Бірінші кезең – ақпараттық. Дәл осы кезеңде электрондық үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметі туралы ақпарат пайда болды. Бұдан басқа, қызмет көрсету регламенттері келтіріліп, нормативтік-құқықтық актілер танысу үшін ілінді. Екінші кезең – интерактивті, порталда электрондық қызмет көрсетудің басталуымен атап өтілді. Электрондық порталда интерактивтік қызмет көрсетуді енгізу құжаттар топтамасын жинақтауда уақытты бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |