KK
5/19
1
Тағайындалуы бойынша пайдалану
Зертханалық центрифуга in vitro әдісімен диагностика өткізу мақсатында адамның биологиялық
сұйықтықтарының үлгілерін ажырату үшін арналған.
Мысалы, бөлгіш гелі бар қанды талдаумен сынамаларды пайдалану кезінде медициналық үлгілерді
диагностикаға дайындау үшін.
EBA 270
центрифугаланған үлгілермен зертханалық диагностикалық талдауларды өткізуге болады. Ол үшін
EBA 270
центрифугасы 98/79/ЕС "Зертханалық диагностика үшін арналған медициналық құралдар және
жабдықтар" директивасына сәйкес қосымша диагностикалық зертханалық жабдық ретінде қолданылады.
Центрифуга тек сол үшін пайдалануға ғана арналған.
Кез келген басқа немесе аталғаннан тыс пайдалану тағайындалуы бойынша пайдаланбау болып есептеледі.
Andreas Hettich GmbH & Co. KG фирмасы осындай пайдалану салдарынан туындаған залал үшін жауапты
болмайды.
Тағайындалуы бойынша пайдалану түсінігіне сонымен қатар пайдалану жөніндегі нұсқаулық талаптарын және
инспекцияны және техникалық қызмет көрсету өткізу шарттарын сақтау кіреді.
2
Қалдық тәуекелдер
Құрылғы дамыған техниканың қазіргі заманғы деңгейіне және жалпылама танылған қауіпсіздік техникасы
талаптарына сәйкес құрастырылған. Тиісті пайдаланбау және қызмет көрсету кезінде пайдаланушының,
үшінші тұлғаның өмірі және денсаулығы үшін қауіп, сонымен қатар құрылғыны және басқа мүлікті зақымдау
қаупі туындауы мүмкін. Құрылғы тек тағайындалуы бойынша және тек техникалық мінсіз жағдайда ғана
пайдаланылуы керек.
Қауіпсіздікке теріс әсер етуі мүмкін болатын ақауларды тез арада жою керек.
3
Техникалық деректер
Дайындаушы
Andreas Hettich GmbH & Co. KG
D-
78532 Тутлинген
Моделі
EBA 270
Желілік кернеу (± 10%)
200 -
240 В 1∼
Желі жиілігі
50 -
60 Гц
Жалпы пайдаланылатын қуат
130 ВA
Тоқты пайдалану
0.7 A
Суық агент
6 x 15 мл
Макс. көлемі
1.2 кг/дм
3
Шекті тығыздығы
4000
Айналу жиілігі (RPM)
2254
Үдеу (RCF)
250 Нм
Кинетикалық энергиясы
жоқ
Міндетті тексеріс (BGR 500)
Қоршаған орта жағдайы
(EN / IEC 61010-1)
Тек бөлменің ішінде
−
Орнату орны
Теңіз деңгейінен 2000 м дейін
−
Биіктігі
2°C бастап 40°C дейін
−
Қоршаған орта температурасы
31°C дейінгі температура үшін ауаның максималды салыстырмалы
ылғалдылығы 80%, 40°C кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50%
дейінгі желілік төмендеу.
−
Ауаның ылғалдылығы
ΙΙ
−
Тоқ кернеуінің ұлғаю категориясы
(IEC 60364-4-443)
2
−
Ластау дәрежесі
Ι
Жарылуға қауіпті ортада пайдалану үшін жарамсыз.
ЭМС
−
Кедергілердің сәуле шығаруы,
кедергілерден қорғаныс
EN / IEC 61326-1,
класс
B
Шу деңгейі (роторға байланысты)
≤
51 дБ(A)
Өлшемдері
−
Ені
326 мм
−
Тереңдігі
389 мм
−
Биіктігі
239 мм
Салмағы
шамамен
13.5 кг
KK
6/19
4
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Берілген пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың нұсқауларын сақтамау кезінде дайындаушы кез
келген кепілдік наразылықтарынан бас тартады.
•
Центрифуга оның тұрақты пайдаланылуы қамтамасыз етілетіндей (аударуға қарсы)
орнатылуы керек.
•
Центрифуганы қолданар алдында міндетті түрде роторды отырғызу беріктігін тексеріңіз.
•
Центрифугалау уақытында EN / IEC 61010-2-020 сәйкес центрифуганың айналасында 300 мм
қауіпсіздік аймағында адамдар, қауіпті заттар мен бұйымдар болмауы керек.
•
Қатты коррозия іздері, механикалық зақымдары немесе пайдалану мерзімі өткен
роторларды, ілмектерді және компоненттерді пайдалануға тыйым салынады.
•
Центрифугада қауіпсіздікке әсер ететін зақымдар болған кезде центрифуганы пайдалануға
беруге тыйым салынады.
•
Көлденең роторлар үшін ілгіштердің біркелкі ауытқуын қамтамасыз ету үшін тірек мойнын
тұрақты майлап отыру керек (Hettich № 4051 қоюланған майы).
•
Центрифугаларда температураны реттеусіз бөлменің жоғары температурасы және/немесе
аспапты жиі қолдану кезінде центрифуганың ішкі көлемінің қызуы мүмкін. Сондықтан
температураның әсерінен сынама материалы өзгертілуі мүмкін.
•
Центрифуганы пайдаланбас бұрын пайдалану жөніндегі Нұсқаулық мұқият оқу керек. Орнатуға тек
берілген пайдалану жөніндегі Нұсқаулықты оқыған тұлғаларға ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
•
Пайдалану жөніндегі Нұсқаулықпен және орындау үшін міндетті болып келетін жазатайым оқиғаларды
алдын алу бойынша ережелермен қатар қауіпсіздік техникасы және жұмыстарды білікті орындау бойынша
жалпылама қабылданған техникалық ережелерді де сақтау керек. Жазатайым оқиғаларды алдын алу
және қоршаған ортаны қорғау бойынша қолданыстағы жергілікті ұйғарымдарды ескерумен Пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар енгізу керек.
•
Центрифуга технологияның ағымдағы жағдайына сәйкес құрастырылған және пайдалануда қауіпсіз.
Соған қарамастан, егер оны оқымаған маман тиісінше емес немесе тағайындалуына сәйкес емес
пайдаланса, оператор немесе үшінші тұлға үшін қауіп көзі болуы мүмкін.
•
Центрифуганы жұмыс уақытында жылжытуға немесе итеруге тыйым салынады.
•
Ешқашан айналып тұрған роторға ақаулық жағдайында немесе авариялық блоктан шығару кезінде қол
тигізуге болмайды.
•
Центрифуганы суық бөлмеден жылы бөлмеге орнын ауыстыру кезінде конденсаттың пайда болуын алдын
алу үшін желіге қоспас бұрын жылы бөлмеде кем дегенде 3 сағат күту керек немесе 30 минут суық
бөлмеде жұмыс істете отырып, оны жылыту керек.
•
Тек дайындаушының осы қондырғы үшін рұқсат еткен роторларын және компоненттерін пайдалануға
болады («Қосымша. Роторлар және компоненттер» бөлімін қар.). «Қосымша. Роторлар және
компоненттер» бөлімінде көрсетілмеген центрифугалық түтіктерді пайдалану тек дайындаушының
келісімен ғана рұқсат етіледі.
•
Центрифуганың роторын жүктеу "Роторды жүктеу" бөліміне сәйкес орындалуы керек.
•
Максималды айналу жиілігімен центрифугалау кезінде материалдар және олардың қоспасының
тығыздығы 1,2 кг/дм
3
аспау керек.
•
Рұқсат етілмеген дисбалансы бар центрифугалауға тыйым салынады.
•
Центрифуганы жарылуға қауіпті ортада пайдалануға тыйым салынады.
•
Мынандай материалдарды центрифугалауға тыйым салынады:
−
жанатын немесе жарылуға қауіпті материалдар;
−
көп энергияны бөлумен бір біріне химиялық әсер ететін материалдар.