Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2],[3],[14],[15],[18],[17],[12].
5-тақырып. Сын есім. Шырай категориясы
Сын есім заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын басқа да сан алуан түрлі қасиеттерін білдіретін сөз табы екендігі. Осы ерекшелік оның зат есіммен тіркесте қолданылуын керек ететінні. Сын есімнің өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бары. Сын есімнің мағыналық жағынан үлкен: екі топқа бөлінетіндігі: сапалық сын есімдер, қатыстық сын есімдер. Сапалық сын есімдер заттың әр алуан белгілерінің сапасын, сипатын, түрі, түсін, аумағы мен салмағын т.б. да сындық белгілерін білдіретіндігі. Сапалық сындардың басым көпшілігінің негізгі түбір болғанымен, тарихи жағынан туынды түбірге жататын сын есім сөздер да бар. Сапалық сындардың құрамы өте баяу болса да, толығып отыратыны.
Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері.
Қатыстық сын есімдер заттың сан алуан белгілерін басқа заттардың қатысы арқылы білдіретіні. Қатыстық сындардың морфемдік құрамы: негізгі морфема, көмекші морфемадан тұратыны, әрқайсысысның атқаратын қызметі. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі. Сын есімдерді құрылымына қарай ерекшілігі.. жалаң және күрделі түрлері бары. Жалаң сын есімдердің негізгі және туынды түбір сын есім болып бөлінетіні. Күрделі сын есімдердің ең кемі екі сөзден құралатыны, оның ішкі құрамының түрлілігі: 1) көк ала, қара шұбар, қара көк, ал қара көк; 2) ақ көйлекті, қара қалпақты; 3) жібек көйлекті, түлкі тымақты; 4) үлкен-кіші, таулы, таусыз т.б.
Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сын есімінің шырай категориясы екендігі. Шырай категориясының өзіндік мағынасы, ол мағынаны білдіретін көрсеткіштері бары. Шырай категорясының мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі. Соған қарай шырайдың бірнеше түрлері бары. Шырай түрлері топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі.
Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары., әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |