Мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ескертпе «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» |
1 | көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурстың мекенжайы); | “Жер қатынастары бөлімі” 1) Мемлекеттік корпорацияда — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс күні аяқталған кезде, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). http://bulandy-akmol.gov.kz |
2 | өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат; | 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | «электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат; | Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. |
4 | мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі; | 1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау — 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде — жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару — 22 жұмыс күні; толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту — 2 жұмыс күні;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту — 14 жұмыс күні. |
5 | мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі; |
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2-кезең:
1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
|
6 | мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі; | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі — жер-кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7 |
қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері).
| Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414. |