Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева


Құрамдас  бағдарламалау  тілі



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет150/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Құрамдас  бағдарламалау  тілі
.  AutoCAD  жүйесінде  Лисп  деп 
аталатын  құрамдас  бағдарламалық  тіл  бар.  Ол  жүйеде  көзделмеген, 
соның  ішінде  жасаушы  өз  жобасын  көрсету  (таныстыру)  үшін 
басқару  функциясын,  бейнелерді  жасау  жəне  басқару  əрекеттерін 
бағдарламалау  үшін  қолданылады.  Бұл  тіл  есте  сақтау,  бейнені 
экранға  тез  шығару  жəне  олардың  кезектілігін  жəне  көрсетілім 
уақытын бағдарламалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. 
Лиспті  қолдану  бар  объектілерді  байланыстыру  тəртіптерін 
кеңейтуді  қамтамасыз  етеді.  Мысалы,  үлкен  қателіктермен 
енгізілген координаталардың дəлділігін көтеруне мүмкіндік береді. 
218 


Байланыстыру 
тəртіптерінің 
дəлдігін 
көтеру 
бейне 
элементтерінің  ықтимал  түйіспеушілікті,  олардың  кез  келген  кезде 
экранда ұлғаюы кезінде алдын алып, графикалық меңзер (тышқанды 
пайдалану)  арқылы  координаталарды  қарапайым  түрде  (яғни,  дəл 
емес) енгізу кезде объектінің нақты моделін алу. 
Файлдық  жүйе
.  AutoCAD  əдетте  қатты  дисктің  (винчестер) 
c:\Programfiles\AutoCAD2000 
немесе 
c:\ACAD 
папкасында 
(директория) жазылады жəне оның файл саны көп болады (1000-нан 
астам).  Атаулары,  ақпарат  типтері  бірдей  файлдар  папкаларға 
топтастырылады: 
acad.exe—  жүктемелі бас бағдарлама; 
.dwg— сызба файлы; 
.dwt— үлгі файлы; 
.shx— қаріп файлы; 
.mnu— мəзір таңбалық файлы; 
.mnx— мəзір екілік файлы. 
Ең алдымен осы папкаларға назар аударамыз: 
c:\Programfiles\AutoCAD  2000\Template 
—  сызба  үлгілерінің 
жиынтығы; 
c:\Programfiles\AutoCAD  2000\Fonts 
—  қаріптер  жиынтығы; 
c:\Programfiles\AutoCAD 
2000\Sample 
— 
сызба 
мысалдары; 
c:\Programfiles\AutoCAD 
2000\Tutorial 
— 
оқу 
сабақтары; 
c:\Programfiles\AutoCAD  2000\Support 
—  мəзір,  жүйелік  қаріптер 
файлдары жəне жұмыс баптауларын сақтау. 
Жүйелік  бөлімде  (каталогта)  (c:\programfiles\AutoCAD2000) 
тек  жүйелік  (пайдаланушылық  емес)  файлдар  ғана  сақталынады 
жəне  AutoCAD  барлық  қажетті  бағдарламалық  бөлшектерді  осы 
бөлімнен бірден жүктеп алады. 
Пайдаланушылар 
көбінесе 
өздерінің 
пайдаланушылық 
бөлімдерінде  (каталогтарында)  жұмыс  істейді.  AutoCAD  сызбаны 
пайдаланушы  белгіленген  атауымен  бірге  оның  бөліміне  файл 
ретінде  жазып,  оған  .dwg  кеңейтілімін  қосады.  Сонда  осы  файлда 
қандай пішімдегі сызба екендігі белгілі болып тұрады. 
Егер  пайдаланушы  стандартты  мəзірден  өзгеше  мəзірді 
жасаған  болса,  ол  да  осы  бөлімде  .mnu  кеңейтілімі  ретінде 
сақталынып 
тұрады 
да, 
кейін 
трансляциядан 
соң 
.mnx 
кеңейтіліміндегі файлды қосады. 
 
 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау