Мамандықтар бағыты:
«Техникалық ғылымдар
және технологиялар»
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
«Техникалық ғылымдар және технологиялар»
бағыты бойынша мамандықтар тізімі:
• 5В070100 Биотехнология
• 5В070300 Ақпараттық жүйелер
• 5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу
• 5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялары
• 5В071600 Аспап жасау
• 5В071700 Жылуэнергетикасы
• 5В071900 Радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар
• 5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық
технологиялары
• 5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиялары
• 5В072300 Техникалық физика
• 5В073100 Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау
• 5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
5В070100 – Биотехнология
Академиялық дәрежесі - «Биотехнология» мамандығы бойынша
техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында маман;
• биотехнологиялық кәсіпорындарда эколог-маман ретінде, ауыл
шаруашылық биотехнология маманы;
• тағамдық өндірістерде маман;
• экологиялық қызмет пен ұйымдарда биотехнолог-селекционер, маман.
5В070300 - Ақпараттық жүйелер
Академиялық дәрежесі - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
бойынша техника және технология бакалавры.
Түлектер:
• адам қызметінің түрлі саласында ақпараттық жүйелер пайдалану және
енгізу, өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарда;
• деректор қоры мен ақпараттық жүйелердің программисті, web-
дизайнер, программист-жобалаушы, администратор;
• программалық қамтаманы тестілеуші ретінде қызмет атқара алады.
5В070500 - Математикалық және
компьютерлік модельдеу
Академиялық дәрежесі - «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• ұйымдық-басқару мекемелерде программист, жетекші программист,
жетекші инженер, инженер-программист;
• ғылыми-зерттеу институттарда кіші ғылыми қызметкер;
• физикалық-химиялық және технологиялық үрдістердің математикалық
моделін әзірлеу үшін жетекші инженер немесе математик-программист.
5В071300 -Көлік, көлік техникасы және
технологиялары
Академиялық дәрежесі - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Түлектер көлік техникасы мен құрылғыларын өндіретін машина жасау
зауыттарында; көлік техникасын пайдалануды жүзеге асыратын
кәсіпорындар мен ұйымдарда, конструкторлық, жобалық және
технологиялық ұйымдарда, машина жөндеу кәсіпорындарында, көлікті
басқару мекемелерінде мынадай қызметтерде жұмыс істей алады:
• техник-лаборант, техник-конструктор, стандарттау бойынша
технологы(технигі), реттеу және тексеру технологы(технигі),
инструменттер технологы(технигі);
• метрология технигі;
• еңбек технигі.
5В071600 - Аспап жасау
Академиялық дәрежесі - «Аспап жасау» мамандығы бойынша
техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• электрондық аспаптарды, микро және оптоэлектроника,
нанотехнологиялар, лазерлік технологиялар, жаңа заманауи
медициналық аппараттарды құрылымдайтын және өндіретін
өндірістерде инженер;
• металлургиялық және машина жасайтын зауыттарда спектральдық
зертханаларда инженер;
• наноқұрылымдарды зертеу үшін аспаптармен жұмыс жасайтын
заманауи зертханаларда маман.
5B071700 – Жылуэнергетикасы
Академиялық дәрежесі - «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша
техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• жылу энергетикалық өнеркәсіптерде (ЖЭО, СЭО);
• өнеркәсіптік энергетика кәсіпорындарда (жылыту станциялар, жылу
жүйелері);
• жылыту жүйесінде қызмет көрсететін өнеркәсіптік вентиляция, ыстық су
мен технологиялық бумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда инженер;
• теплофизика, теплоэнергетика, аэродинамика саласындағы іргелі және
қолданбалы мәселелермен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтары мен
жобалық-конструкторлық институттарда ғылыми қызметкер және т.б.
5В071900 - Радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар
Академиялық дәрежесі - «Радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника және технология
бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• байланыс желісі мен телекоммуникациялық жүйелердің, оптикалық
диапозон мен мобильдік байланыс жүйелердің инженері;
• компьютерлік және есептеу орталықтарда инженер-реттеуші мен
программист;
• байланыс мен телекоммуникация жүйелерде менеджмент, маркетинг
саласында маман.
5В072000 – Бейорганикалық заттардың
химиялық технологиялары
Академиялық дәрежесі - «Бейорганикалық заттардың химиялық
технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология
бакалавры.
Түлектер кең байыту комбинаттарда; минералды шикізатты өңдеу
кәсіпорындарда; бейорганикалық қышқылдарды негіздерді, тұздар мен
минералды тыңайтқыштарды өндіру кәсіпорындарда; металлургиялық
өнеркәсіп комбинаттарда; құрылыс, керамикалық, композициялық
материалдарды өндіру зауыттарында; электрохимиялық өндіру,
плазмохимиялық үрдістер кәсіпорындарда; нанотехнология бойынша
жұмыс жасайтын зауыттарда; зауыт, цех және ғылыми-зерттеу
зертханаларда қызмет атқара алады. Келесідей лауазымдарда жұмыс
істейді: технолог, инженер, химик-технолог, инженер-технолог, маман.
5В072100 – Органикалық заттардың химиялық
технологиялары
Академиялық дәрежесі - «Органикалық заттардың химиялық
технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.
Түлектер мұнай, газ, көмір қайта өңдеу өнеркәсіптерде, органикалық
заттектер, полимерлер, эластомерлер, лак-бояу материалдары, оқ-дәрі
дәрмек, қатты және сұйық ракета отындарын өндіру; көмірсутекті
шикізатті дайындау, өндіру, тасымалдау және оларды тиімді пайдалану
бойынша өнеркәсіптерде; ғылыми-зерттеу және жобалық салалық
институттарда; қорғаныс өнеркәсіптерде қызмет атқара алады. Келесідей
лауазымдарда жұмыс жасайды: ғылыми-зерттеу институттарда,
конструкторлық және жобалық ұйымдарда бірінші дәрежелі техник, кіші
ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, инженер.
5B072300 - Техникалық физика
Академиялық дәрежесі - «Техникалық физика» мамандығы бойынша
техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• электрондық, микропроцессорлық, медициналық және басқа техниканы
ұйымдастыру және өндіру бойынша өндірістерде инженер;
• аспаптар мен конструкцияларды жөндейтін, баптайтын және тексеретін
өндірістерде инженер-реттеуші;
• өндірістерде жаңа технологиялық үрдістерді енгізу бойынша инженер;
• компьютерлік және есептеу орталықтарда инженер-программист;
• радио мен телецентрлер маманы;
• аспап пен жүйені әзірлеу бойынша жобалық және конструкторлық
бюроларда конструктор.
5B073100 - Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған
ортаны қорғау
Академиялық дәрежесі - «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің
қауіпсіздігі» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.
Түлектер келесідей лауазымдарды атқара алады:
• табиғатты бақылау, еңбекті қорғау әдістері мен құтқару техникасы,
төтенше жағдайда қоршаған ортаны қорғау мен сақтау салаларында инженер;
өнеркәсіптің шаруашылық және басқа да қызметтеріне сараптама мен аудит
жүргізетін маман;
• адам мен қоршаған ортаны қорғау жағынан объектіні бағалау бойынша
маман;
• төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптер мен халықты қорғау үшін
техникалық әдістерді әзірлеумен, енгізумен және қолданумен айналысатын
зерттеу орталықтардың ғылыми қызметкер.
5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс
технологиясы
Академиялық дәрежесі - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.
Түлектер:
• химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіптерде, медициналық мақсатта
қолданатын медициналық препараттар мен бұйымдарды өндіретін
өнеркәсіптерде;
• биотехнологиялық, парфюмерлік-косметикалық өндірістерде;
• техникалық бақылау бөлімдерде, зауыттық зертханаларда, дәрі-дәрмек
сапасын стандарттау және бақылау зертханаларда;
• стандарттау, сертфикаттау мен лицензиялауды басқару органдарда;
• ғылыми-зерттеу институттарда қызмет атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: |