8-сынып 2-нұсқа
1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?
молекулалардың арақашықтығы кеміді;
молекулалардың өлшемі өзгерді;
молекулалардың арақашықтығы артты
ешқандай өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді
мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді
мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды
мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты
3.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.
судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді
тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді
тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді
судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді
4. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?
белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы
бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы
әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы
қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды
5. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К.
Қай білеушенің температурасы жоғары?
ағаш
темір
білеушелердің температуралары бірдей
білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген
6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?
бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .
дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына
денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына
денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына
7.100 ºC ретінде қандай температура алынған?
қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы
қайнап жатқан судың температурасы
қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы
Қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы
8.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы
қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы
қыздыру кезінде қатты дененің балқуы
қыздыру кезінде сәуле шығару
9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?
мыс
ағаш
шыны
үшеуі де бірдей
10. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?
Энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады
Бөлменің жылынуы тек жылу өткізгіштік арқылы жүзеге асады
Бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы жүзеге асады
Радиатордан жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады
11.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:
А) мұзды балқыту кезінде;
Б) мұзды t -5ºC –тан t =0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.
Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1 , меншікті балқу жылуы 340 .
А жағдайында;
Б жағдайында;
екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;
есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;
12.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...
а) шарды 2ºC-қа қыздырса;
б) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;
в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;
г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;
13.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.
а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;
б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;
в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;
г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;
14. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
а) 0 ºC;
б) 59 ºC;
в) 37 ºC;
г) 49 ºC;
15.Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?
а) 175 кДж;
б) 410 кДж;
в) 352 кДж;
г) 210 кДж;
16. 100ºС температурадағымассалары бірдей мөлшердегі су мен су буының ішкі энергиялары U бірдей бола ма?
< ;
> ;
= ;
нақты жауап беру мүмкін емес.
17.Сұйықтың булануы неге тәуелді?
а) жауаптарда көрсетілген барлық жағдайларға
b) сұйық бетіндегі желге;
c) сұйық бетінің ауданына;
d) сұйықтың температурасына;
18. Балқу және қатаю кезінде заттың ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Балқуда азаяды, қатаюда артады;
Өзгермейді;
Екі жағдайда да артады;
Балқуда азаяды, қатаюда азаяды;
19. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%. Құрғақ термометр және ылғал термометр көрсетулері үшін қандай теңбе-теңдік орындалады?
= ;
< ;
> ;
нақты жауап беру мүмкін емес;
20.Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?
Q= cm( );
Q= ·m;
Q=q·m;
Q=L·m;
Достарыңызбен бөлісу: |