ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық
мамандық 5В050900 - «Қаржы»
Астана - 2016
МАЗМҰНЫ
1
|
Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
|
4
|
2
|
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
|
4
|
3
|
Дипломдық жұмысты дайындаудағы ғылыми жетекшілік
|
5
|
4
|
Дипломдық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) жасау тәртібі
|
6
|
5
|
Ақпарат көздерін қарастыру және таңдау
|
7
|
6
|
Тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу
|
7
|
7
|
Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымына қойылатын негізгі талаптар
|
8
|
8
|
Дипломдық жұмысты рәсімдеу ережесі
|
9
|
9
|
Дипломдық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі
|
12
|
Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
Дипломдық жұмыс 5В050900 «Қаржы» мамандығының типтік оқу бағдарламасы мен мемлекеттік жалпыға білім беру стандартымен қарастырған, білім алудың қорытынды кезеңінде орындалатын, бітіруші түлектің жазбаша жұмысы болып табылады,
Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты болып:
1) мамандық бойынша теориялық білімдерін кеңейту, жүйелеу және бекіту, сонымен қатар, нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік міндеттермен, мәдени бағыттағы міндеттерді шешуде қолдану болып табылады;
2) қарастырылған мәселелер мен сұрақтарды шешуде эксперименттер жүргізіп және ғылыми зерттеу әдістемелерін өздігінен меңгере алу;
3) қазіргі кезеңдегі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында, сонымен қатар, кәсіби құзыреттілігінің деңгейіне байланысты студенттің өз бетінше дайындығын анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің көмегімен орындалады және келесі талаптарға жауап беруі керек:
1 - экономистер, менеджерлер, конструкторлар, инженерлер, тәжірибешілер, аналитиктер мен ғалымдар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін дәлелдеу;
2 - зерттеу объектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық қорытындылары болу керек;
3 – нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін, ғылыми негізделген нәтижелер болуы керек.
Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді терең қарастырғаннан кейін орындалады (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімдік басылымдар, дәрістік курстар, журналдар, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік құжаттар және т.б.).
Әрбір дипломдық жұмыс тапсырмаға сәйкес, теориялық немесе тәжірибелік сұрақтардың шешімдерін қанағаттандыру қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын бітіртуші кафедра анықтайды және әр бір жыл сайын 30% жаңартылып отырады, факультет кеңесінде қарастырылып және бекітіледі. Ол тақырыптар қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениеттің жағдайы мен даму болашағына сәйкес келіп, өзінің мазмұны бойынша, дипломдық жұмыстардың қойылатын талабына жауап беруі тиіс.
Дипломдық жұмыстардың тақырыбын анықтауда, өндірістің, білім берудің, ғылым мен мәдениеттің нақты міндеттірі мен мәселелерін ескеру ұсынылады. Дипломдық жұмыстың тақырыптары «Қаржы» мамандығы бойынша мамандарды дайындаудағы кәсіби салаға сәйкес болуы керек.
Дипломдық жұыстың тақырыбын студент білім алудың соңғы жылының басында өздігінен таңдайды. Дегенмен, ол студенттің алдыңғы жылдары орындаған ғылыми жұмыстары немесе курстық жұмыстарының жалғасы болғаны қаланады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту үшін, студент тақырып және оның номері көрсетілген өтініш жазып, бітіртуші кафедраға береді, онда мүмкін болған жағдайда, жұмыс орындауда сүйенетін материалдарды алатын, кәсіпорын атауы көрсетіледі.
Дипломдық жұмысты жазуда бір топтың екі немесе одан да көп студенттеріне, бір тақырыпқа, бір кәсіпорынның материалдарына сүйеніп жазуына рұқсат етілмейді.
Студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптарын өздерінің атына бекіту туралы өтінішін, кафедра қарастырып, бекітеді. Кафедра шешімінің негізінде, әрбір студенттің таңдаған тақырыбына сәйкес, университет бойынша, студентерге жетекші мен сырттай сын пікір берушілер тағайындалған бұйрық шығады. Бұйрықта студенттің толық аты, жөні, тегі және тақырыптың нақты атауы, ғылыми жетекшінің аты, жөні, тегі, (кеңес берушілердің де), дипломдық жұмысқа сын пікір берушілердің ғылыми атағы мен дәрежесі, қызметі, жұмыс орны көрсетіледі.
3. Дипломдық жұмысты дайындаудағы ғылыми жетекшілік
Кафедраның ұсынысы бойынша, ректордың бұйрығымен ғылыми жетекшілер тағайындалады.Дипломдық жұмыстың жетекшілері ретінде, профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар және сол жоғары оқу орнының ғылыми қызметкерлері, немесе, білім алушының мамандығына ғылыми басылымдары мен ғылыми зерттеулері сәйкес келетін, басқа кәсіпорындардан жоғары біліктілікті мамандар мен ғылыми қызметкерлер тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынысы бойынша, қажет болған жағдайда, кафедра, ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен, жұмыстың кейбір бөлімдеріне кеңес берушілерді шақыруына болады. Кеңес берушілер болып, жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар, басқа кәсіпорындардан ғылыми қызметкерлер мен жоғары біліктілікті мамандар бола алады. Кеңес берушілер студенттің орындаған жұмысының сәйкес бөлімдерін тексереді және оған қолын қояды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:
1) дипломдық жұмысты орындау үшін, тапсырма береді;
2) дипломдық жұмысты орындаудың бүкіл кезеңіне, студентке жұмысты орындаудағы күнтізбелік кестесін жасауға көмектеседі ;
3) студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен басқа да тақырып бойынша пайдаланатын көздерді ұсынады;
4) студенттің дипломдық жұмысты орындаудағы күнтізбелік кестенің сақталуын тексеріп отыратын, ағымдық бақылау жасайтын, кеңес берулердің кестесін жасайды ;
5) дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін анықтап, диплом жазушы мен кеңес берушілердің жұмысын үйлестіреді.
Студенттің дипломдық жұмысының тақырыбы бекітіліп және дипломдық жұмыс тапсырмасы жасалғаннан кейін, ғылыми жетекші дипломдық жұмысты дайындауда тікелей және жүйелі түрде жұмыс жүргізеді, дипломдық жұмыстың орындалу кестесіне бақылау жасайды; дипломдық жұмыстың дайын болған бөлек тарауларын (параграфтарын) оқып отырады; студентке жұмыстың мазмұны бойынша, қарастырылған материалдардың тізбектілігі бойынша, материалдарды жинау, негіздеу, нақты тәжірибелік материалдарды жүйелеу және әдістемелік өңдеу бойынша кеңестер береді; студентпен пайда болған сұрақтарды қарастырады, жаңадан шыққан заңнамалық актілер мен бекітілген нормативтік құжаттарды, қосымша әдебиеттерді ұсынады.
Бітіртуші кафедралар дипломдық жұмысты орындауға дейін, дипломдық жұмыс (жобаны) жазудағы мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының қойылған талаптарына сай болатын, әдістемелік нұсқаулықтарды жасап, студенттерді осы нұсқаулықтармен қамтамасыз етуі қажет.
Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыстың орындалуы бойынша, студенттің мерзімдік есеп беру уақытын белгілейді. Осы уақытта студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді, олар дипломдық жұмыстың дайын болу дәрежесін белгілеп, факультет деканына хабарлап отырады.
Студент дипломдық жұмысты орындаудағы күнтізбелік кестені қатаң түрде сақтап отыруы тиіс, белгіленген уақытта ғылыми жетекшіге дипломдық жұмыстың орындалған бөлімін тексертіп, уақытында кемшіліктер мен айтылған ұсыныстарды орындап отыруы керек.
Дипломдық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) жасау тәртібі
Дипломдық жұмыстың мазмұны, жұмыста толық ашылып көрсетілетін, негізгі сұрақтар (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) мен оны құрайтын бөлімдердің (параграфтардың) нақты тәртібінен тұрады.
Ғылыми жетекшінің алғашқа кеңесі мен дұрыс, әрі уақытында жасалған жоспар, ақпарат көздерін дұрыс таңдауда, нақты ұйым бойынша тәжірибелік материалдардың жинақталуын, дипломдық жұмыс материалдарының жүйелік және тізбектелініп көрсетілуінің негізгі ұйымдастырушы факторы болып табылады. Осыған байланысты, студент жоспарды жасауда ерекше көңіл бөлуі қажет.
Жоспарды жасамастан бұрын студент, дипломдық жұмыстың мазмұнын анықтау мақсатында, тақырып бойынша негізгі ақпарат көздерімен танысуы керек.
Жасалған жобаны Мазмұнды (жоспарды) студент, ғылыми жетекшіге қарастыруға көрсетеді, қажет болған жағдайда жетекші жоспарға түзетулер енгізіп, нақтылауына болады. Құрастырылған жоспар, дипломдық жұмыс тапсырмасында белгіленеді, сонымен қатар, қажет болғанда, түрлі себептерге байланысты, дипломдық жұмысты дайындау үдерісінде өзгертуіне болады.
5. Ақпарат көздерін қарастыру және таңдау
Дипломдық жұмыстың сәтті жазылуына, зерттелетін тақырыпқа байланысты, ақпарат көздерін творчестволық және толық қарастыру себеп болады.
Ақпарат көздерін қарастыруға студент, дипломдық жұмыстың тақырыбы анықталып, бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс үдерісінде ол дипломдық жұмыс үшін, қазіргі кезеңдегі зерттеу пәнінің жағдайын қарастыру қажет.
Студен ең алдымен зерттеуге кіріспес бұрын, пән бойынша бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы керек. Сұрақтарды терең қарастыру үшін, қосымша отандық және шетелдік ақпарат көздерін, сонымен қатар, ведомстволық нормативтік құжаттар: ережелер, нұсқаулықтар, және т.б. қарастыру қажет болып табылады. Нақты берілген сұрақтар бойынша, мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар мен материалдармен танысу қажет.
Ақпарат көздеріне сілтеме жасағанда, объективті және сапалы түрде көрсету керек, яғни, жан жақты анықтап, талдау жүргізіп, автордың көзқарастарымен және нормативті құжаттардағы бөлек ережелермен келісетінін немесе келіспейтінін көрсету қажет.
6. Тәжірибелік материалдарды жинау және өңдеу
Дипломдық жұмыс кәсіпорынның нақты материалдары негізінде орындалады. Ол зерттелетін тақырыптағы теориялық сұрақтармен, зерттеу объектісіне байланысты, тәжірибелік жағынан да мәнін көрсетуі тиіс.
Дипломдық жұмыстағы мәтіндер, нақты кәсіпорынның тәжірибелік материалдарымен байланысты болу керек, зерттелу объектісіне сай, аналитикалық кестелер мен есептеулер, алғашқы жиынтық құжаттармен көрнекілену қажет.
Тәжірибелік материалдарды жинастыруда студент, қажетті қосымшаларды рәсімдеуге ерекше көңіл бөлу керек, яғни оларды дұрыс дайындап және өзара байланыстыра алу керек, қолданылған қосымшаларға дипломдық жұмыстың мәтінінде сілтемелер беріп, көрсетуі тиіс.
7. Дипломдық жұмыстың мазмұны мен құрылымына қойылатын негізгі талаптар
Дипломдық жұмыс өзінің мазмұны бойынша, нақты мамандық бойынша, жоғары оқу орнының бітіруші курс студентінің өздігінен дайындаған қолжазба түріндегі ғылыми зерттеу жұмысы (жобалық шешімі) болып табюылады.
Дипломдық жұмыстың көлемі 70 парақтан кем болмауы керек. Қосымшалар дипломдық жұмыстың көлеміне кіргізілмейді.
Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері болып:
- титулды бет (Қосымша А);
- дипломдық жұмысты орындау бойыынша тапсырма (Қосымша Б);
- мазмұны (Қосымша В);
- кіріспе (Қосымша Г);
- негізгі бөлім;
- қорытынды (түйіндер);
- қолданылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Л);
- қосымшалар.
Титулды парақта келесі мәліметтер көрсетіледі:
- дипломдық жұмыс орындалған кәсіпорынның атауы,
- студенттің тегі, аты, жөні,
- дипломдық жұмыс тақырыбының атауы,
- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс,
- мамандық атауы мен шифры,
- бір қатар төмен «ғылыми жетекші» жазылып, аты, жөні, тегі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы көрсетіледі.
- қала, жыл.
Дипломдық жұмыстың мазмұны өзіне кіріспені, барлық бөлімдердің атауы мен парақ номерін, бөлімшелерді, қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімі мен беттік номері көрсетілген қосымшалардың атауы көрсетілген элементтерді құрайды.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік мәні, ғылыми мәселелерді шешудің қазіргі кездегі жағдайын бағалау, сонымен қатар, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, дипломның зерттеу объектісі, дипломдық жұмысты жазудың тәжірибелік базасымен, теориялық және әдістемелік негіздері көрсетіледі.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мазмұны, мәні, әдістемесі мен негізгі нәтижелері бейнеленетін, мәліметтер көрінеді. Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, ережеге сәйкес, бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен баптарға) бөлінеді.
Қорытындыда (түйінде) дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша, қысқаша тұжырымдамалар көрсетіледі, қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалап, зерттеу объектісі бойынша, нақты ұсыныстар берілуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімін, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай, дайындайды.
Қосымшаға дипломдық зерттеуді орындауға байланысты, негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар енгізіледі.
Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) қабылданған шешімдерге, барлық көрсеткіштердің нақтылығы мен объективтілігіне дипломдық жұмыстың авторы студент жауап береді.
Дипломдық жұмыс аяқталған нұсқада қорғауға дейін кемінде 10 күн бұрын сын пікір беру үшін сын пікір берушіге ұсынылады. Сын пікір берушіні әрбір студентке жеке кафедра меңгерушісі тағайындайды. Сын пікір берушіден студент дипломдық жұмысты орындағаны үшін баға қойылған сын пікір алады. Сын пікірде сын пікір берушінің қолы мен жұмыс орнының мөрі басылуы керек. Бұл сын пікірді студент дипломға тікпейді, конвертке салып дипломдық жұмыстың арасына қояды.
Студент қорғаудан 1 ай бұрын өзінің жетекшісінен пікір алуы тиіс. Пікірде дипломдық жұмысты орындағанына баға, жұмысты жазудағы студенттің өзіндік жұмыс жасау деңгейі, мәселені зерттеу дәрежесі және дипломдық жұмыс жалпы бағаланады. Бұл пікірде, дипломдық жұмысқа тігілмейді, конвертке салынып, дипломдық жұмыстың арасына қойылады.
Дипломдық жұмыс аяқталған нұсқада (тігілген) жетекшіден пікір (Қосымша Н) және сын пікір берушіден сын пікірлемесін (Қосымша М) салынған түрде қорғауға дейін кемінде 15 күн бұрын кафедраға өткізеді.
8. Дипломдық жұмысты рәсімдеу ережесі
Дипломдық жұмыс компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14.
Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.
Дипломдық жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың атаулары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде жазылады.
Дипломдық жұмысты бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атауларын жинақтағанда, дипломдық жұмыстың тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын анық және қысқаша сипаттамасын беру керек. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын азат жолдан (абзацтан) кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Дипломдық жұмыстың бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Дипломдық жұмыстың әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтінде екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Дипломдық жұмыстың беттерін бүкіл мәтін бойынша, араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
Титулды парақ жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титулды парақтың бетіне нөмір қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған көрнекі құралдар мен кестелер дипломдық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады. А3 формат парағындағы көрнекі құралдар мен кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
Диплом жұмысының беттері және қосымшасында, диплом жұмысының құрамына кіретін барлық беттерінде тұтас нөмірлері болуы қажет.
Диплом жұмысындағы көрнекі құралдарды (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) мәтін ішінде алғаш қолданғаннан кейін, бірінші немесе келесі беттерде орналастыру керек. Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.
Қосымшадағы көрнекі құралдардан басқасын, араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс. Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» деп көрсетіледі, «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс. Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері мәтінде сурет астында болуы керек. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы. (Қосымша Д)
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң орналастыру керек. ( кесте 1 – Банк ресурстарының динамикасы).
Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет. (Қосымша Ж, Қосымша К).
Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды. Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, кіші әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі. Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.
Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
Диплом жұмысындағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, араб сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.
Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада. Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады. [5].
Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер көрсетілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтеме берген тәртіп бойынша орналастырылады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.
Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.
Қосымшалардың диплом жұмысының қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс. Қосымшалар алфавит әріптерімен Ё, Е, З әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді.
9. Дипломдық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі
Дипломдық жұмыстарды плагиат жолымен тексеруді леканат жүргізеді.
Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі білім беру облысындағы өкілетті огандармен бекітілген, білім алушының білім беру ұйымдарындағы ағымдық бақылау үлгерімділігі, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестацияларының Ережесімен анықталады.
Дипломдық жұмысты қорғау, университет белгілеген уақытта, Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының (МАК) ашық отырысында жұргізіледі.
Дипломдық жұмысты қорғау көпшілік нұсқада, бітіртуші кафедраның оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Дипломдық жұмысты қорғауға, сонымен қатар, дипломдық зерттеу жүргізілген базадан ұйым өкілдері, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар қатысуына болады.
Дипломдық жұмысты қорғауға студент жан жақты дайындалу керек: баяндама мәтіндерін дайындап (хабарлама), иллюстрациялық материалдар дайындап (кесте, сызба, диаграммалар және т.б.); дипломдық жұмыста жазылған және нақты теориялық және тәжірибелік мәні бар, ең маңызды жағдайлардың мазмұнын бөлек қағазға көрсетіп қою керек.
МАК төрағасы мен комиссия мүшелеріне сызбалар, талдау кестелері мен графиктері, диаграммалар, қысқаша қорытындылары мен ұсыныстары көрсетілген таратпа материалдарын ұсынған студен дипломник мақұлданады.
Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдындағы дипломдық жұмысты қорғауда, студент қысқаша және анық түрде дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетін сипаттайды, ең маңызды жағдайларды көрсетіп, қорытындылары мен өзінің ұсыныстарын хабарлап, дәлелдейді. Баяндама (хабарлама) үшін студентке 15 минуттан артық уақыт берілмейді.
Дипломшыға МАК мүшелері мен төрағасы және дипломдық жұмысты қорғауға қатысып отырған қатысушылардың барлығы да сұрақ қоя алады. Қойылған сұрақтарға дипломшы қысқаша, бірақ түбегейлі жауап беруі қажет.
Жұмысты қорғауға қатысушылар, жұмыстың нәтижесін талқылауға қатысуына құқықтары болады.
Талқылау аяқталғаннан кейін, ғылыми жетекшінің пікірі мен сын пікір оқылады. МАК отырысында, диплом жұмысы және студент дипломшы туралы сипаттама беру үшін, өтініші бойынша, қатысып отырған ғылыми жетекшіге сөз беруге болады.
Дипломшыға баяндамада, пікір мен сын пікірде көрсетілген кемшіліктерге жауап беруіне мүмкіндік беріледі.
Дипломдық жұмысты бағалау МАК отырысында, балдық рейтинтік әріптік жүйе бойынша, жабық түрде анықталады және сол күні жұмысты қорғау аяқталысымен комиссия төрағасы жариялайды.
Белгіленген уақытта дипломдық жұмысты жазбаған немесе қорғай алмаған студент, университет студенттерінің қатарынан шығарылады, және келесі жылы немесе білім алудың теориялық курсынан кейінгі үш жылдан артық уақыт өткізбей, дипломдық жұмысын қорғау құқығы беріледі.
Бұл жағдайда Мемлекеттік аттестация комиссиясы, келесі жылы, студент қайта қорғауға, осы дипломдық жұмыстағы кемшіліктерін түзетіп, қайта қорғауына болатынын немесе басқа жаңа тақырып бкітілуі керектігін шешеді.
Дипломдық жұмыс және оны Мемлекеттік аттестация комиссиясының алдында қорғау нәтижесі, студентке мамандық бойынша диплом берудегі және академиялық дәреже немесе біліктілікті берудегі міндетті талап болып табылады.
Қосымша А
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
«Экономикалық және математикалық пәндер»кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
___________ Г.Д. Тажбенова
«___» __________ 2016 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін талдау
(АСКО АҚ мысалында)
Мамандық 5В050900 «Қаржы»
Студент А.И. Ибраев
Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова
Астана 2016
Қосымша Б
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент ___Ибраев Азамат Исаевич______________________________
Дипломдық жұмыс тақырыбы_Сақтандыру компаниясының төлем қабілеттілігін талдау («АСКО» АҚ мысалында)______ __________________
Бұйрықпен бекітілген ________________ №________
Студенттің жұмысты тапсыру мерзімдері: ___________________________
I тарау _____26 желтоқсан 2016ж._____________ _______________________
II тарау _____2 наурыз 2017ж._______________________________________
III тарау ______ 7 сәуір 2017ж._______________________________________
Аяқталған диплом жұмысының тапсыру мерзімі: ______15 сәуір 2017ж. ____
Дипломдық жұмыс жоспары: _______________________________________
__Кіріспе__________________________________________________________1 Сақтандыру компаниясында төлемқабілеттілікті қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік аспектілері ____________________________
2 Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін талдау («АСКО» СК мысалында)________________________________________________________
3 Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін көтеру іс шараларын жасау _______________________________________________________
Қорытынды________________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер тізімі___________________________________
Қосымшалар _______________________________________________________
Тапсырма берілген күн «__5___»________қазан ________ 2016 ж.
Кафедра __Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы_______
Бекітемін ______5 қазан 2016ж. _________________________________
күні, кафедра меңгерушісінің қолы
Жетекші _т.ғ.к., доцент Тажбенова Г.Д.___________________________
қолы
Тапсырманы орындауға қабылдадым _____________5 қазан 2016ж. _____
күні, студент қолы
Қосымша В
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………….4
1 Сақтандыру компаниясында төлемқабілеттілікті қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік аспектілері.............................................…………..4
1.1 Сақтандыру нарығы түсінігі, орны, функциялары және оның қызмет ету талаптары.......................………..…………………………………………….…...4
1.2 Сақтандыру ұйымдарын қаржылық талдау әдістемесі...... ………………16
1.3 Сақтандыру ұйымдарының төлемқабілеттілігін бағалау әдістері.………36
2 Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін талдау («АСКО» СК мысалында)...………..……………………………………………………...……40
2.1 Қазақстан нарығындағы сақтандыру секторындағы ережелер….............. 40
Сақтандыру компаниясына қысқаша сипаттама ....………………………49
Компанияның төлемқабілеттілігін талдау .......………………….………..51
3 Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін көтеру іс шараларын жасау ...........……………………………………………………….……………..55
3.1 Сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілігін бағалаудың альтернативті әдістері..………………………………………………………….55
3.2 «АСКО» сақтандыру компаниясының төлемқабілеттілік көрсеткіштерін есептеу….......................................................................................................….....60
Қорытынды……………………………………………………………….……...65
Қолданылған әдебиеттер тізімі........... …………………………………………68
Қосымшалар……………………………………………………………………...69
Қосымша Г
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Банктік жүйеде ………..
Дипломдық жұмыс мақсаты - …
Дипломдық жұмыс міндеттері - …
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып ….
Дипломдық жұмыстың зерттелу пәні болып
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі авторлардың еңбектері қолданылды ……
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,3 тараудан ……
Қосымша Д
Сурет 1 – ЖҰӨ сақтандыру сыйақыларының бөлігі (%) және тұрғындарға сақтандыру сыйақыларының қатынасы (теңге)
Сурет 2 – Сақтандыру секторының институционалдық секторы
Қосымша Ж
Кесте 5 – Ұйымның ағымдық өтімділігі мен төлемқабілеттілігінің салыстырмалы көрсеткіштер жүйесі
Көрсеткіштер
|
Есептеу әдістемесі
|
Экономикалық интерпретация
|
1
|
2
|
3
|
1. Коэффициент абсолютной ликвидности (реальной платежеспособности)
|
(ДС+КФВ)/КО
|
Наиболее жесткий критерий платежеспособности. Характеризует абсолютную платежеспособность организации, раскрывает долю краткосрочных обязательств, погашаемых за счет мобильных активов. Нормативная величина не менее 0,2.
|
2. Коэффициент промежуточной ликвидности
|
(ДС+КФВ+КДЗ)/
/КО
|
Раскрывает гарантированную платежеспособность организации. Характеризует долю краткосрочных обязательств, погашаемых не только за счет денежных средств, но и за счет ожидаемых поступлений от дебиторов.
|
3. Коэффициент текущей ликвидности
|
(ОА-ДДЗ-РБП)/
/КО
|
Характеризует потенциальную платежеспособность организации. Показывает платежные возможности организации при условии не только своевременных расчетов с дебиторами, но и продажи в случае нужды реализуемых запасов. Нормативная величина дифференцирована по отраслям деятельности. Для торговли установлена на уровне 1.
|
4.Собственные оборотные средства
|
ОА-КО
|
Определяет величину, на которую оборотные активы превышают краткосрочные обязательства; чем больше эта сумма, тем больше уверенность, что эти обязательства будут погашены.
|
5. Коэффициент обеспеченности собственными оборотными средствами
|
СОС/ОА
|
Характеризует долю оборотных активов, покрываемых за счет собственных источников финансирования. Нормативная величина дифференцирована по отраслям деятельности. Для торговли его уровень установлен 0,1.
|
6. Коэффициент соотношения собственных оборотных средств и краткосрочных обязательств
|
СОС/КО
|
Раскрывает соотношение темпов изменения собственных оборотных активов и краткосрочных обязательств. Нормативная величина может быть установлена на уровне 0,11.
|
7. Коэффициент покрытия просроченной задолженности денежными средствами
|
ДС/Просроч.КЗ
(из Ф.№5)
_
|
Раскрывает долю просроченной кредиторской задолженности, покрываемой за счет имеющихся денежных средств.
|
8. Коэффициент покрытия просроченной кредиторской задолженности финансовыми активами
|
(ДС+ДЗ+КФВ)/
/Просроч.КЗ
(из Ф.№5)
_
|
Характеризует удельный вес просроченной кредиторской задолженности, погашаемой за счет денежных средств и поступлений от реализации краткосрочных финансовых вложений и поступлений от дебиторов.
|
Примечание – Рейтман А.И. Страхование. М.: Финансы и статистика. – 2014г.
|
Қосымша К
Кесте 11 – Мүлік құрылымы және оның қалыптасу көздері
Көрсеткіш
|
Көрсеткіш мәні
|
Талдау кезеңіндегі өзгерістер
|
2013ж.
|
2014ж.
|
2015ж.
|
(гр.5-гр.2), мың. тг.
|
(гр.5 : гр.2), %
|
мың. тг.
|
в % к валюте баланса
|
мың. тг.
|
мың. тг..
|
в % к валюте баланса
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Актив
|
1. Долгосрочные активы
|
15 094 474
|
78,5
|
14 308 269
|
13 881 974
|
24
|
-1 212 500
|
-8
|
2. Краткосрочные активы, всего
|
4 145 519
|
21,5
|
39 100 247
|
43 866 984
|
76
|
+39 721 465
|
+10,6 раза
|
запасы
|
279 148
|
1,5
|
293 564
|
207 384
|
0,4
|
-71 764
|
-25,7
|
текущие налоговые активы
|
430 537
|
2,2
|
412 384
|
399 677
|
0,7
|
-30 860
|
-7,2
|
- денежные средства и краткосрочные вложения;
|
16
|
<0,1
|
57 665
|
7 637
|
<0,1
|
+7 621
|
+477,3 раза
|
- краткосрочная дебиторская задолженность;
|
3 431 998
|
17,8
|
38 313 897
|
43 248 723
|
74,9
|
+39 816 725
|
+12,6 раза
|
Пассив
|
1. Собственный капитал
|
18 617 957
|
96,8
|
19 326 939
|
17 539 645
|
30,4
|
-1 078 312
|
-5,8
|
2. Долгосрочные обязательства, всего
|
13 048
|
0,1
|
11 383
|
1 249 743
|
2,2
|
+1 236 695
|
+95,8 раза
|
из них:
- кредиты и займы;
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
–
|
- прочие долгосрочные обязательства.
|
13 048
|
0,1
|
11 383
|
1 249 743
|
2,2
|
+1 236 695
|
+95,8 раза
|
3. Краткосрочные обязательства (без доходов будущих периодов), всего
|
608 988
|
3,2
|
34 070 194
|
38 959 570
|
67,5
|
+38 350 582
|
+64 раза
|
- прочие краткосрочные обязательства.
|
608 988
|
3,2
|
34 070 194
|
38 959 570
|
67,5
|
+38 350 582
|
+64 раза
|
Валюта баланса
|
19 239 993
|
100
|
53 408 516
|
57 748 958
|
100
|
+38 508 965
|
+3 раза
|
Примечание – Финансовая отчетность ТОО «Цесна-Гарант» за 2013-2015г.г.
|
Қосымша Л
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Савицкая Г.В. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау: Оқулық /В. Савицкая. - 2-ші баспа, - М.: ИНФРА-М, 2008. - 400 б.
2 Котляр В.В. Кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын кешенді бағалау // Бағалы қағаздар нарығы. - 2000. - N 16. - С. 39-42.
Қосымша М
Евразия гуманитарлық институты
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
Диплом жұмысына
СЫН ПІКІР
Студент___________________________________________________________
Мамандығы _______________________________________________________
__________________________________________________________________
Диплом жұмысының тақырыбы_______________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Құрамы:
А) графикалық бөлімі_________бетте
Б) түсіндірме бөлімі____________бетте
Тақырыптың өзектілігі______________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тақырыптың тәжірибелік мазмұны___________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсыныстары мен қорытындысын негіздеу______________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дипломдық жұмысты безендірудің сапалылығы (кестелерді қосқанда)_________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Диплом жұмысындағы кемшіліктер____________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өндіріске енгізудегі ұсыныстар_______________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Диплом жұмысының талапқа сәйкестігі (сәйкес еместігі) _________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бітіруші студент біліктілікті иемденуге лайықты(лайықты емес)___________
__________________________________________________________________
Диплом жұмысын бағалау ___________________________________________
Рецензент__________________________________________________________
Аты-жөні
М.О.
Атқаратын қызметі__________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Қосымша Н
Евразия гуманитарлық институты
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
Диплом жұмысына
ПІКІР
Студент___________________________________________________________
Диплом жұмысының тақырыбы _______________________________________
__________________________________________________________________
Тақырыптың өзектілігі____________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Логикалық тізбектілігі____________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыстың оң жақтары ___________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жалпы жұмыстың безендірілуі кесте, иллюстрациялар сапасы _____________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсыныстары мен қорытындысын дәлелдеуі__________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ақпарат көздерін қолдануы________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жұмыстың кемшіліктері___________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тәжірибеге енгізетін ұсыныстары___________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Диплом жұмысы диплом жұмысын жазу талаптарына сәйкес келеді (сәйкес келмейді) және мемлекеттік аттестациялық комиссияның мәжілісінде қорғауға ұсынылады(ұсынылмайды).
«____» _____________ 201__ж. _________________
жетекшінің қолы
Достарыңызбен бөлісу: |