр энергиясын бөліп беруде және таратуда қолданылады. - Трансформаторлар олар кернеуді кең көлемде түрлендіру үшін қолданылады, яғни электр энергиясын бөліп беруде және таратуда қолданылады.
- Асинхронды машиналар негізінен бұл машиналар үш фазалы айнымалы ток машиналары ретінде пайдаланылады. Құрылысының қарапайымдылығымен және жоғары сенімділігімен бұл машиналар әртүрлі станоктарда, жүк көтеруші, жер қазушы машиналарда, компрессорларда, желдеткіштерде т.б. қолданылады. Автоматты реттеу жүйелерінде бір және екі фазалы басқарушы асинхронды двигательдер, тахогенераторлар, сондай-ақ сельсиндер қолданылады.
Синхронды машиналар айнымалы ток генераторлары ретінде электр станцияларында, жоғары жиілікті автономды қорек көзі ретінде (корабльдерде, самолеттерде,т.б.) қолданылады. Жоғары қуаттағы электрлік жетектер үшін синхронды двигательдер қолданылады. Автоматика қондырғыларында аз қуатты синхронды машиналар пайдаланылады (реактивті, тұрақты магниттерімен, гистерезисты, индукторлы т.б.). - Синхронды машиналар айнымалы ток генераторлары ретінде электр станцияларында, жоғары жиілікті автономды қорек көзі ретінде (корабльдерде, самолеттерде,т.б.) қолданылады. Жоғары қуаттағы электрлік жетектер үшін синхронды двигательдер қолданылады. Автоматика қондырғыларында аз қуатты синхронды машиналар пайдаланылады (реактивті, тұрақты магниттерімен, гистерезисты, индукторлы т.б.).
- Коллекторлы машиналар айнымалы токтың бұл машиналары сирек қолданылады.
Тұрақты ток машиналары генератор және двигатель ретінде электрлік жетекте, яғни айналу жылдамдықты кең көлемде реттеуде : темір жол және теңіз көлігінде, прокатты стандарда, үлкен жүк тасымалдаушы автокөліктердің электрлік трансмиссиясында, жүк көтеруші және жер қазушы машиналарда, күрделі металл өңдеуші станоктарда т.б. - Тұрақты ток машиналары генератор және двигатель ретінде электрлік жетекте, яғни айналу жылдамдықты кең көлемде реттеуде : темір жол және теңіз көлігінде, прокатты стандарда, үлкен жүк тасымалдаушы автокөліктердің электрлік трансмиссиясында, жүк көтеруші және жер қазушы машиналарда, күрделі металл өңдеуші станоктарда т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |