Экономикалық жүйедегі орнықты даму мен



жүктеу 0,86 Mb.
бет3/3
Дата21.12.2017
өлшемі0,86 Mb.
#5481
1   2   3
Аталған проблеманы шешудің бір жолы ол оқу орындарында жас түлектерге арнап жұмыс берушілердің қатысуымен бос жұмыс орындары және лауазымды қызметтер жәрмеңкелерін өткізу болып табылады. Осы мақсатта  жыл басынан бері, яғни 5-айда облысымыздың оқу орындарында 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті. Онын 4-і жоғары оқу орны болса, 5-і орта арнаулы және 2-і кәсіптік мектепте. Оқу бітірушілерге 178 жұмыс берушілер 3101 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 4156 жас түлек қатысып 2349-ы жұмыс берушілермен алдын-ала келісім шарттарға тұрды, 2143-і еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнамалардан түсініктеме алды. Жыл аяғына дейін облысымыздың оқу орындарында, жұмыспен қамту бөлімдерінде, сонымен қатар білім бөлімдерімен бірлесіп өткізілетін жәрмеңкелердің барлық саны 50-ге жуық болады деп күтілуде. Педагогтарды жұмысқа орналастыруға арналған жәрмеңкелер  осы жылдың тамыз айында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өтеді. Оған оқу бітіруші жастар мен жұмыссыздар қатыса алады.

2007 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы ірі жіне орта кәсіпорындар мен бюджеттік мекемелерде орташа жалақы 25444 теңге.


Облыс бойынша шаруашылық субъектілерінде жалақы қарызы жоқ.

Еліміз экономикасы дамыған сайын мүгедектерді оңалту мәселелеріне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлініп келеді. Оларды оңалтуды халықаралық нормалар талаптарына сәйкестендіруге қадамдар жасалуда. Осы бағыттағы негізгі нормативтік құжат 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы болып табылады. Аталған Заңда   мүгедектік, мүгедек, мүгедек бала деген ұғымдарға кеңінен түсінік берілген.

а) Мүгедектік– организм функциялары тұрақты бұзылуы  салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектеулі дәрежесі;  
б) Мүгедек  – тіршілік – тынысының шектелуіне және әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы  бұзылған адам.

в) Мүгедек бала – тіршілік–тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, қаражаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам.

Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуынан тіршілік-тынысының шектелуін жоюға немесе оның орнын мүмкіндігінше толықтай толтыруға бағытталған медициналық,әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды.
Мүгедектерді оңалту мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасына және медициналық-әлеуметтік сараптама негізінде анықталатын мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерді оңалту 3 түрге бөлінеді.

1. Мүгедектерді медициналық оңалту



    1. қалпына келтіру терапиясын (дәрі-дәрмекпен, физикалық, санаторий – курорттық емдеуді және организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функциялары мен денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған басқа да емдеу әдістерін);

    2. қайта жасау хирургиясын;

    3. протездік – ортопедиялық көмекті қамтиды.

Медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары  мен меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту:

1) мүгедектерді жеке басы гигиенасының, өзін-өзі қарап-күтудің, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негізгі әлеуметтік дағдыларына үйретуді;


2) мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді;

3) басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді;

4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік қызметтер көрсетуді:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруді;
естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына отыз сағатқа ымдау тілі маманын беруді;
5) медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсетуді; мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.

3. Мүгедектерді кәсіптік оңалту



  1. Мүгедектерді кәсіптік оңалту:

  • кәсіптік бағдар беруді;

  • кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды);

  • жұмысқа орналастыруды қамтиды.

Кәсіптік бағдар беруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

3. Мүгедектерді кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде білім беру қызметін жүргізетін ұйымдар жүзеге асырады.


Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жер шарындағы әрбір оныншы тұрғын - мүгедек. Халық арасында қоғам,әлеумет, үкімет қолдауына зәру жандар аз емес. Сондай адамдардың қатарында мүгедектер де бар.  Статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 71 мыңнан астам түрлі дәрежедегі мүгедек, соның ішінде   16 жасқа дейінгі 9810 мүгедек балалар есепке алынған. 
Облыста мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды оңалту шараларымен қамтуға үлкен мән беріліп отыр. 

Облыста мүгедектердің сауықтырылу жағдайы өз шешімін тауып келеді. 2005 жылы Ардагерлер үйінде 920, Сарыағашта 225, Манкентте 166, Денсаулық шипажайында 241 және Спутник демалыс үйінде 170 мүгедек емделді.


2004 жылдан бері 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері ашылып жұмыс істеуде. Қазір 8 аудан, қалада 10 бөлімше 1315 баланы тұрақты қамқорлыққа алған. Мұндай бөлімшелер жыл аяғына дейін облыстың барлық аудан, қалаларында ашылады деп күтілуде. Облыста мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі түрде атқарылып келеді. 2005 жылы бюджет, демеушілердің есебінен барлығы 442 мүгедек қоларбамен қамтамасыз етілді.  Облыс бойынша қол арбадағы мүгедектердің ғимараттарға кедергісіз кіруіне мүмкіндік беретін пандустар жөніндегі мәліметтер нақтыланып отырады, қазіргі уақытта 300-ден астам мекеме, ұйым, инфрақұрылымдар мен ғимараттарға пандустар жасалынған.
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытта облыс бойынша 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылып, олар 1600-ден астам балаларды қамтыған. Сондай-ақ Шымкент қаласында 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі, 1 балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істеуде. Сондай-ақ облыстық мүгедектерді оңалту орталығы ашылып отыр. 2006 жылдан бастап жүріп-тұруы қиын  1 топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін беру, естімейтіндігі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманы қызметін ұсыну, мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі оңалту шаралары енгізіліп отыр.
Бұл оңалту шаралары Заңға сәйкес 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап және медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің мүгедекті жеке оңалту бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

2006 жылы Республикалық бюджеттен оңалтудың осы 3 түрін жүзеге асыру үшін 56 млн. теңге бөлініп отыр.  

  Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне 8 медициналық-әлеуметтік  мекеме қарайды, олардың ішінде 300 орындық қарттар үйі, 840 орындық 4 психикалық жүйке аурулары интернаттары, 430 орындық  мүгедек  балаларға арналған 2 интернат үйі және 150 орындық мүгедектер қатарынан есепші, тігінші мамандықтарын дайындайтын кәсіптік мектеп бар. Қазір бұл мекемелерде барлығы 1700 мүгедектер мен қарттар тұруда, олар толық мемлекет қамқорлығында, 4 мезгіл құнарлы тамақ, тәулік бойғы медициналық қызмет ұйымдастырылған. Оның ішінде әлеуметтік, медициналық оңалту шаралары ұсынымға сәйкес жүргізіледі.
Ал кәсіптік мектепте мүгедектер есепші, тігінші мамандықтарына оқып, қәсіби оңалтудан өтеді. Мұнда жылына 70-75  мүгедек жастар білім алып шығуда.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды:


1) жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу арқылы;

2) жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;

3) мүгедектерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін арнаулы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді.
1. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін ұзақтығы аптасына отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын ұзақтығы он бес жұмыс күнге дейін ақы төленетін қосымша демалыс беріледі.
2. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және егер оның мұндай жұмыс істеуіне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етіледі.Мүгедектікті сылтау етіп еңбек шартын жасасудан не қызметін жоғарылатудан бас тартуға, мүгедекті жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан босатуға болмайды.

3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары

3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары


2007 жылғы 10 қаңтарда өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жаңа Үкіметке әлеуметтік сая­саттың барлық бағыттары бойынша жұмыс­тарды жалғастыруды нақтылап тапсырды. “Әлеуметтік салада біз көп істер атқардық және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді одан әрі жетілдіреміз”, деді. Әлеуметтік саясат бұл әр түрлі топтағы халықтың материалдық және өмір сүру жағдайына мемлекеттің мақсатты түрде ықпал етуі, сонымен қатар, ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы да жүзеге асырылады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа барлық азамат­тар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. 2005, 2006 және 2007 жылдар міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесін кезең-кезең­мен енгізу жылдары болып заңмен қарас­тырылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымдардың ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу ны­санынан 2005 жылға – 1,5 %, 2006 жылға – 2 %, 2007 жылға – 3 % мөлшерінде белгі­ленген.

Осылайша, қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу әлеуметтік аударымдардың белгіленген ставкасы бойынша жүргізіледі. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарынан төленеді. Өздеріне табыс әкелетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, алатын табыстарынан әлеуметтік аударымдар төлейді.

Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары халықаралық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдаудан туындайды. Нарық жағдайларына сәйкес келетін және тұрақты ақылы еңбекке ынталандыруды қалыптастыратын, әкімшілік шығындары төмен, халықты қамту деңгейі неғұрлым жоғары жүйе құру көзделіп отыр.

Жаңа жүйе адам өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге арналған ынтымақты және дербестендірілген жүйелердің, міндетті және ерікті сақтандырудың элементтерін қамтитын аралас жүйе болады. Әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері экономикалық өсуді қолдау элементтерін қамтуы, қатерлі жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әділ болуы; тиімді жұмыс істеуі және халықты неғұрлым толық қамтуы тиіс.

Әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлердің негізінде қалыптастырылады. Әлеуметтік қорғаудың іске асыруға ұсынылып отырған жүйесі:



  • әділ - әлеуметтік қорғау құқығын іске асыру алушылар үшін жеңіл, қол жетерлік болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген ең төменгі жәрдемақылар көлемі бірдей әлеуметтік қатер туындаған кезде еңбек өтілі мен жалақысына байланыссыз төлемдердің кең деңгейін ұсынуы тиіс. Сонымен бір мезгілде, қосымша қорғау деңгейі әрбір нақты адамның қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты болуы керек;

  • әрбір азаматтың мемлекетке тәуелділігін емес, оның жеке жауапкершілігін ынталандыруы тиіс. Тұтастай алғанда, барлық еңбекке қабілетті азаматтар өзінің жеке басының болашағы мен өз отбасының әл-ауқаты үшін жауапты болуға ұмтылуы тиіс;

  • пәрменді - жәрдемақылар атаулы болуы тиіс, яғни оны алуға құқығы бар және оған аса мұқтаж адамдарға беріледі;

  • тиімді, яғни ашық және жақсы басқарылатын, шығыны аз және қарапайым болуы қажет. Жүйенің негізгі компоненттері икемді реттелуі қажет;

  • қол жетерлік, яғни белгілі бір мерзім ішінде халықтың барынша толық қамтылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осы айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қатерлер негізінде қорғаудың мынадай элементтерін қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесін ұйымдастыру көзделіп отыр:

  • барлық азаматтарға әлеуметтік қатерлерге қарай бюджет қаражатының

  • есебінен бірдей деңгейдегі мемлекеттік төлемдер беру;

  • алғашқы кезеңде міндетті әлеуметтік сақтандыруды жұмыс берушілер

  • есебінен және келешекте еңбеккерлерді де аударымдары есебінен жүргізу;

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

  • әлеуметтік көмек және белгілі бар санаттағы азаматтарды бюджеттің

  • қаражаты есебінен қолдаудың арнаулы мемлекеттік бағдарламалары.

Бұдан басқа, азаматтардың әлеуметтік қатерлерден өздерін ерікті сақтандыруды жүзеге асыруы көтермеленетін болады. Қазақстанның ерекшелігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдастыру негізін қараған кезде мемлекеттік және сол сияқты жеке меншік институттардың мүмкіндіктері тиімді пайдаланылатын аралас жүйеге артықшылық берілуі тиіс. Барлық әлеуметтік төлемді неғұрлым тиімді басқару және бақылау үшін әрбір азаматқа дербес бірдейлендірілген код бере отырып, дербес бірдейлендірудің жалпы мемлекеттік жүйесі мен ұлттық дерекқоры жасалуы тиіс.

Ана мен баланы кең ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қорғау жүйесінің басымдықтарының бірі болады. Келешекте әлеуметтік қорғау жүйесінің жетілдірілуі барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж қатерлер тізбесі кеңейтіледі. Мәселен, демографиялық процестердi қолдау мақсатында бала туу мен оларды тәрбиелеу әлеуметтiк көмекке мұқтаж жағдай ретiнде қаралады. Қолдау көрсету ретiнде бала туғанда бiр жолғы жәрдемақы және жасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына қосымша жәрдемақы беру енгiзiлетiн болады.

Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша іс-шаралар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады. Әлеуметтiк қатерлердің алдын алудың және мүгедектердi оңалтудың (медициналық, әлеуметтiк, кәсiби) жеке бағдарламаларын дамыту, мүгедектердi әлеуметтiк, еңбекпен бейiмдеу жүйесiн құру, мүгедектердiң қоғамға кiрiгуiне жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Бұл ұсыныстар әзiрленiп жатқан Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасында көрiнiс табады. Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады. Бұдан басқа, адамдардың белгiлi бiр топтарына - соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге және көп балалы аналарға қосымша қорғау көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар әзiрленедi.

Әлеуметтік қорғауды реформалауда әлеуметтік нормативтердің рөлін арттыру, ең төменгi жалақыны кезең-кезеңiмен көбейтiп, күнкөрiс деңгейiне жақындату маңызды болып табылады. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативтерге негізделіп есептелетін болады.

Әлеуметтік қатерлердің туындау мүмкіндігін болдырмау және оны қысқарту мақсатында мемлекет алдын алу сипатындағы шараларды қабылдайтын болады. Жұмысынан айырылып қалудың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың тұрақты ақы төленетiн еңбек қызметiн тауып алуын ынталандыру мақсатында мемлекет жұмыс орындарын құру бағдарламаларын жетiлдiредi. Азаматтардың еңбек мiндеттерiн атқару кезінде денсаулығы мен өмiрiне зиян келу қаупінің алдын алу үшiн мемлекет еңбек туралы заңнамалар мен еңбектi қорғау туралы заңнамалардың сақталуына бақылауды күшейтеді. Мүгедектiкке ұшырау қатерiн азайту мақсатында медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру, соның iшiнде оны қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру арқылы жетiлдiру көзделуде. Жасы бойынша, асыраушысынан айрылу және еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк жәрдемақылар алушыларды әлеуметтiк сақтандыруды енгiзу кезiне дейін тағайындалған төлемдердi қамтамасыз ету қағидаттары өзгерiстерге ұшырамайды.

Әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесi тiкелей немесе жанама түрде қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын болғандықтан, әлеуметтiк қорғау жүйесiне әрбiр нақты азаматтың ғана емес, Үкiметтiң әлеуметтiк әрiптестерiнiң - еңбекшілердiң кәсiптiк одақтарының және жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң қатысу деңгейiн көтеру көзделедi.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және оның деңгейін мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты арттыру мақсатында 2007-2009 жылдары бірқатар маңызды міндеттерді шешу көзделуде. Атқарылатын шаралар Үкіметтің «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында» жан-жақты баяндалған.

Көздеген мақсатқа жету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар әзірленеді. Міндетті сақтандыруға жататын әлеуметтік тәуекелдердің тізбесін кеңейту қарастырылады. Сондай-ақ базалық деңгейде мемлекеттің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне пара-пар базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру көзделіп отыр. Әлеуметтік қамсыздандырудың ерікті деңгейінде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерікті нысандарын ынталандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың қоғамға белсенді араласуы үшін жағдай жасау жөнінде жұмыстар жүзеге асырылады. 2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу «айдан айға» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мұқтаж адамдар мемлекет кепілдік берген қызметтерге толыққанды қол жеткізуге тиіс. Жеке меншік секторы субъектілерінің әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуға қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсенді тарту есебінен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу және бәсекелі ортаны дамыту негізінде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.


3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары


Реформа аяқталғанға дейiн мемлекет халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiн қаржыландыру көзi болып қала бередi деп көзделуде1. Мұндай жағдай мемлекеттiң қатысуының азаюына және әлеуметтік сақтандыру тетiктерiнiң дамуына қарай бiрте-бiрте өзгеретiн болады. Мемлекет барлық әлеуметтік төлемдердің толығын және уақытында төленуін бюджеттен қамтамасыз етеді. Әлеуметтiк сақтандыру жүйесін қаржыландыру әлеуметтік салық ставкаларын 3% азайту және сақтандыру аударымдарын қызметкер табысының 3 % мөлшерінде енгізу есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте аударымдарды төлеушілер алғашқы кезеңде жұмыс берушілер болады. Әлеуметтік сақтандыруға аударымдарды дербестендіру қызметкердің, кәсіподақтардың және қызметкерлер бірлестіктерінің қаражаттардың аударылу процесiн бақылауға ықыласын арттырады. Әлеуметтiк сақтандыруға аударымдарды дербестендiру есебiн енгiзу әлеуметтiк қорғау жүйесiн реформалаудың аса маңызды шарттарының бiрi болып табылады.

Республикасында әлеуметтік қорғаудың жаңа саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаты болып табылады. Жүйеге қатысушылардың қызметін бақылау мемлекетте қалатын болғандықтан, мемлекеттің рөлі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы деңгейі жоғары болған жағдайдың өзінде де жетекші болады. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жинақтаушы зейнетақы жүйесі, әлеуметтік сақтандыру және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу саласындағы әлеуметтік өлшемдерді өзгерту жөнінде шаралар қабылдау үшін актуарлық әлеуетті күшейтеді.

Әлеуметтiк сақтандырудың міндетті түрлерiн енгiзу жүйеге қатысатын азаматтардың аударымдарын шоғырландыру үшiн мамандандырылған институттарды құруды қарастырады. Шектелген ынтымақтастық қағидатына негізделген әлеуметтiк сақтандыру жүйесi дамуының халықаралық тәжiрибесiн ескере отырып, халықтың толық қамтылуын және бүкiл жүйенің сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету, әкiмшiлiк шығыстарды қысқарту мақсатында мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен жабық акционерлiк қоғам түрiнде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) құрылмақ. Аударымдардың қатысуы мен мөлшерiн жеке бақылау арқылы Қор қысқа мерзiм ішінде еңбектің ресми секторын, соның ішінде жекеше ұйымдар үшін қызығушылық тудырмайтын шалғайдағы ауылдық аудандарды әлеуметтік сақтандырумен қамтуға мүмкіндік береді. Осымен қатар Қордағы қаражатты мақсаттан тыс пайдалану мүмкiндiгiн болдырмайтын бақылаудың пәрмендi тетiктерi енгiзiледi. Қордың инвестициялау қызметiнiң шеңберi, қаражаттарды басқару және инвестициялау жөнiндегі рәсiмдер, Қордың активтердi сақтау мен есепке алу құқықтары мен міндеттері заңмен белгiленетiн болады. Қордың қаражатын негiзiнен мемлекеттiк бағалы қағаздарға инвестициялау көзделедi. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесімен тығыз өзара байланысын ескере отырып, оның функциялары мен міндеттері кеңейтіледі. Қордың міндеттемелері қолданылып жүрген акционерлік қоғамдар

туралы заңнаманың шеңберінде мемлекеттің акционер ретіндегі ғана міндеттемелері болып табылады. Сонымен бірге, келешекте міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлемдер төленуін ұйымдастыру кезінде жекеше институттардың қатысуын қарастыруға болады. Әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар өзгерген кезде міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі өлшемдеріне түзетулер уақтылы енгізіледі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі дамып келеді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қамтуды ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізілуде, осының нәтижесінде олар үшін Қорға кемінде бір рет әлеуметтік аударым төленген қатысушылардың саны 2006 аяғында 4,5 млн. адамнан асты. 2006 жылы шамамен 9,5 мың адам еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды. «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы іске асырыла бастағанына бір жарым жылдан астам уақыт болды. Осы Заңның аясында «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» өмірді сақтандыру қомпаниясы жұмыс істейді, оның негізгі қызметі аннуитеттік өнімнің жекелеген түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 2006 жылы Компания 3 мыңнан астам сақтандыру шарттарын жасап, жалпы сомасы 12,2 млн. теңгенің, оның ішінде – 10,8 млн. теңгенің әлеуметтік төлемдерін жүзеге асырды. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру 2006 жылдан бастап ең төмен күнкөріс деңгейі базалық әлеуметтік норматив болып бекітілді, ол жалақының, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және кедейлік шегін белгілеу үшін пайдаланылады.

ЕТКД шамасын айқындау әдістемесі өзгертілді, бұл оның мөлшерін төрттен бірден астамға көбейтуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы ЕТКД шамасы 8410 теңге болды.

Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың қатары азайып, бұл көрсеткіш 2006 жылғы үшінші тоқсанда 2005 жылғы ұқсас кезеңдегі 31,0 %-ға қарағанда 17,7 %-ды құрады.

Кедейлікті жеңуде атаулы әлеуметтік көмектің маңызы зор. Атаулы әлеуметтік көмек енгізілген сәттен бері (2002 жылдан бастап) осы көмекті көрсетуге арналған шығыстар 30 млрд. теңгеден асты. 2006 жылы 339 мыңнан астам адам 3,4 млрд. теңге сомасында әлеуеттік көмек алған. (4-слайд)

2006 жылы ана мен баланы қолдауға баса назар аударылды. Қазіргі кезде бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы, мөлшері балалардың санына қарай саралап белгіленетін бала бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы, аз қамтамасыз етілген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы түрлері жүзеге асырылуда.

2006 жылы мемлекеттік бюджеттің осы жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстары 14 млрд. теңгеден асты. Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған азаматтардың басқа санаттарын әлеуметтік қорғау, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру жөніндегі міндеттер орындалды. Жаппай саяси қуғын-сүргіндерден, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдарға берілетін біржолғы өтемақы төлемдері жүзеге асырып келеді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңа заң қабылданып жүзеге асырылуда, оны іске асыру жөніндегі Бағдарлама мақұлданды.

2006 жылдан бастап оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге мынадай әлеуметтік қызметтер: жүріп-тұруда қиындық көретін бірінші топтағы мүгедектерге – жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері көрсетіледі. Мүгедектер гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмекпен қамтамасыз етіледі. Медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін ұлғайту және оларды қаржыландыруды жақсарту жөнінде шаралар қабылдануда. Облыстарда қарттар мен мүгедектерге арналған, олардың тұратын жеріне жақын сыйымдылығы шағын (50 орынға дейінгі) интернат-үйлер жүйесі дамып келеді. Мүгедектерді оңалту және жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы жөнінде облыстардың есептерін тыңдау тәжірибесі жалғасуда. Қорытынды мен ұсыныстары бар тиісті ақпарат жиынтығы Үкіметке және Президент Әкімшілігіне жіберіледі. Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралыҚазақстан Республикасы Парламентіндегі Еңбек кодексінің жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталуға жақын. Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбекті қорғауды басқару жүйесін (МОТ-СУОТ 2001) пен OHSAS 18001:1999 стандарттарын қазақстандық кәсіпорындарға енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік әріптестік институты дамып келеді. Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау жөнінде шаралар қабылдануда. Оперативтік деректер бойынша 2006 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 21 мыңнан астам (21377) тексеру жүргізген, бұл 2005 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 %-ға артық. Тексеру барысында 130 мыңнан астам заң талаптарын бұзушылықтар айқындалды. 1485 іс құқық қорғау органдарына жіберілсе, олардың ішінде 121 іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі маңызды шаралардың бірі халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта Халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылып келеді. Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша 2006 жылы 7,4 млн адам республика экономикасы салалрында жұмыспен қамтылған (2005 жылға қарағанда 142,7 мың адамға - 2 %-ға артық). (6-слайд)

Республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-ды құрады (2005 жылы – 8,1 %).

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша елімізде 2006 жылы 259 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 118,5 мың жұмыс орны құрылған (2005 жылы 242,8 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 119,3 мың жұмыс орны). (7-слайд)

Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау, олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешу қамтамасыз етілді. Шетелдік жұмыс күшін тарту Ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде шаралар қабылданды. Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1,7 мың кәсіпорын бар, оларда 2006 жылы 277,7 мың қызметкер еңбек етсе, олардың 12 % шетелдіктер де 88 % қазақстандық азаматтар (244,5 мың адам). (8-слайд) Еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау мәселелері Халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда. Бір қызметкердің 2006 жылғы қаңтар-қазан айларындағы атаулы жалақысы 39312 теңгені құрады және өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,7 %-ға өсті. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 9200 теңге мөлшерінде белгіленді.

Тұтастай алғанда, Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы мен Үкіметтің 2006 жылға көзделген Бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар толық көлемінде орындалды.

Өткен жылы әлеуметтік және еңбек нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарды, халықаралық институттарды, ғылым өкілдері мен депутаттарды тарта отырып 20-дан астам конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар шешімін күтіп тұрған проблемаларға да тоқталғым келеді.

 Балалы отбасыларын қолдау саласында: *«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленеді. Аталған заңның аясында атаулы әлеуметтік көмекті оған іс жүзінде мұқтаж азаматтарға ғана көрсету жағдайлары нақтыланады.

Мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау саласында:

«Әлеуметтік қызмет түрлері туралы» заң жобасы әзірленеді. Ол көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтуге, бұл қызмет түрлерінің қол жетімді болуын қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кепілді және қосымша әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету тәртібін анықтауға, сондай-ақ әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетуге жеке сектор субъектілерін тартуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін лицензиялауды енгізу жоспарлануда.

 Жұмыспен қамту саласында:

Бизнестің жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына арналған жұмыс орындарын құруға қатысуын кеңейту, сондай-ақ мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету қажет.

Жұмыссыз жастармен және әйелдермен, сондай-ақ өзін өзі жұмыспен қамтыған халықпен жұмыс жүргізудің тәсілдері мен нысандарын қайта қарау қажет.

Еңбек рыногын қорғауға және республикаға негізінен жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған механизмдерді қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Еңбек қатынастары саласында:


  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде еңбек қатынастарын реттеудің жаңа үлгілеріне көшуді жүзеге асыру қажет.

  • Халықаралық еңбек ұйымымен және Қазақстан Республикасының әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп қабылдаған 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы лайықты еңбек Ұлттық бағдарламасын іске асыру, оның басты міндеті – лайықты еңбекке заңды қолдау көрсету мен Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

  • еңбек және еңбекті қорғаудың көкейкесті проблемалары жөнінде, оның ішінде бірінші кезекте кәсіптік қатер деңгейі жоғары өнеркәсіп салаларында – көмір және тау-кен өнеркәсібінде, құрылыста және агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • республика ұйымдарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатымен еңбекті қорғауды басқару жүйесі жөніндегі халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары жалғасатын болады.

  • Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Зерделенген материалдар, жүргiзiлген талдау мен зерттеу нәтижесiнде келесiдей қорытындылар жасауға болады:

2006 – 2008 жылдары кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат еңбек рыногында белсенді саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшілікті азайту және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күшінің сапасын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы    № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру 902,1 мың жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру,  70,8 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу есебінен еңбек рыногындағы шиеленiсті төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін өсіруді ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру көзделеді.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы         № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемдері жетілдіріледі, әлеуметтік көмектің әрқилы түрлерін (тұрғын үй көмегін, атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейiнгі балалар жәрдемақысын) алуға үміткер тұлғалар үшін жиынтық кірісті есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден бастап бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттiк жәрдемақылар енгiзіледі.

 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейiнгi балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленеді, төрт және одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын I және II дәрежелi "Ана даңқы" атағын алған аналарға берілетін арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар мөлшерi көбейтiледі.

    Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы      30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) айқындалған.

Бағдарлама шеңберінде мынадай міндеттерді шешу:

      республикалық бюджет қаражатынан (жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты) төленетін жәрдемақылар мөлшерін есептеу әдістемесін біртіндеп өзгерту жолымен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің базалық деңгейін қалыптастыру;

       ең төменгі күнкөріске қатысты базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау;

      тұтыну бағаларының өсуін ескере отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар мөлшерін одан әрі жоғарылату;

         негiзгi әлеуметтiк тәуекелдердi (қарттықтың басталуы, еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту;

         жинақтаушы зейнетақы жүйесінің төлемдерін оңтайландыру (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы) көзделуде.

         Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін біртіндеп ұлғайту көзделіп отыр. Перспективада базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөрістің 75 %-ын құрайтын деңгейге дейін ұлғайту жоспарлануда.

2006 жылы барлық санаттағы мүгедектерге және жасына байланысты жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жардемақы алушыларға төленетін мемлекеттік арнаулы жардемақылар ұлғайтылатын болады.    

    Ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру саласындағы мақсат орта мерзiмдi перспективада халықтың табысын одан әрi арттыру болып табылады.
      Кiрiстердi арттыру 2007 - 2009 жылдары жалақының ең төменгi мөлшерiн арттыру саясатын сақтауға ықпал етедi. Оның деңгейi қызметкерге тұтыну бюджетiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз етiп және экономиканың формалды секторында жұмыспен қамтылуын ынталандыра отырып, ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң, ең төменгi зейнетақы мөлшерiнiң өсуiн басып озатын болады.

Қарапайым бiлiксiз еңбекпен айналысатын жұмыскерлер үшiн жалақының ең төменгi мөлшерi белгiленетiн болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен 30 %-ға сараланған ұлғайтылатын болады.

Жалақыны оңтайлы сараландыру және қызметкерлер бiлiктiлiгiнiң өсуiн ынталандыру мақсатында Лауазымдар тiзiлiмi мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеу коэффициенттерi торын жетiлдiру алда тұр.

Бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеу жүйесi өнiмдi еңбек пен жұмыс сапасы өлшемдерiне негiзделуi тиiс. Шығармашылық пен инновациялық ұстанымдар, әрбiр қызметкердiң ұйым жұмысының тиiмдiлiгiне қосатын үлесi көтермеленетiн болады.

Өнiмдiлiгi жоғары еңбекке деген ынтаны арттыру ең алдымен, еңбектi нормалауды ұйымдастыруын жетiлдiрудi талап етедi. Техникалық (ғылыми) негiзделген еңбек нормаларын әзiрлеу және енгiзу, оларды техниканың, технологиялардың, ұйымдарда еңбек өндiрiсiн ұйымдастыруға қол жеткiзiлген деңгейiне сәйкес ауыстыру және қайта қарау жалақы деңгейiнiң еңбек сипаты мен оның нәтижелерiне тiкелей байланыстылығын белгiлеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы «22» қарашадағы № 257-Ө бұйрығына қосымша

  2. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңы (2006.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  3. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жыләы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 9 маусым N 836

  4. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

  5. Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналѓан баѓдарламаны бекіту туралы

  6. Ќазаќстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналѓан бағдарламаны бекіту туралы

  7. Есентугелов А. Трансформация экономики Казахстана: рыночная экономика, реформы, экономическая политика. Алматы РГП «Институт экономических исследований», Минэкономики и торговли РК, Т2, 438с.

  8. Экономика регионов Казахстана в условиях формирования рыночных отношений: проблемы и пути решения. Исаева М.Г., Нурланова Н.К. Алматы, 1994.

  9. Социально-экономическое развитие Южно-Казахстанской области за 2005-2006 годы.

  10. ОҚО Статистикалық анықтамалығы, Шымкент, 2007 ж.

  11. Реалии социально-экономичсского развития Казахстана. Сборник научных трудов. Под ред. О.А. Яновская. А., 2007 ж.

  12. Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2007 ж.ж. арналған даму бағдарламасы

  13. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003-2007 ж.ж. арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралары

  14. Оңтүстік Қазақстан облысының 2003-2007 ж.ж. арналған өнеркәсіп бағдарламасы

  15. ж арналған бюджеттік бағдарламалар

  16. 2003-2007 ж.ж. арналған энергитикалық кешенді дамытудың аймақтық бағдарламасы

  17. .Социально-экономическое рачвитие Южно-Казахстанской области за 2005-2006 годы. Статистический сборник ЮКО, Шымкент,

Кесте – Экономикадағы әлеуметтік саланы реттеу көрсеткіштері




Ең төмен күн-көріс мөлшері

– қоғам дамуының осы дәуірінде қабылданған деңгейде адамды ең төмен тұтынумен қанағаттануын қамтамасыз ететін ең төмен тұтыну кәрзеңкесінің құндық бағасы.

Табысы ең төмен күн көріс мөлшерінен (азық-түлік себетінің құнынан) аз халықтың үлесі (саны)

кедейшілік мөлшерін өлшейтін сандық көрсеткіш. Ол табысы бекітілген белгіден төмен үй шаруашылықтары мүшелерінің зерттелген халықтағы үлесін пайызбен көрсетеді.

Кедейлік тереңдігі

зерттелген үй шаруашылықтары мүшелерінің табысы деңгейінің бекітілген белгіден (ең төмен күн көріс мөлшері, кедейшіліктің азық-түлік шегі және кедейшіліктің

Кедейліктің шиеленісуі

табысы бекітілген белгіден төмен халықтың бытыраңқылығы дәрежесін білдіретін кедейшілік индикаторы, яғни кедейлер арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшіліктің тереңдігі көрсеткіші тең екі жиынтықты салыстырғанда, кедейшіліктің шиеленісуі көрсеткішінің үлкен мәні тән, жиынтықтағы кедейшілік, маңызды мәселе бола түседі.

Джини коэффициенті (табыстарды шоғырландыру коэффициенті)

теңсіздік дәрежесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың саны тең топтары бойынша табыстарының іс жүзінде бөлінуінің, олардың біркелкі бөліну сызығынан ауытқу дәрежесін белгілейді. Табыстар теңдігінің статистикалық шамасы 0-ден 1-ге дейін құбылады, мұндағы 0 – халықтың барлық тобындағы табыстардың шүбәсіз теңдігі, 1 – барлық табыс бір тұлғаға тиесілі болғандағы шүбәсіз теңсіздік.

Халықтың әр алуан топтары бойынша ақшалай табыстарының жалпы көлемін бөлу

халықтың әрбір 20 (10) пайыздық тобы ие ақшалай табыстардың жалпы көлемінің пайызы.

Еңбекақы

қиындығына, санына және сапасына сәйкес еңбекке сыйақы (табыс).


1 Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (бiрiншi кезең) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 521 Қаулысы




жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау