Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева


Автоматтандырылған  жобалау  жүйелері



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет143/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Автоматтандырылған  жобалау  жүйелері
.  Конструкторлық 
құжаттаманы  автоматтандырылған  жобалау  қағидасы  параметрлік 
сызу деп аталатын əдісіне негізделеді. 
T-FLEX-CAD  2D  -  бөлшектердің  бірегейленуі  жəне  қайталану 
дəрежесі  өте  жоғары  үлгілік  құрылымдарды  жобалау  кезінде 
пайдалануға  ұсынылатын  жəне  T-FLEX-CADLT  жүйесінің  барлық 
функцияларын қамтитын параметрлік жүйе. 
T-FLEX-CAD  2D  пен  T-FLEX-CADLT  жүйелерінің бір-бірінен 
ең  басты  айырмашылығы  -  біріншісінде  сызбаның  барлық  шамалар 
ауыспалы  көрсеткіштермен  беріліп,  формулалар    арқылы 
есептелініп, дерекқордан алынуы мүмкін. 
T-FLEX-CAD  2D  жүйесінде  жобалауға  келесі  тəсілдеме 
қолданылған:  ең  алдымен  сызба  жіңішке  сызықтарда,  ал  кейін  ғана 
негізгі  сызықтармен  айналдыра  белгіленеді.  Құрылымды  қосалқы 
сызықтарды  (құрылым  сызықтарын)  пайдалану  арқылы  жасау 
кезінде 
сызықтар 
арасында 
байланыс 
(параллелдік, 
перпендикулярлық,  жанасу  жəне  т.б.)  автоматты  түрде  орнатылып, 
осы  байланыстың  параметрлері  (қашықтық,  радиус,  бұрыш    жəне 
т.б.)  белгіленеді,  яғни  кəдімгі  сызба  операцияларын  орындау  кезде 
сызбаның параметрлеуі автоматты түрде орындалады. Сызбаны 
 
211 


белгілеудің  барлық  элементтері  (өлшемдер,  сызықтаулар,  шектер, 
бұдырлықтарды  белгілеу,  мəтіндер  жəне  т.б.)  сызбаға  түсірілген 
кезде автоматты түрде қосалқы құрылымдарға байланыстырылады. 
Сызбаларды  жасаудың  осы  тəсілі  құрылымдарды  жобалау 
уақытын  (тым  бірнеше  минутқа  дейін)  қысқартуға  мүмкіндік  беріп, 
аналогтан  жеке  бөлшектердің  шамалары  (параметрлері)  арқылы 
ерекшеленеді. 
Сызбаның  кез  келген  элементтерінің  параметрлері:  бейне 
сызықтарының  қалыңдығы,  бағдар  шамалары,  бет  бұдырлығының 
шамасы,  мəтін  мазмұны  жəне  басқалары  ауыспалы  шамалармен 
берілуі мүмкін. 
T-FLEX-CAD 
2D 
жүйесі  жобалаушыға    дайындаған 
құрылымды  қозғалыста  көруге  мүмкіндік  береді,  яғни  ауыспалы 
параметрлер  шамаларын  бастапқыдан  соңғы  шамаға  дейін  белгілі 
бір 
қадам 
арқылы 
немесе 
математикалық 
функцияларын 
пайдаланып,  ауыспалы  шамаларды  заңдарды  белгілеу  арқылы 
өзгерту. 
Сонымен 
қатар 
сызба 
белгіленген 
параметрлік 
байланыстарға сəйкес жаңартылып отырады. 
Сызбаны  бөлшектердің  үш  түрі  бір-бірімен  байланысқандай 
құрастыруға болады. Осы жағдайда бір түрде параметрлерді өзгерту 
басқа екеуіндегі тиісті өзгерістерге əкеледі. Оған қоса элементтердің 
ауыспалы саны бар сызбаларды да құрастыруға болады. 
T-FLEX-CAD  2D  жүйесінің  тағы  бір  ерекшелігі  жеке 
бөлшектердің 
параметрлік 
сызбаларын 
пайдалану 
арқылы 
параметрлік  құрама  сызбаларды  жасау  мүмкіндігі  болып  табылады, 
яғни  сызбаларда  жеке  бөлшектердің  параметрлерін  байланыстыру 
арқылы  (мысалы,  білік  диаметрі  жəне  мойынтірек  диаметрі) 
параметрлік  құрама  сызбаны  құрастыруға  болады.  Жүйеде 
құрастырылған  сызбаларды  жасау  кезінде  бір  бөлшектерді  басқа 
бөлшектермен  жабу  жағдайында  көрінбейтін  сызықтарды  жою 
мүмкіндігі  қамтамасыз  етіледі.  Құрастырылған  сызба  параметрлерін 
өзгерту  оның  барлық  құрама  бөлшектерінің  өзгеруіне  əкеледі  жəне 
жаңа сызба құрылымы бірнеше секунд ішінде дайын болады. 
T-FLEX-CAD 
жүйесінде 
параметрлік 
құрастырылған 
сызбаларды пайдалану қажет етілетін құрастыру түрлендіруін тиімді 
түрде алу жəне, оған қоса, құрастырылған сызбаны түрлі шамаларда 
əр  түрлі  бөлшектер  кіретіндей  жобалауға  мүмкіндік  береді. 
Құрастырудың  қажетті  параметрлерін  белгілеу  арқылы  жеке 
бөлшектердің  дайын  жұмыс  сызбаларын  жəне  КҚБЖ  тəртібіне 
сəйкес  жасалған  сипаттаманы  бірден  алуға  болады.  Құрастыру 
параметрлерінің өзгеруі жағдайында сипаттама жəне басқа да 
212 


құжаттар автоматты түрде өзгереді. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау