Міндеттері:
заттардың арасымен қысқа-қысқа адыммен «жыланша» жүру. Қолымызды
аяғымыздың қозғалысына қарай еркін қимылдату. Қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
Тұрақты тепе-теңдік сақтауға және биікте тұрып тапсырмаларды орындаған кезде басты
дұрыс ұстауға жаттықтыру, дене сымбатының бұзылуының алдын алу. Допты алға-
жоғары лақтырып, өзіне жақындатпай, бүгілген саусақтармен қағып алу қабілетін
жетілдіру. Балалардың бойында дербестік, өз-өзіне сенімділік қабілетін қалыптастыру.
Дене тәрбиесімен айналысуға ынталандыру, дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |