«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 22-беті
«Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», «Қосымшалар» құрылымдық
элементтерінің басында жазылуы тиіс.
6.7 Диплом жұмысын (жобасын) бӛлімге және бӛлімшелерге бӛлу қажет. Әрбір бӛлім
және бӛлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Бӛлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып кӛрсетуі, ал
бӛлімшелердің атаулары ӛзі сәйкес бӛлімінің тақырыбын ашып кӛрсетуі тиіс.
6.8 Бӛлімдер мен бӛлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша
дәріптеуі тиіс.
6.9 Бӛлімдер мен бӛлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында
нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.
Егер де атаулар екі сӛйлемнен тұрса, оларды нүктемен бӛледі.
6.10 Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нӛмірлеу қажет.
Беттің нӛмері қағаздың тӛменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
6.11 Титул беті жалпы беттердің нӛмірленуіне қосылады. Титул бетіне нӛмір
қойылмайды.
6.12 Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом
жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нӛмерлеріне қосылады.
А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
6.13 Диплом жұмысының (жобаның) бӛлімдерінің барлық құжаттың ӛн бойында
абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нӛмірлері болуы қажет.
Бӛлімшелер бӛлімдер аясында нӛмірленуі қажет. Бӛлімше нӛмірі, нүктемен бӛлінген бӛлім
мен бӛлімше нӛмірлерінен тұрады. Бӛлімше нӛмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бӛлімдер
екі немесе үш бӛлімшеден тұрады.
Мысалы:
3 Типтік және негізгі мӛлшері
1.1
1.2
Құжаттың бірінші бӛліміндегі бӛлімшенің нӛмірленуі
1.3
2 Техникалық талаптар
2.1
2.2
Құжаттың екінші бӛліміндегі бӛлімшенің нӛмірленуі
2.3
6.14 Диплом жұмысының (жобаның) әр бӛлімі жаңа парақтан (беттен) басталауы
қажет. Бӛлімше атауы бӛлім атауынан бір жол тӛмен түсіріліп бӛлінеді. Мәтін бӛлімше
атауынан бір жол тӛмен түсіріліп жазылады. Бір бӛлімшенің мәтіні біткен соң екі жол тӛмен
түсіп келесі бӛлімшенің атауы абзацтан жазылады (Үлгі 4).
6.15 Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының
(жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нӛмірлері болуы қажет.
6.16 Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер,
схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі
ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.
Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық
иллюстарцияларға сілтемелер болуы қажет.
6.17 Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар,
схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ)
мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.
6.18 Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар ара сандарымен
басынан аяғына дейін нӛмірленуі тиіс.
«Cырдария» университеті
УЕ-ОӘБ-007/11-2015
Сапа менеджменті жүйесі
Ереже
2-нұсқа
Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен
ұйымдастыру туралы ереже
41 беттің 23-беті
Суреттер «Сурет 1», «Сурет 2» деп, оның аталуы суреттің тӛменгі жолдың ортасынан
жазылуы тиіс.
6.19 Иллюстрацияларды бӛлімдер шеңберінде (ішінде) нӛмірлеуге болады. Мұндай
жағдайда иллюстрациялар нӛмірі нүктемен бӛлінген бӛлімнің нӛмірі мен иллюстрацияның
реттік нӛмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.
6.20 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін
мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1.
Нарық сегменттері
Мысалы:
Сурет 1. Нарық сегменттері
6.21 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нӛмірлеуде (Сурет 2) немесе «2-
суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін, ал бӛлім бойынша нӛмірлеуде «2.1
суретіне сәйкес» болуы тиіс.
6.22 Кестелер кӛрнекілік ретінде және кӛрсеткіштерді салыстыру мақсатында
қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс.
Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «Кесте 1» сӛзінен соң
келесі жолға орналастыру керек.
Мысалы:
Кесте 1
Қазақстан халқының жұмыспен қамтуын талдау
*Ескерту – «ҚР статистика жӛніндегі Агенттігі» 2008 ж. №5 жинағынан алынған
мәліметтер
6.23 Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме
қоюда (Кесте 1) деп нӛмірлері кӛрсетіліп немесе «1-кестеге сәйкес» жазылуы қажет.
6.24 «Ескерту» сӛзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
6.25 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не
анықтамалық мәліметтер қажет болса, диплом жұмысына ескерту енгізіледі.
6.26 Ескертуді ескертуге қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе
кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сӛзінен кейін сызықша
қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нӛмірленбейді. Бірнеше ескертулер
Ӛнеркәсіп
тауарлары
Бәсекелестер
Тұтынушылар