Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіптік колледждерде техникалық



жүктеу 2,08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата29.01.2020
өлшемі2,08 Mb.
#27587
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

23 

 

Оқушыларға  екі  жағдайда  да  электродты  металлға  ұзақ  уақыт 



жанастырып  ұстап  тұруға  болмайтынын  ескерту  керек,  олай  болмаған 

жағдайда металлдың жоғары қабыты балқып кетуі мүмкін.  

Электродтың  балқу  процесін  көрсете  отырып,  доға  ұзындығы  барлық 

уақытта  тұрақты  болуын  қамтамасыз  ету  керектігін  түсіндіру  қажет.  Бұл 

электродтың пісірілетін бөлігіне оның балқу жылдамдығымен тұрақты және 

біркелкі  жеткізілуін  қамтамасыз  етеді.  Мұнда  электродтың  берілу 

жылдамдығы  тым  жоғары  болған  жағдайда,  қысқа  тұйықталу  орын  алуы 

мүмкін, ал егер ол тым баяу болса, доға үзілуі болуы мүмкін. 

Соңында  білім  алушыларға  электродты  жылжытуды  көрсете  отырып, 

электрод тік бағытта 15-30° бұрышта қозғалыс бағытына бейімделуі керектігін 

көрсету қажет.  

 

 



3.4 ТСВ01 пісіру тренажерын оқытуда қолдану 

 

Виртуалды пісіру – бұл жас ұрпақты практикалық пісіруге үйрету үшін 



заманауи жүйе. Пісірушілерді дайындаудың негізгі жүйелері пісіру процесін 

имитациялау  дәрежесі  бойынша  компьютерлік  және  ұшқындық  (искровой) 

болып  екіге  бөлінеді.  Біріншісінде,  пісіру  аймағы  және  пісіру  доғасының 

имитациясы сурет пен машиналық графиканың тәсілдерін синтездеу арқылы – 

виртуалды  кеңістікте  жүзеге  асады.  Ал,  ұшқындық  пісіру  процесінде 

пісірілген жіктің физикалық моделінде ұшқын разрядымен имитацияланады. 



Пісіру  тренажерында  оқытудың  артықшылықтары:  симулятор 

барлық  негізгі  пісіру  процесстерімен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді  - 

MIG/MAG,  TIG  және  MMA  пісіру,  оның  ішінде  газ;  оңтайландырылған 

бағдарламалық  қамтамасыз  ету  жас  мамандарға  таныс  әрі  бағдарламалық 

ортада  жеңіл  әрі  тез  қол  жеткізуге,  оқуға  мүмкіндік  береді;  жаңадан 

бастаушыларға, аралық және сарапшылар үшін көптеген әртүрлі қиындықтағы 

жаттығулар;  өздігінен  үйренуге  мүмкіндік  туады;  аз  уақыт  аралығындағы 

оқытудың  максималды  нәтижесі;  пісіру  және  қолдың  қозғалысы  процесін 

сенсорлық  экранда,  проекторда  немесе  теледидар  арқылы  үлкен  пішінде 

көрсетуге  болады;  симулятор  пісіру  ақауларын  және  олардың  себептерін 

анықтайды, түзету  әрекеттерін пайдаланушы ақауларды анықтағаннан кейін 

тікелей жүргізе алады; виртуалды дәнекерлеу ваннасын, доғаның ұзындығын 

және біртекті пісіру тігісін алуды, сондай-ақ доғаның үш түрін (қысқа, тамшы-

тасымалы  және  ағыс  доғасы)  бақылауды  үйренеді;  барлық  пісіру 

манипуляциялары  қатты  дискіде  сақталады,  пайдаланушы  да,  оқытушы  да 

талдап  түсініктеме  бере  алады;  компьютерлік  әдістер  пісіру  процесстерін 

имитациялайтын виртуальды әсерлердің ең жоғарғы деңгейімен сипатталады; 

тренажерларды  бағдарламалық  қамтамасыз  етуге  ОӘҚ  –  пісірушілерге, 

технологтарға және де инженерлерге, демек, пісіру процесстерін тәжірибеде 

іске  асыратын  барлық  мамандарға  қажет  болып  табылатын  оқу-әдістемелік 

құжатнама  кіреді;  алынған  болашақ  пісірушіге  шынайы  басқару  пультін 



24 

 

қолданып  тәжірибе  жинақтаған  кезде  алынған  тренажерлік  дағдыларды 



бекітуге мүмкіндік туады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



2 Сурет. Пісіру процесін сенсорлық экранда және проекторда көру мүмкіндігі 

 

ТСВ01 пісіру тренажерымен жұмыс істеу барысы 

Әртүрлі  жағдайларда  электрдоғалы  пісіру  тәсілдерін  пісіру  ісін  енді 

үйреніп  келе  жатқан  мамандарды  жаттықтыру  мақсатында  қолданылады. 

Пісірушінің  тренажеры  доғаның  жануын  имитациялаумен,  электродтарды 

балқытумен  және  тренаж  жұмыстарын  орындау  кезіндегі  пісіру  ванналары 

мен пісірілген жікті көрсетумен қамтамасыз етіледі. 

Тренажерді  пайдалану  артықшылықтары:  электрдоғалық  пісіруге 

арналған  электродтарды  үнемдеу;  пісірудің  бірдей  шарттарын  қайталау 

мүмкіндігі;  арнайы  киім  кию  қажеттілігінің  болмауы;  пісіру  аэрозольінің 

бөлінуінің болмауы және пісіру доғасының күшті ультракүлгін сәулеленуінің 

болмауы (пісірушіге арналған арнайы көзілдірік немесе қалқанша қажет емес); 

тренаж нәтижелері бойынша пісірушінің біліктілігін анықтау мүмкіндігі. 

Техникалық  мүмкіндіктері:  пісірілетін  бөлшектер  мен  тігіс  осьтерінің 

суретін сенсорлық монитор экранына шығару; пісіру жылдамдығын, доғаның 

ұзындығын және доғаның түйісуі бойынша дәлдігін бақылау; тренаж кезінде 

электродтың  балқуын  имитациялау;  білім  алушыларды  тіркеу;  доғаның 

ұзындығы, тігістен ауытқуы, дәнекерлеу жылдамдығы, қысқа тұйықталу және 

доғаның  үзілу  саны  туралы  қажетті  ақпаратты  бере  отырып,  процесті 

статистикалық  бағалау;  әрбір  оқушы  бойынша  тренаж  сеанстарының 

нәтижелерін сақтау және қарау. 



25 

 

Тренаж  кезінде  оқушы  пісірушінің  қол  аспабының  физикалық 



имитаторын пайдалана отырып, электрод имитаторымен жұмыс қозғалысын 

тігіс осінің бойымен жасайды. Пісірілетін бөлшектер мен тігіс осінің бейнесі 

тренажердің сенсорлық мониторының экранына шығарылады. 

Пісіру  жігінің пайда  болуы  және  пісіру  ваннасының  тәртібі  таңдалған 

пісіру режиміне (металдың қалыңдығы, электрод диаметрі, пісіру тогы) және 

оқытылатын  пісірушінің  әрекетіне  сәйкес  монитордың  экранында 

модельденеді. 

 

 



 

3 Сурет. ТСВ01 пісіру тренажеры 

 

Тренажбен  жұмыс  істеу  студенттердің  қолын  жаттықтырып,  олардың 



пісіру  жұмыстарын  тез  меңгеруіне,  қауіпсіздік  ережелерін  сақтауына 

мүмкіндік береді.  

Тренажер  дербес  компьютердің  көмегімен  басқарылады.  Тренажерді 

басқаруға арналған WWSim бағдарламасы арнайы Microsoft Windows 2000, ХР 

7 операциялық жүйелеріне арналып жасалынған. Бақыланатын  

параметрлердің шекаралық мәндерін орнату «параметрлер терезесі» арқылы 

жүзеге асырылады. 

Студенттер пісіру жұмысын бастамас бұрын алдымен алдарында тұрған 

компьютер  экранында  доғаның  ұзындығын,  пісіру  жылдамдығын,  және  де 

қандай пісіру тәсілін қолданады соларды анықтап, арнайы ашылған терезеден 

таңдап  алады.  Өздеріне  қажетті  параметрлерді  таңдап  болғаннан  кейін,  оң 

қолдарына  арнайы  пісіру  электродын  ұстап  компьютер  экранына 

жақындатыпғ виртуалды түрде пісіру жұмысына кіріседі.  

 



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау