Әр уақытта есте болатын жағдай: оң зарядтың кернеулігінің күш сызықтары зарядтан шығып жатады, ал теріс зарядтың кернеулігінің күш сызықтары зарядқа еніп жатады.
Электростатикалық өрістің суперпозициялық принципі. Диполь Бірнеше q1,q2,q3……qn зарядтардың бір сынақшы q0 заряд тұрған нүктесіндегі өрістің кернеулігі, сол нүктедегі әрбір зарядтың кернеулігінің геометриялық қосындысына тең. осыны өрістің суперпозициялық принципі дейді.
Басқаша айтқанда кеңістіктің бір нүктесінде бірнеше өріс кездессе, олардың бір- бірімен беттесуін (қосылуын) айтамыз. Бұл принцип барлық өрістерге тән қасиет.
Шамалары жағынан тең, таңбалары қарама-қарсы екі заряд системасын электрлік диполь дейді. - дипольдің өсі.
Достарыңызбен бөлісу: |