11.2.
Excel for Windows ортасында есептеу технологиясы
Алдыңғы тарауларда Word жəне Access қосымшаларымен
жұмыс істеу технологиясы жəне 11.1 сур. көрсетілген командалық
мəзірлер айтарлықтай жанжақты қарастырылды, сондықтан Excel
жүйесінде есептеу технологиясын игеруді нақты мысалдан
бастаймыз.
Мысалға қандай да бір организацияның деректер базасын
əзірлеу бойынша қызмет көрсету келісім шартын орындаумен
байланысты шығындар сметасын есептеу керек дейік
Шығындар сметасын есептеу кезінде келісім шарт құны
тапсырыс берушімен анықталады. Ал орындаушы шығындардың
құраушыларын өзгерте отырып, максималды кірісті қамтамасыз ете
алады.
11.2
сур. құрастырылған шығындар сметасын есептеу кестесімен
Excel терезесі көрсетілген. Суреттен есепті орындау үшін бастапқы
деректер жəне оның нəтижелері Н бағанның ұяшығына, келісім
шарт құнын есептеу үшін бастапқы деректер – А3...А12 жолдарына,
келісім шарт құнын есептеу нəтижелері мен оның шығындардың
барлық құраушыларын – A15 ...A23 жолдарына орналастырғанын
көреміз. Бастапқы деректерді өзгерте отырып (A3. A12 жолдары)
келісім шарттың барлық құраушыларын автоматты түрде алады.
Осы мысалда Excel кестелерімен жұмыс істеудің технологиялық
тəсілдерін қарастырамыз:
•
мəтінді енгізу жəне редакциялау;
•
есептеуді орындау үшін бөлек деректерді ұяшықтарға енгізу;
•
есептеуді орындау үшін ұяшықтарға формулаларды енгізу.
Excel
ұящықтарына
мəтінді
енгізу
жəне
редакциялау
технологиясы мəтіндік редакторларда сондай операцияларды
орындаудан
ерекшеленбейді.
Кейбір
ерекшеліктерге
назар
аударайық.
Деретерді енгізу үшін сəйкес ұяшықты активтендіру керек
немесе оған курсорды апару керек. Сонан соң ұяшықтың рамкасы
қою сызықпен ерекшеленеді, содан кейін оған деректерді енгізуге
болады (мəтіннің немесе формуланың 255 символына дейін).
137
11.2
сур. шығын сметасын есептеу мысалымен Excel процесорының
Мəтінді редакциялау үшін келесі əрекеттерді жасау қажет:
мəтін немесе формуланы редакциялауды қажет ететін
ұяшыққа курсорды орнату, мұнда оны құрайтын ақпарат
редакциялау жолында көрсетіледі;
курсорды редакциялау жолына орнату жəне керек кезінде
оның мағынасын өзгерту.
Есептеуді орындау кезінде оның нəтижелері мен бастапқы
деректері ұяшықтарға əр түрлі форматта енгізілу жəне шығарылуы
мүмкін. Excel кестелік процессорында деректердің келесі
форматтар қабылданған:
Жалпы, Сандық, Ақшалық, Қаржылық,
Күн, Уақыт, Пайздық, Бөлшек, Экспоненциалды, Мəтіндік,
Қосымша, Барлық форматтар.
Жалпы
формат еркін типті мəтіндік немесе сандық деректерді
енгізу жəне шығару үшін қолданылады.
Сандық
формат фиксацияланған дəлдікпен (үтірден кейін
анықталған белгі саны) оң жəне теріс сандарды енгізу мен шығару
үшін қолданылады.
Ақшалық
формат структура бойынша сандық форматқа сəйкес,
бірақ онда ақша бірлігін беруге болады (рубль, АҚШ доллар жəне
т.б.)
Күн
форматы уақытты көрсетусіз күнді көрстеу үшін қызмет
етеді.
138
Уақыт
форматы уақытты көрсету үшін қызмет етеді.
Пайыздық
формат пайыз түрінде % белгісімен көрсетілген жəне
үтірден кейін анықталған белгі сандарымен берілген сандарды
енгізу жəне шығару үшін қолданылады.
Бөлшек
форматы есептеу нəтижелерін бөдшек түрінде шығару
үшін қолданылады.
Экспоненциалды
формат, əдеттегідей, есептеу натижелерін
экспоненциалды түрде шығару үшін қолданылады.
Мəтіндік
формат деректерді мəтіндік түрде енгізу жəне шығару
үшін қолданылады. Сондай-ақ осы форматта енгізілген сандармен
ешқандай əрекеттер жасалынбайды.
Қосымша
формат пошталық индекс немесе телефон номері
сияқты деректерді енгізу үшін қолданылады.
Барлық форматтар
командасы бойынша қолданушы ұяшыққа
кез келген деректер типін енгізе алады.
Кестенің ұяшықтарында енгізілетін немесе көрсетілетін
деректер форматын беру үшін келесі əрекеттерді орындау қажет:
курсорды сəйкес ұяшыққа қою;
меню жолында
Формат
командасын таңдау, ал пайда болған
диалог терезесінде –
ұяшық
командасын таңдау (11.3 сур.);
11.3
сур.
Формат
командасының диалог терезесі
139
11.4
сур. Ұяшық үшін деректердің форматын таңдау терезесі
Кестелік процессоралардың негізгі міндеті – есептеу
операцияларын орындауды автоматизациялау
(жиі оларды басқа да
мақсаттарда қолданады, мысалы мəтін редакторының орнына).
Excel
кестелік
процессорында
есептеулер
кестенің
ұяшықтарының
үстінде
алгебралық
əрекеттер
орындауда
негізделгендіктен, оларды орындаудың келесі технологиялық
тəсілдерін қарастырайық: формулаларды енгізу жəне кіріктірілген
функцияларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |