Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Халыққа қызмет және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» пәні бойынша
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: ___________м.ғ.к., профессор Булекбаева С.Е.
Психология және педагогика кафедрасы
«Халыққа қызмет және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету» пәні бойынша
5В090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі__________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды
20__ ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы _________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ ж. «___»______________ №____ хаттама
Пәннің мақсаты және тапсырмасы студенттерді халыққа қызмет және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың теориялық базасымен және халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің практикалық шеберлігі және дағдыларымен таныстыру, сонымен қатар, әлеуметтік іс-әрекеттердің қарастырылған салаларында студенттердің өздік жұмыс жасауларына алғышарттарды қалыптастыру.
Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.
Дәріске қалай дайындалу керек?
Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.
Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.
Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Семинарға қалай дайындалу керек?
Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.
Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.
Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.
Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.
Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.
Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.
Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.
Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.
Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.
Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет
1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.
2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
3. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек.
4. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.
3 семестр
Пән тақырыптарының мазмұны
11 тақырып Әскери қақтығысқа қатысқандарға және олардың отбасыларына әлеуметтік-психологиялық жәрдем
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар. Соғыс әрекеттеріне қатысушыларды әлеуметтік бейімделу. Соғыс әрекеттеріне қатысушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
Семинар сұрақтары:
Женева конвенциясы жеке адамдың құқықтары және оған тән адам қасиеттерді құрметтеу принциптері туралы.
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар.
Соғыс әрекеттеріне қатысушыларды әлеуметтік бейімделу.
Соғыс әрекеттеріне қатысушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
Негізгі әдебиет: 1,3,5
Қосымша әдебиет: 12, 14, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында соғыс әрекеттеріне қатысушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
Әскери қақтығысқа қатысқандарға және олардың отбасыларына қазіргі әлеуметтік жағдайы
Әскери қақтығысқа қатысқандарға және олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетудің мөделі
Жүргізу формасы: Презентацияларды жеке құрастырып, топтық дискуссия жүргізу.
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [2] 225-235 бет, [3] 55-75 бет, қосымша әдебиет [8] 32-39 бет
12 тақырып Катастрофалардан зардап шеккен балаларға әлеуметтік-психологиялық жәрдем
Дағдарыс жағдайларда халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету. Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға қатысты өзекті проблемалары. Дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралар.
Семинар сұрақтары:
Дағдарыс жағдайлар туралы түсінік.
Катастрофа жағдайларда балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.
Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және дағдарыс жағдайларына ұшырыған адам құқықтарын қорғау.
Апаттарға ұшырағандардың құқығы.
Апаттарға ұшырағандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.
Негізгі әдебиет: 1,2,5
Қосымша әдебиет: 13, 15.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында дағдарыс, катастрофа жағдайларда халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
Катастрофалардан зардап шеккен балаларға әлеуметтік-психологиялық жәрдем беру үлгісі
Жүргізу формасы: Презентацияларды жеке құрастырып, топтық дискуссия жүргізу
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 15-35 бет, [2] 15-18 бет, [3] 45-88 бет, қосымша әдебиет [15] 21-66 бет.
13 тақырып Зорлық-зомбылық көрген құрбандарына әлеуметтік –психологиялық жәрдем
Қазіргі кезеңдегі зорлықтың садағаларына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету құрылымы, әдістемелік негіздері. Зорлықтың садағалары тұлғаның психикалық сферасының дамуын, дамудың диагностикасы, түзету, жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі психология теориясы мен практикасының негізгі және қосымша маңыздылығы.
Семинар сұрақтары:
Зорлыққа ұшыраған адамдарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
Тұрмыстық зорлық-зомбылық.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлерi.
Жеке профилактикасы шаралары.
Негізгі әдебиет: 1,3,5
Қосымша әдебиет: 12, 14, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында зорлыққа ұшыраған адамдарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
Зорлық-зомбылық көрген құрбандарына әлеуметтік –психологиялық жәрдем беруді ұйымдастыру және үйлестіру.
Жүргізу формасы: Презентацияларды жеке құрастырып, топтық дискуссия жүргізу
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 5-10 бет, [2] 15-18 бет, [3] 4-8 бет, қосымша әдебиет [10] 1-6 бет.
14 тақырып Дезадаптациялы балаларға және жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық жәрдем
Дезадаптация. Деструктивті мінез-құлқы. Балалар өмірінің сапасын құқықтық және әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету. Балалардың заңды мүдделерін ескере отырып мемлекеттік әлеуметтік саясат саласындағы заңнамаларды жетілдіру. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және болдырмау жолдары.
Семинар сұрақтары:
Білім мекемелеріндегі кері бейімделінген балалар және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс.
Балалықты әлеуметтік қорғаудың мазмұны мен мәні.
Балалардың құқығы және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы нормативті және негізгі заңнамалар.
Дезадаптациялы балаларға және жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық жәрдемнің түрлері
Негізгі әдебиет: 1,3,5
Қосымша әдебиет: 12, 14, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында кері бейімделінген балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
Баламен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру құрлымы.
Денсаулығына қатысты мүмкіншілігі шектеулі балалармен мүгедек балалар және олардың отбасын реабилитациялаудың мақсатты бағдарламасы.
Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы.
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 15-35 бет, [2] 15-18 бет, [3] 45-88 бет, қосымша әдебиет [15] 21-66 бет.
15 тақырып Жастарға әлеуметтік–психологиялық жәрдем
Жастармен әлеуметтік жұмысы. Жастарға әлеуметтік–психологиялық жәрдем берудің негіздері. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру құрлымы. Жастардың құқығы және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы нормативті және негізгі заңнамалар
Семинар сұрақтары:
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуді ұйымдастыру құрлымы.
Жастармен әлеуметтік жұмыс.
Жастардың құқығы және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы нормативті және негізгі заңнамалар
Девианттық мінез-құлқы бар жас адамдармен әлеуметтік жұмыс.
Негізгі әдебиет:1, 2,3,4
Қосымша әдебиет: 8,11, 12, 15, 16, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
1 Осы тақырып бойынша эссе жазу.
Әдістемелік ұсыныстар: Эссе – көркем әдебиеттің жанры. Автор қысқаша тандап алынған мәселе бойынша өзінің ой-пікірін талқылап, ортаға салады.
Жұмыстың нәтижелері жазбаша тапсырылады (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 15-30 бет, [2] 1-18 бет, [3] 45-48 бет, қосымша әдебиет [12] 34-36 бет.
16 тақырып Қашқындар және мигранттарға әлеуметтік-психологиялық жәрдем
Қазіргі әлемдегі «миграция», «қашқын» ұғымдары. Осы мәселенің себептері. Қашқын мен мигранттарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.
Семинар сұрақтары:
Қашқындар және мигранттармен әлеуметтік жұмысының ерекшеліктері.
Қашқын мен мигранттарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
Негізгі әдебиет: 2,4,5
Қосымша әдебиет: 13, 16, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында қашқын мен мигранттарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
1 Қашқындар және мигранттарға әлеуметтік-психологиялық жәрдем көрсетудің ерекшеліктері
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 2-20 бет, [4] 12-16 бет, [5] 1-3 бет, қосымша әдебиет [15] 23-29 бет.
17 тақырып Аз ұлттарға әлеуметтік-психологиялық көмек
Этнос. Ұлт. Жеке адамның құқығы. Аз ұлттарға әлеуметтік көмек көрсету
Семинар сұрақтары:
Аз ұлттарға әлеуметтік-психологиялық көмегінің ерекшелігі.
Қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) Қазақстан Республикасы территориясында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің әдістері, міндеттері мен қағидалары.
Негізгі әдебиет: 1, 2, 7.
Қосымша әдебиет: 10, 11.
Әдістемелік ұсыныстар: Студенттер дәріс мәтінді, негізгі және қосымша әдебиетті қолданып сұрақтарға жауап беріп, конспект жасайды.
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
1 Осы тақырып бойынша эссе жазу.
Әдістемелік ұсыныстар: Эссе – көркем әдебиеттің жанры. Автор қысқаша тандап алынған мәселе бойынша өзінің ой-пікірін талқылап, ортаға салады.
Жұмыстың нәтижелері жазбаша тапсырылады (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [2] 2-5 бет, [4] 5-45 бет, [5] 4-8 бет, қосымша әдебиет [12] 31-36 бет.
18 тақырып Жұмыссыз адамдарға әлеуметтік-психологиялық жәрдем
Жұмыссыздықтың себептері. Қазіргі әлемдегі жұмыссыздық мәселесі. ҚР жұмыссыздықты жоюға арналған іс-әрекеттері. Жұмыссыз адамдарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.
Семинар сұрақтары:
Жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау.
Жұмыспен қамту саясаты. жұмыс күштерінің сұранымы мен ұсынысы араларындағы дисбаланс.
Халықтың анықталған категорияларды жұмысқа орналастырудың қиындығы.
Жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша заңнамамен белгіленген механизм.
Негізгі әдебиет: 1,3,5
Қосымша әдебиет: 12, 14, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында жұмыссыздарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
Жұмыссыз қалған адамға алгоритм ретінде кеңес беру.
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 1-5 бет, [2] 2-51 бет, [5] 6-20 бет, қосымша әдебиет [11] 2-6 бет.
19 тақырып Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік –психологиялық жәрдем
Баланың құқығы. Баланың құқықтары туралы заңңамасы. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік –психологиялық жәрдем.
Семинар сұрақтары:
Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс, Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы.
Босқындар және қараусыз қалғандар әлеуметтік мәселе ретінде.
Денсаулығына қатысты мүмкіншілігі шектеулі жетім балалар реабилитациялаудың мақсатты бағдарламасы.
Негізгі әдебиет: 1,2, 3,5
Қосымша әдебиет: 7, 10, 12, 14, 18.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
1 Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік–психологиялық жәрдем көрсетуге ұсыныстары
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 5-15 бет, [3] 2-8 бет, [4] 20-26 бет, қосымша әдебиет [13] 10-50 бет.
20 тақырып Мүгедектерге әлеуметтік –психологиялық жәрдем
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі құқықтық негіздемелері. Мүгедектердің жағдайларын қарастыру. Мүгедектердің жағдайларын шешу жолдарын табу. Денсаулығына қатысты мүмкіншілігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмысы. Мүгедек балалар және олардың отбасын реабилитациялаудың мақсатты бағдарламасы. Мүмкіндігі шектеулі адамдардын әлеуметтік қорғау, қоғамға кірігу, ақпаратқа қол жеткізу, білім алу, денсаулық жағдайын ескере отырып, қызмет түрін еркін таңдау, кепілді тегін медициналық көмек алу, кәсіби даярлау және қайта даярлау, мүмкіндігі шектеулі адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік қорғаудың медициналық үлгісінен медициналық-әлеуметтік үлгісіне көшу көрсетілді.
Семинар сұрақтары:
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Халыққа, оның ішінде мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.
Әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер жүйесін реформалау.
Негізгі әдебиет: 1,2,3
Қосымша әдебиет: 11,12, 16.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабақ барысында мүгедектерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету әдісті қолданудың түрлі аспекттерін ашуға бағытталаған бірқатар мысалдарды талқылау қажет
СОӨЖ талқылауға арналған тапсырмалар
1 Мүгедектерге әлеуметтік –психологиялық жәрдем көрсетудің мәселелері
Әдістемелік ұсыныстар: Жұмыстың нәтижелері презентация күйінде көрсетіп (көлемі 1 бетке дейін). Ұсынылған әдебиеттерде материалдарды табуға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: [1] 20-21 бет, [2] 13-19 бет, [3] 5-8 бет, қосымша әдебиет [12] 12-21 бет.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Агафонов А.Н., Менлибаев К.К. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие. -Караганда, 2008.
Кожамкулова Л.Г. Социальная работа города: принципы и направления. - Алматы, 2009.
Козлов А.А., Иванова Г.Б. Практикум социального работника. - М., 2011.
Павленок П.Д. Теория, история и методика социальной работы. -М., 2008.
Социальная работа. /Под ред. В.И.Курбатова. -М., 2009.
Қосымша:
Социальная работа: теория и практика. / Под ред. Е.И. Холостовой, А.С. Сорвиной. -М., 2007.
Технологии социальной работы. / Под ред. И.Г.Зайнышева. -М., 2007.
Технологии социальной работы: Учебник. / Под ред. Е.И. Холостовой. -М., 2006.
Территориальные социальные службы: теория и практика функционирования.-М., 2005.
Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности /Под общей ред. профессора П.Д. Пав ленка. - Учебное пособие. - М., 2006.
Технологии социальной работы / Под ред. Чернецкой А. А. Учебник. - Р/н/Д., 2006.
Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы.-М, 2006.
Холостова Е.И. Социальная работа с пожилыми людьми.-М.,2006.
Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация. -М., 2006.
Холостова Е.М. Социальная работа. -М., 2004.
16.Авдеев В. Психотехнология решения проблемных ситуаций.-М., 2005.
17.Гуслякова Л.Г., Кувшинникова В.А., Синцова Л.К. Сборник задач и упражнений по социальной работе. - М., 1994.
18.З.Баймагамбетов С.З. Современная социально-культурная политика Республики Казахстан, разработка, реализация, проблемы. -Астана, 2001.
19.Леонова А.Б., Кузнецова А.С. Психопрофилактика стресса. -М., 1993.
20.Фирсов М.В., Шапиро Б.Ю. Психология социальной работы. Содержание и методы психосоциальной практики -М.,2002.
Достарыңызбен бөлісу: |