205
4. Оқытуды компьютерлендiрудi оқушының өз бетiмен ойлaп, шығaрмaшылық белcендiлiк
тaнытып, дербеc компьютердi caнaлы түрде пaйдaлaнaтындaй етiп ойлacтырғaн жөн.
5. Қaзiргi кезде жекелеген пəндер үшiн педaгогикaлық-пcихологиялық тaлaпқa caй aнa тiлiнде
электрондық оқулықтaрды жacaу қaжеттiлiгi туды. Бұл оқулықтaрдa теориялық мaтериaл,
жaттықтыру тaпcырмaлaры, текcеру үшiн aрнaлғaн теcт cұрaқтaры, aнықтaмaлaр, т.б. болуы тиic.
Əдебиеттер:
1. Бaйдыбековa A. Компьютерлiк технологияны оқу процеciнде қолдaну. Информaтикa. Физикa.
Мaтемaтикa. – 1998. -№1.
2. Қaбдықaйырұлы Қ., Нұрғaлиевa Д.Қ. Хaбaршы. «Физикa мaтемaтикa ғылымдaр» cерияcы. «Болaшaқ
мaтемaикa пəнi мұғaлiмдерiн жaңa тaлaпқa caй дaярлaу». –Aлмaты. 2006. № 2.
3. Бидaйбеков Е.Ы., Нұрбековa. Aқпaрaттық модель негiзiнде бaқылaу тaпcырмaлaрын деңгейлеп құру
əдicтерi. Мaтериaлы межд. нaуч.-прaкт. конф. «Педогогичеcкие измерениея: cоcтояние и перcпективы рaзвития». -
Acтaнa. 2006.
«ФУНКЦИЯЛАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА
АРНАЙЫ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІКТЕРІ
Қосыбаева У.А., п.ғ.к
.
доцент; Жакыпова З.Т., магистрант
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы.
Мақалада «Функциялар жəне олардың қасиеттері» тақырыбын оқытуда арнайы компьютерлік
бағдарламаларды пайдалану тиімділіктері қарастырылады. Арнайы компьютерлік бағдарламалар көмегімен
математика сабағын тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылады.
Кілттік сөздер: компьютерлік бағдарламалар, əдістеме, функцияларды оқыту, оқыту құралдары.
Қазіргі уақыт тəуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы үшін ғылыми-техникалық,
инновациялық ілгерілеуге негізделген əлеуметтік-экономикалық дамуымен сипатталады. Осы
бағытта ақпараттық технологиялардың, əртүрлі бағыттарда арнайы дайындалған компьютерлік
бағдарламалардың қоғам салаларына тереңінен енгізілуі білімі мен кəсіби біліктілігі ғылым мен
техника дамуына сəйкес келетін мамандарды талап етіп отыр. Сондықтан да болашағына немқұрайлы
қарамайтын əрбір ел өзінің білім беру жүйесін жаңа əдістер мен технологияларды қолдана отыра
жетілдіруге назар аударады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында елімізде білім беру
жүйесі міндеттерінің бірі ретінде ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау анықталған [1]. Қазақстан Республикасының
«Ақпараттандыру туралы» Заңы еліміздегі ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді,
электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану жəне қорғау кезінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді [2]. Осы орайда жалпы білім беретін орта
мектептердегі гелметрия пəнін барынша жеткілікті көлемде түсіндіру математика пəніндегі
көкейкесті мəселеге айналды.
Жалпы білім беретін орта мектептің «Алгебра жəне анализ бастамалары» пəнін оқытуда
ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін, оның ішінде пəнге арнайы дайындалған
компьютерлік бағдарламаларды қолдану қазіргі кезде қай қырынан алсақ та аса тиімді. Компьютерлік
бағдарламалар арасындағы үйретуші бағдарламалар жаңа ұғымдарды беруге үлкен мүмкіндіктер
береді, яғни оқытудың дəстүрлі əдістемесін сақтай отыра, жаңа сапаны қамтамасыз етеді. Оның
негізінде көрнекіліктерді жаңарту, яғни тиімділігін арттыру, оқушының танымдық қызметінің
белсенділігін көтеру, бейнелі ойлау механизмдерін жетілдіру жатыр.
Қарастырылып отырған алгебра пəні бойынша «Функциялардың негізгі қасиеттері» тақырыбын
оқытуда мұғалім келесі тақырыптарды оқушыларға жеткізіп, мəні мен мағынасын түсіндіруі тиіс:
функциялар жəне олардың графиктері; функиялардың графиктерін қарапайым түрлендіру; жұп жəне
тақ функциялар; тригонометриялық функциялардың периодтылығы; функциялардың өсуі мен кемуі;
тригонометриялық функциялардың өсуі мен кемуі; функцияларды зерттеу.
Бұл тақырыптар мектеп оқушыларының игеріп əкетуіне жеңіл берілетін тақырыптар емес
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
206
екендігі аян. Сондықтан да мұғалім дəстүрлі əдістемемен қатар ақпараттық технологияларға жүгіне
отыра оқушылардың білімі мен іскерлігін дамытуға бағытталған үйретуші компьютерлік
бағдарламаларға сүйене алады.
Негізінен алғанда компьютерлік бағдарламалар көмегімен оқыту бұл динамикалық үрдіс. Оның
дамуындағы негізгі тенденциялар компьютерлерді оқу үрдісінде пайдалану аясын кеңейтуге
байланысты. Бүгінде еліміздің нарығында кездесетін компьютерлік бағдарламаларға зерттеу
жүргізсек арнайы математика пəніне жасалған саналуан фирмалар мен жеке қолданушылардың
өнімдері бар. Мысалы Ресейде дайындалған «Математика 5-11 классы. Практикум» («1С»), «Все
задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика абитуриенту» («Новый диск»),
«Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики» («Дрофа»), «Интерактивная
математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для школьников и абитуриентов»
(«Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»), Зеленоград мектебінің
математика пəнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема Виета» (8-9 сыныптар
үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных неравенств» (8-9
сыныптар үшін) т.с.с., Біздің елімізде электрондық оқулықтарды шығарудағы таныс ұйым ол –
Ұлттық ақпараттандыру орталығы. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары
көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың басым бөлігі: 1) оқыту, 2) жаттығу, 3)
бақылау деп аталатын алгоритм негізінде дайындалған. Сондықтан да мұндай бағдарламалар мұғалім
мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде.
Кез келген өнімнің артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де қатар жүретін болғандықтан да
арнайы бағдарламалық өнімді таңдағанда олардың сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына,
сабақ түріне сəйкес келуін ескеру қажет.
Арнайы бағдарламалық құралдарды алгебра жəне анализ бастамалары пəнін оқытуда пайдалану:
оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға; математикалық
ойлауын қалыптастыруға; оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға; өзін-өзі басқаруға; есте
сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Белгілі бір бағытта жасалған компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік
технологиялардың жетістіктерін, яғни жоғары сапалы графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды,
бейнероликтерді жəне мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс. Оқытудың тиімді
жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының өзара қатынасындағы дидактикалық жəне
психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға арналған компьютерлік
бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей немесе қандай да бір
техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара əсердің болуында. Осы себепті де арнайы
бағдарламаларды таңдағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни
оқушының сұрақтары мен іс-əрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мəселені
анықтай түсуге, мəліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек.
Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды
интерактивті деп атайды. Əдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың
шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз
бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың
ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал əлдебір мəселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой
белсенділігі артады.
Пəнді оқыту кезінде қолданбалы бағдарламаларды қолдану арқылы нақты бір ақпаратты
бергенде төмендегі принциптерді қанағаттандырылуы тиіс:
1. қолданбалы бағдарламалық жабдықта оқу материалдары белгілі бір жастағы оқушылардың
меңгерген білім жүйесіне сəйкес келіп, оқушының үйренген тілінде жатық баяндалуы қажет. Басқаша
айтқанда, оқу материалдарының баяндалуы оқушыға түсінікті болу керек, бірақта, өте жеңіл болмауы
тиіс. Өйткені, материал жеңіл болса, оқушының оған деген қызығушылығы азаяды.
2. қолданбалы бағдарламалық жабдықтар ақпаратты көрнекі қабылдауға, ал жоғары
сыныптардың оқушыларына арналғаны ақпаратты логикалық ойлау арқылы қабылдауға бағытталған
болуы керек.
3. қолданбалы бағдарламалық жабдықтар оқушылардың көрнекі, сондай-ақ, логикалық ойлауын
да дамытуы қажет.
Мұғалім оқушыларға белгілі ақпаратты хабарлайды, яғни түсіндіріп айтып береді. Жəне де
мұғалім барлық оқушылар ол ақпаратты толықтай қабылдады деп ойлайды. Бірақ, мұғалім бір
мезгілде 25-30 оқушыны оқыта отырып, оқыту қарқынын, ақпаратты түсіндірудің мəн-мағынасын
əрбір оқушының ерекшеліктеріне сəйкестендіре алмайды, себебі ол ерекшеліктер саналуан. Көптеген
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
207
мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына»
қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар
оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне
алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, мұғалімнің
айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін
материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар,
мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен
білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Ал қолданбалы бағдарламалық жабдықтың
көпдеңгейлілігі дидактикалық критерилерге жауап береді. Білім алу мазмұнын таңдауда ғылымилық,
жүйелік, түсініктілік, үздіксіздік, бірізділік, өміршеңдік сияқты оқытудың негізі принциптерін
басшылыққа алу керек; оқытудың əдіс-тəсілдерін таңдауда көрнекілік, оқытуда оқушылардың
белсенділік пен саналылық прициптерін, оқытудың мазмұны мен міндеттеріне байланысты оқытудың
əр түрлі əдістерімен үйлестіру басшылыққа алынады.
Бүгінгі күнге дейін жасалған əртүрлі талдарулар, жүргізілген сауалнамалар неізінде нақтылай
айтатық болсақ «Тригонометриялық функциялар» тақырыбын өткенде «Үздіктерге арналған
тригонометрия» бағдарламасын қолдануға болады, яғни оқушы теориямен танысқаннан кейін тесттік
тапсырмаларды орындай бастайды. Керек кезінде оқушы жауабын тексереді немесе теориясын
оқиды, графикті немесе шешімін көре алады. Əрбір оқушы өз темпімен жұмыс істейді, бір есепті
түсініп шешкеннен кейін екіншісіне өтеді. Берілген бағдарлама бойынша оқыту ұйымының формасы
өзіндік жұмыс дəрежесі өзгермелі жеке жұмыспен сипатталады. Программаның қолданылуы
қарапайым. Технологиямен таныс оқушы компьютерде мұғалімсіз де жұмыс істей алады, сонымен
қатар программада көптеген нұсқаулар беріледі.
Алгебра сабағында ақпараттық технологияның екі түрі қолданылады: презентация жəне слайд-
шоу. Олар оқушыларға материалды түсінікті жəне көрсетілімді түсіндіруге мүмкіндік береді.
Презентация мұғалімнің фронтальді жұмысының ақпараттық қамтамасыз етуі болып табылады
жəне де ол слайдтардан тұрады. Берілген ақпараттың негізгі формалары – мəтін, суреттер, сызбалар
[3].
Сабақта электрондық құрылғылардың əр түрлері қолданылады:
аудио-видео түрдегі бейнелеулер мен көрсетілімдер;
алынған болжамдар мен шешімдерді қайтадан тексерумен, проблемалық сұрақтарды қою
жəне өзінде иллюстративтік материалдардың үйлесуі бар қосымша;
тест, кроссворд, басқатырғыш түрінде білімді өзіндік жəне фронтальды тексеру;
бір сабақта білімнің əр түрлі саласын кірістіре отырып, əлемді қабылдау бейнесін қамтып,
материалды толығымен көрсетуге мүкіндік беретін тақырып бойынша сабақтың формасын жасап
шығару;
Visual Basic бағдарламалау тілін қолдана отырып, сабақтарға электрондық берілімдер жасап
шығару ол оқушының компьютермен үздік байланысына (объективті-бағытты программаны
қабылдаған, оқытушымен орындалады) болады.
Оқыту үрдісінде жиі қолданылатын ақпараттық технологияларды екі топқа бөлуге болады:
- Жергілікті желі мен əлемдік INTERNET – (методикалық нұсқаудың электронды түрі,
дистанционды оқытудың сервері, қосымшалары) қолданатын желілік технологиялар.
- Жергілікті компьютерге бағытталған технологиялар (оқу-үйрету бағдарламасы нақты
процестегі компьютерлік модельдер, демонстрациондық бағдарламалар электронды тапсырмалар,
бақылаушы бағдарламалар, дидактикалық материалдар) [4].
Оқытуға бағытталған құралдар. И.В.Роберт дəстүрлі оқыту процесіне тиімді деп, оқытуға
бағытталған бағдарламалық құралдарды пайдаланудың келесі методологиялық мақсаттарын көрсетті:
Оқыту процесін жекешелендіру жəне дифференциалдау;
Қателерді диагностикалаумен жəне байланыспен бақылау жасауды іске асыру;
Оқу əрекетінің өзін-өзі бақылау жəне өзін-өзі коррекциялауды (түзету) іске асыру;
Қиын есептеу жұмыстарын компьютермен орындау есебімен оқу уақытын ұту;
Оқу ақпаратын визуаландыру;
Оқу процесін немесе көріністі модельдеу;
Шынайы тəжірибе немесе экспериментті компьютерде жасанды түрде жүргізу жағдайында
лабораториялық жұмыстар жүргізу;
Əртүрлі жағдайда қолайлы шешім табу біліктілігін қалыптастыру;
Белгілі бір ойлау түрін дамыту (мысалы: бағдарламалық бейнелеу құралдары арқылы немесе
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
208
ойын жағдайларын қою арқылы);
Танымдық əрекет мəдениетін қалыптастыру жəне т.б.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау
(педагогикалық іс-əрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тəрбие үрдісінде
оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп
түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында
тұрмыстық, қоғамдық жəне кəсіби салалардың іс-əрекетіне толық, тиімді араластыру» болып
табылады.[5]
Алгебра жəне анализ бастамалары пəніндегі жоғарыда біз атап өткен тақырыптар арасында
функцияның графигімен жұмыс істеуге алып келетін тақырыптар бар. Бұл тақырыптардың барлық
оқушылар үшін игеруге жеңіл емес екендігі анық. Сондықтан да тақта алдында графиктерді сызып
көрсету мүмкін болғанымен де анимация араластыру арнайы бағдарламаларсыз мүмкін емес.
Мысалы
- функциялар жəне олардың графиктері;
- функиялардың графиктерін қарапайым түрлендіру;
- тригонометриялық функциялардың периодтылығы;
- функциялардың өсуі мен кемуі;
- тригонометриялық функциялардың өсуі мен кемуі;
функцияларды зерттеу тақырыптарына арнайы анимациялық бағдарлама «Flash анимация
бағдарламасын» қолдану орынды. Бұл бағдарлама бүгінде өзінің құралдары бойынша
ыңғайлылығымен ерекше сұранысқа ие болып отыр. Аталмыш бағдарлама құрамында:
- векторлық графика;
- анимацияларды қолдау;
- интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
- əртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);
- Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
- Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
- əртүрлі визуальді саймандардың болуы арқасында функция графигінің барлық қырын ашып
көрсету мүмкіндігі болады.
Бiлiм мен ғылым салаларындағы ақпараттық жүйелердің негiзгi мiндетi – бiлiм беру мен ғылыми
салада ақпараттық жүйелердi қолданудың ғылыми негiздемесiн жасау, бiлiм берудегi ақпараттық
жүйелердің ғылыми бағыттарын анықтау, ол: ақпараттық жүйелердің бiлiм саласындағы əлеуметтiк
үйлесiмiне талдау жасау; компьютерлiк техника, жаңа ақпараттық технологияларға байланысты
пəндердi ғылыми-əдістемелiк қамтамасыз ету; оқу орындарын уақыт ағымына байланысты
аппараттық
құралдармен
қамтамасыздандыру;
мамандарды
даярлаудың
педагогикалық-
психологиялық негiздерiн анықтау; дүниежүзiлiк бiлiм стандартына жақындау, ашық оқыту əдісiн
пайдалану.
Қай қырынан алып қарасақ та оқу үрдісінде ақпараттық технологиялар мен бағыттары бойынша
арнайы компьютерлік бағдарламаларды қолдану өзінің тиімділігін танытады.
Əдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы // www. zakon.kz
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы Заңы // www. zakon.kz
3. Абильдин Е.Г., Балапанов Е.Қ. Интернетке кiрiспе. –Алматы: Бастау,1999. – Б.30-31.
4. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании.- Москва: Академия высшей школы, 2003. -
С.12-13
5. Фридман Л.М.Педагогический опыт глазами психолога.- Москва: Педагогика, 1987. – С.224-225
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Достарыңызбен бөлісу: |