Əйтеке би кенті əкімінің есебі бюджет. 2015 жылы «Əйтеке би кенті əкімі аппараты»



жүктеу 72,26 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі72,26 Kb.
#13222


ƏЙТЕКЕ БИ КЕНТІ ƏКІМІНІҢ ЕСЕБІ 

 

Бюджет.  2015 жылы «Əйтеке би кенті əкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 

бюджеттен 730 866,8 мың теңге бөлініп, игерілді.  

Кент бойынша 59 млн  теңгенің мүлік, жер, көлік салықтары  жиналды. 

Өткен  жылғы  кент  əкімінің  есеп  беру  кездесуінде  тұрғындар  тарапынан         

44 ұсыныс-пікір түсіп, олардың барлығына тиісті заңдылықтарға сəйкес жауап берілді. 

Кент  əкімі  аппаратына  жыл  көлемінде 716 өтініш  түсіп,  оның 350-і 

қанағаттандырылды. 123 өтінішке  сəйкесінше  түсіндірме  жұмыстары  жүргізіліп, 243 

адам жер кезектілігіне қойылды. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңын 

іске  асыру  мақсатында  кент  бойынша  əр  көшеге  жиналыстар  ұйымдастырылып, 

тұрғындардың  ұсынысымен  барлығы 183 қоғамдастық  мүшелері  тағайындалды. 

Қоғамдастық  мүшелерінің  қатысуымен  жыл  көлемінде 4 жиын  өткізілсе,  кент  əкімі 

аппаратының  арнайы  есеп  шотына  түскен  қаржылардың  жұмсалуын  үйлестіру  үшін 

қоғамдастық мүшелерінен 18 адам сайланды. 



Əлеуметтік  қолдау,  жұмыспен  қамту,  мемлекеттік  бағдарламалардың 

орындалуы.  2015  жылы  жұмыс  іздеуші  ретінде  тіркелген 1014 адамның 479-ы  

тұрақты жұмысқа орналасса,  293 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.  

 Жұмыс  іздеуші  ретінде  хабарласқан 487 жастың 171-і  тұрақты  жұмысқа 

орналасып, 103 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. 21  мүмкіндігі шектеулі жан  

тұрақты  жұмысқа  орналасты. 5 мүмкіндігі  шектеулі  жан  қоғамдық  жұмысқа,         

1  мүмкіндігі  шектеулі  жан  əлеуметтік  жұмыс  орнына  жіберілді. 2 мүгедек 

кəсіпкерлікпен айналысу үшін  несие алды.  

Өткен    жылы 311 отбасына  тұрғын  үй  көмегі, 683 отбасының 2244 баласына 

балалар жəрдемақысы төленді. 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 

кəсіпкерлік саласын дамыту үшін 31  адамға  несие берілді. 

Бағдарламаның үшінші бағытымен кəсіптік мамандық алуға 56 адам оқытылды. 

Сондай-ақ,  бағдарлама  аясында  салынған 35 тұрғын  үйге 16 отбасы 

қоныстандырылды. 



 

2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 46 маманға тұрғын үй 

несиесі, 55 маманға көтерме жəрдемақы төленді.  

Кəсіпкерлік. 

2015 жылы «Нұрай», «Тұмар», «Көктем» сауда орындары, «Арзан» 

базары  жəне  «Бизнес  орталығы»  пайдалануға  берілді.  Төменгі  бағамен  азық-түлікті 

сату мақсатында Əлеуметтік дүкен ашылды. 

1  кəсіпкер 11,0 млн.теңге  құрайтын  «Медициналық  жəне  тұрмыстық 

қалдықтарды  жинау  жəне  кəдеге  жарату  бойынша  қызмет  көрсету»  жобасымен  оң 

қорытынды алып, жұмыстарын жүргізуде. 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 80,1 млн.теңге құрайтын 

4  жоба  «Даму»  кəсіпкерлікті  дамыту  қоры  арқылы  субсидияланды. 1 кəсіпкер         

2,0 млн.теңге өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде мемлекеттік грантты ұтып алды.. 

 «Өндірістік  аймақта» 379,1 млн.теңгені  құрайтын  жаңа 11 жобаны  іске  асыру 

бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. 7 жобаға  жер  учаскелері  табысталып, 2 жобаның 

құрылыс  жұмыстары  толықтай  аяқталып,  іске  қосылды.  Қалған 5 жоба  бойынша 

құрылыстарын салу, құжаттарын əзірлеу жұмыстары жүргізілуде.



 


Жыл  көлемінде 16 рет  ауылшаруашылық  жəрмеңкесі  өткізіліп, 

бау-бақша, 

көкөніс өнімдері қолжетімді бағада сатылды.  

Ауылшаруашылығы.  Кент  бойынша 3864 мүйізді  ірі  қара, 7474 уақ  мал,         

934 жылқы, 437 түйе бар.  

2015  жылы  белгіленген  жоспар  бойынша 12709 бас  үй  малдарына 

ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.  

«Құлан» бағдарламасы аясында «Əсел», «Д.Құрманалиева» шаруа қожалықтары 

несие алып, мал шаруашылығымен айналысуда.  

 

Абаттандыру.  2015  жылы  абаттандыру  жұмыстарына 194648,1 мың  теңге 

бөлініп, игерілді.  

 

Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына  орай  «Жеңіс»  саябағындағы  «Тағзым»  алаңына 



қайта  жаңғырту  жұмыстары  жүргізілді.  Саябаққа  бас  қақпа,  қоршау  шартақтары 

орнатылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер есімі гранит тақтаға жазылды. 

Облыстық  бюджеттен  бөлінген 35451,0 мың  теңге  қаржыға  саябақ  жолына 

төсеніш тастар (брусчатка) төселіп, түнгі жарықшамдар, аяқ су лотоктары орнатылды. 

5  Ұлы  Отан  соғысының  батыры, 5 Социалистік  Еңбек  ері, 2 мемлекет  жəне  қоғам 

қайраткерінің бюстын орнатуға граниттен жасалған тұғыры қойылды.  

 

Əйтеке  би,  В.Счастнов,  Жанқожа  батыр,  Қ.Пірімов  көшелеріне  жарықтармен 



безендірілген    аркалар,  түнгі  жарықшамдары  бағандарына,  теміржол  вокзалы 

маңындағы  қоршау  шартақтарына  түрлі  оюлармен  өрнектелген  жарықдиодты 

кронштейндер  орнатылды.  Керуен,  күрес  композициясы  қойылды.  Самара-Ташкент 

автожолынан  кентке  кіретін  автомобиль  жолына,  Р.Бағланова,  Жанқожа  батыр, 

Т.Бөріқұлақов  көшелеріне  жаңа  үлгідегі  түнгі  жарықшамдар  менкөшелерге         

14 аялдама, 30 дана жарнамалық тақтайшалар лайтбокстар орнатылуда. 

 

 «Өңірлерді  дамыту»  бағдарламасы  аясында  Михайлюк,  О.Жанаділов 



көшелеріне ұзындығы 1,8 км жаяу жүргіншілер жолы салынды. 

Көркейту-көгалдандыру.  2015  жылы  көркейту    -көгалдандыру жұмыстарына 

16242,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды. 

Кенттің  орталық  көшелерінен  бастап,  Жеңіс  саябағына,  Жанқожа,  Жалаңтөс 

баһадүр  кесенелері  мен  Əйтеке  би  ескерткішінің  аумағына  көркейту-көгалдандыру 

жұмыстары  жүргізілді.  Қараарық,  Ақарарық  каналының  арнасы,  ішкі  көшелердің  аяқ 

су  жолдары  тазартылып, 790 метр  дамба  биіктетілді.  Ақарық  каналына  Мұратбаев 

ауылына  барар  сағадан 1 дана  шлюз  салынды. "Жеңіс", "Əйтеке  би", "Жалаңтөс 

баһадүр"  саябақтары  мен  Əйтеке  би,  Пірімов,  Жанқожа  батыр  көшелеріне 5000 түп 

ағаш  көшеттері  егілді.  Əйтеке  би  ескерткіші  мен  Жанқожа  баба  кесенесінің 

айналасына 9 200 түп гүл көшеттері  отырғызылып, күтімге алынды. 

1  электр  насос, 1 СНП-500/10  ағымдағы  жөндеуден  өткізіліп,  аяқ  су  баратын 

көшелерге аптасына 3 рет аяқ су берілді. Жанқожа батыр көшесіне аяқ су апару үшін 

Үмбет  би  көшесінен  бастап  Біржан  сал  көшесіне  дейін  қазылып,  өткелдері  қайта 

салынды. Кенттегі  11 көшенің аяқ су трубалары ауыстырылды. 

2015  жылы  республикалық  бюджеттен  бөлінген 5181,0 мың  теңге  қаржыға 

Қ.Пірімов  көшесіндегі  №5,  №7  екі  қабатты  тұрғын  үйлерге  күрделі  жөндеу 

жұмыстары жүргізілді.  

 2016 


жылы  көп қабатты 2 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 11028,0 мың 

теңге бюджеттік өтінім тапсырылды.  



Санитарлық  тазалық.  2015  жылы  Əйтеке  би  кентінің  санитарлық  тазалығын 

қамтамасыз  ету  жұмыстарына  бюджеттен 42075,0 мың  теңге  қаржы  бөлініп,  тиісті 

жұмыстар атқарылды. 



Кенттегі 52 көшеден  күнделікті 16-22 рейс  автокөлікпен 64-84 м3  тұрмыстық 

қатты  қалдықтар  жəне  шет  аймақтар  тазартылып,  арнайы  белгіленген  алаңға 

шығарылып отыр.  

2015 жылы кенттің солтүстік батыс беткейінен бөлінген 5,0 га жерге жаңа қоқыс 

алаңының  құрылысын  салуға 22,0 млн  теңге  қаржы  бөлініп,  құрылыс-монтаж 

жұмыстары  аяқталып,  кент  əкімі  аппаратының  теңгеріміне  берілді.  Қазіргі  таңда  

техникалық  құжаттары  рəсімделуде.  Кенттің  оңтүстік-шығыс  беткейіндегі  уақытша 

тұрмыстық  қатты  қалдықтар  жиналған  алаңдағы  қалдықтарды  жаңа  полигонға  тасу 

жұмыстарына  бюджеттен 2100,0 мың  теңге  бөлініп,  барлығы 4920,0 м3  тұрмыстық 

қатты қалдық тасылды.  

Əйтеке  би  кентінде 498 дана  тұрмыстық  қатты  қалдық  салатын  контейнерлер 

жеке  жəне  заңды  тұлғаларға  пайдалануға  беріліп,  айына 3 реттен  тазартылады.         

2015  жылы  аудандық  бюджеттен  бөлінген 4000,0 мың  теңгеге 100 дана  контейнер 

сатып алынды.  

Кенттегі  көше  тазалығына  немқұрайлы  қарап,  ластануына  жол  берген 

тұрғындарды анықтау мақсатында Əйтеке би кенті əкімдігі жанынан 3 бөлім бойынша 

құрылған  жедел  топ  ішкі  істер  бөлімімен  бірге  рейдтік  жұмыстарын  жүргізді.  Рейд 

барысында  анықталған  азаматтарға  ішкі  істер  бөлімі  айыппұл  салу  жұмыстарын 

жүргізсе,  көше  бойына  тұрмыстық  қалдықтарды  тастаған  азаматтар  туралы  ақпарат 

жергілікті «Серік ТВ» телеарнасы мен баспасөз беттеріне жарияланып отырылды.   

Əйтеке  би  кентінде  орналасқан  облыстық,  аудандық  мəслихат  депутаттары, 

мекеме,  кəсіпорындар,  қоғамдық  ұйым  өкілдері  мен  шағын  кəсіпкерлік  субьектілері 

басшыларының тізімдері нақтыланып, 153 көшеге бөлінді.  

Электр, жарықтандыру, ауыз су. 2015 жылы кенттегі 20 көшеге əуе желісіне,   

4  дана 10/0,4 кв  трансформатор  қондырғыларына  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілді.  

Аудандық бюджеттен бөлінген 2735,5 мың теңге қаржыға Төле би, О.Жанаділов 

көшелеріне түнгі жарықшамдары орнатылды. 

Қазіргі уақытта кент бойынша 6636 үй 28020 адам су есептегіш құралы  арқылы, 

427  үй 1766 адам  тапсырыспен  ауласындағы  құдыққа  су  құйдыру  арқылы,  көшедегі 

қоғамдық колонкадан 819 үй 2635 адам ауыз су пайдаланады.  

Өткен  жылы 195 дана  көру  құдықтарының  іші  тазартылып,  техникалық  күтім 

жасалса, 132 су  құбырының  ақауы  қалпына  келтірілді. 11 қоғамдық  колонкаға  

ағымдағы  жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп,  жаңа 1 колонка  орнатылды.  Абай-

Алманиязов, Жанқожа 3 км, Айбосынов-Желтоқсан көшелері қиылысында орналасқан 

қоғамдық колонкалар жаңадан ауыстырылды. 

Құрылыс,  автомобиль  жолдары. 2015 жылы  құрылыс  салуға  рұқсат  беретін 

құжаттарсыз құрылыс жүргізген 5 нысанға айыппұл салынды. Жер учаскелерін артық 

қоршап,  заңсыз  жер  пайдаланып  отырған 8 жеке  тұлғаға  ескертпелер  беріліп,  жер 

учаскелері қалпына келтірілді. 3 жеке тұлғаға облыстық жер инспекциясы тарапынан 

əкімшілік  айыппұл  салынды. 40 жеке  тұлға  артық  қоршалған  жер  учаскелерін  қайта 

қалпына келтірді.  

Өткен  жылы  Əйтеке  би  кентінің 5-квартал  аумағынан 160 орындық  дене 

шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 

Жаңқожа  батыр 3 км  учаскесінен  "Қолжетімді  тұрғын  үй-2020"  бағдарламасы 

шеңберінде  салынған  арендалық  тұрғын  үйлерді  инфрақұрылыммен  қамтамасыз  ету 

жұмыстары толық аяқталды. 



Əйтеке  би-Басықара  автожолы  бағытында 56 гектар  жер  көлеміне  əзірленген 

түбегейлі  жоспарлау  жобасына  сəйкес  жаңа  тұрғын  кварталдың  инфрақұрылымына 

жоба сметалық құжаттары əзірленуде. 

2015 жылы «Əйтеке би-Қазалы» автомобиль жолының 0-7 км аралығына орташа 

жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселді. 35 көшеге қиыршықтас қабаты 

төселсе,  Жанқожа  батыр  көшесінің 1,1 км  автомобиль  жолы  қайта  асфальтталды.         

11 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Кенттің  Қ.Пірімов  көшесінің  бойындағы  спорт  мектебінің  алдына,         

5-кварталдағы Қазалы көлік техникалық колледжінің алдына жасанды жол кедергілері 

орнатылып,  көшелерге 120 дана  жол  белгілері  қойылды.  Əйтеке  би,  Қ.Пірімов 

Т.Бөріқұлақов көшелеріне екі рет жол жолақтары сызылды. 

Газдандыру.  «Бейнеу-Бозой-Шымкент»  магистральды  газ  құбырынан  «Əйтеке 

би»  автоматтандырылған  газ  тарату  станциясына  дейінгі  газ  құбырының  құрылысын 

салу  жұмыстары  жоспарлы 38 

218 метр  газ  құбыры  құрылысын  аяқтап, 

автоматтандырылған  газ  тарату  станциясы,  УПОУ  (узелприемаочистныхустройств) 

құрылысы  толығымен  орындалды.Жалпы  орнатуға  тиісті  ГРПШ-нің 28 орнатылса,         

14 дайындалуда жəне 5-квартал аумағында 4 ГРПШ арқылы газ берілуде. 

1265 азаматтан газ желісіне қосылу жөнінде техникалық шарттын  сұрау туралы 

өтініш түсті. 1140 тұрғын үй өлшеніп, мамандармен 1000 жоба дайындалды. 213 үйге 

құрылыс  монтаж  жұмыстары  атқарылды.  Газдандыру  жұмыстарына  Хоум  Кредит 

банкі  арқылы 10 пайыздық  несие  алу  мүмкіндігі  қарастырылып, 33 адам  осы 

мүмкіндікті  пайдаланған.  Кент  бойынша  бүгінгі  күнге 70 тұрғын  үй  газды 

пайдалануда. 

Қазіргі  таңда 8 жеке  серіктестік  газдандыру  жұмыстарын  жүргізуде.  Олар 

бастапқы  төлемақы  келісілген  шартта  көрсетілген  барлық  соманың 40 пайызын,  

қалған 60 пайызын    екіге  бөліп  төлеу  мүмкіндігімен  қатар,  соғыс  ардагерлері  мен 

мүгедектерге 10 пайыздық жеңілдік беру мəселесін қарастырған.  

Кенттегі  əлеуметтік-мəдени  нысандардың    бу  қазандықтарын  газ  өнімдеріне 

бейімдеу  жұмыстарының  жоба-сметалық  құжаттарын  əзірлеп,  мемлекеттік 

сараптамадан  өткізуге  жергілікті  бюджеттен 7 611, 9 мыңтеңге  қаржы  бөлініп,  тиісті 

жұмыстар атқарылуда. 

Жылу  жүйесі.  Əйтеке  би  кентінде  орталықтандырылған  жылумен  қамтитын 

«Қазалы-Теміржолжылу»  МКК  кəсіпорны  бекітілген  кестеге  сəйкес 4 бу  қазандығы 

жəне  оның  қосалқы  құрылымдарына, 5 дана  жылу  тарату  орталықтарына  жəне         

1405 метр жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстар  жүргізді. 

2015-2016 жылу беру маусымына жоспар бойынша 6000 мың тонна мазут қажет. 

Мазут  отынын  босатушы  оператор  «ҚазМұнайГаз  өңдеу  жəне  маркетинг»  АҚ-мен 

келісімшарт жасалынды. 

2013  жылы  басталған  жалпы    құны 1 млрд. 35 млн. 246 мың  теңге  болатын 

«Қазалы  ауданы  Əйтеке  би  кентінің  жылумен  қамту  жүйесін  кеңейту»  жобасы 

бойынша  құрылыс  жұмыстары 5,44 шақырым  болатын    2  желілік  жылу  трассасы,         

9  орталық  жылу  тарату  пункті  жəне 1 насос  станциясын    қамтиды.  Қазіргі  таңда 

Əйтеке  би  кентіндегі  жылумен  жабдықтау  жүйесін  кеңейту  нысанына  жерге 

орналастыру  жүргізу  жəне  сəйкестендіру  құжаттарын  əзірлеу  жұмыстары  аяқталды. 

Жоба бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне барлығы 18 нысанның қосылуы 

қаралған.  

«Мелиоратор»  мөлтек  ауданына  орталықтандырылған  жылу  жүйесін  орнатуға 

калкуляциялық есептемесі əзірленіп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде .  



Кəріз  жүйесі.  «Сумен  жабдықтау  нысандарын  жөндеу  жəне  пайдалану» 

мемлекеттік  коммуналдық  кəсіпорны  арқылы  сарқынды  суларды  бұру  Əйтеке  би 

кентінде  орналасқан  №1, 2, 3 КНС  жəне  бас  ГНС-пен  жүзеге  асырылады.  Кенттен         

7  шақырым  қашықтықта  орналасқан 6,41 га  болатын  сүзгіш  алаңына  айдалады. 

Орталықтандырылған  кəріз  жүйесіне  Əйтеке  би  кентінің  теміржол  аумағындағы 

нысандар  қосылған.  



Білім, денсаулық сақтау, мəдениет. Кентте 9 мектеп, 6 балабақша жəне 5 жеке 

балабақша бар болса, 2015 жылы кəсіпкерлердің жеке қаржысымен жаңадан қосымша 

3 жеке балабақша пайдалануға берілді. 

2015  жылы  жедел  жəрдем  бөліміне 1 санитарлық  автокөлік, 5 рация  алынды.  

Жыл көлемінде 38 дəрігер,  221 орта буын медицина қызметкерлері білімін жетілдірді. 

150 орындық жаңа типтік жобадағы аурухана ғимараты құрылысының жоба-сметалық 

құжаттары дайындалды.  

Кенттік  клубта  жыл  көлемінде 76 түрлі  мəдени-көпшілік  іс-шаралар  өткізіліп, 

оған 14060 көрермен қамтылды.  

Сыбайлас  жемқорлық  жəне  құқық  бұзушылыққа  қарсы  күрес.  Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күресті  күшейту  жəне  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу 

жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл көлемінде жұмыстар атқарылды.  

2015 жылы кент аумағында 580 қылмыстық іс тіркелген. Жолда жүру қағидасын 

бұзғаны  үшін 4661 құқық  бұзушылық  анықталды.  Жыл  басынан  бері  учаскелік 

полиция  инспекторларының  қатысуымен  қылмыстың  алдын-алу  бағытында 

профилактикалық жұмыстар жүргізілді.      

35  өрт  оқиғасына  байланысты  əкімшілік  құқық  бұзушылық  шаралары  көрілді. 

Төтенше  жағдайлардың  алдын-алу  жəне  болдырмау  мақсатында  мектептер  мен 

балабақшаларда, денсаулық сақтау мекемелерінде лекциялар өткізілді. Есепті мерзімде 

суға кету фактісі тіркелген жоқ. Əйтеке би кентінің аумағынан өтетін каналдарда жəне 

көпшілік  суға  шомылу  орындарында  ескерту  хаттар  таратылып,  түсіндірме 

жұмыстары жүргізілді. 

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер: 

-  Əйтеке  би  кентіндегі  көшелерді,  жаяу  жүргіншілер  жолдарын  кезеңімен 

жөндеуден өткізіп, түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру; 

-  Кенттің  шет  аймағындағы  жаңадан  ашылған  кварталдардың  проблемалық 

мəселелерін шешуге жұмыстар жасау; 

- Кент тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту мақсатында қабылданған 

мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жəне сапалы орындалуына қол жеткізу; 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес азаматтарға тұрғын үй салу 

үшін  жер  учаскелерінің  кезектілігімен  берілуіне  жəне  жаңадан  ашылған  кварталды 

инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмыстар жасау; 

Əйтеке би кентінен жаңадан салынған полигон жұмысын үйлестіру; 

Əйтеке би кентін газдандыру жұмыстарын жүргізуді үйлестіру; 

-  Əйтеке  би  кентінің  кəріз  жүйесінің  жобасын,  аяқ  сумен  қамту  жобасын 

қаржыландыруға жұмыстар жүргізу;  

- «Қолжетімді тұрғын үй-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларын іске 

асыруды ұйымдастыру; 

- Жастарды өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араластыру мақсатында олардың 

жұмыс орындарымен қамтылуына жұмыстар жүргізу; 

- «Тұрғын-үй  коммуналдық  шаруашылығын  жаңғырту»  бағдарламасы  аясында 

кенттегі көпқабатты тұрғын үйлерге кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізу; 




- 5-кварталдың əлеуметтік жағдайын жақсартуға, оның ішінде мəдени, спорттық 

кешендер салуға, тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашуға жұмыстар жасау; 

-  Кентте  орналасқан  қорымдарды  қоршау  жəне  күтімге  алу  жұмыстарын 

ұйымдастыру; 

- Тұрғындардың мал шаруашылығымен айналысуына қолайлы жағдайлар жасау, 

кент сыртындағы мал жайылымдарын суландыру мəселелерін қолға алу; 

- Халықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуді қолға алу; 

- «Мелиоратор»  мөлтек  ауданына  абаттандыру  жұмыстарын  жүргізуді 

ұйымдастыру; 

- 5-квартал  аймағынан  жəне  Қазалы  қаласының  бағытындағы  жаңа  қоныстану 

аймағынан көп қабатты тұрғын үйлерді салуды қолға алу. 

 

 



 

                       Əйтеке би кентінің 

                                              əкімі    

 

 

 

С.Аманов 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орындағандар:Қ.Иманбаев 

 

 

            Қ.Сансызбаев 



 

 

            Т.Құлмұратов 



 

 

            Н.Күзембаев 



 

 

            Н.Сералиев 



 

 

 



 

жүктеу 72,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау