|
E-government «Электрондық үкімет»Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
|
бет | 3/9 | Дата | 04.01.2022 | өлшемі | 0,98 Mb. | | #36100 |
| Презентация (5) (1)Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы - Осы Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 150-тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаларын және Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 364-тармағына сәйкес әзірленді. "Электрондық үкімет" (бұдан әрі -"ЭҮ") бағдарламасы негізіне іске асырудың кезекті кезеңінің - мемлекеттік басқарудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында оны дамыту халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, әкімшілік реформаны жеделдетіп жүргізу - Президенттің 2007 жылғы 27 ақпандағы "Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауынан (бұдан әрі - Президент Жолдауы) туындайтын тоғызыншы міндеттерді шешімі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) құралдарының көмегімен қолдау тұжырымдамасы қаланды. Бұл үшін Президенттің Жолдауында айтылғанындай "қоғамға корпоративтік басқару нәтижелігін, мөлдірлік пен есептілік қағидаттарында мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру қажет. Корпоративтік басқару қағидаттары, бірінші кезекте мемлекеттік ресурстарды басқару тәртібінің және мемлекеттік органдардың (бюджеттік бағдарламалары, тапсырыстары) жобаларының портфелінің мемлекеттік болуын болжамдайды. Мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - МО) қызметін басқару үшін нәтижелерге бағытталған бюджеттеу (бұдан әрі - НББ) және үдерістік әдіс мемлекеттік корпоративтік мәдениеттің нормалары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|