1-3-сыныптар
2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптар жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен оқитын болады.
Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектебінде оқу процесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілеттіжеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен тәрбиелеусапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш мектептегібілім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны несімен ерекшеленеді:
- оқубағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген,яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарының жүйесі берілген;
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларын шешу және шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу».
Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың икемділігі мен әмбебаптылығыболып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен бөлімшелерді оқытудың бірізділігін, бөлім мен тиісті тоқсан аясында тақырыптарды немесе оқыту мақсаттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі.Мұғалімдер бірнеше оқыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқыту мақсаттарына жетуге жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындаудаоқыту мақсаттарын өзгертуге мүмкіндік береді.Мұғалім жоспарлау кезінде оқу материалын қайталау және бекіту сабақтарын алдын ала қарастыруы қажет. Шешім мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестіктерінде алқалы түрде қабылдануы мүмкін.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын үлгілеу маңызды.
Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарға сыныптар мен тоқсандар бойынша оқыту мақсаттары енгізілген.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқыту мақсаттары, сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша) оқу ресурстары берілген.
«Ресурстар» бағанында сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына көмек ретінде интернет-ресурстарға сілтемелер берілді. Оқыту мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау және оларды мұғалім өз сыныбы білім алушылармен даму деңгейлеріне қарайдамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар ұсыныс ретінде берілді.
Қысқамерзімдіжоспардынемесесабақжоспарын,ортамерзімдіжоспардың соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруыкерек.
1-3-сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесіндебілім алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын,өткен материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. тұжырымдайды.
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өз бетінше анықтайды.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет (51-кесте). Оқу пәндерінің компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптарда тоқсандар бойынша бөлінген.Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып, оның әрқайсысына сағат саны шамамен бірдей бөлінеді. Әр ортақ тақырыпқа сағат санынмұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай өзі өзгертіп отырады.
51-кесте – Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар
№
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
1
|
Өзім туралы
|
Өзім туралы
|
Жанды табиғат
|
2
|
Менің мектебім
|
Менің отбасым және достарым
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
|
3
|
Менің отбасым және достарым
|
Менің мектебім
|
Уақыт
|
4
|
Бізді қоршаған әлем
|
Менің туған елім
|
Сәулет өнері
|
5
|
Саяхат
|
Дені саудың жаны сау
|
Өнер
|
6
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Атақты тұлғалар
|
7
|
Тағам мен сусын
|
Қоршаған орта
|
Су – тіршілік көзі
|
8
|
Дені саудың жаны сау
|
Саяхат
|
Демалыс мәдениеті. Мерекелер
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныптарда – 24 сағатты, 2-сыныптарда – 25 сағатты, 3-сыныптарда – 29 сағатты құрайды.
1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ұлғайту әдісін жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек-қазан айларында соңғы сабақтар стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізу керек. Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің міндеті – кішкентай мектеп білім алушысының оқу қызметіне ішкі уәждемені қалыптастыру. Бірінші жартыжылдықта 1-сыныпта жиынтық бағалау жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей жоспарлайды.
1-сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын дамыту үшінсергіту сәтін уақытылы өткізу, 1-сынып білім алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.
2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, себебі пәндерді бір күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет, үй тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап етеді. Білім алушыларға үй тапсырмалары,оларды орындау мүмкіндігін ескере отырып мынадай шекте беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй тапсырмасы берілмейді.
Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады.Сабақ жоспарлау кезінде уәж, мақсат, оқу міндеті, мақсатқа қол жеткізу үшініс-әрекет тәсілдері, нәтижесі, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия ескеріледі. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардыңоқу-танымдық және оқу-практикалық іс-әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу. Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және саралап оқыту түрлеріарқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына бағдарланған сабақтың маңызды белгілеріоның мазмұнында бастауыш сынып білім алушыларынкең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы. ББ МЖМС негізгі міндеттерін іске асыру үшін тиімді педагогикалық технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді, тұлғалық бағдарланған оқыту тәсілінқолдану және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыкіріктіру қажет.
Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру маңызды орын алады. Бұлар семинарлар, тренингтер, педагогикалық қауымдастықтардыңотырыстары, коучингтер, конференциялар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, сабақтан тыс үйірмелер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психология-педагогикалық қолдауғаназар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-қан тамырлар жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына байланысты жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар және т. б.) көп көңіл бөлу керек.
Білім салалары бойынша пәндерді оқыту ерекшеліктері
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», оқыту орыс тілді емес сыныптарда «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» оқу пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Сауат ашу (1-сынып)
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, бұдан әрі тілдік және әдебиеттік білімге дайындық кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Оқыту процесінде сауат ашу үш кезеңге бөлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 30-35 және одан артық сөзді құрайды.
Бірінші сыныпта буынға бөліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы мәнін түсінуі, жекелеген сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінуі.
1-сынып білім алушылары:
2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);
сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау тоқсан аяқталғаннан кейін және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.Пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны берілген (52-кесте).
52-кесте – «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1тоқсан
|
2 тоқсан
|
3тоқсан
|
4 тоқсан
|
1 -сынып
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
*Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Қазақ тілі (Т1) (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірдеқолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастырудықамтиды.
53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі
Жазба
жұмыстарының түрлері
|
2-сынып
|
3-сынып
|
Сөздік диктант
|
5-7 сөз
|
9-12 сөз
|
Диктант
|
25-30 сөз
|
35-50 сөз
|
Мазмұндама
|
40-60 сөз
|
60-80 сөз
|
Шығарма
|
25-35 сөз
|
35-55 сөз
|
Мұғалім қажеттілігіне қарай қосымша жазба жұмыстарының түрлерін өткізе алады, сынып журналына олардың нәтижелері қойылмайды, ал аралық мониторинг түрі бойынша білім алушылардың жетістіктерін және жүргізілген жұмыстардың нәтижесі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстардың түрлерін және оның кезеңдерін мұғалім қалауы бойынша жүргізеді.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары баркритерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (54-кесте).
54-кесте – Пән бойынша жазба жұмыстарының түрлері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
|
Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)
|
- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей білу;
- грамматикалық тапсырмаларды орындау;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;
- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазу;
- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай білу
|
|
Мазмұндама
|
- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай білу;
- орфографиялық нормаларды сақтай білу.
|
|
Шығарма
|
жоспар құра білу;
ой бірізділігін сақтай білу;
орфографиялық нормаларды сақтай білу.
|
|
Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.
|
- есте сақтау арқылы мәтін жаза білу;
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қою;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексеру.
|
|
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.
|
- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.
|
|
Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге болады
|
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана білу;
|
|
Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.
|
- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре білу;
- бейнеленген суретті сөздермен жаза білу;
- емлені жазу барысында ережелерді қолдана білу
|
|
Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.
|
- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.
|
|
Өздік диктант
Білім алушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін білім алушыларға алдын ала ескертіп қояды.
|
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі
|
|
Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.
|
- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;
- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.
|
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (55-кесте).
55-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрайды.
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:
екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;
үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді.
56-кесте – Оқу дағдыларының нормалары
Сыныптар
|
І
жартыжылдық
|
ІІ
жартыжылдық
|
2-сынып
|
40-45 сөз
|
50-55 сөз
|
3-сынып
|
60-65 сөз
|
65-70 сөз
|
Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып табылатынын ескеру маңызды.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен дескрипторлары даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (57- кесте).
57-кесте – Пән бойынша жұмыс түрлерініңүлгісі
№
|
Оқудың түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
|
Алгоритм бойынша әңгіме құрау
|
- алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
- әңгімедегіоқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
- әңгіменіаяқтай алады;
- құралған әңгімені жазады
|
|
Кейіпкердің атынан хат
|
сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
дәйектілікті сақтайды;
кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
|
|
Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.
|
- өз хатына ат қоя алады;
- тірек сөздердіпайдалана отырып, ұсынылған тақырыпбойынша хат жазады;
- өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;
- сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;
- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады
|
|
Санамақ құрастыру
Санамақ –баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.
|
санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
санамақ құрастырудың принципін түсінеді;
өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды
|
|
Диалог
|
диалог түрінде сөйлесе алады;
диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады;
ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады;
сөздік қорын көрсете алады
|
|
Кітап жасау
Шығармашылықжобаның бұл түрін(жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликацияменәрлеуге болады. Кітап әртүрлімазмұнда бола алады:«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.
|
шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;
кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);
суреттермен әрлейді;
суреттер мазмұнына сәйкес келеді
|
|
Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.
|
екі немесі бірнеше сөздердің қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;
берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады
|
|
Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін ала алады.
|
әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір сюжетке біріктіре алады;
ойластырған ертегісі түсінікті;
оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
|
|
Аяқталмаған әңгіме
|
ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
әңгімені аяқтай алады
|
|
Оқылған шығармаға диафильм салу
|
мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;
әр бөлікке ат қояды;
дәйекті жоспар құрады;
диафильм салады
|
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (58-кесте).
58-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)
Целью обучения учебному предмету «Русский язык» (Я2) является формирование навыков аудирования (слушания), говорения, чтения и письма в соответствии с правилами речевого этикета и нормами употребления языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения.
Важность предмета «Русский язык» в образовательной программе определена тем, что он используется как средство межнационального общения в Республике Казахстан и играет немаловажную роль в создании полиязычного пространства.
Изучение предмета «Русский язык» способствует:
развитию коммуникативных навыков в устной и письменнойречи;
развитию связной речи (монолог, диалог,беседа);
развитию осознанного, правильного, беглого, выразительного чтения;- развитию творческоговоображения;
формированию общечеловеческихценностей.
Объем учебной нагрузки по предмету «Русский язык» (Я2) составляет:
1) в 1 классе – 2 часа в неделю, 66 часов в учебном году;
2) во 2 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году;
3) в 3 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году.
Положительным в обучении первому, второму и третьему языкам является введение единого речетематического режима, позволяющего расширить словарный запас, отрабатывать коммуникативные навыки в рамках интегрированной речевой тематики.
Таблица 59 – Примерные задания по навыкам речевой деятельности:
аудирование (слушание)
и говорение
|
чтение
|
письмо
|
артикуляционные разминки;
звуковой анализ слов;
восприятие звучащей речи, выделение из речевого потока языковых единиц (предложение, слово, слог, звук);выявление из прослушанного текста информации в соответствии с поставленной целью; составление диалога, принятие точки зрения собеседника;
постановка вопросов и формулирование ответов на основе прослушанного текста;составление высказываний на знакомые и интересные для учеников темы;составление рассказов по личным впечатлениям, картинкам, по аналогии с прочитанным;словесное рисование/описание;пересказ знакомых историй, сказок; чтение стихотворений наизусть; донесение информации до собеседника и слушателей.
|
работа над лексическим значением слова;игры со словами (анаграммы, нахождение слова в слове); прогнозирование развития событий по началу текста или по заголовку;использование различных видов чтения (чтение по ролям, ознакомительное чтение, поисковое чтение, комментированное чтение, чтение для нахождения информации, чтение для высказывания точки зрения, чтение с остановками, чтение за диктором);игра «в прятки» (ведущий начинает читать текст с любого места, не с начала, ученикам необходимо найти место, которое читает ведущий, и следить за чтением);
составление карты рассказа.
|
освоение зрительно-двигательных образов письменных букв и видов их соединений в слогах, сочетаниях, словах;звукобуквенный анализ слов и анализ предложений с последующей записью;
предоставление информации в форме рисунков и диаграмм;
списывание слов, предложений, текстов с печатного образца;восстановление деформированного предложения, текста;
письмо литературному герою;составление текста по опорным словам; письмо по памяти; запись нескольких предложений к серии картинок (подписывание картинок) как пересказ прочитанной истории;
корректирование собственных текстов с помощью учителя.
|
Суммативное оценивание по предмету предполагает проведение конкретного количества процедур суммативного оценивания (СОР) и за четверть (СОЧ) 1 раз в каждой четверти. Суммативное оценивание по предмету в 1 классе проводится с третьей четверти. Ниже представлено количество процедур суммативного оценивания за раздел/сквозную тему (таблица ххх).
Таблица 60 – Количество процедур суммативного оценивания по предмету «Русский язык» (Я2)
Класс
|
Количество процедур суммативного оценивания
за раздел/сквозную тему
|
1 четверть
|
2 четверть
|
3 четверть
|
4 четверть
|
1 класс
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
2 класс
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3 класс
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
* В суммативном оценивании за раздел/сквозную тему объединяются два вида речевой деятельности (например, слушание и говорение; чтение и письмо).
По предмету «Русский язык» (Я2) осуществляется деление класса на две группы. При реализации инклюзивного образования деление класса осуществляется из расчета уменьшения общего количества учащихся на три на каждого ребенка с особыми образовательными потребностями.
Шетел тілі
«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушыда өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарының диалогі, ұлттық бірегейлік, азаматтылық, моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы білім алушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді меңгертуге бағытталған:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлітапсырмалар;
ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмысжасау.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты;
2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
1-3-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру, шетел тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.
Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт-дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.
Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.
1-3-сынып бойынша бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.
62-кесте – 1-3-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс
Тақырыптар (Units)
|
Пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links)
|
1-сынып
|
All about me
|
The cross curricular links in this unit are learning the colours of the rainbow and performing simple addition and subtraction operations
|
My school
|
The cross-curricular dimension in this unit relates to links with early literacy in other subjects focusing on recognizing letter shapes as sound pictures and forming letters of regular size and shape betweenlines
|
My family and friends
|
The cross-curricular element in this unit relates to understanding and talking about kinship
|
The world around us
|
The cross-curricular links here are to aspects of geography relating to weather, seasons and types of terrain and habitat and to themes of cultural identity and international words
|
Travel
|
The cross-curricular links relate to means of transport and stayingsafe
|
Tradition and folklore
|
The cross-curricular themes in this unit relate widely to the themes of seasonal changes, traditional masks and the fairy tale genre
|
Food and drink
|
The cross-curricular links in this unit relate to foods which go together and animal food chains
|
2-сынып
|
All about me
|
The cross-curricular focus in this unit is different customs (greetings) in differentcountries
|
My family and friends
|
The cross-curricular elements in this unit relate to learning about script and using an alphabet code
|
My school
|
The cross-curricular elements in this unit relates to performing simple maths operations in English and talking about spaces and behaviour in school
|
The world around us
|
The cross-cultural elements in this unit are geography skills in terms of the political map and environmental awareness through the recognition of the shape and meaning of signs
|
Health and body
|
The cross-curricular elements relate to maths in measuring lengths and tabulating data and awareness of different types of sport
|
Tradition and Customs
|
The cross-curricular focus is Kazakh history and legends and cultural differences
|
The natural environment
|
The cross-curricular element relates to seasonal changes and the different types of limb that animals have
|
Travel
|
The cross curricular focus is mathematical in terms of learning the names of and spotting shapes and the making and design of moving parts of avehicle
|
3-сынып
|
Animals
|
The cross-curricular elements are related to science around themes such as food chains and animal anatomy
|
Light & Dark
|
The more general topic elements relate to being afraid of the dark and what we use different kinds of lights for
|
Time
|
The cross-curricular element in this unit relates to performing simple maths operations in English relating to conceptions of time
|
Buildings
|
The cross-curricular elements relate to the use of lines and shapes in design
|
Art & Music
|
The cross-curricular themes are instruments in music, and perspective and design in art
|
Explorers & Inventors
|
The contexts here are both cross-curricular (history), such as looking at stages in man going into space, steps in the invention and design of the bicycle, and Marco Polo and the development of the Silk Road
|
Water, water everywhere
|
The cross curricular dimension relates to understanding about the water cycle and different types of animal and plant life in and around the sea
|
Having fun
|
The cross-curricular elements relate to performing number maths operations and the principles of getting and keeping a kite in the air
|
1-3-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:
сабақта ұсақ моториканы дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмалардықолдану;
білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы ортақұру;
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болыптабылады;
білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндікбереді;
өз сөзін модельдеу, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуы және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анықайту;
мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды белсенді пайдалану (суреттер, ойыншықтар, постерлер), себебі олар білім алушылардың назарын жаңа сөздерді үйрену процесінде тиімді шоғырландырады;
білім алушылардың қызығушылығын арттыру және жұмыс нәтижелерін көрсету, өтілген материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орынға («сөйлейтін қабырға», көрме және т.б.) білім алушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартыпотыру.
9) іздестіру, өңдеу, тазарту, ақпаратжасаужәнеұсыну, ақпаратжәнеидеяалмасусияқтыАКТ-ғанегізделгендағдылардықолдануғаықпалету;
әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және өткен тақырыптар бойынша флэш карталар мен басқа да көрнекі құралдарды қолдана отырып, қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (63-кесте).
63-кесте. «Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2*
|
2*
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледіі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)
Мектептің шешімімен «Ағылшын тілі» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саныныңкему есебінен әрбір үш баланың ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика» және «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Математика
«Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат;
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
2) 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған критерийлер мен дескрипторлар бойынша әр түрлі қосымша тапсырмалар мен жұмыстарды жүргізе алады.
64-кесте – Жұмыс түрлері мен критерийлері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
1
|
Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.
|
- мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;
- есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;
- жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады
|
2
|
Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.
|
артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;
бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады
|
3
|
Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі.
|
есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;
есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;
есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;
сызба бойынша есеп құрастыра алады
|
4
|
Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.
|
заңдылық – бұл белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;
- элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
- топтастыра және қорытынды жасай алады.
|
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (65-кесте).
65-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1 сынып
|
-
|
-
|
3
|
3
|
2 сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3 сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Ақпараттық-комуникациялық технологиялар (АКТ)
2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәні республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 3-сыныптарына енгізіледі.
Бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектепте информатиканың базалық курсын меңгертудің пропедевтикасын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технологиялар әр түрлі білім беру салаларын кіріктіру үшін ресурстарды және техникалық құралдарды ұсына отырып, басқа оқу пәндерін оқытуда жаңа құралға айналып отыр.
«АКТ» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды оқуда және күнделікті өмірде тиімді қолдану үшін қазіргі ақпараттық технологиялардың базалық білімімен, білік және жұмыс жасау дағдыларымен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи цифрлық технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білім алушыларға мәлімет беру;
ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және әр түрлі формаларда жіберу дағдыларын қалыптастыру;
әр түрлі бағдарламалық қосымшаларды пайдалана отырып, білім алушылардың идеяларын ұсынуға мүмкіндік беру;
бір-бірімен сөйлесу, ақпарат алмасу және бірлесе жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалануға әрекет жасау;
білім алушыларды авторлық құқықтарды сыйлауды және компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
«Ақпараттық-комуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«АКТ» пәні бойынша оқыту процесінде қолданылатын әдістер мен тәсілдер мынадай:
ойын түрінде оқыту;
«компьютерсіз» оқыту;
«АКТ» құралдары қолданылатыншығармашылық тапсырмалар;
шағын жобалар.
Келесі тақырыптар бойынша:«Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернеттегі ауарайын болжау», «Мультимедиялық тарих», «Суреттер тарихынан тұратын шығарма, фотосуреттер, аудио жазбалар, видео, анимация, мультфильм және т.б. жобаларды өткізу ұсынылады.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныптапән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі.
66-кесте – Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны.
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
3 сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу, білім алушылар жалпы санының кему есебінен әрбір үш баланың ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұнында «Жаратылыстану» пәні ұсынылады.
«Жаратылыстану»
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» ғылыми білім жүйесі аясында қарапайым деңгейді қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану- ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәні пропедевтикалық курсымен оқу пәндерінің «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім беруден кейінгі деңгейлерде, сондай-ақ негізгі зерттеу дағдыларын қалайды, кез келген сала үшін маңызды болып табылады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысы «Мен – зерттеушімін» бөлімше мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтау технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
67-кесте – «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сыныптар
|
Жиынтық бағалаудың рәсімдері
|
І
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІ
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІІ
тоқсандағы ЖБ саны
|
ІV
тоқсандағы
ЖБ саны
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2
|
2
|
2-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» және «Өзін-өзі тану» пәндері арқылы беріледі.
«Дүниетану»
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалықпән.
Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:1-сыныпта – аптасына1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Дүниетану» пәні бойынша білім алушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
Мұғалім дүниетану сабақтарында пән бойынша қосымша жұмыс түрлерін өткізе алады. Өткізу мерзімі мен жұмыс түрлерін мұғалімнің өзі анықтайды. Төменде ұсыным ретінде критерийлері бар жұмыстардың түрлерікөрсетілген
(68-кесте).
68-кесте – Пән бойынша қосымша жұмыс түрлері
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/Дескрипторлар
|
1
|
«Сөздерді кестеге бөлу»
№
|
Бұл жануарға тән (мұны жануарлар ғана жасай алады)
|
Бұл адамға және жануарға тән (мұны адам да және жануар да жасай алады)
|
Бұл адамға тән (мұны адам ғана жасай алады)
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
Іріктелген сөздер жиынтығын көмек ретінде беруге болады: тыныс алу, қозғалу, ойлау, жасау, тамақтану, ұрпағына қамқорлық жасау, түрлі машиналарды ойлап табу, сурет салу, әуен шығару,олжасыныңізін аңду, ұзақ ұйқыға кету,азық табу, өсімдіктер өсіру, жануарларды асырау.
|
жануарларға не тән екенін біле алады;
адамға және жануарға не тән екенін біле алады;
адамға не тән екенін біле алады
|
2
|
«Өсімдікті таны»
Білім алушылар өсімдіктер туралы сипаттау мәтінін оқиды немесе тыңдайды.
- Мына өсімдіктіатаңыз.
- Адамдар оны қалай пайдаланады?
|
- өсімдіктің атауын сипаты бойынша анықтайды;
- бұл өсімдіктіңне үшін қолданылатынын біледі
|
3
|
«Жедел жәрдем» ойыны. Мысалы,
- Жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктер пайдаланылады? (алоэ, түймедақ, жолжелкен, орамжапырақ...)
- Қызуды басу үшінқандай өсімдіктерпайдаланылады?(таңқурай, лимон)
- Жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдік пайдаланылады? (валериан.)
-Қандай шөптің көмегімен қалай күн соққысынан құтылуға болады? (басқа түйежапырақты қою керек)
- Көруді жақсарту үшін қандай жемістерді адамдар тұтыну керек? (сәбіз, қаражидек.)
- Қай гүлдің тұнбасына шаш жуғанда сары түс береді?Оларды атаңыз. (гүл, түймедақ.)
|
- жараларды емдеу үшін қандай өсімдіктердің қолданылатынын біледі;
- қызуды басатын дәрі ретінде қандай өсімдіктерпайдаланылатынын біледі;
- жүрек ұстамасы кезінде қандай өсімдікті қолданатынын біледі;
- қандай шөптің көмегімен күн соққысынан сақтануға болатынын біледі;
- адамдар көруді жақсарту үшін қандай жемістерді тұтынатынын біледі;
- қандай шөптің тұнбасына жуылған шаштың түсісары түсті болатынын біледі
|
4
|
«Орман тыңшылары» ойыны
Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.
|
- оқиғалар тізбегін құра алады;
- өз тұжырымдарын жасай алады;
- табиғатты қорғау туралы біледі
|
5
|
«Құстар асханасы»
Жобаның мақсаты –мектеп немесе үйдің ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі.Жобаның үшінші кезеңі– «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)
|
- құстардың үйшігітуралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;
- үйшікті жасайалады;
- үйшікті таныстыра біледі
|
6
|
«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті
Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.
|
- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының
пайдаланылатынын біледі;
- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамырымықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;
- қандай өсімдіктіңсол жерде жақсы жерсінетінін біледі;
- өз жауабын түсіндіре біледі
|
7
|
«Жасыл досқа» хат
Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конверткехат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.
|
- қандай да бір жағдаятқа ене алады;
- хат жаза біледі
|
8
|
«Экологиялық мамандық»коллажы
Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.)туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.
|
- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;
- осы мамандықтыңтаныстырылымын жасай біледі
|
9
|
Табиғаттың «Шағым кітабы».
Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады.
Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.
Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.
Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.
Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.
|
- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;
- өсімдіктер мен жануарлар атынанәңгіме жаза алады;
- өзінің шағын кітапшасын жасай алады
|
10
|
Экологиялық жағдаят
Жерге тасталынған банан қабығыбіздің климатта шамамен2 жылда ыдырайды.
Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақыттаыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?
|
- пакеттіңшіруіне неше жыл қажет екенін біледі;
- табиғатты қорғау жөніндебіледі
|
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (69-кесте).
69-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
|
Жиынтық бағалау рәсімдері
|
І тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІІІ тоқсандағы ЖБ саны
|
ІV тоқсандағы ЖБ саны
|
1-сынып
|
-
|
-
|
2
|
2
|
2-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
3-сынып
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі мақсаты:
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің басты міндеті:
1) әрбір адамның табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
2) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
3) адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысы ескерілген білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1)«Ғасырлар даналығы»;
2)«Тату отбасы»;
3)«Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-3-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
1-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
|
3-4
|
Тәртіп пен парыз
|
5-6
|
Өзіңмен үйлесімдіөмір сүру!
|
7-8
|
Сүйіспеншілік сый талап етпейді
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Менің үйім
|
11-12
|
Менің достарым
|
13-14
|
Бір-бірімізге көмектесеміз
|
15-16
|
Алғыс айту – игілік сыйлау!
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Жақсылық жолымен жүреміз
|
19-20
|
Қарым-қатынас әліппесі
|
21-22
|
Көңіл күй шаттығы
|
23-24
|
Менің Отаным
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Туған табиғат
|
27-28
|
Денсаулыққа апарар жол
|
29-30
|
Әрдайым көмектес, ешқашан зиян келтірме
|
31-32
|
Жер – ортақ үйіміз
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
2-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Ұлы Абайдың даналығы
|
3-4
|
ГХ. Андерсеннің дана ертегілері
|
5-6
|
Білім – өмір шырағы
|
7-8
|
Мектеп – біздің ортақ үйіміз
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Өзіңді жақсылықпен таразыла
|
11-12
|
Адам жақсы ісімен көрікті
|
13-14
|
Адал және ақкөңіл болу
|
15-16
|
Салауатты отбасы
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз
|
19-20
|
Кешіре білуді үйренеміз
|
21-22
|
Дос болуды үйренеміз
|
23-24
|
Жақсы көруді үйренеміз
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Біз өсіп жатқан өлке
|
27-28
|
Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз
|
29-30
|
Біз өмір сүріп жатқан ел
|
31-32
|
Әсемдік әлемінде
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
3-сынып
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Жалпыадамзаттық құндылықтарды зерделейміз
|
3-4
|
Халықтың мәдени мұрасы
|
5-6
|
Кітап – білім көзі
|
7-8
|
Оқу – менің еңбегім
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті
|
11-12
|
Бастаулардың бастауы
|
13-14
|
Өзіңді және басқаларды түсіне білу
|
15-16
|
Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Ақкөңілділік және оптимизм
|
19-20
|
Ақниеттілік туралы
|
21-22
|
Жомарттық пен кеңпейілділік
|
23-24
|
Өз еліңнің патриоты болу
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы
|
27-28
|
Табиғатпен үйлесім
|
29-30
|
Денсаулық сыры
|
31-32
|
Жер – біздің ортақ үйіміз
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім алушыларға жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
1-3-сынып білім алушыларының білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағыбілім берудің үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар пән бойынша «сынақ» қою критерийі бола алады.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу мүмкін. Инклюзивті білім беруде сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы санының кему есебінен ерекше білім беру қажеттіліктері барәрбір үш балаға қарай іске асырылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМСАЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.
Музыка
«Музыка» пәні адам өмірінің, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болыптабылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» қойылады. Алынған нәтижелер («есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.
Көркем еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |