Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз.Что такое?. М., 2000.
2. Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-дону, 2008.
3. Блажанов Е.А. Приглашениев мир цивилизованных рыночных и общественных связей. М., 1994.
4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998.
5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001.
15 –Дәріс
тақырыбы: Мемлекеттік билік билік жүйесіндегі PR
Паблик рилейшнз (РR) – тікелей билік пен қоғам арасындағы қатынаста өзара түсіністік танытып, екі жақты сенімді қалыптастыратындықтан қазіргі саяси жүйедегі бірден-бір тиімді технология болып табылады деп қорытындылайды. Сондықтан, көршілес елдердегі паблик рилейшнзді жүзеге асыру механизмдерін басшылыққа ала отырып, Қазақстандағы РR-ді (паблик рилейшнз) бір жүйеге келтірудің заңдылық базасын қалыптастыру мәселелерін шешу қажет.
Қоғам мен биліктің өзара қатынасы бұл демократиялық жүйенің негізгі жемісі. Себебі өткен тоталитарлық кезеңде біз, биліктің бағыты дұрыс, ал қоғам тек берілген нұсқауды орындауға міндетті деп санап келдік. Алайда, күйреген жүйенің орнына келген жаңа жүйе Қазақстан Республикасын тамыры терең бастамаларға алып келді. Біздің санамызға «жат» деп келген саяси терминдер ғылыми айналымға енгізіліп, сөздік қорымызды молайтты.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінің дамуымен қазіргі жағдайын жетік талдағанда, қоғам мен мемлекеттің демократиялық жаңаруының жоғарыда аталған екі жолының элементтерін бір өзінде үйлестірген елдің жаңаруы үшінші нұсқа бойынша жүргендігін ескерген жөн. Қазақстанда өтпелі кезеңде өтіп жатқан саяси процестердің негізгі мазмұны – республиканың ерекшелігіне орайластырылған демократиялық дамудың өзіндік үлгісін іздестіру болды.
Сонымен, елімізде электрондық үкімет жобасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанына бірнеше жыл болды. 2004 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Демек, бұл саяси жүйеде жаңа ақпараттық жүйелердің орын алуы саяси коммуникацияның, яғни, мемлекеттік ақпараттық саясаттағы алатын орнын білдіреді.
Президенттік басқару өз жемісін беріп, елімізде көптеген сәтті реформалардың жүргізілуіне себепші бола білді. Ал, ендігі жерде президенттік-парламенттік басқару нысанындағы Қазақстан өзіндік дамудың тағы бір жаңа жүйесін қалыптастырмақ. Бұл біздің еліміздегі саяси коммуникацияның рөлін одан әрі жоғарылатады деп сенеміз. Себебі, кез келген демократиялық мемлекеттің басты ұстанған бағыты – ашықтық, пікір алуандылығы, сенімді таңдау жасау сияқты т.б. шаралардан тұрады. Қазақстан Республикасы да халық пен билік байланысын алдыңғы орынға шығаруы тиіс. Аталған екіжақты байланыс нәтижесінде сенімді саяси коммуникация құралдары жүзеге асырылады. Қоғам мен билік арасындағы өзара қатынаста мынадай қиындықтар кездесетіндігін көрсетеді: біріншіден, Қазақстан азаматтары саяси өмірге қатысу арқылы билік органдарына жеткілікті түрде ықпал ететіндігіне сенімсіздікпен қарайды; екіншіден, сайлауға түскен саяси партиялардың халықтың әл-ауқатын жақсартады деген бағдарламаларына күмәнданушылық; үшіншіден, сайлау науқаны туралы ақпарат тарататын БАҚ өкілдерінің қызметтерінің объективтілігіне деген сенімсіздік; төртіншіден, сайлауға қатысушы үміткерлердің халықтың талаптарына жеткіліксіз көңіл бөлуі (алдыңғы сайлауларда сайланған депутаттардың қызметін бағалау арқылы); бесіншіден, сайлаудың қарсаңы жақсы өткенімен, соңы неге апарады? деген үрейдің басымдығы (сайлау соңынан жол жүру құнының, тұрғын үйдің коммуналдық қызмет ақысының, нанның, азық-түліктің т.б. қымбаттауы); алтыншыдан, сыбайлас жемқорлықтың қоғамда кең тарауы, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетеді; жетіншіден, саяси билік субъектілерімен қоғамның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыратын байланыс құралдарының жеткіліксіздігі (әсіресе, облыс, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылды мекендерде).
Достарыңызбен бөлісу: |