Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет33/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   524
4 дш

 
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ 
Ойын  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  дамыту  мен  физикалық  жағынан 
тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ол баланың физикалық және 
эстетикалық  дамуына,  ақыл-ойының  толығуына  ықпал  етеді.  Ойын  кезінде  жасалатын 
түрлі  қимылдар  мен  әрекеттер  тиімді  басшылық  жасалған  жағдайда  жүрек-қан  тамыры, 
тыныс алу және организмдегі өзге де жүйелердің жұмысын жақсартады. Баланың тәбетін 
ашып,  тыныш  әрі  жақсы  ұйықтауына  әсер  етеді.  Қимыл-қозғалыс  ойындарының 
көмегімен біз баланың жан-жақты дамуына көмектесеміз. 
Ойнаған кезде мектепке дейінгі балалардың бойында негізгі қимылдар жасау дағдысы 
қалыптасып, жетіледі (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.б.). Ойын кезінде жағдайдың аяқ 
астынан өзгеруі баланы өзі білетін білгілі бір қимылдарды кез келген жағдайда пайдалана 
білуге үйретеді. Осының бәрі қимыл-қозғалыс машығын жетілдіруге оң ықпал етеді. 
Педагог үшін қимыл-қозғалыс ойындарын шығармашылық тұрғыдан өткізудің маңызы 
зор. Қажет  болған  жағдайда ойын тапсырмаларын өз бетінше құрастыруға болады. Оған 
дәл қазіргі сәтте балалар үшін аса қажет болып тұрған қимыл түрлерін енгізсе педагогтің 
ұтары көп. 


32 
 
Бес жастағы балалар динамикалық қозғалысты қажет ететін ойындарға (жүгіру, секіру, 
өрмелеп  жаттығу,  тепе-теңдік  жаттығулары  т.б.)  ерекше  қызығушылық  танытады.  Олар 
бір-бірін қуалап ойнағанды, жүргізушіден сытылып қашқанды өте қатты ұнатады. Балалар 
біртіндеп  өз  әрекетінің  нәтижелеріне  де  қызығушылық  таныта  бастайтын  болады. 
Мысалы, допты нысанаға дәлдеп тигізу, «жылға, өзен» арқылы оп-оңай аттап өту. Алайда, 
мектепке дейінгі жастағы балалармен күрделі қимылдарды қажет ететін (секіру, өрмелеу) 
ойындарды  өткізуге  болмайды.  Ол  үшін  балалар  аталған  қимылдарды  әбден  меңгеріп 
алғаны  абзал.  Бастапқыда  оларды  қимылдарды  дұрыс  орындауға  үйретеді.  Содан  кейін 
ғана күрделі элементтерден (секіру, өрмелеу) тұратын ойындарды ойнатуға болады.  
Қимыл-қозғалыс  ойындары  балалардың  қимыл  сферасының  жан-жақты  дамуын 
қамтамасыз  етеді,  сондай-ақ,  олардың  бойында  ұжыммен  бірге  әрекет  ету,  кеңістікте 
бағдар табу, ережеге немесе ойын мәтініне сай қимылдар жасау қабілетін қалыптастыруға 
ықпал  етеді.  Сондықтан  тек  мазмұны  жағынан  ғана  емес,  қимыл  үйлесімділігі  күрделі 
ойындар мен жаттығуларды да пайдаланған жөн. 
Ойындардың  мазмұны  балалардың  даму  және  дайындық  деңгейіне  сай,  олар  үшін 
қолжетімді  әрі  қызықты  болуы  шарт.  Қимыл-қозғалыс  ойындары  мен  ойын  түріндегі 
жаттығулардың  күрделілігі  әрқилы.  Ол  ойындардың  әртүрлі  моторлық  қимылдармен 
байытылу деңгейіне тікелей байланысты. 
Ойындар  көбіне  балаларды  белгілі  бір  қимылдарға  ынталандыратын  әртүрлі 
инвентарьлар  пайдалануға  негізделеді.  Мысалы:  секіртпе  балаларды  секіруге,  доп 
нысананы  дәлдеп  лақтыруға,  лақтырып  ойнауға  немесе  бір-біріне  домалатуға,  тебуге 
итермелейді. 
Бұл жастағы балалар үшін лақтыру, секірумен байланысты ойындар жүруге, еңбектеуге 
немесе  жүгіруге  негізделген  ойындарға  қарағанда  қиындау.  Ал  қимылдың  жүгіру  және 
секіру,  жүру  және  аттап  өту  сынды  тағы  да  басқа  бірнеше  түрін  үйлестіре  пайдалануға 
негізделген  ойындар  одан  да  қиын.  Сондықтан  ойындарды  іріктегенде  ондағы  қимыл-
қозғалыс тапсырмаларының біртіндеп қиындатылуына мән берген жөн (тіпті, бір қимылға 
негізделген  тапсырмалардың  өзі).  Тапсырманы  қимылдың  сипатын  өзгерту  арқылы  да 
қиындатуға  болады  –  қолды  белгілі  бір  қалыпта  ұстап  (қапталға  созу,  бастан  асырып 
ұстау) тез жүріп өту, жүгіріп өту, аяқтың ұшымен ақырын жүру және т.б. ойын түріндегі 
жаттығулардың мұндай жүйесі балаларды негізгі қимылдарды дұрыс орындауға үйретеді, 
бұрын өткен және игерілген дағдылар мен машықтарды қайталап, нығайтуға көмектеседі. 
Педагог  қимыл-қозғалыс  ойындарын  іріктеген  кезде  ең  алдымен  ойын  мазмұны  мен 
оның талаптарының балалардың жас ерекшеліктеріне, түсінігіне, қабілеті мен дағдысына, 
қоршаған әлем туралы біліміне, олардың жаңаны Таным мүмкіндігіне сай болуын ескеруі 
шарт. 
Қимыл-қозғалыс  тапсырмаларын  жан-жақты  түрлендіру  үшін  әр  ойында  жаңа  қимыл 
түрін  пайдаланудың  қажеті  жоқ.  Ол  үшін  белгілі  бір  қимылды  бірнеше  ойында  әртүрлі 
жағдайда  пайдалануға  да  болады.  Мысалы,  бір  ойында  топпен  жүру,  екіншісінде  –  қол 
ұстасып  шеңберді  айналып  жүру  жаттығулары  берілсе,  үшінші  ойында  балалардың 
жұппен  немесе  залда  «шашырап»  жүру  қабілеті  нығаяды.  Жүгіруді  де  осылай 
түрлендіруге  болады.  Мәселен,  бір  бағытта  жүгіру,  «шашырап»  жүгіру,  қуғыншыдан 
қашып өз орнына барып тұру т.б.  
Түрлі  ойындар  кезінде  орындалатын  қимылдар  баланың  қозғалыс  үйлесімділігін, 
кеңістікте  бағдарлау  қабілетін  дамытуға,  сондай-ақ,  оларды  белсенді  әрі  дербес  болуға 
тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. 
Қимыл-қозғалыс ойындарының педагогикалық тиімділігі оның мазмұнының белгілі бір 
тәлім-тәрбие  міндеттеріне  сәйкестігіне  тікелей  байланысты.  Педагог  балаларға  нені 
үйретіп,  олардың  қандай  қабілетін  дамытқым  келеді  деген  сұрақ  төңірегінде  ойланып, 
соған  көмектесетін  ойындарды  таңдап  алуы  тиіс.  Мысалы,  педагог  балаларды  ұжыммен 
бірге  үйлесімді  әрекет  етуге,  үлкен  залда  жаттығулар  жасауға  үйреткісі  келетін  болса, 


33 
 
сюжеттік  ойындарды  таңдаған  дұрыс.  Егер  балаларды  дамыту,  тепе-теңдік  сақтауға 
үйрету қажет болса, ойын түріндегі жаттығулардың көмегіне жүгінуге болады. 
Ойын  барысына  әсер  ететін  жауапты  сәттердің  бірі  –  ойын  тәртібі  мен  ережесін 
түсіндіру.  Ойынды  эмоцияға  беріліп,  анық,  кейіпкерлерді  интонациямен  сипаттауға 
тырысу қажет. Түсіндірген кезде белгілерге де назар аудару қажет. Өйткені, балалар сол 
белгілер  арқылы  қимылдарын  өзгертеді.  Белгілі  бір  қимылдарды  сүйемелдейтін  сөздерді 
анық, асықпай, қатты дауыстап айту қажет. 
4-5  жастағы  балаларға  сюжеттік  ойын  тәртібін  түсіндірген  кезде  қысқа  сөйлеуге 
тырысқан дұрыс. Кейіпкерлерді образды түрде сипаттап, өздері ойын кезінде сомдайтын 
кейіпкерлерді  балалардың  көз  алдына  елестету  қажет.  Педагогтің  ойынға  белсенді  әрі 
қызығушылықпен  араласуы  балаларға  үлкен  қуаныш  сыйлайды.  Оған  қоса,  жақсы, 
эмоционалдық атмосфера қалыптастырады, барлық балалардың ойынға жұмылдырылуына 
жағдай жасап, олардың белсенді қимылдауына ықпал етеді. 
Қимыл-қозғалысқа негізделген ойындар барысында педагог ережелердің орындалуына, 
балалардың өзара қарым-қатынасына, көңіл күйіне ден қойғаны абзал. Мұның бәрі ерекше 
маңызға ие. Себебі  балалардың басым бөлігінің ойын тәртібін бұзуы немесе шектен тыс 
әсерленуі  олардың  шаршағындығын  білдіреді.  Педагог  осыны  дер  кезінде  байқай  білуі 
тиіс (№ 3 қосымша). 
 

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау