Тема] меню құрамынан [Start Editing] [Начать редактирование] таңдаңыз.
[Open Theme Table] [Открыть таблицу темы] дегенді басыңыз
Тақырыпты өзгертудің атрибуттық кестесі пайда болады. [Edit] [Редактировать] менюсынан [Add Field] [Добавить поле] дегенді таңдаңыз. [Field Definition] [Определение поля] әйнекшесінде жаңа өрістің атауын енгізу керек. Оның түрі [Type] мен енін [Width] таңдап, [ОК] басыңыз.
Енді әрбір нүкте үшін мәндерін енгізе аласыз.
4. Нүктелі нысандарды өзгерту
Нүктені жоюға да болады, оны жылжытуға да болады. [Theme] [Тема] менюсынан [Start Editing] [Начать редактирование] таңдаңыз.
[Select] [Указатель] көмегімен, қалағаннүктені таңдаңыз.
Бірнеше нүкте таңдау үшін [Shift] клавишасын ұстап тұрып таңдаңыз. Егер нүктені жою керек болса [Delete] басыңыз. Жылжыту үшін, оны таңдап мышкамен ұстап тұрып жылжытыңыз.
5. Жобаны сақтау
ArcView жобаның кез келген компонентінде істеген жұмысыңызды сақтай аласыз. Жұмысты қайтадан басғанда, ол сол күйден басталады. Сақтауды жұмыстың кез келген сатысында жасай аласыз.
Сақтау үшін [Fail] [Файл] менюсынан [Save Project] [Сохранить Проект] дегенді таңдаңыз немесе CTRL+S басыңыз.
6. ArcView жұмысын аяқтау
ArcView жұмысынан шыққан сайын, егер ешқандай өзгерістер болмаса, ArcView сенасты аяқтауға дейін өзгерістерді сақтаудың қажеттілігі туралы сұрайды.
ArcView шығу үшін [Fail] [Файл] менюсынан [Exit] [Выход] немесе [Quit] [Завершить] таңдаңыз немесе Windows үшін [Control-menu] жақтаушасын екі рет басыңыз.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
ArcView жобасын қалай ашады?
ArcView нүктелі тақырып деген не?
Жаңа нүктелі нысан жасап көрсетіңіз.
ArcView жобасында нүктелі нысан туралы атрибуттық ақпарат қалай сақталады?
Мысал түрінде атрибуттық кестенің құрылымын көрсетіңіз
Нүктелі нысанның кеңістік бейнесі мен атрибуттық ақпараттарын қалай өзгертуге болады?
ArcView жобасын қалай сақтайды?
ArcView жұмысын қалай аяқтау керек?
Ескерту:
Нүктелі тақырыпты жасау және өзгерту жөніндегі зертханалық жұмысты жүргізу үшін нүктелі нысандард ретінде оқытушы берген нысандар алынады. Студент жобаның шеңберіне сәйкес келетін және оқытушымен бекітілген нұсқаларын да енгізе алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы.. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Толок А.В., Щепилов В.Н. Толковый мини-словарь основных терминов по геоинформатике. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Курс бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
"Введение в геоинформационные системы". - Запорожье, ЗГУ, 2000.
ArcView GIS. Руководство пользователя.
Зертханалық жұмыс №5
Сызықтық тақырыпты жасау және өзгерту
Жұмыстың мазмұны
1. Жаңа сызықтық тақырыпты жасау
2. Қосу режимін орнату
3. Сызықтық нысандарды жасау
4. Сызықтарды бөлу
5. Сызықтарды қосу
6. Сызықтық нысандарға атрибуттарды қосу
Мақсаты - Arc View GIS пакеті ортасында сызықтық тақырыпты жасауға, картографиялық негізіне сызықтық нысандарды салуға, атрибуттық кестенің жасап, толтыруға, сызықтық нысан мен оның атрибуттарының кеңістікте орналасуын өзгертуге үйрену
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Жаңа сызықтық тақырыпты жасау
Жаңа тақырып қосылатын [Views] [Вид] көріністі ашыңыз немесе жаңасын жасаңыз. [Views] [Вид] менюсынан [New Theme] [Новая тема], нысанның түрін [Line] [Линия] таңдап, [ОК] басыңыз.
2. Қосу режимін орнату
Сызықтық нысандарды (мысалы, көшелерді) жасамас бұрын олар қиылыса ма немесе бойлас болама екенін анықтап алыңыз. Егер барлық көшелердің соңғы нүктесі ортақ болғаны қажет болса, замыкание (snapping) режимін орнату керек.
Егер барлық сызықтық нысандарды басқа сызықтық нысандармен өз-өзімен қосылғанын қаласаңыз, общее замыкание ArcView режимін орнатыңыз.
Жалпы қосылуы – жаңа нысан қосылғаннан-ақ нысандарды қосатын режим.
Көшелер қосу режимін орнатпай жасалған
|
|
Көшелер қосу режимін орнатып жасалынған
|
3. Сызықтық нысандарды жасау
Енді сызықтық тақырыпқа жаңа сызықтық нысандарды қосуға болады: сурет салу құралында басыңыз және құралдар тізімінен [Line] [Линия] басыңыз.
Әрбір бастапқы және соңғы сызқтық шыңын енгізу керек.
Қосудың келесі опцияларын таңдауға болады:
- [Snap to Vertex] [Замкнуть на вершину] - басқа сызықтың шыңына қосады;
- [Snap to Boundary] [Замкнуть на границу] – келесі шыңды басқа сызықтың ең жақын бөлігіне қосады;
- [Snap to Endpoint] [Замкнуть на конечную точку] – келесі шыңды басқа сызықтың ең жақын соңғы нүктесіне қосады;
- [Snap to Intersection] [Замкнуть на пересечении] –келесі шыңды екі немесе одан көп сызықтардың ең жақын ортақ торабына қосады.
4. Сызықтарды бөлу
Мысал 1. КӨШЕЛЕР тақырыбында салынған көшелерді қиып өтетін көшені салу керек. Көшелер қиылысатын жерде тоғысуды жасауға болады.
Егер көшелер бөлінбесе жаңа көше бұрын салынған көшелермен байланыссыз болады, және олардың үстінен өтеді. ArcView бағдарламасында [Разбить линию] қолданып, басқа сызықпен қиылысқанда өзі де бөлінетін және өзі қиып өтетін көшелерді де бөлетін сызық салуға болады.
Мысал 2. Тақырыпта тек қана бір көше, ал атрибуттық кестеде Polyline деген бір ғана жазу бар. .
[Split Line] [Разбить линию] құралының көмегімен басқа сызықты қоу керек, оны белгілі [Line] [Линия] құралдың көмегімен салады.
Бұрыңғы сызық та, жаңа сызық та қиылысу нүктесінде жеке екі бөлікке бөлінеді. Енді тақырыпта 4 көше, ал атрибуттық кестеде 4 жазу бар.
Ескерту. [Split Line] [Разбить линию] құралымен салынған сызық бірнеше объект жасау үшін кем дегенде бір сызық арқылы өту керек.
5. Сызықтардың қосылуы
Сызықтық тақырыпты түзеткен кезде, таңдалған сызықтарды бір сызықтық объектіге қосуға болады, ол үші [Объединение объектов] қызметін пайдаланады:
[Select ] [Указатель] құралымен біріктірілетін сызықты таңдаңыз.
[Edit] [Редактировать] мәзірінен [Union Features] [Объединение объектов] құралын таңдаңыз.
6. Сызықтық нысандарға атрибуттарды қосу
Жаңа сызықтық тақырыпты жасағанда оған өздігінен атрибуттар кестесі жасалынады.
Осы тақырыпқа жаңа сызық қосылғанда ArcView тақырыптың атрибуттық кестесіне жазу енгізеді.
Кез келген кезде кестеге сызықтық ақпараттар туралы жаңа өрістерін енгізуге болады.
Сызықтық тақырыптың атрибуттық кестесіне әрбір сызықтық нысанның ұзындығы көрсетілетін өрісін қосуға болады.
Зертханалық жұмыс №6
Сызықтық тақырыпты жасау және өзгерту
Жұмыстың мазмұны
Сызықтық тақырыптың атрибуттар кестесіне ұзындық өрісін қосу
Сызықтық нысандарды қосу
Жаңа шыңын қосу
Шыңын жою
Бір сызықты өзгерту
Шыңын жылжыту
Бірнеше сызыққа ортақ торапты жылжыту
Мақсаты - Arc View GIS пакеті ортасында сызықтық тақырыпты жасауға, картографиялық негізіне сызықтық нысандарды салуға, атрибуттық кестенің жасап, толтыруға, сызықтық нысан мен оның атрибуттарының кеңістікте орналасуын өзгертуге үйрену
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЭЕМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Сызықтық тақырыптың атрибуттар кестесіне ұзындығын көрсететін өрісті қосу
Ұзындығын есептеу керек сызықтық нысандардың атрибуттарын көрсететін кестені ашыңыз.
[Edit] [Редактировать] мәзірінен [Start Editing] [Начать редактирование] құралын басыңыз.
Кестеге сандық өрісін енгізіңіз. Осы мысалда ол (Length) Длина.> деп аталынды.
ӨРІСТІҢ КАЛЬКУЛЯТОРЫ әйнекшесін ашу үшін [Calculator] [Калькулятор] құралын басыңыз.
[Length]= деп белгіленген әйнекшесіне [Shape].ReturnLength деген жолақты енгізіп, [ОК] басыңыз.
Length өрісі сызықтық тақырыптың атрибуттар кестесінде өздігінен есептелінеді.
Атрибуттар Streets.shp
|
Shape
|
Length
|
Polyline
|
504.503
|
Polyline
|
452.303
|
Polyline
|
1168.428
|
Polyline
|
1192.736
|
2. Сызықтық нысандарды өзгерту
Шыңдарын жылжытып, қосып немесе жойып, сызықтың пішінін өзгерту үшін [Vertex Edit] [Редактировать вершины ] құралын басыңыз.
Сызықты түзеткенде объект таңдалалытн әдіспен топологияны сақтау қажеттілігін анықтай аласыз:
- бір ғана сызықты таңдағанда, шыңның кез келген өзгерісі бір ғана сызықтың пішініне әсер етеді.
- екі сызыққа да жататын сызықтың бір шыңын өзгерткенде, шыңның кез келген өзгерістері ек ісызыққа да әсер етеді.
- екі немесе одан да көп сызыққа ортақ түйінін таңдағанда осы түйіннің кез келген өзгерісі барлық түйістірілген сызықтарға әсер етеді.
3. Жаңа шыңын қосу үшін
Курсорды жаңа шыңын қосатын сызыққа орналастырыңыз. Курсор орналасқанда, мышканың сол жақ басқышын басыңыз.
4. Шыңын жою үшін
Курсорды жойлатын шыңның үстіне орналастырыңыз. Курсор крестик түрінде көрінгенде, клавиатурадағы [Delete]басқышын басыңыз.
5. Бір сызықты өзгерту үшін
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Сызықтарға басыңыз. Әрбір шыңы квадраттармен көрсетіледі. Енді шыңдарды жылжытқанда, қосқанда немесе жойғанда, тек бір сызық қана өзгереді.
6. Шыңды жылжыту үшін
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Ортақ сызықтық сегментіне басыңыз.
Ортақ сегменттің әрбір шыңы квадратпен көрсетіледі және ортақ сегменттің әрбір соңғы нүктелерінің шыңы дөңгелекшемен көрсетіледі.
Енді шыңдарын жылжытқанда, қосқанда немесе керісінше жойғанда, сызықтың екеуі де өзгереді.
7. Бірнеше сызыққа ортақ түйінін жылжыту үшін
[Vertex Edit] [Редактировать вершины] басыңыз.
Екі немесе бірнеше сызыққа ортақ түйінді басыңыз.
Шыңның шаршы белгісі осы түйінде пайда болады және әрбір сызықтың жақын шыңдарында дөңгелекшелер шығады.
Енді ортақ түйнді жылжытқанда, оған жататын барлық сызықтар өзгереді.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
ArcView қалай ашылады?
ArcView бағдарламасындағы тақырыптық сызық деген не?
Жаңа сызықтық нысанды жасап көрсетіңіз.
ArcView бағдарламасында сызықтық нысан туралы атрибуттық ақпарат қалай сақталады?
Атрибуттық кестенің құрылымн көрсетіңіз.
Сызықтық нысанның кеңістікте орналасуы мен оның атрибуттық ақпараттарын қалай өзгертуге болады?
ArcView жобасын қалай сақтау керек?
ArcView жұмысын қалай аяқтайды?
Ескерту:
Сызықтық тақырыптарды жасау және өзгерту бойынша зертханалық жұмысты өткізу үшін сызықтық нысандар ретінде оқытушы берген нысандар пайдаланылады. Студент жобаның шеңберіндегі сызықтық нысандарының өз нұсқаларын оқытушымен келісіп ұсына алады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Курс бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы.. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Толок А.В., Щепилов В.Н. Толковый мини-словарь основных терминов по геоинформатике. - Запорожье, ЗГУ, 2000.
Курс бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
"Введение в геоинформационные системы". - Запорожье, ЗГУ, 2000.
ArcView GIS. Руководство пользователя.
Зертханалық жұмыс №7
Көпбұрышты (полигонды) тақырыптарды жасау және өзгерту
Жұмыстың мазмұны
1 Жаңа көпбұрышты тақырыпты жасау
2. Көпбұрышты нысанды жасау
3. Көпбұрыштыларды бөлшектеу
4. Көпбұрыштыларды қосу
5. Көпбұрыштылардың қиылысуын жасау
Мақсаты - Arc View GIS жобасында көпбұрышты тақырыптарды жасауға, картографиялық негізіне көпбұрышты нысандарды салуға, атрибуттық кестелерін жасау және толтыруға, көпбұрышты нысанның кеңістікте орналасуы мен оның атрибуттарын өзгертуге үйрену.
Техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру: ЖЕЭМ, Windows 95/98/NT, MS Office, Arc View GIS.
1. Жаңа көпбұрышты тақырыпты жасау
Жаңа тақырып қосылатын [Views] [Вид] көрінісін ашыңыз.
[Views] [Вид] мәзірінен [New Theme] [Новая тема] ашыңыз. Ашылған әйнекшесінде төмен түсетін тізімде нысанның түрін [Polygon] [Полигон] таңдаңыз.
[ОК] басыңыз.
Жаңа бос көпбұрышты тақырып [Views] [Вид] көрінісіне қосылады.
2. Көпбұрышты нысанды жасау
Достарыңызбен бөлісу: |