Дипломдық жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар дипломное проектирование



жүктеу 143,3 Kb.
Pdf просмотр
Дата01.12.2017
өлшемі143,3 Kb.
#2608
түріДиплом


 

Қазақстан Республикасының 



Министерство 

Білім және ғылым 

образования и науки 

министрлігі 

Республики Казахстан 

 

Д. Серікбаев атындағы 



ВКГТУ 

ШҚМТУ  


им. Д. Серикбаева 

 

 



БЕКІТЕМІН 

АТжЭ факультеті деканы  

__________ Ғ.Х. Мұхамедиев 

«_30_» _________01_2015 ж. 

 

 

 



 

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАЛАУ  

Дипломдық жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар 

 

ДИПЛОМНОЕ ПРОЕКТИРОВАНИЕ  



Методические указания по дипломному проектированию 

 

Мамандық: 5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Өскемен 


Усть-Каменогорск 

2015 



 

Дипломдық жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар №1080 2012 жылдың 23 тамызында ҚР 



Үкіметі  қаулысымен  бекітілген,  жоғары  білім  берудің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартына  сәйкес  «Математикалық  және  компьютерлік  моделдеу»  кафедрасында 

құрастырылған 

 

 



 

 

 



«МжКМ» кафедрасының отырысында қарастырылған 

 

 



Кафедра меңгерушісі 

 

 



 

 

 



С. Рахметуллина 

 

Хаттама №_21_    __27.01__ 2015 ж. 



 

 

 



 

Ақпараттық  технологиялар  және  энергетика  факультетінің  әдістемелік  кеңесімен 

мақұлданған 

 

Төрайым                   



 

 

 



 

 

Т. Абдрахманова 



 

Хаттама № 6_    ___28.01____ 2015 ж.  

 

 

 



Құрастырған 

 

С. Рахметуллина 



 

 

 



 

 

 



 

 

З. Хасенова 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Нормабақылаушы    

 

 



 

 

 



Т. Тютюнькова  

  

 



 

  

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

МАЗМҰНЫ 



 

1    Жалпы ережелер   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

2    Дипломдық жұмысты орындау кезеңдері  



 

 

 



 

 

 



2.1 Дипломдық жұмыстың тақырыбына талаптар  

 

 

 



 

 



2.2 Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілерін тағайындау  

 

 



 

2.3 Дипломдық жұмысқа тапсырма  



 

 

 



 

 

 



 

2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы  



 

 

 



 

 

 



 

2.5 Дипломдық жұмысты ресімдеуге арналған талаптар  



 

 

 



 

 



3    Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау 

 

 



 

 

 



 

3.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі  



 

 

 



 

3.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі  



 

 

 



 

 

10 



 

А қосымшасы. Дипломдық жұмысқа тапсырма   

 

 

 



 

  

11 



 

Б қосымшасы. Мұқабаны ресімдеу үлгісі  

 

 

 



 

 

 



13

 

 



 

 

 



 

 

    



В қосымшасы. Алғы бетті ресімдеу үлгісі  

 

 



 

 

 



 

14

 



 

 

 



 

 

 



          

Г қосымшасы. Библиография  

 

 

 



 

 

 



 

  

15 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

Дипломдық  жұмысты  орындау  бойынша  әдістемелік  нұсқаудың  мақсаты  №366  2009 

жылдың  31  шілдесінде  ҚР  ҒжБМ  бұйрығымен  бекітілген,  5.03.016-2009  ҚР  МББС,  №1080 

2012  жылдың  23  тамызында  ҚР  Үкіметі  қаулысымен  бекітілген,  жоғары  білім  берудің 

Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  5В070500  –  Математикалық  және 

компьютерлік үлгілеу мамандығы бойынша дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарды 

белгілеу болып табылады. 

Дипломдық  жұмыс  оқуды  бітіру  кезеңінде  орындалатын  мамандықтың  оқу 

жоспарына сәйкес, жазбаша жұмыс болып табылады.  

 Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:  

-  студенттердің  оқыту  үдерісінде  алған  теориялық,  практикалық  және  кәсіптік 

білімдерін кеңейту, бекіту және жүйелеу; 

-  нақты  сұрақтар  мен  мәселелерді  зерттеу  мен  құрастыру  кезінде  сараптаудың  және 

дербес ғылыми зерттеудің әдістемесімен игеру; 

-  ғылым  мен  техниканың,  қазіргі  экономиканың  әртүрлі  салаларында  студенттерді 

дербес  жұмысқа  үйрететін  және  кәсіби  құзырға,  практикалық  дағдыларға  ие  болатын 

студенттің даярлық деңгейін анықтау.                          

Дипломдық 

жұмыс 

әртүрлі 


облыстарда 

үдерістердің 

математикалық 

және 


компьютерлік  үлгілеуінің  өзекті  мәселесін  зерттеудің  және  дербес  оқудың  нәтижелерін 

қорытуды ұсынады.   

Дипломдық жұмыс келесі талаптардың біреуіне жауап беруі керек:  

-  экономистермен,  инженерлермен,  практикалық  мамандармен,  талдаушылармен, 

ғалымдармен өткізілген жобалық шешімдер мен зерттеулер нәтижелерін қорыту және оқу; 

- құрамында зерттелетін нысан бойынша ғылыми-негізделген теориялық тұжырымдар 

мен ұсыныстар болуы; 

-  нақты  тапсырмаларды,  сұрақтар  мен  мәселелерді  шешуге  бағытталған  ғылыми-

негізделген нәтижелері болуы. 

Осы мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі тапсырмаларды шешуі керек: 

- таңдаған тақырыбының маңызы мен өзектілігін негіздеу; 

-  қажетті  деректерді  жинау  жолымен  зерттеу  нысанының  жағдайына  сараптама 

жүргізу;  

-  зерттеу  кезіндегі  алынған  нәтижелерді  қорыту  негізінде  нақты  тұжырымдар  мен 

ұсыныстарды қорытындылау; 

-  алынған  нәтижелерді  қорытындылау  негізінде  зерттеу  нысандары  қызметін 

жетілдіру  жолдарын  немесе  нақты  мәселелерді,  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  шешу 

жолдарын ұсыну. 

Дипломдық  жұмыста  жүргізілген  барлық  деректердің  объективтігі  мен  нақтылығы 

және  қабылданған  шешімдер  үшін  дипломдық  жұмыстың  авторы  ретінде  студент  жауап 

береді. 

 



 

2 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ КЕЗЕҢДЕРІ 



 

 

2.1 Дипломдық жұмыстың тақырыбына талаптар 

 

2.1.1  Дипломдық  жұмыстардың  тақырыптары  мамандарды  дайындау  профиліне 



сәйкес математикалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасында құрастырылады, ректордың 

бұйрығымен  бекітіліп,  ақпараттық  технологиялар  және  энергетика  факультеті  Кеңесінде 

қарастырылады.  

2.1.2  Дипломдық  жұмыстардың  тақырыбы,  техникасы  әртүрлі  салалардағы 

үдерістердің математикалық және компьютерлік үлгілеу аймағындағы нақты тапсырмаларды 

ескеру және техника, ғылым, экономиканың даму болашағына және жағдайына сәйкес келуі 

керек.   

2.1.3  Дипломдық  жұмыстардың  тақырыптарының  жалпы  тізімі  жыл  сайын  кем 

дегенде 30% жаңарып тұруы керек.   

2.1.4 Студент бекітілген тақырыпта жоқ, зерттеуге арналған өзінің тақырыбын ұсына 

алады.  Ол  үшін  ол  өзінің  ғылыми  және  практикалық  мүддесінен  шыға  отырып,  шешімін 

жазбаша түрде негіздеуі керек.  

2.1.6 Студенттер мүдделі шаруагерлік субъекттердің жазбаша тапсырыстары (келісім-

шарттар) бойынша дипломдық жұмыстарды орындай алады.  

2.1.7  Дипломдық  жұмыстың  тақырыбы  ағымдағы  оқу  жылының  соңғы  курсының 

басында студентке ректордың бұйрығымен бекітіледі.  

2.1.9  Дипломдық  жұмыстың  тақырыбы  дипломалды  практикасын  өтіп  болғаннан 

кейін,  қажет  болған  жағдайда  кафедра  меңгерушісінің  дәлелді  ұсынысы  негізінде  өзгеруі, 

анықталуы, түзетілуі мүмкін.  

 

2.2 Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілерін тағайындау 

 

2.2.1  Ғылыми  жетекшілер  болып  профессорлар,  доценттер,  оқу  дәрежелері  мен 



тәжірибелері  бар  оқытушылар  және  жоо-ның  ғылыми  қызметкерлері,  сонымен  қатар, 

қызметі  мен  ғылыми  жарияланымдары  «Математикалық  және  компьютерлік  үлгілеу» 

бағытына  сәйкес  келетін,  басқа  да  ұйымдардың  ғылыми  қызметкерлері  мен  жоғары  білікті 

мамандары тағайындалады.   

2.2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі міндетті:  

- дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма беруге;  

-  дипломдық  жұмысты  орындаудың  барлық  кезеңдеріне  тапсырмалары  бар  

дипломдық жұмысты орындаудың күнтізбелік кестесін құруға; 

-  қажетті  негізгі  әдебиет  пен  деректердің  бастапқы  көздерін  ұсынуға,  соның  ішінде, 

монографиялар,  заң  шығаратын  нормативті  актілер,  анықтамалық  және  мұрағаттық 

материалдар, мерзімдік ғылыми басылымдар мақалалары, инструкциялар, ережелер, дәрістік 

курстар, журналдар, сонымен қатар, шетел тілдерінде, өйткені,  дипломдық жұмысқа сәйкес 

келетін арнайы әдебиетті терең оқу негізінде орындалуы керек; 

 -  дипломдық  жұмысты  орындаудың  күнтізбелік  кестесінің  студентпен  орындалуын 

бақылау жүргізуге; 

-  белгіленген  уақытта  дипломдық  жұмыстың  бөлімдері  мен  көлемі  бойынша 

консультациялар жүргізуге.  

2.2.3  Кафедра  меңгерушісі  дипломдық  жұмысты  орындау  туралы  студенттің 

мерзімдік  есебінің  мерзімін  белгілеуге  және  ғылыми  жетекшісімен  бірге  дипломдық 

жұмыстың даярлығы туралы аралық есебін қабылдауға міндетті. 

Дипломдық  жұмысты  орындау  кестесін  сақтамаған  жағдайда  және  дипломдық 

жұмыстың  даярлығы  туралы  есептерді  тапсырмаған  жағдайда  ғылыми  жетекші  кафедра 

меңгерушісіне шаралар қабылдау үшін жазбаша түрде ақпарат жеткізеді.  



 

 



2.3 Дипломдық жұмысқа тапсырма 

 

2.3.1 Дипломдық жұмысқа тапсырма студентпен құрастырылатын сұрақтың тізімінен, 



дереккөздер  мен  бастапқы  материалдың  сипаттамасынан,  ұсынылған  әдебиеттер    тізімінен, 

графикалық материалдар тізімінен (кестелерден, диаграммалардан, сұлбалардан, суреттерден 

және  т.б.),  дипломдық  жұмысты  жазудың  толық  кестесінен  тұрады.      Дипломдық  жұмысқа 

тапсырманың үлгісі А қосымшасында келтірілген.  

2.3.2  Дипломдық  жұмысқа  тапсырма  жұмыстың  аяқталу  мерзімінің  нұсқауымен 

кафедра меңгерушісімен бекітіледі және дипломдық жұмысқа алғы беттен кейін нөмірлемей 

тігіледі, бірақ жалпы беттер санына кіреді.   

2.3.3 Дипломдық жұмыстың жеке бөлімдері бойынша ғылыми жетекшілікке бөлінген 

сағаттар көлемі шегінде кеңесшілер шақырылуы мүмкін.    

2.3.4  Студенттер,  негізгі  тақырыптан  басқа,  жобаларды  экономикалық    негіздеу, 

өндірістік  экология,  еңбек  сақтау  сұрақтарын,  программалық  өнімдерді  қолдану,   

технология сұрақтарын айқындауды қамтамасыз етулері керек. 

2.3.6  Дипломдық  жұмыстардың  негізгі  бөлімі  иллюстрациялармен,  кестелермен, 

суреттермен, эскиздермен, диаграммалармен, сұлбалармен және компьютерлік технологияны 

қолданумен 

сүйемелденуімен, 

есептердің 

қолданылатын 

әдістерімен, 

жүргізілген 

сараптамалар  сипаттамаларымен,  әртүрлі  нұсқалардың  салыстырмалы  талдамаларымен 

негізделуімен жұмыстың тақырыбының міндеттері мен мақсаттарын ашуы керек.  

 2.3.7  Дипломдық  жұмыс  зерттеу  затына  және  нысанына  сәйкес  студентпен  жоо-да 

және де, басқа ҒЗИ, кәсіпорындарда, ұйымдарда орындала алады.   

  

 

2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы 



 

2.4.1 Дипломдық жұмыс машинажазбалық мәтіннің 60-90 беттік көлеміндей қолжазба 

түрінде  студентпен  дербес  дайындалған  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұсынуы  керек. 

Дипломдық жұмыстың қосымшалары көрсетілген көлемге қосылмайды. 

2.4.2 Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері: 

 

Мұқаба 



 

Алғы беті 

 

Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма  



 

Мазмұны 


 

Кіріспе 


 

Негізгі бөлім  

 

Қорытынды (тұжырымдар мен сөйлемдер) 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

Қосымша (лар) болып табылады. 



2.4.3 Мұқаба мен алғы беті дипломдық жұмыстың бірінші беттері және құжатты іздеу 

мен өңдеу үшін мәлімет беретін ақпарат көздері  болып табылады.  

Дипломдық жұмыстың мұқабасы мен алғы беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы 

санына кіреді. Б және В қосымшаларында мұқаба мен алғы беттің формалары келтірілген.  

2.4.4 Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспе, реттік нөмірлер және барлық бөлімдер 

мен ішкі бөлімдердің атауларын, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін қосымшалар 

атауларын қосады.  

2.4.5  Кіріспе  дипломдық  жұмыстың  тақырыбының  өзектілігінің  дәйектемесінен, 

ғылыми  жаңашылдық  пен  практикалық  маңыздылықтан,  шешілетін  ғылыми  мәселенің 

қазіргі  жағдайын  бағалаудан  тұруы  керек,  сонымен  қатар,  дипломдық  зерттеудің  нысаны, 

міндеттері, мақсаты құрылуы, жобаның дипломдық жұмысын жазудың практикалық базасы 



 

мен теориялық және әдіснамалық негізі сипатталуы керек. Кіріспенің көлемі 1-2 бетті құруы 



мүмкін.  

2.4.6  Дипломдық  жұмыстың  негізгі  бөлімінде  орындалған  жұмыстың  негізгі 

нәтижелері мен әдістемесін, мазмұнын, мәнін бейнелейтін деректерді  келтіреді. Дипломдық 

жұмыстың негізгі бөлімі бөлімдер мен ішкі бөлімдерге бөлінеді.    

Дипломдық  жұмыс:  негізгі  бөлімнен;  экология,  еңбекті  қорғау  мен  қауіпсіздік 

техникасы  бойынша  іс-шараларды  сипаттауынан  тұратын  бөлімнен;  әзірлейтін  әдістер  мен 

тәсілдердің экономикалық тиімділігін негіздеуін сипаттайтын бөлімнен тұруы мүмкін.   

Жобаның  негізгі  бөлімдеріне  аналитикалық  бөлімді  (зерттеу)  және  компьютерлік 

жүзеге асыруының сипаттауынан тұратын жобалық бөлімді жатқызуға болады.     

Негізгі  бөлімнің  келтірілген  мазмұны  ұсынылатын  сипатта  келтірілген  және 

шығарушы  кафедра  меңгерушісінің  келісімі  бойынша  дипломдық  жобалауға  жеке 

тапсырмаға сәйкес ғылыми жетекшісімен өзгертілуі мүмкін.     

Аналитикалық  бөлімнің  тақырыбы  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  тақырыбына 

сәйкес,  негізгі  ғылыми  және  өндірісті  техникалық  идеяны  көрсету  қажет.  Аналитикалық 

бөлімде: 

-  зерттеу нысанының сипаттамасы; 

-  дипломдық  жұмыста  (жобада)  шешетін  есептің  мазмұндық  сипаттамасы  мен 

формалды қойылымы; 

-  есепті шешу үшін ақпаратты жинау, жіберу және өңдеу технологияларын сипаттау 

және ресімдеу;    

-  жұмыс  (жоба)  есебін  шешуге  қатыстырылған  деректерді  ұйымдастыру  үлгілеріне 

талдау жасауы және таңдауды негіздеуі; 

-  қойылған есепті көрсететін бизнес-процесстерді сипаттау үлгілеріне талдау жасауы 

және таңдауды негіздеуі; 

-  қойылған есепті шешу алгоритмдері; 

-  әзірленетін  бағдарламалық  құралдардар  архитектурасын  деректерге  қатынау 

интерфейсі  мен  бағдарламааралық  өзара  әрекеттестігін  таңдауын  негіздеуімен  бірге 

сипаттауы  немесе  әзірленген  алгоритмнің  компьютерлік  жүзеге  асыруы  үшін  қолданбалы 

бағдарламалар дестесін таңдауды негіздеуі көрсетілінеді.   

Зерттеу  бөлімінің  мазмұны  шешімнің  негізгі  кезеңдерін  көрсететін  құрылымды-

функционалдық  сұлбалармен,  өзара  әрекеттестік  сұлбалармен,  ақпараттық  және  бизнес-

процесстер  диаграммаларымен  безендірілуі  керек.  Бұл  безендірулер  орындалған  жұмыстың 

ажыратылмайтын  бөлігі  болып  табылатын  баяндама  таныстырылымын  және  үлестірме 

материалдарды  дайындауға  қажет  және  ол  түсініктеме  хатпен,  жетекші  пікірі  және 

рецензиямен бірге мұрағатқа өткізіледі. 

Жобалық  бөлім  бағдарламалық  өнім  құжаттамасына  қойылатын  талаптарға  сәйкес 

орындалады және бағдарламалық жүзеге асыруының негізгі ережелерінен тұрады: 

- жалпы ережелер;  

- құрудың мақсаты мен қызметі;  

-  жүйеге  талаптар  (жүйе  функциясына  талаптар;  қолданушы  интерфейстеріне 

талаптар;  жүйе  қабілеттілігіне  талаптар;  ақпаратты  қорғауға  талаптар;  жүйе  сенімділігіне 

талаптар); 

- функционалдық мүмкіншіліктер мен диалог схемаларын сипаттау;  

- кіріс және шығыс деректердің тізім мен сипаты;  

- жүктеу және қолдану мен пайдалануға нұсқау;  

- жұмыс істеуінің эксперименттік тексеру нәтижелері мен орнату туралы қорытынды. 

Экология,  еңбекті  қорғау  мен  қауіпсіздік  техникасы  бойынша  іс-шаралар  қазіргі 

қолданыстағы  ұлттық  және  халықаралық  стандарттар  мен  қауіпсіздік  техникасы  және  өмір 

сүруді  қамтамасыз  ету  бойынша  инструкцияларға  сәйкес  әзірленуі  керек.  Бұл  бөлім 

қоршаған ортаны ластану салдарын бағалауына байланысты сұрақтарды немесе өмір сүрудің 

экологиялық шарттарын жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеуден тұруы мүмкін.  



 

Әзірленетін  әдістер  мен  тәсілдердің  экономикалық  тиімділігін  негіздеу  зерттеменің 



шығыны 

мен 


өтелімділігін 

сипаттайтын 

негізгі 

экономикалық 

көрсеткіштердің 

есептеулерінен,  сонымен  қатар 

әлеуметтік-экономикалық

  әсерлерді  сипаттауынан  тұруы 

керек.  

2.4.7  Қорытынды  дипломдық  зерттеулердің  нәтижелері  бойынша  қысқаша 

қорытындыдан,  қойылған  есеп  шешімінің  толық  бағалануынан,  зерттеудің  талданатын 

объектісі бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдардан тұруы қажет. 

2.4.8  Қолданылған  әдебиеттер  тізімі  ғылыми  жұмыстарға  қойылатын  талаптарға 

сәйкес 


ресімделген, 

қолданылған 

ғылыми, 

оқу, 


периодтық, 

заңдар-нормативті, 

статистикалық,  электронды    және  басқа  да  дереккөздерден  және    кем  дегенде  30  әдебиет 

көздерінен тұруы керек.  

2.4.9  Қосымшаларға негізгі бөлімде бейнелеулерін таппаған дипломдық зерттеулерді 

орындаумен  байланысты  материалдар  қосылады  және  кестелер,  суреттер,  нұсқаулар, 

техникалық сипаттамалар, программалық өнімдер, есептер ретінде берілуі мүмкін.  

 

2.5 Дипломдық жұмысты ресімдеуге арналған талаптар 

 

2.5.1  Әрбір  студент  дипломдық  жұмысты  ресімдеу  бойынша  талаптарға  сәйкес 



нормабақылаушыдан өтеді. Нормабақылаудан дипломдық жұмыстың жетекшісі өткізеді.  

2.5.2  Дипломдық  жұмыс  (жоба)  интервал  арқылы  А4  форматының  ақ  қағазының 

бетінің  бір  жағында  компьютер  мен  принтерді  қолдану  арқылы  басу  әдісімен  орындалуы 

керек. Қаріп - әдеттегі, 14 кегль. 

Дипломдық  жұмыстың  мәтінін  өрістің  келесі  мөлшерлерін  сақтай  отыра  басу  керек:  

сол жағы - 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы - 10 мм және төменгі жағы - 25 мм. 

Жұмысты ресімдеу кезінде № 366, 2009 жылдың 31 шілдесінде ҚР БжҒМ бұйрығымен 

бекітілген, 5.03.016-2009 ҚР МББС көрсетілген барлық талаптар сақталуы тиіс.   

 



 

3 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ҚОРҒАУ 



 

3.1 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі 

 

3.1.1 Дипломдық жұмыс (жоба) қорғау алдындағы процедурадан өту үшін шығарушы 



кафедраға ұсынылады.  

3.1.2  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  алдындағы  процедура  ғылыми 

жетекшінің  және  студенттердің,  қажет  болса,  ғылыми  кеңесшілердің  қатысуымен  ашық 

кафедра отырысында өткізіледі. 

Қорғау алдындағы процедура кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.  

3.1.3 Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген және қорғау алдындағы процедурадан 

өткен  дипломдық  жұмыс  (жоба)  студентпен,  ғылыми  кеңесшімен  қол  қойылады  және 

ғылыми жетекшіге ұсынылады. 

3.1.4 Ғылыми жетекші дипломық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір жазады.   

Жетекші  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  мақұлдаған  жағдайда  қолын  қойып,  өзінің 

қорғауға жіберу туралы жазбаша пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне береді.    

Жетекші  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  мақұлдамаған  жағдайда  қолын  қоймай, 

дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  қорғауға  жіберілмеуі  туралы  өзінің  шешімін  негіздейтін 

жазбаша пікірін жазады.  

3.1.5 Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі жұмыстың алғы бетіне лайықты 

жазбасын жазу арқылы берілген дипломдық жұмыс бойынша соңғы шешімін қабылдайды.  

Кафедра  меңгерушісі  студентті  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғауға  жіберу 

мүмкін  емес  деп  санамаған  жағдайда,  бұл  сұрақты  студенттің  және  оның  ғылыми 

жетекшісінің  қатысуымен  кафедра  отырысында  қарастырады.  Кафедра  отырысының 

хаттамасы жоо ректорының бекітуіне ұсынылады. 

3.1.6  Кафедра  меңгерушісімен  қорғауға  жіберілген  дипломдық    жұмыс  (жоба), 

факультет деканына рецензияға бағытталады. 

3.1.7  Рецензенттер  тізімі  ғылыми  ұйымдар  мен  өндіріс  мамандары  санынан 

шығарушы  кафедраның  меңгерушісінің  ұсынысы  бойынша  ректордың  бұйрығымен 

бекітіледі.  Сонымен  қатар,  рецензенттер  ретінде  профессорлар,  доценттер  мен  басқа  да 

жоғары оқу орнының оқытушылары болуы мүмкін.  

3.1.8  Рецензенттер  қорғалатын  дипломдық  жұмыстың  (жобаның)  профиліне  сәйкес 

негіздік жоғары білімі немесе ғылыми атағы, академиялық дәрежесі болуы керек. 

3.1.9    Рецензент  дипломдық  жұмысқа  (жобаға)  зерттеудің  аяқталуы  мен  мәселені 

шешу  дәрежесі, тұжырымдары мен ұсыныстары, жүргізілген зертеудің дербестігі, біліктілік 

меншіктелетін  және  академиялық  дәреже  берілетін  маманның  даярлық  профиліне 

дипломдық зерттеу тақырыбының сәйкес келуі,  зерттелетін тақырыптың практикалық мәні 

мен жаңалығы, өзектілігі бейнелетін жазбаша рецензия береді. 

Рецензияда  лайықты  біліктілік  меншіктеу  және  академиялық  дәреже  беру  мүмкіндігі 

мен баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалауымен дәлелді қорытынды беріледі.  

3.1.10  Ғылыми  жетекшімен  қорғауға  жіберілген  дипломдық  жұмыс  (жоба),  бірақ 

рецензентпен  F  –  «қанағаттанарлықсыз»  бағасына  бағаланса,  онда  жалпы  шарттарда 

қорғалады. 

3.1.11 Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студент-дипломшыны қорғауға бір 

күн  қалғанда  рецензиямен  таныстырады  және  пікірмен,  рецензиямен  бірге  дипломдық 

жұмысты (жобаны) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына жібереді.  

3.1.12  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  қазақ  және  орыс  тілінде  студенттің 

қалауы  бойынша  өтеді.  Студент  кафедра  ұсынысы  бойынша  дипломдық  жұмыстың 

(жобаның)  қосымша  қысқаша  мазмұнын  қорғауда  жарияланатын  шетел  тілдерінің  бірінде 

ұсына алады.    

3.1.13  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар  облысында  жетістіктер  мен  заманауи  техникалық  құралдар  базасында 



10 

 

мультимедиялық  таныстырылымдар  түрінде,  электронды  ресурстарды  қолдана  отырып, 



жүзеге асуы мүмкін.  

 

3.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі 

 

3.2.1  Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  тәртібі  білім  беру  облысында  орталық 



атқарушы  органмен  бекітілген,  білім  беру  ұйымдарында  оқитындардың  аралық  және 

қорытынды    мемлекеттік  аттестациясын,  үлгерімнің  ағымдағы  бақылауын  жүргізу 

ережелерімен анықталады. 

3.2.2 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 

ашық отырысында, олардың жартысынан көп мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 

Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғау  шығарушы  кафедраның  оқытушылары  және 

студенттердің  қатысуымен  ашық  түрде  ұйымдастырылады.  Қорғауға  ғылыми  жетекші, 

базасында дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар 

шақырылуы мүмкін.  

3.2.3  Бір  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғаудың  ұзақтығы  бір  студентке  50 

минуттан аспауы керек. 

3.2.4 Студентке  дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін мемлекеттік аттестаттау 

комиссиясы мен қатысушылар алдында баяндамамен сөз сөйлеуге 15 минут уақыт беріледі. 

3.2.5  Мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясына  басылған  таныстырылым  материалы, 

орындалған  дипломдық жұмыстың ғылыми  және  практикалық  маңыздылығын  сипаттайтын 

материалдар, бейресми жазба пікірлер, дипломдық жұмыстың (жобаның) профилі  бойынша 

практикалық  қызметін  жүзеге  асыратын  ұйымның  жазбаша  қорытындысы,  ғылыми  зерттеу 

нәтижелерінің енгізу актілері мен анықтамалары таныстырылады.  

3.2.6 Дипломдық жұмысты талқылауда барлық қатысушылар сөз сөйлеу мен сұрақтар 

қою арқылы қатыса алады. 

3.2.7 Талқылап болғаннан кейін комиссия хатшысы пікір (ғылыми жетекшісі қатысып 

отырған болса, өзі сөйлеуі мүмкін) мен рецензияны оқиды.  Пікір мен рецензияда ескертулер 

болса, студент оның мәні бойынша дәлелді түсіндірмесін беруі керек.   

3.2.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балдық-рейтингтік 

әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл ретте, рецензент бағасы мен ғылыми жетекшінің 

пікірі, теориялық, ғылыми және практикалық даярлық деңгейі де ескеріледі.  

3.2.9  Дипломдық  жұмысты  қорғаудың  нәтижелері  әрбір  студент  бойынша  жеке 

мемлекеттік  аттестаттау  комиссиясы  отырысының  хаттамасымен  ресімделеді  және  оларды 

өткізу күні хабарланады.  

 



11 

 

А қосымшасы 



Министерство образования и науки Республики Казахстан 

 

Восточно-Казахстанский государственный технический университет  

им. Д. Серикбаева 

 

"Математикалық және компьютерлік моделдеу" 

МАМАНДЫҚ_________________________________________________ 

Дипломдық жұмысқа ТАПСЫРМА 

Студентке___________________________________________ 

                                           (тегі, аты, әкесінің аты) 

1 ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ 

(ЖОБА)________________________________________________________ 

_________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

____________________________________________________________________

___________________________________________ 

№_________ «______»_____________________20___ ж.  

УНИВЕРСИТЕТ БОЙЫНША БҰЙРЫҚПЕН БЕКІТІЛГЕН  

 

2 АЯҚТАЛҒАН ЖҰМЫСТЫ СТУДЕНТПЕН ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ 



(ЖОБАНЫ) 

3 ЖҰМЫСҚА БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР  

(ЖОБАҒА)_______________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________ 

 

4 ЕСЕПТЕУ-ТҮСІНДІРМЕ ХАТТЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ  



(СҰРАҚТАРДЫ ҚҰРАСТЫРУҒА ЖАТАТЫН 

ТІЗІМДЕР)______________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 



12 

 

 



5 ГРАФИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ТІЗІМІ  

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________________________________ 

__________________________________________ 

 

ТАПСЫРМАНЫ БЕРУ КҮНІ «______»__________________20____ ж. 



 

ЖЕТЕКШІ________________________________/_________________/ 

                                                  Т.А.Ә.                               (қолы) 

 

ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУҒА АЛДЫМ «_____»_______________20__ ж. 



 

 

__________________________ 



(студенттің қолы) 

 

 

 




13 

 

 Б қосымшасы 



Мұқабаны ресімдеу үлгісі 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 

 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  

техникалық университеті  

 

 

 

 



 

 

И.И.Иванов  

 

 



 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 

 



Инфрадыбыспен әсер кезінде ластанатын заттарды ауыстыру  

және тасымалдауды үлгілеу  

 

 

мамандық 5В070500 – «Математикалық және компьютерік моделдеу» 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен 2015 


14 

 

В қосымшасы 



Алғы бетті ресімдеу үлгісі  

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 

 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  

техникалық университеті  

 

 

 



 

Кафедра меңгерушісі   

_____________ С.Ж.Рахметуллина  

 

«Қорғауға жіберілді»   



 

 

 



«Инфрадыбыспен әсер кезінде ластанатын заттарды ауыстыру  

және тасымалдауды үлгілеу» тақырыбына  

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС 

 

 

5В070500 – «Математикалық және компьютерік моделдеу»  

мамандығы бойынша 

 

 

 

 

 

 

       Орындады                                                   И.И. Иванов  

 

       Ғылыми жетекші                             

       т.ғ.д., проф.                                                 П.П. Петров 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен 2015 

 



15 

 

Г қосымшасы 



Библиография 

 

1 Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319-III ЗРК; 



2  Государственный  общеобязательный  стандарт  высшего  образования,  утвержден 

постановлением Правительства РК от 23 августа 2012 г. № 1080; 

3  ГОСО  РК  5.03.016-2009,  утвержденным  приказом    МОН  РК от  31  июля  2009 г,  № 

366; 


4  Правила  организации  учебного  процесса  по  кредитной  технологии  обучения. 

Утверждены    приказом  и.о.  Министра  образования  и  науки  Республики  Казахстан  от  20 

апреля 2011 года № 152; 

5 Типовой учебный план специальности 5В070500 «Математическое и компьютерное 

моделирование». 

 

 



жүктеу 143,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау