Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет3/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524
4 дш

 
 
2. 4-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ 
ҚАҒИДАЛАРЫ   
 
Балаларды дене дамуы жағынан тәрбиелеу дегеніміз: 
1.  Балалардың  физикалық  денсаулығы  деңгейі  мен  қимыл-қозғалысын  сараптап, 
бағалай білу. 
2.  Дене  тәрбиесінің  белгілі  бір  кезеңдердегі  міндеттерін  қалыптастыру  (мәселен,  оқу 
жылына)  және  әр  баланың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  ішіндегі  ең 
маңыздыларын айқындау. 
3.  Мақсатқа  сай  құралдар,  әдістер  мен  формаларды  пайдалана  отырып,  белгілі  бір 
жүйеде тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру.  
4.  Мақсатқа  жету  жолындағы  қиындықтарды  алдын  ала  болжай  отырып,  ақырғы 
нәтижесінің тиісті деңгейін жобалау. 
5.  Қол  жеткен  нәтижелерді  түпкі  мәліметтермен  және  алға  қойылған  міндеттермен 
салыстыру. 
6. Кәсіби шеберлікті өздігінше бағалау және оны үнемі жетілдіріп отыру. 
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес,  Денешынықтыру  сабақтары  4-5  жастағы  балалар  үшін 
аптасына үш рет, 15–20 минут ұзақтықпен өткізіледі. 
Сабақ  алдында  міндетті  түрде  спортзал  ауасы  тазартылып,  белгіленген  тазалық 
талаптарына сай ылғалдап сүртілуі қажет. Балалар спорттық формамен жаттығады. 
Педагог  қажетті  спорт  жабдықтарын  алдын  ала  дайындайды.  Уақыт  жоғалтпас  үшін 
оларды  алып,  орнына  қайта  қоюға  ыңғайлы  етіп  орналастырады.  Спорт  жабдықтарын 
тарату мен жинауға балалардың бәрін кезекпен жұмылдырады. Бұл оларды дербес болуға, 
тәртіпке үйретеді. 



 
Орта  топта  педагогтің  балалардың  қимыл-қозғалыстарды  орындау  деңгейіне  қатысты 
талабы  өзгереді.  Өйткені  олар  қимыл-қозғалыс  техникасын  енді  ғана  үйрене  бастайды. 
Олардың дұрыс әрі сапалы орындалуын педагог үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Мектеп жасына 
дейінгі  балалар  бес  жасқа  қарай  жаттығуларды  өзгелермен  бір  ырғақта,  бірдей,  еркін 
орындауы тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың бағытына қарай (оңға және солға) өз бетінше 
ауыса білуі шарт. 
Баланы  қимыл-қозғалыс  түрлерін  бір-бірінен  ажырата  білуге,  есте  сақтауға  және 
жасауға  үйретеді.  Олар  өздерінің  іс-қимылдарын  көзбен  бақылай  бастайды.  Педагог 
балаларды өздері мен қасындағы жолдастарының қозғалысын бағалауға үйрете бастайды.  
Денешынықтыру пәніне арналған ұйымдастырылған оқу қызметі білім беру, тәрбиелеу 
мен  сауықтыру  саласындағы  міндеттерді  шешуге  бағытталған.  Білім  беру  міндетіне 
балаларға жаттығу жасауды үйрету, алған білімі мен дағдысын іс жүзінде қолдана білуге 
баулу жатады. Балалардың бойында дене тәрбиесі, оның адам организмін сауықтырудағы 
рөлі, жаттығуларды орындау тәсілдері т.б. туралы түсінік болуы шарт.   

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау