Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлдiгiнде 2005 жылғы 23 ақпанда тiркелдi. Тiркеу N 3455
"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенi", 2005 ж. N 14, 69-құжат, "Заң" "Медиа-корпарация" ЖШС басылымы.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
Электр энергиясын пайдалану ережелерi;
Жылу энергиясын пайдалану ережелерi бекiтiлсiн.
2. Электр энергетикасы және көмiр өндiрiсi департаментi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Электр энергетикасы және көмiр өндiрiсi департаментiне (Бертiсбаев Н.Б.) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
КЕЛIСIЛДI:
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы
10 ақпан 2005 жыл
"Электр энергиясын пайдалану және
Жылу энергиясын пайдалану
ережелерiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрiнiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 10 бұйрығымен бекiтiлген
Жылу энергиясын пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Жылу энергиясын пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес әзiрлендi.
Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен жылу энергиясын тұтынушылар арасында туындаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және Ережелермен реттеледi.
Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардың жылу энергиясын пайдалану тәртiбiн анықтайды.
2. Негiзгi ұғымдар мен анықтамалар
2. "Электр энергетикасы туралы" Заңда берiлген ұғымдар мен анықтамалар Ережеде қолданылады.
Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) тұрмыстық тұтынушы - жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын жеке тұлға;
2) жылу желiсiнiң теңгерiмдiк тиесiлiгiнiң шекарасы - жылу желiсiнiң теңгерiмдiк тиесiлiгi бойынша немесе шартпен белгiленетiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдар мен тұтынушы арасындағы жылу желiсiнiң бөлiнiс нүктесi;
3) тұтынушының жылу тұтынатын (жылу пайдаланатын) қондырғысының жүктемесi - уақыттың белгiленген сәтiндегi жылу тұтыну қондырғысы тұтынатын жылу мөлшерiнiң мәнi;
4) төлем құжаты - энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдарының есеп шотына ақшалай қаражатты аударуға негiз болатын төлем талабы, төлем тапсырмасы, сондай-ақ қолма-қол төлеу жүзеге асырылатын шақыру қағазы;
5) өлшеу құралдарын тексеру - өлшеу құралдарының белгiленген метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау мен растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызметi немесе басқа аккредиттелген заңды тұлға орындайтын операциялар жиынтығы;
6) жылу энергиясы үшiн есеп айырысу - тұтынылған жылу энергиясы үшiн есеп айырысу кезеңi бiткеннен кейiн ұсынылған төлем құжатының негiзiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушының ақы төлеуi;
7) есептiк кезең - тұтынылған жылу энергиясының есепке алынуы және тұтынушыға ақы төлеу үшiн ұсынылуы тиiс уақыт кезеңi;
8) реттеушi орган - табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
9) жылумен жабдықтау жүйесi - жылу өндiретiн, жылу беретiн және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;
10) қосалқы тұтынушы - тұтынушы желiлерi және (немесе) жылу қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушысының жылу желiсiне қосылған тұтынушы;
11) жылу энергиясына арналған тариф - тұтынылған жылу энергиясы үшiн (тұтынылған жылу энергиясы үшiн ақы алынатын ставкалар жүйесi) ақы алынатын жылу энергиясы құнының ақшалай түрi;
12) жылу желiсi - жылуды беруге және бөлуге арналған қондырғылар жиынтығы;
13) жылу тұтынатын қондырғы - жылу энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған техникалық қондырғы;
14) жылу энергиясының жұмсалуын есепке алу нүктесi - коммерциялық есеп жүргiзу аспабының көмегiмен немесе есеп айырысу әдiсiмен коммерциялық есеп айырысу кезiнде пайдаланылатын жылу энергиясының шығыстары мәнiн айқындайтын жылумен жабдықтау схемасының нүктесi;
15) есептеу торабы - тұтынушыға ақы төлеуге ұсыну үшiн жылу энергиясының коммерциялық есебiн қамтамасыз ететiн аспаптар мен құрылғылар жиыны;
16) сараптама ұйымы - электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелерi бойынша энергетикалық сараптама өткiзу үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген ұйым;
17) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, тәжiрибелiк, ақпараттық) қызмет.
3. Жылумен жабдықтауды ұйымдастыру
3. Жылу энергиясын сатып алу-сату энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымның жылу желiлерiн қосылған тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасасылатын жылумен жабдықтау шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
Меншiк нысанына қарамастан, барлық тұтынушыларға жылу энергиясын босатуды, егер шартта өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым үздiксiз жүргiзедi.
Шартқа жылу желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлiгiн шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi актiсi мен өзге де құжаттар қоса берiледi.
Жылумен жабдықтауға арналған шартта тұтынушының жылу желiсiне қосылған қосалқы тұтынушылар туралы мынадай деректер: атауы, ең жоғары сағаттық жүктеме, жылу тұтыну, қайтарылатын конденсаттың мөлшерi, тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi, жылу энергиясы үшiн ақы төлеу шарттары көрсетiледi.
100 Гкал/сағ. дейiнгi жылу жүктемесiндегi энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйымдар (жылыту қазандықтары) көрсетiлетiн қызметтердiң (жылу энергиясын беру, жылумен жабдықтау) түрлерi бойынша шығындарды, кiрiстердi бөлек есепке алуды жүзеге асырмайды.
4. Тұтынушы қосалқы тұтынушылармен жылумен жабдықтауға арналған шарттарды тек жылумен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiмен ғана жасай алады.
Қосалқы тұтынушылар жылумен жабдықтау шартын энергиямен жабдықтаушы ұйыммен тiкелей жасаса алады. Бұл жағдайда олар тұтынушымен тұтынушының желiлерi бойынша жылу энергиясын беруге шарт жасасады.
Тұтынушыларға қосалқы тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйыммен техникалық мүмкiндiктерi бар кезде өзiнiң желiлерi бойынша жылумен жабдықтауға және жылу энергиясын тасымалдауға арналған шарттар жасасуына кедергi жасауға жол берiлмейдi.
5. Жылу энергиясының будағы және ыстық судағы ең жоғары сағаттық босатылуы, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың тиiстi ең көп сағаттық шығыны мен оны қайтару ережесi қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамалар ескерiле отырып, тұтынушымен жасасылған жылумен жабдықтау шартында белгiленедi.
Тұтынушының тұтынылатын жылу энергиясының жүктемесi мен мөлшерiн шартта көрсетiлгендерден артық, бiрақ алынған техникалық шарттарда мәлiмделген және тiркелген жобалық шамалардан аспайтындай етiп арттыруына шартта тиiстi өзгерiстер болған кезде энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жол берiледi.
6. Егер энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымдардың қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мүмкiндiгi болмаса жылу энергиясын тұтынушыларды жылумен жабдықтау жүйелерiне қосуға тыйым салынады.
7. Жылу энергиясының тұтынушылық қасиеттерi мен берiлу режимi жоспарлы жөндеу, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары жағдайларынан басқа, тұтынушының жылыту маусымына дайындық жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындауы және энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым берген техникалық дайындық актiсiн ресiмдеу және сараптама ұйымының қорытындысын алу шарттарын орындаған кезде нормативтiк-техникалық құжаттамамен белгiленген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
8. Тұтынушылар мен энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шешiмiн таппаған қайшылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен шешiледi.
4. Тұтынушыларды жылу энергиясына қосуға
арналған техникалық шарттар
9. Жылу энергиясына жаңа тұтынушыларды қосуға арналған немесе қолданыстағы объектiлерге қосылған жүктемесiн ұлғайту кезiндегi техникалық шарттарды тұтынушы жылу желiлерiне тұтынушыны қосатын энергия берушi ұйымнан алады.
10. Энергия берушi ұйым тұтынушыдан өтiнiм алғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде жаңадан салынған кәсiпорындарды, ғимараттарды, үймереттердi, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi, жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды, ғимараттарды, үймереттердi, жылу тұтынушы қондырғылар мен жылу желiлерiн қайта жаңғыртуды жылумен жабдықтауға арналған техникалық шарттарды бередi.
Тұтынушының жылу желiлерiне қосылу үшiн техникалық шарттар алуға берген өтiнiмiнде жобаланатын объектiнi сипаттайтын деректер, оны жобалау, салу ұзақтылығының нормативтiк мерзiмдерi мен объектiнi пайдалануға берудiң белгiленген мерзiмдерi, тұтыну түрлерi бойынша - технологиялық қажеттiлiктер, жылыту және желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүктемелерiнiң сипаттамалары, жылумен жабдықтау сенiмдiлiгi жөнiндегi талаптар қамтылуы тиiс.
Энергия берушi ұйым тұтынушының жылумен қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты басқа да деректердi талап етуге құқылы.
11. Жаңа кәсiпорындарды, ғимараттарды, үймереттердi, олардың кезектерiн, жекелеген өндiрiстердi немесе тұтынушыны сырттай жылумен жабдықтау схемасын өзгертудi талап ететiн кеңейтiлетiн және қайта жаңғыртылатын жұмыс iстеп тұрған объектiлердi жылумен жабдықтау жөнiндегi шешiмдердi келiсудi құрылыс салу үшiн алаң таңдау кезiнде энергия берушi ұйымдар жасайды.
12. Тұтынушының, тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерiн немесе жылу тасымалдағыштың параметрлерiн өзгертудi талап ететiн, жылу тұтынатын қондырғыларын шарттың белгiленген техникалық ережелерi мен шарттың ережелерiнен артық қайта жаңғырту немесе кеңейту кезiнде тұтынушы, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндiрушi ұйымнан олардың қосылуына техникалық шарттар алуы қажет.
13. Жылу тұтыну қондырғылары тұтынушылардың желiлерiне қосылатын қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия өндiрушi ұйымнан алады және тұтынушымен келiседi.
14. Объектiнi жылу желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарда мыналар көрсетiледi:
1) жылумен жабдықтау көзi, жылу желiлерiне қосылу нүктесi, босатылатын жылу энергиясының мөлшерiн реттеу тәсiлi;
2) басқа тұтынушылардың жүктемелерiн ескере отырып, негiзгi және резервтегi iске қосу нүктелерiндегi жылу тасымалдағыштың параметрлерi мен гидравликалық режимi;
3) басқа тұтынушылардың жүктемелерiн қосу перспективасын ескерумен негiзгi тұтынушының жүктемесi;
4) қазiргi бар желiнiң өткiзу қабiлетiн арттыру қажеттiгi жөнiндегi негiздеме;
5) қайтарылатын өндiрiстiк конденсаттың мөлшерi, сапасы және қайта айдау режимi, конденсатты жинау және қайтару схемасы;
6) сенiмдiлiк жөнiндегi талаптарды ескерумен жылумен жабдықтаудың резервтiк көздерi;
7) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөнiндегi талаптар;
8) жылу желiлерiн (жер үстi және жерасты) төсеу тәсiлi;
9) жылыту-желдету мен технологиялық жүктемелердi және ыстық сумен жабдықтау жүктемесiн қосудың жылу схемасы;
10) температуралық кесте мен желiлiк судың шығыны;
11) салынып жатқан немесе қайта жаңғыртылып жатқан жылу желiлерiнiң теңгермелiк және пайдалану тиесiлiлiгi мен тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекаралары.
15. Энергия берушi ұйымның тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғыларын қосу мақсатында берген техникалық шарттарын орындау тұтынушылар мен олардың жобалау және құрылыс ұйымдары үшiн де қажет.
Жылумен жабдықтау және жылу тұтыну жүйелерiн салу мен қайта жаңғырту жөнiндегi жұмыстарды қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар және барлық мүдделi ұйымдармен келiсiлген жоба бойынша тек қана мамандандырылған ұйымдар жүргiзе алады.
Тиiстi энергия берушi ұйымның бұрыннан бар желiлерiнiң өткiзгiштiк қабiлетiн ұлғайту қажет болған жағдайда жұмысты қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделiнген тәртiпте жүргiзiледi.
Техникалық шарттарды қолданудың мерзiмi жобалаудың және салудың қолданылып жүрген нормаларын ескерумен белгiленедi.
16. Кәсiпорындарды, ғимараттарды, үймереттердi, олардың кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi салу жобалары құрылыс алаңын таңдау және ғимаратты жобалау үшiн дайындау сатысында энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйыммен келiсiледi және объектiнi жылу желiлерiне қосудың техникалық шарттарында көрсетiледi.
Сараптама жүргiзуге уәкiлеттi органның рұқсаты бар сараптама ұйымдары он күндiк мерзiмде қабылданған жобалау шешiмдерiнiң берiлген техникалық шарттарға, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн тексередi және өз қорытындысын бередi.
Кәсiпорындарды, ғимараттарды, үймереттердi, оның кезектерiн немесе жекелеген өндiрiстердi жобалау кезiнде көрсетiлген техникалық шарттардан шегiну қажеттiлiгi туындаған жағдайларда бұл шегiнiстер энергия берушi және (немесе) энергиямен өндiрушi ұйыммен келiсiлуi тиiс.
17. Тұтынушы берiлген техникалық шарттардың негiздiлiк мәнi жөнiнде сараптама ұйымына жүгiнуге құқылы.
Жобалық құжаттамада техникалық шарттардың талаптарынан немесе қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттардан айтарлықтай ауытқушылық байқалған жағдайда, тұтынушыға уәжделген бас тарту берiледi.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресiмдеу үшiн ақы алынбайды.
5. Тұтынушылардың жылу тұтынатын
қондырғыларын пайдалануға жiберу
18. Барлық жаңадан қосылатын және жаңғыртылатын жылу тұтыну жүйелерi энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйыммен келiсiлген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалуы тиiс.
19. Пайдалануға жiберiлгенге дейiн және әрбiр жылыту маусымының алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдап алу-тапсыру (техникалық дайындық актiсiмен көзделген техникалық) сынақтарынан өтуi және сараптамалық ұйымның қорытындысын алуы тиiс.
Жылу тұтыну жүйесiн пайдалануға жiберу тұтынушының тиiстi дайын персоналы мен жылу тұтыну қондырғыларының сенiмдi әрi қауiпсiз жұмысына жауапты адамы, немесе осындай қызмет түрiне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарты бар болғанда ғана мүмкiн болады.
Энергия берушi және (немесе) энергия өндiрушi ұйым жылу тұтыну жүйесiн тұрақты пайдалануға оларды сынақтан өткiзгеннен, осы кезде табылған ақауларды жойғаннан және сараптамалық ұйымнан қорытынды алғаннан және жылумен жабдықтау шартын жасасқаннан кейiн рұқсат бередi.
20. Техникалық-экономикалық негiздемелер және жаңаларын салу мен 500 және одан да жоғары тоннашартты отынның отын-энергетикалық ресурстарын жылдық тұтынумен жұмыс iстеп тұрған объектiлер мен кәсiпорындарды кеңейту жобалары мiндеттi түрде энергия үнемдеу сараптамасына жатады.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарын
орнату және пайдалану
21. Тұтынушылардың жылу тұтыну қондырғылары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясы үшiн есеп айырысуға қажеттi коммерциялық есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етiлуi тиiс. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу энергиясын есепке алу және жылу тасымалдау тораптарының техникалық жай-күйi нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына жауап беруi тиiс.
22. Жылу энергиясын есепке алу үшiн тұрпаты өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиiс. Бұл ретте олардың осыған құқылы ұйымдардың алғашқы немесе кезеңдiк тексеруi туралы белгiсi болуы қажет.
Коммерциялық есепке алу аспаптарын мерзiмдi тексерудi, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi энергия берушi ұйым немесе тұтынушымен жеке шарты бойынша осындай қызмет түрiне рұқсаты бар басқа мамандандырылған ұйым жүргiзедi.
23. Жылу энергиясын жiберудi есепке алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу желiлерiнiң бөлiну шекарасында жүргiзiлуi тиiс.
Коммерциялық есепке алу аспаптары тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi шекарасында орнатылғанда, бөлу шекарасынан коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылған орынға дейiнгi желi учаскесiндегi шығындар теңгерiмiнде көрсетiлген желi учаскесi бар тұлғаға жатқызылады.
Жылу шығындарын есепке алуды немесе жылу шығындарына сынақ өткiзудi энергия берушi ұйым тұтынушымен бiрлесiп жүргiзедi.
24. Коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру аралық тексеру интервалына сәйкес аспапқа әдiстемеде көрсетiлген мерзiмдерде, сондай-ақ мүдделi тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша олардың көрсеткiштерiнiң дұрыстығына күмән келтiрiлген жағдайда жүргiзiледi.
25. Жоспардан тыс салыстырып тексеру жүргiзiлген жағдайда салыстырып тексеру жөнiндегi шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексерудi талап еткен тарап көтередi.
26. Егер салыстырып тексеру кезiнде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi олардың дәлдiк сыныбы рұқсат еткен кiнаратынан асып кетсе, онда жоспардан тыс салыстырып тексеру жөнiндегi шығындарды аспаптардың иесi төлейдi. Басқа жағдайда тексеру жөнiндегi шығындарды жоспардан тыс салыстырып тексерудi талап еткен тарап көтередi.
27. Тұтынушы коммерциялық есепке алу аспаптарының ақаулылығын тапқан жағдайда тұтынушы энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлайды.
28. Коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеруден өткiзу туралы өтiнiш беруi тұтынушыны белгiленген мерзiмде өзi тұтынған жылу энергиясына ақы төлеуден босатпайды.
29. Егер шартпен өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды энергия берушi ұйымның өкiлдерi тұтынушының өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзедi. Есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алудың мүмкiндiгi болмаған кезде тұтынушының кiнәсi бойынша екi есептiк кезең iшiнде және бұл ретте тұтынушы өзiнiң тұтынған жылу энергиясының саны туралы мәлiметтi энергия берушi ұйымға ұсынбаса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым өткен жылдың осыған ұқсас кезеңi үшiн жылу энергиясының орташа тәулiктiк шығысы бойынша есеп жүргiзуге құқылы.
7. Тұтынушылардың жылу пайдалану
жүйелерiн пайдалануы
30. Жылуды пайдалану жүйелерiнiң жай-күйi және қызмет көрсетуi үшiн тұтынушы мен энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы олардың теңгерiмдiк тиесiлiгiмен немесе келiсу бойынша айқындалады және жылумен жабдықтауға жасалған шартқа қоса берiлген тараптардың пайдалану жауапкершiлiгi актiсiнде бекiтiледi.
31. Энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымға тиесiлi жылу құбырларында тұтынушыға тиесiлi құрылғылар немесе жабдықтар болмауы тиiс.
32. Тұтынушы оның қарауындағы жылумен жабдықтау жүйелерiнiң техникалық жай-күйi мен пайдаланылуына және жедел-диспетчерлiк тәртiптiң сақталуы мен оның аумағында орналасқан, бiрақ энергиямен жабдықтаушы ұйымға тиесiлi құрылыстардың, коммуникациялардың және жылу қондырғыларының сақталуына жауапты болады.
33. Жылумен жабдықтауды сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында тұтынушы:
1) тұтынылған жылу энергиясы үшiн уақытылы ақы төлеуге;
2) энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерiн түсiру крандарын, арматураларды, жылу энергиясын есептеу желiсiне дейiн орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарын пломбылауды жүргiзуi үшiн жiберуге және қойылған пломбылардың сақталуына, ал оларды алып тастауды энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның рұқсатымен жүргiзуге;
3) жылу тұтынудың тапсырылған режимдерiн сақтауға;
4) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау (бұдан әрi - Мемэнергияқадағалау), энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлерiн жылу желiлерiнiң, жылу тұтыну қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйiн тексеруге жiберуге мiндеттi.
8. Тұтынушыларға жылу энергиясын берудi
шектеу және тоқтату шарттары
34. Энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын жiберудi тұтынушымен жасалған жылумен жабдықтауға арналған шартқа сәйкес жүргiзедi.
35. Энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйым, тұтынушыға мынадай жағдайларда жылу энергиясын берудi толық немесе iшiнара тоқтатуға құқылы:
1) жылумен жабдықтауға немесе жылу энергиясын беруге арналған шартта көзделген жағдайда;
2) шартта белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясы үшiн төлем құжаты төленбеген жағдайда;
3) жылу желiсiне жаңа қуаттар мен қосалқы тұтынушыларды өз бетiнше қосқанда;
4) коммерциялық есепке алу аспаптары орнатылғанға дейiн жылу тұтыну жүйелерiн қосқанда;
5) жылумен жабдықтаушы ұйымның келiсiмiнсiз шартпен белгiленген ең жоғары сағаттық жүктемелерден және тұтынудың шарттық режимiнен асып кеткен жағдайда;
6) егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартта көзделген конденсат көлемiнiң кемiнде 30%-ын қайтарса;
7) жылу тұтыну жүйелерiне қызмет көрсету үшiн тиiстi бiлiктiлiктегi қызметшi болмаған жағдайда;
8) Мемэнергияқадағалаудың ұйғарымдарын белгiленген мерзiмдерде орындамаған және энергиямен жабдықтаушы немесе энергия берушi ұйым берген техникалық шарттардың талаптарын бұзған жағдайда;
9) Мемэнергияқадағалау органдары мен энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия берушi ұйымының өкiлдерiн жылу тұтынатын жүйелерге және (немесе) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына жiбермеген жағдайда;
10) тұтынушы адам өмiрiне қауiп төндiретiн апаттарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қабылдамағанда;
11) жылу тұтынатын қондырғылар мен желiлердiң күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындық актiсiнсiз және сараптамалық ұйымның қорытындысынсыз энергия берушi ұйымды жылу желiсiне қосқан жағдайда;
12) қосалқы тұтынушылар Ереженiң талаптарын бұзғанда оларды ағытып тастау жөнiндегi энергиямен жабдықтаушы ұйымның ұйғарымдарын орындамаған жағдайда.
Бұл ретте энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым:
1), 2), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12) тармақшаларда айтылғандай, егер шартта өзгеше көзделмесе, жылу берудi тоқтатуға немесе шектеуге дейiн кемiнде үш тәулiк уақыт қалғанда тұтынушыларды хабарландыра отырып, толық немесе iшiнара тоқтатуға;
3), 4), 10) тармақшамен - дереу тоқтатуға құқылы.
36. Жабдықтарды жөндеу мен жаңа тұтынушыларды қосу жөнiндегi жоспарлы жұмыстарды жүргiзу үшiн резервтiк қорек болмаған кезде жылумен жабдықтау шартында осы мақсаттар үшiн тұтынушыларды ажырату тәртiбi көзделуi тиiс.
37. Тұтынушы желi суын рұқсатсыз алған, жылу тұтыну жүйесiне өз бетiмен қосылған, тұтынушы коммерциялық есептеу аспаптарын бүлдiрген, есептеу торабында орнатылған пломбылар бүлiнген немесе болмаған жағдайда энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым акт жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясының көлемiнде екi еселенген мөлшерде қайта есептеу жүргiзiледi.
Ыстық су бойынша қайта есептеу жылдан аспайтын кезеңде, ал жылу жүйесi үшiн жылыту маусымының басынан бастап осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген жағдайлар байқалған сәтке дейiн жүргiзiледi.
Акт энергиямен жабдықтаушы ұйым өкiлiнiң және тұтынушының немесе оның өкiлiнiң қолы болған жағдайда жарамды. Акт тұтынушы немесе оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бiрақ энергия берушi және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның және/немесе құрамында кемiнде үш адам бар кондоминиумның басқару органының комиссиясы ресiмдеген жағдайда, жарамды болып саналады.
38. Өз торабындағы апаттың алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану үшiн энергия берушi немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым мiндеттi түрде хабардар етумен, энергиямен жабдықтаушы ұйым толық бермеген жылу үшiн қайта есептеумен, тұтынушының жылу тұтыну жүйесiн уақытша ажыратуға құқылы.
9. Тұтынушыларға жiберiлетiн будағы жылу
Достарыңызбен бөлісу: |