15.4.
Объектілік жобалау əдістемесі
Объект анықтамасынан AutoCAD жүйесінде негізгі жұмыс
технологиясы объектілермен жұмыс екендігі анық болып тұр.
Жалпы объектілік жобалау əдістемесі
объектінің графикалық
моделін
жасауға негізделеді.
Графикалық модель, математикалық модель сияқты, нақты
объектіні (графикалық примитивті) сипаттауға қызмет етеді.
Графикалық модельде графикалық примитивтер бұйым (сызба)
бөлшектеріне сəйкес болып тұрады, ал бұйым параметрлері
графикалық примитивтердің параметрлеріне сəйкес болып тұрады
немесе графикалық примитивтер параметрлері жəне олардың
байланыстары арқылы (мысалы, өзара орналасуы арқылы)
анықталуы мүмкін.
Нəтижесінде графикалық модель нақты бұйым (сызба)
ерекшеліктерін сипаттайды. Графикалық модель бұйымның белгі
мен ерекшеліктерін неғұрлым көп сипаттайтын болса, соғұрлым ол
толық болады. Дегенмен бұйымды жан-жақты толығымен
сипаттайтын модельді құрастыру əбден оңай емес, өйткені, əдетте,
ол тек белгілі бір ерекшеліктер тобын ғана қамтиды (мысалы,
құрылым моделі, электр динамикалық модель, жылу моделі жəне
т.б.).
Модель объектінің параметрлері мен белгілерін де, олардың
өзара байланыстарын да қамти алады.
Модельдің ең қарапайым мысалы ретінде объектінің екі
белгісінің байланысын немесе объект параметрлерінің сыртқы
əсерлеріне (уақыт, температура жəне т.б.) тəуелділігін сипаттайтын
кестені алуға болады. Объектінің осы белгілер байланысын
математикалық модельді, яғни, теңдіктер жүйесін құрастыру арқылы
бейнелеуге болады.
Толық графикалық модель мысалы ретінде конструкторлық
құжаттамалармен айналысатын кəсіпорынның барлық қызметтеріне
221
жобалық ақпаратты тапсыру жəне сақтауға арналған құрама
бірлік немесе бөлшек сызбасын қарастыруға болады (технологтарға
-
технологиялық процесстерді жобалау үшін, констукторларға - əр
түрлі құрылғылар мен жабдықтарды жобалау үшін, қызметкерлерге
-
технологиялық операцияларды орындау үшін).
Объектілік жобалау кезінде
бұйымның графикалық моделі
жəне оның сызбасы - жобалаудың шамалас объектілері болып
табылады
. AutoCAD2000 жүйесінде бұйым моделі мен оның
сызбасы редакциялаудың бір үдерісіне біріктірілген
жəне
модельдерінің екеуі де бір файл ішінде сақталуы мүмкін, ал ол үшін
жұмыс алаңда
Модель
жəне
Парақ
деген қосымша терезелер бар.
Графикалық модель (жəне сəйкесінше барлық графикалық
примитивтер координаталары) сызбада өлшемдерді автоматты түрде
белгілеу кезіндегі қателіктерді алдын алуына негіз болып тұр.
Сонымен қатар
өлшемдер жəне өлшем сызықтары графикалық
модель үшін артық ақпарат болып табылады
, себебі олар
графикалық примитивтер координаталарында бар болады. Осы
жағдайда өлшемдер жартылай автоматты тəртіпте болады, яғни,
пайдаланушы тек қандай нүктелер арасында өлшемдерді қою керек
екендігін белгілеу қажет, ал AutoCAD бағыт бағдары бар өлшемдік
сызықтар мен санды автоматты түрде салып береді.
Сызбалардың графикалық модельдері жобалаудың əр түрлі
деңгейлерінде бір бағдарламадан екіншісіне қарай ақпаратты сақтау
жəне тасымалдау үшін қызмет етеді. Мысалы, бейне генераторы,
фото шаблонды шығару, баспа тақтасын дайындау немесе
бағдарламалық басқаруы бар білдектегі бөлшектерді өңдейтін
басқару бағдарламасын қалыптастыратын ішкі процесстер үшін
үшін графикалық редактордан ақпаратты дайындау бағдарламасына
дейін.
Графикалық
модельдер
біраз
абстрактылы
ұзындық
бірліктерінде (дискреттерде) құрастырылады, себебі тек осы
бірліктерде графикалық примитивтер моделіне кіретін барлыө
координаталар анықталған. Сондықтан пайдаланушы өлшемділікті,
яғни, графикалық моделінің ұзындық бірліктері объект өлшемдеріне
сəйкестігін, алдын ала белгілеуі тиіс.
Кейбір АЖЖ үшін бұл келісім қатаң түрде белгіленген:
мысалы, графикалық модель тек миллиметр, метр жəне 1,25 мм-ге
тең дискреттерде ғана құрастырылуы мүмкін.
Əсіресе AutoCAD жүйесінде шамалардың кең ауқымын
қолдану мүмкіндігі бар болғаннан соң, шамаларды нақты
өлшемдермен белгілеуге болады, сондықтан графикалық модель
222
ұзындығы бірліктерінің сызбаның нақты өлшемдеріне сəйкес
болу мəселесін шешу толығымен пайдаланушыға жүктеледі, яғни,
ол барлығые өзі белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |