Әдебиеттануға кіріспе



жүктеу 246,3 Kb.
бет32/39
Дата29.10.2022
өлшемі246,3 Kb.
#39900
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
дебиеттану а кіріспе

Реализм (латынша realis – заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің «Евгений Онегин», «Капитан қызы» романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағым ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм.
Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез- бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу. ХХ ғасыр басындағы әлекметтік өзгерістерге байланысты жаңа сатыға көтерілген қазақ жазба әдебиеті өмірдің қат-қабатына терең бойлап, қоғамдық әлеуметтік
қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуы сыншыл реалистік әдістің әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай, осы саладағы әдеби дамуға негіз қалады.
Сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан және т.б. дарынды өкілдерінің өнерпаздық-шығарашылық қызметіндегі басты көркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін тілге тиек етіп, қоғамдық өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті.
Сыншыл реализм әдісінде «Гүлкәшима», «Қалың мал», «Кім жазықты?» сынды шығармалар жазылды.
Әдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Академик З. Қабдолов «Сөз өнері» монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстырып, түсінік береді:
«Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының дара қасиеті болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті болса, ағым әр жазушының әдеби бағыты». Ғалымның осы пікірінде ғылыми тұжырымдалған шындық бар.
Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде әрқашан болған, әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси- әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
ХҮІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде кең өріс алған ағым классицизм (латынша classicys - үлгілі, өнегелі бағыт). Бұл ағымның өкідері (Расин, Мольер, Корнель) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты; әдеби шығармаларын сол үлгімен жазды. Бұл ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, «үш бірлік» (уақыт, орын, оқиға) атанған бұлжымас шарты болды. «Үш бірлікке» бағынған шығарманың мазмұны: 1) бір-ақ тәулік ішіндегі шындық; 2) тек бір орында өтетін тартыс; 3) бір ғана сюжеттік желінің бойында жататын оқиға. Бұл – сөз өнерін ақиқат өмірден алшақтатып, нәтижесінде, әдеби ағым классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты. Осы тұста (ХҮІІІ ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша – сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан – ағылшын жазушысы Стерннің
«Сентиментальдық саяхатынан» басталды да, кейін Францияға (Руссо), Германияға (Жан Поль, жас Гете, жас Шиллер), Ресейге (Карамзин, жас Жуковский) ауысты. Сентиментализм классицизммен күресте біраз қажет нәрседен айырылып қалды: әдебиетті ірі тақырыптардан аулақ әкетті; тіршіліктегі ұсақ-түйек, күйкі жайлармен көбірек әуестенді; адаммның жеке
басына ден қойынқырап, қоғамдағы халықтық мәні бар келелі мәселелерден сырт қалып қойды. Сондықтан бұл ағымның да ғұмыры онша ұзаққа бармады.
О. Әбдиманұлы өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты оқулығында сол тұстағы әдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті мәселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан үш бағытқа бөледі: діни-ағартушылық, ағартушы- демократтық және ұлт-азатшылдық. Ғалымның ойынша, «осы «бағыт» ұғымы олардың ерекшелігін дәл айқындайтын секліді».


?! Тапсырмалар

  1. Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдар жайында мәлімет жинап, презентация әзірлеңіздер

  2. Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, кестені толтырыңыздар:




Бағыт

Бағыттың басты сипаты

Бағыттың белгілі өкілдері





  1. жүктеу 246,3 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау